Жанаргүл Мұқатай Ауыл шаруашылығын аяқтан шалған шалағайлықтар Шаһар



жүктеу 2.68 Mb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата12.03.2017
өлшемі2.68 Mb.
1   2   3   4   5   6

берікхан тайжігіт

Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясының 

жоғарғы  сынып  оқушылары  арасында  ғасыр  дертіне 

айналып  отырған  қатерлі  СПИД  індетінің  алдын  алу 

шаралары мен одан қорғану жайын қамтыған топтық 

түрдегі сайыс өтті. 

Қабырғаға  арнайы 

құрылған 

экраннан 

тақырыпты  аша  түсу 

үшін 


нашақорлық, 

темекінің  адам  ағза-

сына  зияны  туралы 

слайдтар 

көрсетіліп, 

медицина  мамандары 

салауатты  өмір  сал-

тын  ұстануға  үндеді. 

Мақсат  –  өскелең 

ұрпақты  осынау  ажал 

аждаһасына айналған жұқпалы аурудан сақтандыру.

Аталмыш  мектептің  медбикелері  К.Ахметова  мен 

Ә.Өміртаеваның  ұйымдастыруымен  өткен  шара  барысын-

да  жоғарғы  сынып  оқушылары  ЖИТС  (СПИД)  жайында 

мол мағлұмат алды. Үш бөлімнен тұрған сайысқа аудандық 

орталық  аурухананың  дәрігері  А.Есенбаева  қатысып, 

ғасыр  дертінің  зардаптары  туралы  айтып  өтті.  Сайыс 

қорытындысында  қазылар  алқасының  шешімімен  8  «г» 

сыныбының «Болашақ» тобы жеңіс тұғырынан көрінді. 

Аягөз ауданы.

сАйыс

бекіре ерТіске ОралаТын болды

раушан Нұғманбекова

Семейдегі агротехнопарк облыстың ауыл шаруашылығы саласында инновациялық 

оқу-зерттеу  базасы  болып  отыр.  Мұндағы  18  ғылыми-зерттеу  зертханасы  бағалы 

құрал-жабдықтармен жарақталған. 

семИНАр

сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы стратегия 

талқыланды

«Нұр  Отанның»  XV  съезінде  партия  Көшбасшысы 

Нұрсұлтан  НАЗАРБАЕВТЫҢ  «Саяси  көшбасшылықтың 

түбегейлі  мәселесі  –  біздің  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  бітіспес  стратегиямыз»  деген  сөздері  бүгінгі 

қоғамның мүддесіне сай келіп отыр.  

Осыған  орай,  облыстық  әділет  департаментінде 

Мемлекеттік  қызмет  істері  және  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  іс-қимыл  агенттігі  Шығыс  Қазақстан  облысы  бо-

йынша департаменті басшысының орынбасары – тәртіптік 

кеңестің төрағасы Тоқтамыс Жұмғұловтың қатысуымен се-

минар ұйымдастырылды.

Кездесу  барысында  еліміздің  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  саясатының  негізгі  басым  бағыттары  түсіндірілді. 

Оның  міндеттері  «Қазақстан-2050»  Стратегиясының 

мақсаттарына  жетуге  бағытталған  және  «Нұр  Отан» 

партиясының  2015-2025  жылдарға  арналған  сыбай-

лас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  бағдарламасының 

ережелерін, сонымен қатар өзге қоғамдық бірлестіктердің 

ұсыныстары мен пікірлерін ескереді. 

Сонымен  бірге,  тәртіптік  кеңес  төрағасы  уәкілетті 

органның  өкілетімен  және  қызметтерімен  танысты-

рып,  мемлекеттік  қызметтің  кейбір  тұстарын  жаңғырту, 

мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық белгілерін 

айқындау жұмыстарына кеңірек тоқталды. 

Облыстық әділет департаментінің басшысы Асхат Ораз-

хан  алдағы  уақытта  да  осы  бірлескен  қызметті  табысты 

жалғастыруға сенім білдірді. 

Шығыс-Ақпарат 

Жастар  алдында  аудандық  жастар 

орталығының  жетекшісі  Д.Кәрібаев  ау-

дан  жастарының  белсенділігі  артып  келе 

жатқанын,  мемлекеттік  қызметке  22  жас 

маманның  келгенін,  дипломмен  ауылға 

келген жастардың қатары көбейгенін, кәсіп-

керлікпен айналысушылар артқанын атады.

Әр  өңірден  келген  жастар  форумда 

өздерін  толғандырған  көкейкесті  сауалдар 

төңірегінде  ашық  пікір  алмасты.  Олар  кәсіп 

ашуға насихаттың әлі де әлсіз жүріп жатқанын 

алға тартты. 

Форумға  қатысқан  кәсіпкерлікті  қолдау 

қорының  бас  маманы  А.Әбенов  қазір  29 

жасқа дейінгі жастар жеңілдікпен несие алып, 

өз  кәсіптерін  дөңгелентіп  отырғанын  айтып, 

іскер  жастардың  өз  жобаларын  ұсынып, 

қорғауларымен  бірге,  БҰҰ-ның  арнайы  жо-

басы  бойынша  соңғы  екі  жылда  жастардың 

бизнес  жоспарлары  қолдау  тауып,  осы 

ұйымның грантына ие болғанын, насихаттық 

қолдау қашанда болатынын жеткізді. 

Жиын  барысында  жастар  кәсіпкерлігіне 

жан-жақты  қолдау  көрсетіп  отырған  Тар-

бағатай  ауданы  екендігі  аталды.  Тек  өткен 

жылдан  бері  ауданда  студент  бола  жүріп 

кәсіп  ашқан  жастар  аз  болмапты.  Айталық, 

Жетіарал  ауылында  кондитер  цехын  ашқан 

Аяужан  Нығызбаеваны,  жер  алып  картоп 

өсіріп отырған Сымбат Жапаровты жастарға 

үлгі етуге әбден болады.

Ауданға 

«Дипломмен 

– 

ауылға» 


бағдарламасымен  келушілердің  қарасы 

көбейген.  Биылдың  өзінде  жастар  ара-

сында  ауыл  шаруашылығымен  айналы-

сып,  жер  алып  мал,  құс  өсірушілер  саны 

артқан.  «Жұмыспен  қамту-2020»  бағдар- 

ламасы  арқылы  және  жастарды  қолдау 

орталығынан  ондаған  жас  маман  несие 

алуға  ниет  білдірген.  Оған  мемлекеттік 



қадырбек кәкімұлы

Жастардың  болашақта  өзін-өзі  басқаруына,  мемлекеттік  қызметке  араласуына, 

кәсіпкерлікпен айналысуына қандай жағдайлар жасалуда? Осы тақырыпты қозғаған 

тарбағатайлық жастардың форумы осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылып, әр ау-

даннан келген жастар орталығының өкілдері пікір алмасты. 

деңгейде қабылданған бағдарлама аясында 

аудан  әкімшілігі  жағдай  жасап  отыр.  Ауыл 

жастарының  кәсіпкерлікке  ден  қоюы  –  ел 

игілігі үшін жасалған батыл қадам. 

Тарбағатай ауданы.

«азия авто» экОнОмикалық ОДақ нарығына 

еркін шығуы тиіс 

(Соңы. басы 1-бетте)

Сондай-ақ,  өткен  жылы  компанияның 

қызмет  көрсету  және  көлік  сату  офистерінің 

саны  34-ке  жетіп,  еліміздің  27  қаласын 

қамтыған.

Олардың  арасында  Бейнеу,  Жаңаөзен, 

Хромтау сынды өндірістік шаһарлар да бар.

 

Тасымалдау ісінде 



түйткілдер бар

Бүгінде  «Бипек  Авто»  ЖШС-нің  тек  қана 

көлік  саудасы  бойынша  облыстағы  үлесі  73 

пайызға,  республикадағы  үлесі  64  пайызға 

жетіп отыр. 

–  Біз  бір  жылдың  ішінде  1200  жаңа 

жұмыс  орнын  ашып,  облыс  бюджетінің  14 

пайызына тең салық түсірдік. Бізді толғантып 

отырған  мәселе  –  көлік  тасымалдау  логис-

тикасын жолға қою. Әзірге оны арнайы жүк 

көліктерінің  көмегімен  шешіп  келеміз.  Бірақ 

олар  үш  жылдан  кейін  ұзақ  жолға  жарам-

сыз болып қалады. Ал арнайы вагондардың 

жарамдылық  мерзімі  30  жылға  дейін  бара-

ды.  Сондықтан  көліктерді  теміржол  арқылы 

тасымалдау  ісін  мемлекет  қолдауы  арқылы 

ретке келтіру қажет, – дейді А.Балушкин.

«Азия  Авто  Қазақстан»  АҚ  бас  директо-

ры Ержан Мәндиев те Согра кентінде салы-

нып жатқан жаңа зауыт іске қосылған кезде 

шығарылған  көлікті  тасымалдау  қиынды-

ғы  туындайтынын  айтады.  Бұл  мәселені 

«Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы 

арқылы  шешудің  тетіктері  қарастырылуда. 

Қымбат  көліктер  тасымалдайтын  арнайы 

вагондарды ұсынушылар арасында ресейлік 

«Алтайвагон»  ААҚ  ең  тиімді  баға  ұсынып 

отырса  керек.  Олар  сыйымдылығы  8-12 

көлікке  жететін  арнайы  вагонның  бір  дана-

сын  110  мың  АҚШ  долларына  бағалаған. 

Облыс  әкімі  бұдан  арзан  жолдарын  ойлас-

тыру керектігін ескертті. 

Анатолий  Балушкин  өткен  жылдан  бері 

сатылымға  шыққан  финляндиялық  AVANT 

маркалы шағын тракторлары 40 адамды ал-

мастыра алатынын айтады. Сондай-ақ, был-

тырдан бастап мото-шана және мото-қайық 

сынды  белсенді  демалыс  техникалары  да 

саудаға қойылған. 

Ал  жаңадан  салынып  жатқан  толық 

циклді  зауыттың  құрылысына  чехиялық 

компаниямен  қатар  жергілікті  «Казгипро-

цветмет»  компаниясы  тартылған.  Бүгінде 

зауыттың 

орны 

құнарлы 


топырақтан 

толықтай  аршылып,  свайлар  қағылуда. 

Аталмыш  өндіріс  ошағы  жылына  120  мың 

автокөлік шығаруға мүмкіндік беретіндіктен, 

Ресейдің «Автоваз» ААҚ Челябі, Том, Омбы, 

Кемерово,  Барнаул  қалаларының  нарығын 

жабуды  өскемендік  компанияға  тапсы-

рып  отыр.  «Азия  Авто  Өскемен»  деген  атау 

қойылған  жаңа  кешеннің  жалпы  ауқымы 

25 мың шаршы метр болмақ. Оның 15 мың 

шаршы  метрін  жұмысшылардың  баспана-

сы  мен  қосымша  инфрақұрылым  алады. 

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 

атқарылған шаруаларға да тоқталған Анато-

лий Балушкин кентте ашылған балабақшада 

түнгі  топтар  да  жұмыс  істейтінін,  мұндай 

режимнің  түнгі  кезекте  жұмыс  істейтін  ата-

аналарға  өте  қолайлы  екенін  жеткізді.  Ком-

пания  қызметкерлерінің  орта  жасы  35-ті 

құраса,  орташа  еңбекақы  көлемі  140  мың 

теңге көлемінде. 

Облыс  басшысы  аталмыш  кәсіпорынға  

облыс  әкімдігі  тарапынан  қолдау  жалғаса-

тынын қадап айтты. 

–  Шамамен  550  млн.  АҚШ  долларына 

тең  инвестициялық  жобаның  бізге  берері 

мол.  Біріншіден,  қосымша  12  мың  жұмыс 

орны  ашылады.  Екіншіден,  машина  жасау 

саласы өзімен бірге бүкіл экономиканы алға 

сүйрейді.  Машина  өндірісі  пайда  болған 

жерде  шағын  кәсіпорындар,  цехтар  пайда 

болады. Өңделген ағаш пен металға, электр 

құрылғыларға  тапсырыс  артады.  Осының 

арқасында шағын және орта бизнес дамиды. 

Оның  үстіне  бұл  Еуразиялық  экономикалық 

одақ аймағында құрылып отырған алғашқы 

өндірістің бірі. Сондықтан Үкіметтік деңгейде 

қолдау  көрсету  үшін  барлық  жағдайды  жа-

саймыз.  Барлық  жобалау  институттарын 

құрылысқа  қажет  инфрақұрылым  тарту  бо-

йынша  қолдау  көрсетуге  жұмылдырамыз. 

Осы  инвестициялық  жобаның  арқасында 

«Азия  Авто»  кәсіпорны  Еуразиялық  эконо-

микалық  одақ  кеңістігіндегі  ірі  машина  

жасаушы  компанияға  айналуы  тиіс,  –  деді 

облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ.



Орталық алаң 

абаттандырылмақ

Бұдан  кейін  аймақ  басшысы  облыс 

орталығын  абаттандыру  жобаларымен  та-

нысты.  Республика  алаңы,  Гагарин  желек-

жолы  мен  Славский  атындағы  жағалаудың 

болашақ келбетін келісті ету үшін мамандар 

Мәскеуге  арнайы  барып,  түрлі  нұсқаларды 

зерттеп қайтса керек. 

Республика  алаңында  қосымша  екі 

субұрқақ  орнатылып,  аспашамдар  ауыс-

тырылмақ. Аймақ басшысы алаңға төселетін 

материалдардың  сапасына  баса  мән  беру 

керектігін, оны ұсынушы мердігерлер кемін-

де  бес  жылдық  кепілдеме  беру  керектігін 

ескертті. Ал Славский атындағы жағалаудың 

ені  сегіз  метрге  кеңейетін  болды.  Соның 

есебінен  жазда  велосипедшілер  жолы, 

ал  қыста  шаңғышылар  жолы  ашылмақ. 

Олардың ұзындығы – екі жарым шақырым. 

Сондай-ақ, 

жағалаудың 

бес 


жерінен 

өзенге  түсе  берістер  салынып,  қоршалады. 

Мұнда  да  аспашамдар  ауыстырылып,  жаңа 

дизайндағы орындықтар қойылмақ. 

Ал  Гагарин  желекжолының  Карбы-

шев  көшесімен  түйіскен  тұсында  балалар 

алаңқайы бой көтереді. Алаңқайға төселетін 

тақталар  берік  әрі  иілмелі  материалдан 

жасалатынын  айтқан  қала  әкімі  Темірбек 

Қасымжанов мұндай төсеніштер бөбектерді 

жарақаттан сақтайтынын жеткізді. 

Ал Ертіс көпірін кеңейту арқылы Сәтпаев, 

Қазақстан,  Жеңіс  даңғылдарындағы  көлік 

ағынын  азайту  жобасын  қайта  қарастыру 

тапсырылды.  Қала  басшылығы  ұсынған  

жоба  тек  Пермитин  көшесі  мен  Славский 

жағалауы  арқылы  өтетін  көліктер  санын 

азайтатынын  айтқан  облыс  басшысы  жоба-

ны жетілдіре түсуге кеңес берді. 


  Мекемедегі  шығармашылық,  музыкалық 

үйірмелерде  балалар  жалпы  білім  алатын 

мектептен  тыс  бос  уақыттарында  қосымша 

білім  алуда.  Мұнда  домбыра,  фортепьяно, 

аккордеон сыныптары, сурет, тігін, кескіндеме, 

әйнекпен  жұмыс,  сәнді-қолданбалы  өнер, 

қуыршақтар  театры,  компьютерлік  графика, 

бейнелеу,  хореография,  вокал  үйірмелері  

жұмыс  істейді.  Оқушылардың  қосымша  білім 

алуына  толықтай  жағдай  жасалған.  Оқу 

кабинеттерінің  қабырғаларына  балалардың 

қолынан  шыққан  туындылар  ілінген.  Оқушы-

лар  мектептен  және  сыныптан  тыс  тәрбие 

жұмыстарының  барлық  түрлерінен  аудан 

көлемінде  өтетін  іс-шараларға  жүйелі  түрде 

қатысады. 

Өнер  мектебіндегі  20  мұғалімнің  оны 

жоғары  білімді.  Екі  жас  биыл  жоғары  оқу 

орнын  бітірді.  Біліктілік  талаптары  бойынша 

мұғалімдердің  үшеуі  жоғары  санатта,  үшеуі 

бірінші  санатта,  10  педагог  екінші  санатта. 

Қалған  мұғалімдер  де  жастығына  қарамай, 

өздерінің кәсіби шеберлігін арттыруда. Олардың 

білімін көтеру жұмысына басшылық жасау оқу 

ісінің меңгерушісі Айнұр Байғалиева мен тәрбие 

жұмысының меңгерушісі Шарипа Таныбаеваға 

жүктелген. 

Балалар  өнер  мектебінде  әдістемелік 

жұмыстар  ұйымдастырылып,  мұғалімдердің 

білімін, кәсіптік деңгейін, шеберлігін жетілдіру 

мақсатында  жұмыс  жүргізіледі.  Білім  жүйесін 

дамытуға байланысты мұғалім еңбегін саралап, 

шеберліктерін шыңдау мақсатымен түрлі семи-

«Ди

Д

ар

Д

ың» меншікті тілшілері хабарлай

Д

ы

0

1



2

4



5

6

7



8

9

10



11

12

13



14

15

16



17

3

ДИДАР



№8 (17097)

21 қаңтар



өскемен

тарбағатай ауДаны

Топтаманы әзірлегендер – Серік Әбілхан, 

Серік Әбілқасымұлы, Қадырбек Кәкімұлы,  

Дарын Нұрсапаров, Бейсенғазы Ұлықбек

жарма ауДаны

Әлеумет


Глубокое ауДаны

Қазцинк: Қоршаған орта

тәрбие

Ұрланған 

орден-медальдарды 

тауып берді

Ауданның тәртіп сақшылары Ұлы Отан соғысы 

ардагерінің ұрланған орден-медальдарын тауып, 

марқұмның туыстарына қайтарып берді. 

Глубокое аудандық ішкі істер бөліміне 35 жастағы 

азамат келіп, көрші ауылда тұратын апасы мен апайының 

үйінен  бақилық  болған  ардагер  атасының  орден-

медальдары  қолды  болғаны  туралы  арыз  түсірген. 

Полицияның жедел әрекет етуі нәтижесінде, ұрланған 

бірінші және екінші дәрежелі «Даңқ» ордені, Ұлы Отан 

соғысының  ордені,  «Құрмет»  ордені,  сондай-ақ  жеті 

медаль, ескі  ақшалар  мен патша замандағы  тиындар 

иесіне қайтарылды.

Іздестіру шаралары барысында аталған отбасы үшін 

аса құнды жәдігер болып табылатын дүниелерді ұрлаған, 

арыз  жазушының  апайымен  бірге  тұрған  36  жастағы 

бұрын сотталған азамат болып шықты. Ол өзінің кінәсін 

толық мойындап, жәдігерлерді қайтарып берді.

Кәсіптік бағдар кабинеті 

ашылды

Қалбатау  ауылындағы  Георгиевка  орта 

мектебінде  кәсіптік  бағдар  кабинеті  ашылды. 

Сөйтіп, кәсіпкерлер жармалық оқушылардың ҰБТ-

ға алаңсыз дайындалуына жағдай жасады. 

Жаңадан  ашылған  бөлмеде  бірыңғай  желіге 

қосылған ғаламтор жұмыс істейді. Енді оқушылар ау-

ылдан шықпай-ақ компьютерлік базаға кіріп, өңірдегі 

барша ірі мекемелерге қандай кәсіп иелері керектігін, 

олардағы еңбек жағдайының қандай екенін біле ала-

ды. 

Кабинетте ақпараттық стенд, мектеп бітірушілерге 



арналған арнайы бұрыш пен шағын және орта бизнеске 

арналған анықтамалық әдебиеттер бар. 

Аудандық  білім  бөлімінің  басшысы  Б.Оразғалиев 

бұл  кабинет  мектеп  бітіруші  түлектердің  мамандық 

таңдауына  септігін  тигізетін  оң  қадам  болғанын  атап 

өтті. 


Бағдаршамдар 

орнатылады

Облыс  орталығындағы  көлік  қозғалыстары 

күрделі үш бірдей жол қиылысына бағдаршамдар 

қойылатын болды.

Ағымдағы  жылдың  аяғына  дейін  қалалық  ТҮКШ 

бөлімі әкімшілік полициямен бірлесе отырып, үш бірдей 

жол қиылысына бағдаршам орнатпақшы. 

–  Бағдаршамдар  Бажов–Грейдерная  жол  қиылыс-

тарына  (Защита  көпірінің  маңы),  Красин  кентіндегі 

Алтай – Пушкин көшелері және Гагарин бульвары мен 

Карбышев  көшелерінің  қиылыстарына  қойылады.  Со-

нымен  бірге  біз  биыл  ескі  үлгідегі  11  бағдаршамды 

алып  тастап,  орнына  уақытты  кері  санайтын  таблосы  

бар жаңа құрылғылар орнатамыз, – дейді қаланың бас 

жол полицейі Сергей Коваленко.

Сондай-ақ, Астана және Протозанов көшелеріндегі 

көпірден  түсе  беріс  жолдағы  көлік  қозғалысын  реттеу 

мақсатында өзеннің екі жағалауындағы жол кеңейтіліп, 

Астана–Дзержинский  көшелерінің  қиылысына  да 

бағдаршам орнатылады. 

Балалар үйіне базарлық

Аудан  орталығындағы  балалар  үйінде  үлкен 

қуаныш.  Биыл  мектеп  бітіретін  17  жасөспірімге 

республикалық «Бөбек» қорының төрайымы Сара 

Назарбаеваның сый-сияпаты тапсырылды. 

Астанадан жеткізілген арнайы сыйлықтарды аудандық 

ішкі саясат бөлімінің басшысы Сәуле Жүнісова балалар 

үйінің тәрбиеленушілеріне жиналған қауымның алдында 

салтанатты түрде табыс етті. 

Айта кету керек, аталған 17 оқушының 11-і жоғары 

оқу  орындарына  түсіп,  білім  алуды  жоспарлап  отыр. 

Қалғандары  бірден  еңбекке  араласуды  жөн  санауда. 

Олардың бұл арман-мақсаттарын ұстаздар қауымы мен 

тәрбиешілері ризашылықпен құптайды.

Бүгінде  балалардың  бәрі  «Қолжетімді  баспана» 

бағдарламасы бойынша тұрғын үй кезегіне тұрған. 



Электронды киіз үй 

бүлдіршіндерді қуантты

Аудандағы орталық кітапханада өскелең ұрпақ-

ты ұлттық рухта тәрбиелейтін электронды киіз үй 

пайда болды. Ауыл үшін тың жаңалық болып табыл- 

ған бұл бастама бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі. 

Электронды киіз үйді бәрінен бұрын бабаларымыздың 

бай  рухани  мұраларын  жас  ұрпаққа  жаңаша  үлгіде 

насихаттайтын  заманауи  тәрбие  құралы  деген  дұрыс. 

Өйткені,  онда  халық  композиторларының  әндері, 

халқымыздың  әуендері,  тағылым-тәрбиесі  зор  қазақ 

халқының ертегілері, терме-толғаулары, хакім Абайдың 

қара сөздері кеңінен дәріптелген.

Жалпы,  электронды  бағдарламаға  1200  шығарма 

енген.  Осы  заманауи  құралдың  көмегімен  кітапханада 

түрлі ашық сабақтар мен сайыстар өткізілуде. Ал мектеп 

оқушылары  болса,  демалыс  күндерін  электронды  киіз 

үйде  өткізуді  әдетке  айналдыра  бастады  дейді  маман-

дар.


Үржар ауДаны

Айтып салды!..

Тұрсынхан  ЗӘКЕНҰЛЫ,  тарих

-

шы:

–  Жалпы,  әр  нәрсенің  сын  са

ғаты, 

өзінің сәті болады. Биыл 550 жы

лдығын 

тойлағалы отырған Қазақ хандығы 

біз-

дің мемлекеттілігіміздің, тарихы

мыздың 

бір кезеңі. Бұған дейін де қазақ

 жерінде 

мемлекеттілік дәстүр болған. Ал 

Қазақ 

хандығы жаңа мемлекет ретінде, 

«қа-

зақ» деген атпен құрылған және 

қазақ 

жерінің  ауқымды  бөлігін  қол 

астына  біріктірген бір мем-

лекет болып отыр. Сондықтан 

осы Қазақ хандығының 550 

жылдығын тойлау тәуелсіз мем

лекетіміз үшін, жас ұрпақтың 

патриоттық санасын, тарихи санасын 

қалыптастыру үшін өте 

керек. Себебі, біздің мемлекетт

ілігімізге күмәнмен қарайтын 

сыртқы  факторлар  бар.  Бұл 

сол  факторларға  берілген 

пәрменді тойтарыс болмақ.

Нақ  осы  нысан  кәсіпорынның  аса  қауіпті 

өндіріс қалдықтарын сақтау мәселесін түбегейлі 

шешіп  берді.  Сөз  –  «Қазцинктің»  жойылуға 

жатпайтын  жалғыз  өндірістік  қалдық  түрі  – 

құрамында  мышьягы  бар  қалдықтарды  елді 

мекендерден алыста, Семей сынақ полигоны 

аумағындағы  жаңа  полигонда  көму,  сақтау 

турасында  болып  отыр.  Биылдан  бастап 

кәсіпорынның  өндірісінен  қалған  және  де 

ағымда шығарылып жатқан барлық осындай 

өндірістік қалдықтар оқшауда орналасқан осы 

арнайы полигонда сақталатын болады. 

  Экономика  мен  экологияның  пробле-

масын  қатар  шешкен  бұл  қадам  –  көпке 

үлгі  болатын  үлкен  іс.  Нысан  басына  кел-

ген  біз  қалдық  сақтау  орнына  баратын 

теміржол  салынып,  электр  желісі  тартылып, 

технологиялық құрал-жабдықтар орнатылып, 

қажетті  дүниелерімен  қамтылған  тұрмыстық 

орын-жайлардың бой көтергенін көрдік. Міне, 

қалдық сақтауға арналған 14 картаның екеуі 

пайдалануға  дайын  тұр.  Бәрі  де  нормативтік 

талаптарға  сай  салынған.  Қияндағы  далада 

шаң көтерілуден сақтайтын жазғы суару жүйесі 

де  қарастырылған.  Ал  мұның  бәрі  –  қыруар 

қаржы.

–  Жобаның  өте  қымбат  екені  рас,  –  деді 



«Қазцинк»  ЖШС  тұрақты  даму  жөніндегі 

басқарушы  директоры  Андрей  Лазарев.  – 

Бірақ ол мышьякты қалдықтарды сақтау про-

блемасын  біржолата  шешіп  бермек.  Сіздер 

көріп  тұрсыздар,  біздің  айналамызда  он 

шақырымнан астам жерге дейін ешқандай елді 

мекен  жоқ.  Бұл  учаске  шаруашылыққа  пай-

даланылмайды. Бұл жердің гидрогеологиясы 

жан-жақты зерттелген. Мониторинг жүргізіліп 

отыр.  Қалдықтарды  көмуге  қолайлы  жер. 

Жобаның мемлекеттен, қоғамнан қолдау та-

буы да кездейсоқтық емес. Осы бағдарланған 

белгілі жолмен өзге кәсіпорындар да өздерінің 

өндірістік  қалдықтарын  көмуге  болады. 

«Балапан»  учаскесінде  қалдықтарды  көмуге 

арналған жоба 25 жылға есептелген. 

«Қазцинктің»  өндірістік  қалдықтарды 

көмуге  арналған  заманауи  полигонына 

облыстық  қоғамдық  кеңестің  төрағасы  Вла-

димир Лопаткин ең мықты полигон деген баға 

берді.  Дегенмен,  Андрей  Лазарев  кәсіпорын 

өндірістік қалдықтарды сақтап, көмуде ең озық, 

әлемдік тәжірибелерді жетілдіре беретінін атап 

көрсетті. Айталық, Еуропа мен Америкада ол 

үшін  кеніш  орындарын  пайдаланады  екен. 

Онда қалдықтарды жер астында сақтау сыртқы 

ортаға қауіпсіздігі жағынан анағұрлым жоғары 

нәтиже  беріп  келеді.  Тіпті,  радиоактивті 

қалдықтар мен цианидті де кеніш орындарына 

көмеді. Бұл сақтаудың осындай түрі барынша 

қауіпсіз екендігін көрсетеді. Бірақ біздің елде 

қалдықтарды  жер  астында  сақтау  туралы 

заңдылықтар базасы жоқ.

АҚШ, Канада, Германия елдеріндегі өздері 

сияқты  металлургиялық  кәсіпорындардың 

тәжірибесін  зерттеген  «Қазцинк»  маманда-

ры  қазір  біздегі  заңдылықтардың  өзгеруіне 

негіз  болатын  жоба  жасау  үстінде.  Жобаның 

қанатқақты  үлгісі  ретінде  Грехов  кеніш  орны 

алынып  отыр.  Қазір  компания  аймақтық 

деңгейдегі  барлық  сатыларда  келісімдер 

жүргізіп жатыр. Қадағалаушы, табиғат қорғау 

органдарының қорытындыларын алуда. Егжей-

тегжейлі қаралып, бекітілген қорытындыларды 

жинастырып алған соң компания Үкіметке өз 

ұсыныстарымен шықпақ. Сондай-ақ, компания 

оңды нәтижесін берген жағдайда Экологиялық 

кодекске  өзгертулер  енгізуге  мүмкіндіктер 

беретін  қалдықтарды  жер  астында  сақтауға 

байланысты  ғылыми  зерттеулерге,  оларды 

ұйымдастыруға  бастамашы  болуға,  оларды 

қолдауға әзір.

Басқа-басқа біздің елде іші қуыстанып, бос 

қалған кеніш орындары жетіп артылады. Олар-

ды  сақтау  орындары  ретінде  пайдалану  бұл 

бүгінгі  күні  проблема  тудырып  отырған  жер-

асты имараттарына да бақылау жүргізуді жолға 

қоюға  септігін  тигізбек.  Бұл  –  болашақтың 

еншісінде.

Біз «ядролық аймаққа» барған сапарымыз-

да жаңа полигонның әлеуеті мен мүмкіндігін 

көріп, білуге тырысқанбыз.

Шығыс  Қазақстан  облыстық  табиғи  ре-

сурстар  және  табиғат  пайдалануды  реттеу 

басқармасы басшысының міндетін атқарушы 

Виталий  Чернецкий  журналистердің  осы 

полигонға  қатысты  сауалдарына  жауап  бере 

тұрып,  «Қазцинкте»  өндірістік  қалдықтарды 

сақтап, қауіпсіздендіру бағытында атқарылып 

жатқан  шаралар  деңгейіне  жоғары  баға 

берді.  Ол  жаңа  қадамды  экономика  мен 

табиғат  арасындағы  өзара  тиімді  ымыраға 

келушілік деп көрсетіп, облыстағы осы тектес 

кәсіпорындарды  жаңашыл  бастамадан  өнеге 

алып,  жақсы  қадамды  жалғастыруға  ша- 

қ ы р д ы .   О н ы ң   ү с т і н е   б а р л ы қ   и н ф р а -

құрылымдары тартылған полигон аумағында 

жаңа  полигондар  салу  айтарлықтай  арзанға 

түспек.

«Балапандағы»  полигонның  алғашқы  екі 



картасын салудың өзіне ғана 2,2 млрд. теңге 

инвестиция  жұмсалған.  Төрт  жыл  ішінде  екі 

картаға қалдық сақтау орнын салу компания 

үшін 3,5 млрд. теңгеге түспек. Осы төрт жыл 

ішінде  полигонға  108  мың  тонна  мышьягы 

бар  өндірістік  қалдық  салынады.  Өндірістік 

қалдықтардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету 

үшін «Қазцинк» құрылысқа геомембрана және 

полиэтилен  материалдары  сияқты  қорғаныс 

қабілеті мол құрылыс заттарын аса көп көлемде 

қолданған.

Өндірістік қАлдықтАр қАуіпсіз жерге көмілмек




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет