Жамбылдағы жарылыс



бет2/5
Дата07.01.2022
өлшемі29.47 Kb.
#20710
1   2   3   4   5
Жарылыс қалай болды?
Тамыздың 26-сы күні кешкі сағат 19-дан 10 минут Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарайтын №28349 әскери бөлімінің (инженер-саперлер бригадасы) оқ-дәрі қоймасынан өрт шыққаны жайында хабар тарады. (Тараз қаласына не бары 18 шақырым қашықтықтықта, Байзақ ауданының Қайнар селосына жақын жерде орналасқан бұл әскери қойма мен сол жерде орналасқан әскери бөлім 1972 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2019 жылы аталған қоймаға Арыстағы жарылыстан қалған оқ-дәрі әкеліп сақталған).

Әскерилердің айтуынша, инженерлік оқ-дәрілер жер үстінде сақталған. Қоймадан шыққан жалын аз уақыттың ішінде инженерлік қару-жарақ сақталған қоймаға жеткен. Өртті сөндіру мүмкін болмай, ол басқа қоймалар да отқа оранған. «Өртті сөндіру мүмкін болмады. Содан жалын басқа қоймаларға да жетті. Бірнеше жарылыс болды. Инженерлік оқ-дәрілер арасында жарылыс кезінде сынықтары мен ірі қалдықтары ұшатын снарядтар жоқ. Сонымен қатар түрлі жарылғыш заттардың жанып, жарылуы салдарынан соққы толқыны, ауқымды жалын мен қатты дүмпулер болуы мүмкін», − дейді ҚР Қорғаныс министрлігінің офицері Ғани Нүсіпов.

Байзақ ауданының Қайнар, Ботамойнақ, Жібек Жолы ауылдары мен Үшбұлақ стансасының тұрғындары – шамамен 1200-дей адам Тараз қаласындағы мектептерге эвакуацияланған. Жарылыс салдарынан елді мекендерде 118 жылжымайтын мүлік зақымданған. Оның 106-сы тұрғын үйлер. Ең қатты зардап шеккен − жарылыс болған аумаққа жақын орналасқан Қайнар ауылы болып отыр.

26 тамызда өрт шыққан инженерлік оқ-дәрі қоймасының аумағында 29 тамыз күні сағат 12.20 шамасында тарс еткен дыбыс естілген. Бірақ одан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, оқиға орнында адамдар болмаған.

Аталған қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасының Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет