Жанабекова Аружан с-22-1 Зертханалық жұмыс №3 1 Жазық тікбұрышты координаттар жүйесі



Дата01.03.2023
өлшемі467,35 Kb.
#70746

Жанабекова Аружан С-22-1 Зертханалық жұмыс №3


1)Жазық тікбұрышты координаттар жүйесі — жазықтықта нүктенін орнын анықтайтын координаттар осіне қатысты сызықтық шама. Топографияда жазық тікбүрышты координаттар жүйесі мына ретпен салынады: 

  • Жер шарының беті алты градустык аймақтар бойынша жазықтыққа жазылады.

  • Олардың есебі Гринвич меридианынан шығыска қарай бірден алпысқа дейін жүргізіледі.

  • Абсцисс осі X (тік осі) — орбір аймақта остік меридианның бейнесі, ал ордината осі У (көлденең осі) — экватор бейнесі ретінде кабылданады.

  • Олардың қиылысу координатының басы О.

1942 жылғы координаттар жүйесі бойынша солтүстік жарты шарда барлық X абсцисстері оң шама, ал У ординатасы — оң және теріс шама, орбір аймақтағы У ордината шамасы остік меридианымен 500 км/км тең деп кабылданды. Әрбір аймақта вертикаль және горизонталь сызыктарға өзара перпендикуляр тор салынады, олардың алғашкысы X осіне, екіншісі У осіне параллель. Бұл тор тікбүрышты координаттық тор деп аталады. Картада ол шаршылар жүйесін көрсетеді. Оны сондай-ақ километрлік деп атайды, өйткені, сызықтар километрдің тұтастай саны арқылы жүргізіледі. Километрлік тор салынған алты градустық аймақ бөлімдерге бөлінеді. Олар картаның жеке парақтарын көрсетеді. Картаның әрбір парағы барлық, аймақ үшін бірдей, координаттық торлар бөлімдерімен жабылған. Жақтау сыртындағы шетке километрлік тор сызықтарында абсцисс және ордината шамалары жазылады. Жақтау бүрыштарына таяу координат сызықтары толығымен, ал қалғандары қыскартылып (сонғы екі саны) жазылады. Километрлік тор карта бойынша нүктелердін координатын аныктауға және белгілі координаттар бойынша картаға объектілерді салуға, дирекциялық бүрыштарды өлшеуге. сондай-ақ обьектілерді көрсету немесе табу үшін колданылады. Сонымен бірге, тор көз мөлшерімен кашықты және ауданды бағалауға көмектеседі.


2)Дирекциондық бұрыш — абсцисса өсіне Ох параллель сызық пен мәлім түзу сызық арасындағы бұрыш; ол Ох осінің солтүстік бағытынан сағат тілінің жүрісі бойынша мәлім бағытқа 0°-тан 360"-қа дейін есептеледі. Дирекциондық бұрыш бағыттын басы және соңы индекстермен көрсетілген а әрпімен белгіленеді.Дирекциондық бұрыш () деп осьтік меридианның солтүстік жағынан сағат тілінің бағытымен бағдарланғыш сызыққа дейінгі горизонталь бұрышты айтады. Дирекциондық бұрыштар азимуттар сияқты 0°–тан 360°-қа дейін өзгереді.
3) Тура және кері геодезиялық есептер
Геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарда пункттер координаталары, олардың арақашықтықтары мен дирекциондық бұрыштары тікелей немесе кері геодезиялық есептерді шешу арқылы анықталады.
Тура геодезиялық есеп. Егер координаталары белгілі А пунктінен, екінші В пунктіне дейінгі арақашықтық d және дирекциондық бұрыш аАВбелгілі болса, онда В пунктінің координаталарын табуға болады. Координаталардың бір пунктте осылайша берілуін тура геодезиялық есеп деп атайды. АВ полигонның бір қабырғасы, оның жазықтағы проекциясы d, ал дирекциондық бұрышы aАВ делік.



Тура геодезиялық есеп
Кері геодезиялық есеп. Координаталары белгілі екі пункт 1 және 2 арқылы 1-2 түзуінің дирекциондық бұрышы a1-2 және ұзындығы d1-2анықтау керек болған жағдайда, кері геодезиялық есеп деп аталатын тәсіл қолданылады X1Y1 Х2, Y 2–1 және 2 пункттерінің координаталары.



Кері геодезиялық есеп


4)Румб.
Сызықтарды бағдарлау және өлшеу нәтижелерін өңдеу кезінде румб деп аталатын сүйір бұрыш пайдаланылады. Шамасы 0°–тан 90°–қа дейін өзгеретін осьтік меридианның солтүстік не оңтүстік жағынан екі жаққа қарай бір нақты сызыққа дейін есептелетін сүйір бұрышты румб дейді.
5)Ендік пен бойлықты анықтау — географиялық ендік (яғни экватор жазықтығымен берілген жердің тік сызығы арасындағы бұрыш) берілген жердегі әлем полюсінің биіктігі бойынша бірнеше әдіспен анықталады. Олардың ішіндегі ең көп қолданылатыны — поляр маңындағы кез келген бір жұлдыздың жоғарғы және төменгі кульминацияларындағы биіктігін өлшеу; географиялық ендік жұлдыздың екі кульминацияларындағы биіктігінің қосындысының жартысына тең. Географиялық бойлық екі пункттің жергілікті жұлдыздық (немесе жергілікті орташа) уақыт айырмасы бойынша анықталады. Уақыт айырмасы сигнал беру (радиотелеграфпен және тағы басқалар) немесе екі пункттің бірінде жергілікті уақыт бойынша дұрысталған хронометрлерді апарумен табылады. 1 сағат уақыт айырмашылығы ендіктің 15° айырмасына, бір минут — немесе 15' сәйкес келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет