Жалпы макроэкономикалық теңдестік: жиынтық СҰраныс жәНЕ жиынтық Ұсыныс



бет1/8
Дата31.10.2022
өлшемі75,46 Kb.
#46358
  1   2   3   4   5   6   7   8

ЖАЛПЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚТЕҢДЕСТІК


4.1. ЖАЛПЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕҢДЕСТІК: ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ ҰСЫНЫС

Экономиканың қысқа мерзімдік тербелісінің үлгісін құру үшін, ең алдымен оның классикалық ұзақ мерзімдік үлгіден несімен ерекшеленетіндігін шешу керек. Макроэкономистердің көпшілігінің ойы бойынша, экономика дамуының қысқа және ұзақ мерзімдік кезеңдеріндегі сипаты, түпкілікті өзгешеліктері бағалардың әр түрлі динамикасына байланысты болады. Ұзақ мерзімдік кезеңде бағалар сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне әсер етеді. Ал қысқа мерзімдік кезеңде көп тауарлардың бағалары белгілі бір деңгейде тұрақты болып табылады. Бағалардың әр түрлі болуы экономика саясатының нәтижесі уақытқа байланысты болатынын көрсетеді.


Қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік кезендердегі экономика дамуының ерекшелігін анықтау үшін, ақша саясатындағы өзгерістер қалай өзгеретіндігін қарастырайық.
Мысал: Ұлттық банк ақша ұсынысын 5%-ға қысқартады деп ұйғарайық. Ұзақ мерзімдік кезенді сипаттайтын классикалық үлгіге сәйкес, ақша ұсынысының кө-лемі нақты көрсеткіштерге емес, атаулы көрсеткіштерге өз әсерін тигізеді. Бұндай көзқарас классикалық дихотомия ретінде белгілі. Сондықтан ақша ұсынысының ұзақ мерзімдік кезеңде 5%-ға қысқаруына әкеледі, ал осы кезенде еңбекақы, жұмыссыздық деңгейі және өндіріс көлемі өзгеріссіз қалады.
Қысқа мерзім кезеңіндегі көп тауарлар бағасы ақша саясатындағы өзгерістерге әсер етпейді.
Ақша ұсынысының азаюы фирмалардың төлейтін жалақысын төмендетуге, дүкендердің сатып отырған тауарларға деген бағаларды қайта қарастыруға, пошта арқылы сауда жасайтын фирмаларға — жаңа каталогтар шығаруға, ал барлық мейрамханалар үшін — жаңа меню жасауға деген мәжбүрлікті туғызбайды. Керісінше, бағалардың көп түрі мәнсіз өзгерістерге ұшырайды. Бұл бағааны икемсіз деп атауға болады. Бағаның осындай болуынан ақша сұранысының қысқа мерзімінде өзгеруінің нәтижесі ұзақ мерзімінен ерекше.
Экономикалық тербелістер үлгісі қысқа мерзімдегі бағаның икемсіз болғанын ескеруі керек. Ақша ұсынысының өзгерісіне сәйкес бағалардың өзгермейтіндігіне, классикалық дихотомия принципінің сақталмайтындығына көз жеткіземіз.
Егер баға икемсіз болса, онда өнім көлемі классикалық үлгі анықтайтын деңгейден ауытқуы мүмкін. Классикалық үлгіде өндірілген өнім саны еңбектің және капиталдың жұмсалуына және қолда бар техника мен технологияға тәуелді. Бағаның икемді болуы шешуші рөл атқарады, классикалық үлгіде бағаның өзгеруі сұраныс өлшемінің ұсыныс келеміне деген тұрақты теңдікті қамтамасыз етеді. Бірақ егер баға икемді болмаса, өндіріс көлемі тауарға деген сұранысқа тәуелді. Сұраныс, өз кезегінде ақша-несие, салық-бюджет саясаттарына және басқа да факторларға тәуелді. Сонымен, бағаның икемді болмауы ақша және бюджет саясаттарын экономиканы тұрақтандыру үшін пайдалануға негіз салады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет