Жамбылдағы жарылыс


Елімізде болған жарылыстар



бет5/5
Дата07.01.2022
өлшемі29,47 Kb.
#20710
1   2   3   4   5
Елімізде болған жарылыстар
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі жерде бірнеше рет әскери қоймаларда жарылыс болды. Оның ең алғашқысы осыдан жиырма жыл бұрын жүз берген-ді

2001 жылдың 8 тамызында Балқаш қаласынан қырық бес шақырым жердегі Тоқырау ауылына жақын жердегі әскери қойма отқа оранып, ондағы оқ-дәрілер жарыла бастады. Жарылыс тоқтағанша өрт сөндірушілер қоймаға жақындай алмай, төрт күн бойы күтуге мәжбүр болды. Бұл жарылыстан қанша адам зардап шеккені белгісіз. Жарылыс кезінде ауыл халқы тез көшіріліп әкетіп, ешкім жарақат алмады.

2009 жылдың 20 наурызында Арыс қаласында снарядтарды жоюмен айналысатын «Казарсенал» ЖШС қоймасында бірнеше жарылыс болып, одан үш адам қаза тауып, он жеті адам зардап шеккен. Бұл оқиғадан соң тергеу жұмыстары жүргізіліп, мекеме басшылары мен қызметкерлері бас бостандығынан айырылды.

2009 жылдың 8 шілдесінде Алматы облысы Іле ауданында қорғаныс министрлігінің оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды. Жарылыс бір күннен соң тоқтап, өрт содан соң өшірілді. Бір әскери қызмет қайтыс болды. Сот шешімімен бір әскери адам өрттің шығуына айыпкер деп табылып бас бостандығынан айырылды. Жарылыс салдарынан төрт адам қаза тауып, сегіз кісі зардап шеккен.

2013 жылдың 27 тамызында «Қазақжарылысөнеркәсіп» АҚ аумағында 122 миллиметрлік бос патрондарды залалсыздандыру кезінде қауіпсіздік ережелері дұрыс сақталмағанның кесірінен алпыс келі оқ-дәрі жарылды. Жеті адамның денесін күйік шалды, олардың төртеуі қайтыс болды

2015 жылы Арыста тағы оқ-дәрі қоймасы жарылды. Бұл жолы да жарылыс снаряд жою кезінде болған. Жарылыстың неден болғаны анықталмады, бір адам қайтыс болды.

2019 жылы Арыстағы жарылыста төрт адам қаза тауып, жарылыс кезінде қаладағы алпыс мыңнан аса тұрғын еріксіз қаладан шығып кетіп, төрт күннен соң ғана үйлеріне оралды. Ресми мәлімет бойынша қаладағы жеті жарым мыңнан аса үй мен 100-ге жуық көпқабатты үйлерге зақым келген. Бұл оқиға байланысты он алты адам сотталды.

2021 жыл 26 тамыз. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, қойма өртеніп, оқ дәрі жарылды. Жарылыстан 16 адам (өрт сөндіру қызметкері мен әскери қызметкерлер) қайтыс болып, жүзге жуық адамдар жарақат алды.



P.S.

Осыдан бір апта бұрын Жамбыл облысы аумағындағы әскери қоймадағы жарылыстан соң соң Қазақстан Республикасы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кететінін мәлімдеді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің басшысы Нұрлан Ермекбаевтың отставкасын қабылдап, оны лауазымды қызметінен босатты. Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды.




Ахмет ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет