Жамбылдағы жарылыс


Жарылыстан қаза тапқандар



бет4/5
Дата07.01.2022
өлшемі29.47 Kb.
#20710
1   2   3   4   5
Жарылыстан қаза тапқандар
26 тамыз күні Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Қайнар ауылы маңындағы №28349 әскери бөліміне қарасты инженерлік оқ-дәрі қоймасында болған жарылыста мына азаматтары қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты:

Арнұр Серікұлы Темірболатов − өрт сөндіруші-құтқарушы.

Елдос Қадырбайұлы Сандыбаев − аға өрт сөндіруші-құтқарушы, 1990 жылы туған.

Александр Николаевич Микропуло − өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі, өрт сөндіру басшысының орынбасары.

Тәңірберген Кұдайбергенұлы Төребеков − аға өрт сөндіруші-құтқарушы, 1981 жылы туған.

Ғафан Жомартұлы Қуатбек − Өрт сөндіру бөлімінің қызметкері, жүргізуші, аға сержант 1995 жылы туған.

Әділет Қанатбекұлы Әділбек − өрт сөндіруші-құтқарушы, сержант, 1987 жылы туған.

Әліби Бексұлтанұлы Кеңес − өрт сөндіруші-құтқарушысы қатардағы жауынгер 1999 жылы туған.

Арман Қапезов − Оңтүстік округтің әскери прокуроры, полковник, 1976 жылы туған.

Заикин Сергей Владимирович − Тараз қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінің − қарауыл басшысы, майор, 1980 жылы туған.

Мейіржан Айманов Қақпасынұлы − Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары, 1976 жылы туған.

Бауыржан Талғатұлы Дауытбаев − 28349 әскери бөлімнің өрт сөндірушісі, 1987 жылы туған.

Руслан Жүрсінбайұлы Жанболатов − келісім-шарт қызметінің ефрейторы,1981 жылы туған.

Оразбек Дайырбекұлы Дәлибаев − әскерилендірген күзет қызметкері, 1969 жылы туған.

Надирбеков Еркін Ерікбайұлы − Өрт сөндіру командасының бастығы, келісім-шарт қызметінің старшинасы, 1979 жылы туған.

Мешінбаев Марат Сайлауұлы − 28349 әскери бөлімінің сержанты, 1981 жылы туған.

Әлімбеков Саят Жанатұлы − 28349 әскери бөлімінің офицері, майор. 1985 жылы туған.

Отан алдындағы борышын өтеп жүріп қайтыс болған бейбіт күннің батырларының ерлігін мемлекет жоғары бағалап, оларға лайықты құрмет көрсетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Қақпасынұлы Аймановқа қайтыс болған соң «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» орденімен наградталды.

Азаматтық қорғау полковнигі Мейіржан Айманов Қорғаныс министрлігінің № 28349 әскери бөлімі аумағында оқ-дәрілер жарылысы салдарынан болған қайғлы оқиғада өз қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапты. Ол өзінің кәсіби, сауатты іс-әрекеті мен жеке қайсарлығының арқасында оқиға орнына жақын орналасқан 3 елді мекеннің 710 тұрғынын Тараз қаласына эвакуациялады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі (өрт сөндіру жетекшісінің орынбасары) Микропуло Александр Николаевич І дәрежелі «Айбын» орденімен, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Темірболатов Арнұр Серікұлы, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Төребеков Тәңірберген Құдайбергенұлы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет