Жанаргүл Мұқатай Ауыл шаруашылығын аяқтан шалған шалағайлықтар Шаһар



жүктеу 2.68 Mb.
Pdf просмотр
бет5/6
Дата12.03.2017
өлшемі2.68 Mb.
1   2   3   4   5   6

Телжан Төлеубаев 

Катонқарағай ауданы.

Неміс әскері Старое селосы үшін 

бар күшін аямай төгеді. Себебі, бұл 

олардың  ілгері  жылжуы  үшін  аса 

қажет орын еді. 

Қан  майдан.  Жаудың  автома-

ты  мен  пулеметтерінен  атылған 

оқтар  құдды  бір  нөсерлеп  жауған 

ж а у ы н   с е к і л д і .   Б ұ л   ж а у д ы ң 

қайтара  шабуылға  шыққан  кезі 

е д і.   Ат а м   ө з і н і ң   қ а р а м а ғ ы н- 

дағы  жауынгерлерді  лезде  жи-

настырып,  тас  түйін  қорғанысқа 

әзірленді. Қаптаған жау оқты қарша 

боратып  төніп  келеді.  Екі  жақтың 

күші  тең  емес.  Соған  қарамастан, 

атам  б асқ ар ғ ан  ж ауынг ерл ер 

ерліктің  керемет  үлгісін  көрсетеді. 

Шабуылға  шыққан  фашистердің 

бетін  бұл  жолы  да  қайтарады,  

ұрыс  даласында  көптеген  жау 

өлік тері  қалады.  Өшіккен  жау 

зеңбірекпен  атамдардың  қорға-

ныс  шебін  үсті-үстіне  атқылай- 

ды.  Жақын  жерден  жары лған 

снарядтың  жарықшағы  атамды 

жаралайды.  Ауыр  жараланған  

атам қаза табады. Барлық қаза тап-

қан  жауынгерлермен  бірге  атам- 

ды  бауырластар  зиратына  жер-

лейді. 

Осы  ерлігі  үшін  атам  үкімет 



наградасына  ұсынылады.  Жыл-

дар  жылжып,  талай  уақыт  өтеді. 

Кейінірек  нағашы  ағам  Қабақов 

Нұртас  Смоленск  қаласындағы 

әскери  оқу  орнына  түседі.  Кезекті 

әскери жаттығу жиыны Старое село-

сында өтетін болады. Нұртас доста-

рымен бірге селоны қорғауда қаза 

тапқан  жауынгерлерге  арналған 

ескерткішке  барып,  г үл  шоғын 

қояды. Тақтадағы жазылған тізімге 

көз  жүгірткен  Нұртас  өз  көзіне  өзі 

сенбейді.  Таныс  есім,  таныс  ат. 

Қуанған Нұртас атасының жерлен-

ген орнын тапқанын айтып, ауылға 

телефон  шалады.  Ата  мен  немере 

осылай алыс өңірде табысады. Бұл 

қуанышты  хабарды  естіген  Дәулет 

атам  әке  басына  т уған  жердің 

топырағын  апарып,  тағзым  етіп 

қайтты. «Ерлік ескірмейді, жылдар 

өткен сайын жаңғыра береді» деген 

осы  екен.  Мен  ата  ерлігін  мақтан 

тұтамын.


Айым Мүсілімова

Бақты ауылы,

Үржар ауданы.

Майданға тарту 

жібердік 

Уа, жастарым, білсең сен,

Жұт жылдары кім едік?

Алты шепті азықпен,

Жабдықтаған тыл едік.

Өгізге жайдақ мінгізген,

Жануарға жүк едік.

Жетіде соқа жүргізген,

Жер тырнаған ұл едік.

Таң сәріде кеу-кеуден,

Ұйқылы-ояу сенделдік.

«Бала оянар еркелеп»,

Дегенге біз сенбедік.

Егін ору дәл науқан,

Орақ, шалғы шабыстық.

Шаңтаспенен дән басқан,

Шаруасымен таныстық.

Алтыатардың орнына,

Айыр, күрек «оқтадық».

Буденныйдың полкына,

Айғыр, пырақ баптадық.

Тері қолғап, байпақты,

Майданға арнап жібердік.

Өзіміз бейбақ көнтерлі,

Атымтай болып шірендік.

Жүрсек те жүдеп, ашқұрсақ,

Жігіттерге тең едік.

«Жеңеміз!» деп ұран сап,

Жесірлерді жебедік.

Қанды тіспен қадалған,

Сүлікті де қуыстық.

Үшбұрыш хат жолдаған,

Майдангермен туыстық.

Еңбекпен ерте есейіп,

Құрыштай қатып жетілдік.

Үлес қостық белсеніп,

Аларда елім еркіндік.

Құрмет көрсек біз енді,

Ол – қамқорлық, білгендік.

Жастарға беріп тізгінді,

Үкілеп ақжол тіледік. 

 Айтқали Садықов,

 тыл және еңбек ардагері

Жиделі ауылы,

Күршім ауданы.

–  Әкем  Қуаныш  соғысқа  1941 

жылы  Ақжар  ауылындағы  әскери 

бөлімінен аттанды, – деді Сайлау-

бек қарт. – Шешеміз Жәміш шиеттей 

бес  баласы  болса  да,  колхоздың 

жұмысына  жегілді.  «Қарой»  деп 

аталатын  жерде  егіндік  болды. 

Наурыз  айының  ортасында  қос 

өгіз  жеккен  жәрендікті  арбамен 

көштік.  Шешеміз  жерден  қазған 

балағанның  қыстайғы  боран  тол-

тырып  тастаған  ішін  қардан  таза-

лайды.  Шұңқырға  су  толып,  кебе 

қоймайды.  Мұндайда  дым  өтпес 

үшін  қалың  сабан  төсейді.  Кешке 

шаршап  жеткен  бойы  бұрыштағы 

қазандық  астына  от  жағып,  тамақ 

істейді.  Біз  де  жылына  бастаймыз. 

Түнде кесенің түбіне май құйып, жүн 

мен  мақтадан  білтешам  жағамыз. 

Егіндікке  барғанда  арбаның  ар-

тына  байлап  әкелген  жалғыз  сиы-

рымыз  бұзаулап,  қуанып  қалдық. 

Дегенмен,  қасқа  сиырдың  майы 

бұйырмады. «Сүт ішіп, май жейміз» 

деген  қуанышымыз  әсте  басылды. 

Өкімет  әр  үйге  8  келі  май,  50  келі 

еттен  салық  салды.  Он  күн  сайын 

келетін майшының екі флягына тиеп 

алған «салығы» бар. Аузыңның суы 

құриды. Шешеміз тортасын айырып, 

майды мөлдіретіп дайындап қояды. 

Түбінде  тұнбасы  болса  алмайды, 

ұрсып, сөйлеп кетеді. Ол бізге азық. 

Жаз болса май жемейсің. Күзде 50 

келі ет үшін бұзауды алады. Сиыр-

ды үш уақыт сауып, іркіт жинайды. 

Оны  шелекке  құйып,  жұмыстан 

келген  соң,  түнде  піседі.  Таң  бо-

зынан оянған шешеміз інілерімізді 

ересектерімізге  тапсырып,  жер 

айдауға шығады. Төрт өгізді соқаға 

жегіп  жер  жыртады.  Мұндайда 

соқаны өзі ұстайды да, өгіздің басын 

біреуімізге жетектетеді. Соның өзіне 

шамамыз  зорға  жетеді.  Өгіздер 

кейде бораздадан шығып кетеді. Ит 

әуреге түсеміз. 

Колхозда  жүк  көліктері  жетіс-

пейді.  Жыртылған  жерге  мала 

салғанда құлынды биелерді жегеді. 

Құлындары  шырқырап  артында 

жүреді.  Жаның  ашиды.  Биелер 

тоқтаған  кезде  еміп  алады.  Түскі 

үзілісте бізге отқа жағу үшін жусан 

тергізіп, шешеміз арқалап қайтады. 

Жауын-шашында қолы босай қалса, 

т үнделетіп  ж үн  иіріп,  қолғап-

шұлық тоқиды. «Бұл – майдандағы 

әкелеріңе» деп отырады. 

«Әскер жанұясына» деп қыс ай-

ында шабақ балық, жаз кезінде айы-

на  бірде  таза,  бірде  тазаланбаған 

16  келі  бидай  береді.  Шешеміз 

кейде келіге түйіп, қыпығын кетіріп 

қуырып,  алдымызға  бір-бір  уыс-

тан  бидай  береді.  Қолы  тиме-

се,  түктемей-ақ  қуырып  береді, 

өзіміз  таза лап  жейміз.  Ішін де 

мияның  ұрығы  жүреді.  Ол  ауызға 

түссе,  тіл  ашып,  түкіріп  тастаймыз. 

Жер  кепкен  соң,  егістікке  барып, 

бидайдың аңызынан масақ тереміз. 

Масақты үйге әкелген соң, тазалап 

ұшырамыз. 

Балықты  ішін  жарып,  тазалап 

«орыс шөңке» дейтін ыдысқа сала-

тын.  Сосын  бидайды  темір  келіге 

т үйіп,  елейді.  Осы  ұнды  илеп, 

шөңкенің бетіне жабады да, пешке 

салады.  Ол  кезде  қыста  үйді  жы-

лыту  үшін  пешке  сабан  немесе  ши 

жағады. Пештің күлін алып, балық 

салған  шөңкені  енгізіп,  төбесін 

жауып тастайды. Не заманда балық 

сүйегінің  бәрі  езіліп  піседі.  Қазіргі 

балық консервісі сияқты. «Аштықта 

татқан құйқаның дәмі кетпес» деген 

осы.


Киім  де  тапшы  болды.  Өкімет 

әскер  отбасына  арналған  кездік 

арзан  бұл  беруші  еді  де,  шешеміз 

осы бұлдан іш киім, көйлек, қыста 

шалбар  тігеді.  Ағаш  келісапқа  іліп 

қойып, илеген теріні қырып отыру-

шы  еді  жарықтық.  Ашыған  ай-

ранмен  илегендіктен,  иісі  шығып 

тұратын. Үйде жалғыз сиырдан өзге 

тігерге тұяқ жоқ, тері мен жүнді кол-

хоздан алатын болуы керек. 

Монша  жоқ  болғандықтан, 

шелектегі суға жуынамыз. Киіміміз 

биттеп  кететін,  бұл  да  оны  әуреге 

салады. Қыста тері шалбарымызды 

аязға  қойып,  таңертең  қағады.  Бір 

қар  жауғанша  сабаққа  жалаңаяқ 

баратынбыз. Үлкендер жылқының, 

сиырдың  бас  терісінен  аяқкиім 

тігеді.  Қар  еріген  кезде,  су  өтпес 

үшін ағаштан, жылқының тұяғынан 

таға жасап, тартып береді. 

Ке й і н н е н  же р  ж ы р т у  ү ш і н 

тракторлар  келе  бастады.  Темір 

дөңгелекті бірін «Шотаяқ» дейтінбіз. 

Оның дөңгелектерінде шот сияқты 

тістері  бар,  барана  салуға,  арық 

шығаруға  пайдаланылады.  Төрт 

корпус  соқасы  бар  «НАТИ»  атты 

шынжыр  табанды  трактор  келді. 

Алғашқы техникалар болғандықтан 

шығар,  тез  бұзылып    қала  беретін 

техниканы  үнемі  жөндеп  жатады. 

Қос  ат  жегетін  «Лобагрейка»  ма-

шинасы  шөпті  шауып,  шөмелеп 

отырады.  Шөмелеген  ас тықты 

қос  жәрендігі  бар  өгіз  арбамен 

бастыратын  жерге  маялайды.  Со-

сын  қырманда  балалар  мінген 

атқа  жегілетін  шаңтаспен  үгітіледі. 

Артынан дәні астында қалады. Са-

банын жинап алып, дәнді ұшырып 

тазалайды.  Тасымалдаған  кезде 

астықтың  басы  аңызда  қалады. 

Көп  масақты  балаларға  тергізеді, 

балалар  қырманға  әкеп  тапсыра-

ды. Халық көктемде егін егілгенше 

күзден  қалған  масақты  теріп,  күн 

көреді.  Қырманда  қариялар,  қыз-

келіншектер,  балалар  күндіз-түні 

қан майдандағы әкесі мен туыста-

ры  үшін  аянбай  еңбек  етті.  Күзде 

қырмандағы  ас тықты  өкіметке 

беретінін беріп, қалғанын қамбаға 

тұқымдыққа құйып алады. 

Егістіктен  қыстамаға  Ақжарға 

к ө ш е м і з .   А қ ж а р д а   ж а р т ы с ы 

қазылған  жер,  терезеден  жоғары 

кірпішпен  қаланған  екі  бөлмелі 

үйіміз  болды.  Күзде  әкемізден 

«қара  қағаз»  келді.  Үйге  бір-екі 

бөтен  адам  келіп  естіртті.  Әкемнің 

түрін  ұмытпаған  едім.  Терезе  ал-

дында отырып жылағаным есімде. 

Қыста  пешке  сабан,  бауланған  ши 

жағамыз. «Ойши» деген жерден ши 

орып,  баулаған  соң,  қолшанамен 

бір-екі күнге жетерлік қылып алып 

келеміз.  Кейбіреулер  қолшанаға 

иттерін  жегіп  алады.  Ши  іші  түйе 

көрінбейтін  биік  болатын.  Мал  да 

қысы-жазы ши ішінде жайылады. 

Колхозда  жұмысшылар  жетіс-

пейді.  Бар  жұмысшының  көбі  – 

мектеп оқушылары еді. Малшының 

үйіне сыймағандықтан, қораның бір 

бұрышына  жатамыз.  Тамақ  та  мәз 

емес, бірде тоқ, бірде аш жүріп, бел 

жазбай  жұмыс  істедік.  Ашқұрсақ 

жүрсек  те,  шешеміздің  арқасында 

оқу бітіріп, ержеттік. Әкеден қалған 

бес баланың екеуі дүниеден ұрпақ 

сүймей ерте кетті. 

Сайлаубек қарт көп жыл кәсіптік 

училищеде  еңбек  етті.  Білім  беру 

ісінің  ү здігі  атанған.  Құрмет ті 

зейнеткердің жары Бағдат – «Күміс 

алқа»  иегері.  Қос  қария  бейбіт 

күннің  шуағында  берекелі  еңбек 

етіп, ұрпақ тәрбиелеудің бақытына 

бөленіп отыр. Бейнеттің зейнеті осы 

шығар, бәлкім.



Ержан Амангелді

Тарбағатай ауданы.

Ерте ЕСЕЙГЕН БАЛАЛАР едік

Басына  түскен  ауыртпалықты  бала  болса  да  еңсере  біліп,  ерте 

есейгендердің бірі – Ақжар ауылының тұрғыны Сайлаубек Жүнісбеков. 

Ол  соғыс  жылдарындағы  ауылдың  тұрмыс-тіршілігін,  тылдағы 

тауқыметті былайша әңгімелейді:

Қазақтай елдің бағына 

туған нар тұлға

(Кеңес Одағының Батыры 

Төлеген Тоқтаровтың рухына)

Киелі Қарақұдық. Төлеген туған әз мекен

Құдықтың басы көкорай шалғын сазды екен.

Төлегеннің өзі ме, әлде басқа ма

Осы құдықты кім қазды екен?

Қай мезгіл екен, апыр-ай,

Қара күз бе екен, жаз ба екен?!

Қара жол жатыр, табаны тиген қыратта,

Белеңдер жатыр, ер салмай мінген құр атқа.

Төлеген иісі аңқиды қызғалдақтардан

Жатса да өзі жат жерде, сонау жырақта.

– Жатпайды неге анасы жатқан тұрақта?

Мезгілі жетсе, туады осы сұрақ та.

О, Төлеген! Елімнің бұла ардағы!

Сұм ажал неге жас ғұмырыңды жалмады?..

Әкеңнен қалған жалғыз тұяқ ең, жалған-ай, 

Сенен де ешкім қалмады.

Десе де қалды есімің мәңгі жазылып,

Шығыс төрінде арайлап атқан таңдары.

О, Төлеген! Көгімнің жарық жұлдызы,

Мақтан тұтады туған далаңның ұл-қызы.

Айналып өтпес Қарақұдықты жыл құсы,

Балалық шағың, күндерің өткен қырмызы.

Береке-бірлік жарасқан алтын бесігің,

Жыл өткен сайын оңалып тірлік-тұрмысы.

О, Төлеген! Қыршында кеткен нар тұлға,

Жалт еткен бір сәт жасын ба, әлде, жарқыл ма?!

Жетпіс жыл өтіп кетсе де есте сақтайды,

Қара орман халқың көз жазып қалған артыңда.

Есіміңді ешкім өшіре алмас ешқашан, 

Қазақтай елдің бағына туған, 

Нар тұлға!..

 

Амангелді Уәлиев

Қасым Қайсенов кенті,

Ұлан ауданы.

Жастар майдангерлерге 

көмек көрсетіп жүр

Ержан Әбіш

« Н ұ р   О т а н »   п а р т и я с ы   қ о л ғ а   а л ғ а н 

«Ардагерлерді  ардақтайық»  жобасының  ая-

сында  Семей  қаласындағы  «Жас  Отан»  жас-

тар  қанатының  және  «Жас  Ұлан»  ұйымының 

белсенділері  «Үлкенге  –  құрмет,  кішіге  –  ізет» 

іс-шарасын өткізді. 

«Ардагерлерді 

ардақтайық»  жо-

басы  бүкіл  еліміз 

б о й ы н ш а   ө т і п 

жат ыр.  Б е лсе н ді  

ж а с т а р  м а й д а н-

герлерге  және  тыл 

е ң б е к к е р л е р і н е 

кө м е к т е с іп  қ ана 

қо ймай,  олар д ы 

барынша  қолдауға 

талпынуда.

 

«Кәріге құрмет – балаға міндет» дейді 



халқымыз.  Қазыналы  қарияларды  құрметтеуді 

мақсат  еткен  жасотандықтар  қолдарына  құрал-

саймандарын алып, ардагерлердің үйлеріне қарай 

жолға шықты.

Жас  белсенділер  қан  майданның  барлық 

қиындығын басынан кешірген Ұлы Отан соғысының 

ардагері Нұрзия Бектеміровтің үйінде болды. Оның 

өмірден  озғанына  қарамастан,  волонтерлар  оның 

зайыбы  Нәсібалды  Байзуллинаға  көмек  көрсетті. 

Жастар үйдің ауласын қардан тазалауға және отын 

жаруға жәрдемдесті. 

Ардагердің қызы Әсия Бектемірова «Жас Отан» 

жастар  қанатына  шын  жүректен  өзінің  алғысын 

білдіріп,  олардың  барлық  бастамаларына  табыс 

тіледі,  оның  айтуынша,  жасотандықтар  үшінші  

жыл  қатарынан  ардагердің  отбасына  қолғабыс 

тигізіп, қолдау көрсетіп келеді. 

Кеңес  қарулы  күштерінің  қуат- 

ты  соғысы  арқасында  жапон  ар-

миясы  қысқа  мерзімде  талқанда-

лады. 

–  Сол  ауыр  соғыс  күндерінде 



Солтүстік  Кореядағы  Сесин  қала- 

сы  үшін  болған  ұрыста  көрсеткен 

ерлігі  үшін  жерлесіміз  Иван  Яроц-

кий  Кеңес  Одағының  Батыры  ата-

ғын  алғанын  біз  ерекше  мақтан 

е т т ік,  –  де п  е ске  а ла ды  қ арт  

жауынгер. 

Иә,  оның  өзі  де  жауынгерлік 

ерліктері үшін талай марапаттарға 

ие  болыпты.  Кеудесіне  «Жапо-

нияны  жеңгені  үшін»  ме д а лін 

жарқырата  тағып,  жеңістен  кейін 

де  екі  жарым  жыл  әскери  қызмет 

атқарған ол туған жеріне зор абы-

роймен  оралды.  Мұнда  келген 

соң облыстық ішкі істер бөлімінде 

бірер жыл қызмет етіп, партияның 

шешімімен  Шемонайха  аудандық 

қамсыздандыру бөлімінің төрағасы 

болып  тағайындалады.  Ол  осы 

қызмет ті  1985  жылы  зейнетке 

шыққанша 30 жылдан астам уақыт 

атқарған екен. 

Біз  оның  еңбек  жолынан  сыр 

тартқанымызда,  ойланып  отырып 

былай деді: 

– Қарамағымда 97 адам болды 

және  олардың  дені  халыққа  адал 

қызмет етті. Нәтижесінде ұжымым 

КСРО және ҚазКСР бойынша неше 

дүрк ін  социа лис тік  жарыс тың 

жеңімпазы атанып, мақтау қағаздар 

мен сыйлықтарға ие болдық. Өзім 

болсам  «СССР  қаржы  қызметінің 

үздігі» медалімен марапатталдым. 

Шемонайха  ауданының  Құрметті 

азаматымын,  «Еңбек  ардагері» 

және  соғыстағы  ерлігіме  байла-

ныс ты  бірнеше  төсбелгілердің 

иегерімін.  Еңбегімді  бағалаған 

еліме ризашылығым шексіз. 

Ты л   ж ә н е   с о ғ ы с   а р д а г е р і 

Баймұхамет  ақсақал  –  еңбекте 

ғана  емес,  жанұяда  да  өнегелі 

азамат.  50  жыл  отасқан  зайыбы 

Қазиза Айтқазықызымен алты бала 

тәрбиелеп,  олардан  11  немере, 

алты шөбере сүйіп отыр. 

–  Біздің  ендігі  арманымыз  – 

тәуелсіз  еліміз  тыныштықта  өмір 

сүріп,  қуанышты  күндері  көп  бол-

сын  дейміз.  Ешқашан  соғыс  оты 

тұтанбаса  екен.  Басқа  тілек  жоқ, 

шырағым,  –  деген-ді  тоқсанды 

алқымдаған қария. Біз де ол кісіге 

«Жеңіс тің  70  жылдығ ын  бірге 

тойлайық»  деген  ақ  тілегімізді 

білдірген едік.

Тағдырға  не  шара,  Бекең  ол 

күнді көре алмай, жуықта өмірден 

өтіп кетті.

Мәуітқазы Зүкенов

Өскемен.

Менің нағашы атам Жарылқасын Қабақов 1942 жылы майданға аттанады. Атам Смоленск қаласының 

жанындағы Старое аталатын елді мекенге түседі. Сол жерде шайқасқа араласады. 


Тылсым дүние

КереК Кеңес

КереК Кеңес

Мәшинені батпаққа батырып, отқа ораған қария

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

Алқоңыр


ДИДАР

6

№8 (17097)



21 қаңтар

еЗУТА

рТА

р

Бұл  әңгімені  өткен  ғасырдың  со-

нау алпысыншы жылдарының басын-

да  естіген  едім.  Ол  тұста  ҚазМУ-дің 

студенті  едік.  Бір  жылы  күзде  Торғай 

облысының 

Амангелді 

ауданына 

астық  жинасуға  барғанбыз.  Төрт 

жігіт  қырманға  емес,  қыстақтарға 

шөп  тасуға  бөліндік.  Бәріміз  үш  жыл 

әскер  қатарында  болып  қайтқан 

сақа жігіттер едік, оның үстіне шофер 

мамандығымыз  бар  болғандықтан, 

бәрімізге  ортақ  бір  мәшине  берген. 

Кеңшар  орталығынан  шалғайдамыз, 

маңайдағы  бірнеше  қыстақтарды 

күзететін бір қарияның үйінде тұрдық 

бір  ай  бойы.  Үй  иесі  көргендері  мен 

естіген-білгендерін  майын  тамы-

за  айтатын  әңгімеге  судай  жан  бо-

лып  шықты.  Күн  ұзақты  жұмыстан 

шаршағанымызға  қарамастан,  түннің 

бір  уағына  шекті  ақсақалдың  таусы-

лып бітпес аңызға бергісіз әңгімелерін 

тыңдаймыз. Айтқандарының қайсысы 

шын,  қайсысы  жалған  екеніне  мән 

беріп жатқан біз жоқ, әйтеуір, тыңдай 

беруге ынтықпыз. 

Ол кісінің айтуынша, ертеректе ау-

ылдарында  жеті  жұрттың  тілін  білген 

Жайсаңбай  деген  ғұлама  молда  бо-

лыпты.  Қайсымыздың  қай  жақтан 

екенімізді  біліп  алған  ол  сөзін  маған 

қарата: «Ол кісі заты сонау сендердің 

Алтайларың  жақтың  тумасы  екен. 

Кеңес  өкіметі  жаңа  орнығып  жатқан 

кезде  елді  теріс  үгіттейтін  діндар 

адам  ретінде  осы  біздің  өңірге  жер 

аударылған көрінеді. Жайсаңбай жы- 

рақтағы  мұсылман  елдерінің  бірінде 

жеті  жыл  дін  оқуымен  қатар  көзбай-

лаушылық  өнерді  де  меңгерген  адам 

екенін айтып отыратын көнекөз қарт-

тар» дей келіп, төмендегі әңгімені ай-

тып берген еді.

...Ауылға  жүк  мәшинесінің  алғаш 

жеткен кезі болса керек. Бірде мәшине 

қорабы  үстінде  ішінде  Жайсаңбай 

молда да бар бір топ адам жолаушы-

лап келе жатыпты. Түскі намаз уақыты 

тақап  калғаннан  кейін  молда  шофер 

жігіттен мәшинесін тоқтатып, сәл кідіре 

тұруын  сұрайды.  Өзін  бір  ауылдың 

қожайынындай 

сезініп 


жүретін 

жүргізуші кімді тыңдасын, оның сөзіне 

құлақ  аспастан  тарта  береді.  Бірақ 

алдағы бір өзеннен өте шыққан бой-

да  мәшиненің  артқы  екі  доңғалағы 

күпшегінен батпаққа кіріп, аяқастынан 

қайрандап 

қалады. 


Осы 

кезде 


Жайсаңбай  жайымен  мәшинеден 

түсіп,  өзен  суынан  асықпай  дәрет 

алғаннан  кейін  жағадағы  көкмайса 

үстіне  шапанын  жайып  жіберіп, 

намазға  жығыла  бастайды.  «Бұл 

өткелде  өмірі  мұндай  батпақ  болып 

көрмеген еді» деп күңкілдеген шофер 

көлігін  шығарудың  қамына  кіріседі. 

Алайда,  қанша  әуреленгенімен,  әре-

кетінен ештеңе шығара алмайды.

Содан Жәкең намазын оқып болған 

соң  оның  қасына  келіп:  «Ал,  бала, 

енді жүрейік», – дейді ғой. Не істерін 

білмей ыза буып тұрған шофер: «Әй, 

шал,  көрмей  тұрсың  ба?  Асықсаң, 

жаяу жүре бер», – деп дүңк ете түседі. 

Молда  біраз  жерге  барып  қалғанда, 

мәшине де батпақтан шығып, жақын-

дай  береді.  Бірақ  ашулы  шофер  тоқ-

тамай  өте  шығады.  Сол  сол-ақ  екен, 

мәшине молданың жанынан өте бере, 

қып-қызыл өртке оранып шыға келеді. 

«Ойбай, құрыдық! Қашыңдар!», – деп 

шофердің жан дауысы шығады. Түкке 

түсінбеген  жолаушылар  мынаған  не 

болды дегендей аңтарылып қалыпты. 

Артта  қалып  қойған  жолаушы  қария 

мәшинеге тақай бергенде, өрт те басы-

лады. «Ал, бала, енді жүрейік», – дейді 

Жайсаңбай тағы да. Не болып, не қой-

ғанын  түсіне  алмай,  үрейі  ұшып,  өзін 

өң  мен  түстің  арасындағыдай  сезініп 

тұрған шофер жігіт: «Иә, иә, жүрейік, 

ата!», – деп қалбалақтай беріпті. 



Мұрат Әміренов

Әдетте  біз  пиязды  аршып, 

қабығын  қоқысқа  тастап  жата-

мыз. Ал сіз сол қабықтың көмегі 

мол екенін білесіз бе?

Пияз  қабығы  тұмауды  оңай 

жеңуге  көмектеседі.  Ол  үшін  ал-

дымен  қабықты  ұсақтап  кесіп, 

төрт  ас  қасығын  қайнаған  суға 

салып,  3-5  минуттай  сол  судың 

буымен дем алыңыз.

Қан  тамырыңыз  кеңейген 

жағдайда 

пияз 


қабығының 

тұнбасын  10  күндей  қабылдау 

қажет.  Екі  ас  қасық  ұсақталған 

пияз қабығына 400 мл қайнаған 

су  құйып,  алты  сағатқа  қою  ке-

рек.  Кейін  оны  сүзгіден  өткізіп, 

тамақтануға  жарты  сағат  қал-

ғанда  күніне  үш  рет  ішіп  тұры- 

ңыз.  Мұны  үзбей  7-10  күндей 

қайталаңыз. 

Сонымен  қатар,  пияздың 

қабығын 


қолданып, 

құрғақ 


жөтелді  де  емдеуге  болады.  Ол 

үшін екі ас қасық пияз қабығына 

екі  стақан  су  құйып,  астын  жай 

қойып,  15  минут  қайнатамыз. 

Бөлме  температурасында  суы-

тамыз.  Сүзгіден  өткізіп,  жылы 

күйінде тамақтануға жарты сағат 

қалғанда күніне үш рет ішіңіз.





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет