Жамбас пен омыртқаның хирургиялық аурулары мен зақымданулары



Дата16.03.2022
өлшемі17,91 Kb.
#28116

Жамбас пен омыртқаның хирургиялық аурулары мен зақымданулары

Жамбастың хирургиялық аурулары мен зақымданулары бар науқастарды зерттеу тексеруден басталады.


Тексерген кезде:
• науқастағы ауытқулар,
• қанталаулар,
• амалсыз жағдай, барын анықтау.
Саусақпен тексергенде:
• аурсынуы байқалады.
Зерттеудің негізгі әдісі:
• eкi проекциядағы рентгенография.

Омыртқаның зақымдануы мен аурулары

Науқасты зерттеу ерекшеліктері:
Тексеруден басталады:
• омартқаның қалыпты жағдайдан ауытқуын анықтау,
• оның қимылын тексеру,
• рентгенмен тексеру,

Науқасты қарау үшін:


оны шешіндіріп, біршама еңкейген қалыпта тұрғызып, сұқ және аты жоқ саусақтармен төменнен жоғары қарай қылқанды өсіндінің бойымен жүргізеді.
• бұл әдіспен әрбір қылқанды өсіндінің тұрған жерін және олардың арасындағы қалыптан шыққан шұңқырларды анықтайды,
• омыртқалардың аурсынуын қылқанды өсіндіні тықылдатып ұру арқылы анықтайды.
• омыртқаны жетінші мойын омыртқасынан бастап санайды.(МО-VII),
• омыртқалардың қозғалысын 3 бағытта зерттейді:
1-еңкейтіп- шалқайтып,
2-екі жаққа иіп,
З-омыртқаның бетімен бұрау арқылы.

Науқас омыртқаларының қозғалғыштығын анықтау үшін еденнен бip затты көтеруді сұрайды.


Сол кезде:
• омыртқаның кеуде және бел бөлімдерінде қимыл шектеулі болған жағдайда, науқас қолын еденге тізелерін бүгіп жеткізеді.
• омыртқаны рентгенда зерттеуде - сүйектегі және соған жақын жатқан ұлпалардағы өзгерістерін анықтауға мүмкіндік береді (ісіктер анықталады),
• жұлын зақымдарын науқастан ауру немесе зақымдану сыртартпасын сұрастырғанда, тексергенде, нақты зерттеулерде, анықталады,
• омыртқаның сынған жерінен төменгі жағында сал мен салдану анықталады.

Жамбас сүйектерінің сынықтары

Жамбас сүйек сынықтары барлық сынықтардың 3-7% құрайды.
Олар - тірек-қимыл аппаратының ауыр зақымдарына жатады. Жамбас шеңберінің алдыңғы бөлімі осал жер болып саналады. Жамбас шеңбері қысылғанда (салмақ түскенде) алдыңғы, артқы және көлденең бағытта, сирек жағдайда тікелей жарақаттанғанда, жоғарыдан аяғынан немесе бөксесімен құлағанда т.б. сынады. Сынықтардың жамбас шеңберінде орналасуына карай:
1) шеткі,
2) шеңбердің бұзылыстары жоқ,
3) шеңбердің бұзылыстары бар,
4) ұршық ойығының;
5) жамбас ағзалары зақымдалған.

Жамбас сүйектері сынңан әрбір 3-науқаста жарақаттық есеңгіреу болады!

Жамбас сүйектің шеткі сынықтары

Орналасуы:


* мықын сүйектің қанаттары,
* мықынның алдыңғы-жоғарғы және -төменгі өскіндерінің,
* шонданай төмпешіктерінің,
* құймышақтың,
* сегізкөздің сынықтары жатады (7- сурет).

Мықын сүйек қанаттарының сынығы:


Белгісі:
1) ауру сезімі,
2) ісінуі,
3) қанталауы,
4) зақымданған жақтағы iштiң алдыңғы бөлігінің төменгі бұлшық етінің қатайуы.

Алғашқы көмек пен емі:


* аурсынуды басу,
* мұзды мұйық қойу,
* тасымалдау,
* жергілікті жансыздандыру (Селеванов-Школьников әдісі бойынша),
* бip апта бойы тесекте жату,
* аяқтарды стандартты шинаға салу,
* емдік физкультура (ЕФ), физиотерапия (ФЗТ).

Еңбекке жарамдылық 5-6 аптадан кейін қалпына келеді.

Мықынның алдыңғы үстіңгі және -төменгі өскіндерінің сынығы (сирек кездеседі)
Белгілері:
1) ауру сезімі,
2) iciнуi,
3) кейде қанталауы,
4) сынықтардың сықырлауы.

Алғашқы көмек пен емі:


• аурсынуды басу,
• мұзды мұйық қойу,
• тасымалдау,
жергілікті жансыздандыру,
• 3-4 апта бойы төсекте жату,
• бұлшық еттерді босату үшін аяқтарды стандартты салу,
• емдік физкультура (ЕФ), физиотерапия (ФЗТ).

Еңбекке жарамдылық 4-5 аптадан кейін қалпына келеді.

Шонданай темпешіктерінін сынықтары

Белгілері:


1. ауру сезімі,
2. тізенің бүгу қызметінің бұзылыстары.

Алғашқы көмек пен емі:


- аурсынуды басу,
- мұзды мұйық қойу,
- тасымалдау,
- жергілікті жансыздандыру,
- сынған жерді жансыздандыру,
- науқас етпетінен тізесін 150° бүгіп, екі сан сүйекті жазып, 3- 4 апта бойы тесекте жату,
- емдік физкультура (ЕФ), физиотерапия (ФЗТ).

Еңбекке жарамдылық 4-5 аптадан кейін қалпына келеді.

Сегізкөз бен құйымшақтың сынықтары

Белгілері:


1) ауру сезімі,
2) iciнуi,
3) саусақпен зерттегенде анықталатын ауытқулар,
4) жүргенде, отырғанда, дәрет кезінде аурудың күшейуі,
5) ауру ceзімi аяқ пен құймышаққа берілуі мүмкін.

Алғашқы көмек пен емі:


Сегізкөз сынғанда:
- аурсынуды басу,
- мұзды мұйық қойу,
- тасымалдау,
- сынған жерді жансыздандыру,
- науқасты 2-5 апта, тегіс тақтаға жатқызады.
- бел астына және сегізкөздің жоғарғы бөлігіне жалпақ білік қояды, - белладонна балауызын тағайындайды,
- жарақаттанған соң 2 күннен кейін тазарту климзмасын жасайды,
- 1-2 айдан кейін отыруға руксат береді.

Құйымшақ сынғанда:


• аурсынуды басу,
• мұзды мұйық қойу,
• тасымалдау,
• сынған жерді жансыздандыру,
• науқас 2-3 апта бойы резинкалы шеңберде жатады,
• белладонна балауызын және тазарту клизмасын жасайды.

Жамбас шеңбердің бұзылысы жоқ сынықтары қасаға сүйегінің сынығы



Белгіері:
1. Жергілікті ауру ceзімi,
2. жамбасты басып, қысып көргенде аурсынудың күшейуі,
3. "жабысқан өкше" белгісі оң (жазылған аяғын тесектен кетере алмайды),
4. сынған жері iciнiп, қанталайды.

Алғашқы көмек пен ем

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет