Жанғожина, Г. М. Орталық Қазақстандағы су қоймалары мен көлдердің



Pdf көрінісі
Дата31.03.2017
өлшемі395,97 Kb.
#10956

   Жанғожина, Г.М. 

Орталық  Қазақстандағы  су  қоймалары  мен  көлдердің 

қазіргі  жағдайы  (Нұра  алабы  мысалында) / Г.М.Жанғожина, 

П.А.Мақсұтова // ҚарМУ  хабаршысы:  Биология,  медицина, 

география  сер. = Вестник  КарГУ:  Сер.  биология,  медицина, 

география. – 2005. – №4(40). – 41-44 б. 

 

В  статье  показаны  последствия  антропогенного  воздействия  на 



изменение ландшафта бассейна реки Нуры. 

Тһе aftereffects of anthropogenic influence on change of a landscape of Nura 

river basin are shown in the article. 

 

Нұра  өзенінің  гидрологиялық  жəне  гидрохимиялық  режимінің  қазіргі 

жағдайын  оқудың  өзектілігі  оның  маңындағы  өнеркəсіптің  қалдық 

суларының  болуымен  ғана  емес,  салаларында  су  қоймаларын  салудың 

белсенділігімен  анықталады.  Бұл  режимнің  өзгеруін  толық  айқындау  үшін, 

біздің ойымызша, мыналарды ескеруіміз қажет: 

–  гидрогеологиялық,  химиялық  режимге  су  қоймаларының  тигізетін 

əсерін анықтау; 

–  алаптағы  су  қоймаларға,  көлдерге  қалдық  сулардың  түсуіндегі 

өзгерістерді зерттеу. 

Нұра  өзенінде  Ошағанды,  Ащысу,  Ботақара,  Жартас,  Ынтымақ, 

Самарқан, Саран, Тұзды, Федоров, Чкалов, Шерубайнұра сияқты ірі бөгендер 

орналасқан (кестені қар.). Бөген дегеніміз — суды жинау жəне сақтау, жерді 

суландыру жəне т.б. үшін өзендерге бөгет салу арқылы жасалатын жасанды 

су қоймасы [1]. 

Алаптағы  су  қоймаларының,  бөгендерінің  салыну  мақсаты  əртүрлі. 

Деректерге сүйенсек, ең алғашқы су бөгені зерттеліп отырған аймақ 1935 ж. 

бастап жерді суландыру мен халықты сумен қамтамасыз ету үшін салыныпты 

(Шерубайнұра  өзеніндегі  Жартас  су  қоймасы) [2]. Негізінен  бөгендердің 

салынуы  Орталық  Қазақстан  аридті  аймақта  орналасқан  жəне  өнеркəсіптік 

кəсіпорындар  көп  шоғырланғаннан,  жерді  суландыру,  алапқа  суды  жинау, 

өзен деңгейін көтеру үшін гидротехникалық мақсатта салынған. 

Өнеркəсіптік  жəне  муниципалдық  əрекеттер  судың  тепе-теңдігінің 

неғұрлым  техногенді  тасымалдауына  əкеп  соғады.  Зерттеліп  отырған 

территорияда  индустрияның  өсу  қарқыны  жоғарылаған  сайын,  су 

қоймаларын ластайтын қалдық сулардың деңгейі көтерілуде. Суды өндірістік 

қажеттерге  қолданудан  Қарағанды  облысы  Маңғыстау  облысынан  кейін 2 

орынға ие (1179. млн. м

3

). Ал шаруашылық, ауыз су қажеттеріне таза суды 68 



млн. м

3

 дейін колданады екен [3]. 



Қалдық сулардың өзі су объектілеріне тазартылмай келіп түсуіне қарай 2 

түрге бөлінеді: өндірістік жəне тұрмыстық (коммуналдық) қалдық сулар [4]. 

Облыс бойынша су қоймаларына өнеркəсіптік шаруашылық жəне тұрмыстық 

қалдық лас сулардың келіп түсуі жылдан жылға өнеркəсіптің күшеюіне қарай 



қарқындап  түсуде  (Шерубайнұра,  Самарқан,  Жартас  су  қоймалары) (сур. 

қар.). 


Нұра өзені алабының жер беті жəне жер асты суларының негізгі ластану 

көздері  болып  Қарағанды  өнеркəсіп  ауданының  өнеркəсіп  объектілері  мен 

коммуналды 

кəсіпорындарының 

ағын 

суларын 


ұйымдастырылған 

шығарулары  табылады.  Бұл  аудан  Нұра  алабының  орталық  бөлігінде 

орналасқан жəне дамыған көмір өндіруші, металлургия, мұнай-химия, химия 

жəне машина жасау салаларымен сипатталады. Өнеркəсіптік ауданға 5 қала, 

10 қалалық жəне көптеген ауылды елді мекендер кіреді. 

 

Сур. Қарағанды облысы бойынша су объектілеріне лас қалдық сулардың келіп түсу 



графигі (Статистика бойынша ҚР-нің агентігінің көрсеткіштері нұсқауымен, 2003 ж.) 

 

Самарқан, Шерубайнұра, Федоров сияқты су қоймалары қазіргі уақытта 



Қарағанды,  Теміртау  өнеркəсіптік  аудандардың  өнеркəсіптік  жəне 

тұрмыстық-фенолды  суларымен  ластанған.  Қарағанды  гидрометеорология-

лық  орталықтың  мəліметтері  бойынша,  Қарағанды  облысының  су 

ресурстарының  жалпы  қоры 2003 ж.  соншалықты  өзгерген  жоқ (2002 ж. 

салыстырғанда). 

Нұра  өзенінің  СЛИ  (судың  ластану  индексі) 1,95 (орташа  ластанған 

сулар). «Миттал  Стил  Теміртау»  ААҚ  жəне  «Теміртау  химия-

металлургиялық  заводы»  ЖШС  қалдық  суларының  біріккен  шығу  орнынан 

1000 м жоғары жерде өлшенген заттардың концентрациясы 9 мг/дм

3

, құрғақ 



қалдық  бойынша  минералдануы — 962 мг/дм

3

,  ерітілген  оттегінің  беткі-



белсенді  заттардың,  мыстың,  мырыштың,  қорғасынның,  хромның, 

мышьяктың,  цианидтердің,  роданидтердің  орташа  саны  ІІІЖК  нормасының 

деңгейінде.  Жыл  бойы  ШЖК-дан  асырулар  темір  бойынша — 1,5 ШЖК-ға 

дейін (0,15 мг/дм

3

),  сынап  бойынша — 2,8 ШЖК-ға  дейін (0,00028 мг/дм



3

), 


марганец  бойынша — 9,5 ШЖК-ға  дейін (0,095 мг/дм

3

),  аммонийлық  азот 



бойынша —1,1 ШЖК (0,41 мг/дм

3

),  БПК — 5-1,2 ШЖК-ға  дейін (3,53 



мг/дм

3

), мұнай өнімдері бойынша — 2,4 ШЖК (0,12 мг/дм



3

) байқалған. Бұл 

Самарқан су қоймасының суының транзитімен түсіндіріледі [5]. 

Теміртау  қаласының  маңы — Нұра  өзенінің  ең  ластанған  жері. 



Теміртауда — зиянды  өндірістер  көп  шоғырланған  өнеркəсіптік  орталық 

қалада  Қарағанды  облысының  су  ресурстарының  сапасының  өзгеруіне  əсер 

ететін  негізгі  мекемелер  орналасқан: «Миттал  Стил  Теміртау»  ААҚ, 

«Теміртау химия-металлургиялық заводы» ЖШС т.б. 

Өндірістік  жəне  шаруашылық-тұрмыстық  ағындармен  өзенге  сынап, 

цианидтер, фенолдар, органикалық жəне құрамында азот бар заттар, фосфор 

түседі. «Миттал  Стил  Теміртау»  ААҚ  жəне  «Теміртау  химия-

металлургиялық  заводы»  ЖШС  қалдық  суларының  біріккен  шығу  орнынан 

1000  м  төмен  жерде  өлшенген  заттардың  концентрациясы 9 мг/дм

3

  сəйкес, 



ШЖК асулар темір бойынша — 1,8 ШЖК (0,18мг/дм

3

), марганец бойынша — 



7 ШЖК-ға дейін (0,07 мг/дм

3

), фенолдар бойынша — 2,8 ШЖК-ға дейін (0,14 



мг/дм

3

), сынап бойынша — 5 ШЖК-ға дейін (0,0005 мг/дм



3

). Бұл «Теміртау 

химия-металлургиялық  заводы»  ЖШС  жəне  «Алаш»  ЖАҚ  тазарту 

қондырғыларынан  келетін  нормативті  тазартылған  қалдық  сулардың 

келуінен  (бұнда  сынап  жаңбыр  суымен  бұрынғы  «Карбид»  ӨБ  тер-

риториясынан түседі) жəне тұнбалардың қайта ластанумен байланысты [6]. 

Басқа ластанушы ингредиенттердің концентрациясы ШЖК-дан аспайды. 

Судың  ластану  индексі 2,34 (орташа  ластанған  сулар) 2002 жылдағыдай. 

Ластанушы компоненттердің ең қауіптісі сынап. Сынап Нұра бойында тығыз 

қоныстанған  елді  мекендердің  жер  беті  жəне  жер  асты  суларын,  ауыл 

шаруашылық  дақылдарын,  балықты,  малды,  топырақты  жəне  ауаны 

ластайды.  Өзеннің  сынап  жинап  алған  тұнбалары  судың  қайта  ластанушы 

көзіне  айналды.  Бұндай  жағдай  өте  қауіпті,  Жапонияда  осындай  жағдай 

адамдардың миномата ауруымен ауруына əкеп соқты, одан жүздеген адамдар 

өлді. 

Сондықтан  Қарағанды  облысының  маңызды  проблемаларының  бірі — 



Нұра  өзенінің  тұнбаларын  сынаптан  тазарту. «Карбид»  АҚ  ацетальдегид 

өндірісінің жұмыс жасаған жылдар ішінде 150000 т астам сынап жиналған. 

 

 


Нұра  өзені  алабындағы  Ақбастау,  Байқожа,  Матақ,  Ащысу  өзендерінің 

территориясы  төменгі  дəрежедегі  техногенезге  ұшыраған  бөлікке 

жатқызылады. Бұл аймақ өзеннің ағынының аз бөлігін қамтиды. 

Самар,  Ынтымақ,  Самарқан  су  қоймаларының  сулары  фенол (20-79 

шмж), сынап (20-134), нитраттар (5), аммоний азоты (12 шмж) сияқты зиянды 

заттармен  ластанған.  Техногендік  тұнба-лайлардың  қалыңдығы 2-3,5 м 

құрайды. Олардағы сынаптың құрамы 560 мг/кг (рендік құрам бойынша 0,08 

мг/кг).  Сондықтан  көктемгі  су  тасуы  кезінде  су  қоймаларынан  су 

лақтырылған  кезде  суда  сынап  құрамы  сəл  ұлғаяды.  Сынап  түптік 

шөгінділерден  түсіп,  табиғи  ортаның  ерекшелік  техногендік  ластану  көзі 

болуы мүмкін. 

Кейінгі  жылдары  «Карбид»  АҚ  қалдық  суларымен  Нұраға  сынаптың 

келуі  біршама  азайғанмен,  өзен  тұнбаларын  тазарту  мəселесі  тез  шешуді 

қажет етеді. Қазір тек қана Нұра суларында ғана емес, сонымен қатар Ақмола 

облысында  орналасқан  Қорғалжын  қорығының  суларында  да  кейбір  су 

пробаларында сынап шжк нормаларынан жоғары концентрацияда байқалған. 

Нұра  аңғары  Самарқан  су  қоймасынан  Нұра-Есіл  каналына  дейінгі 

территорияда  ластанған.  Əсіресе  қатты  ластанған  тұнбалар  қалдық  сулар 

қосылатын  жерден 22 км  төмен  орналасқан.  Самарқан  су  қоймасынан 

Ростовка  поселкесіне  дейінгі  территорияда  сынап  концентрациясы  су 

тұнбаларында  құрғак  грунттың 200 мг/кг-нан 2-10 мг/кг  дейін  өзгереді. 

Самарқан  поселкесінен  Ертіс-Есіл  каналына  дейінгі  территорияда  бұл 

көрсеткіш грунтга төмендейді (0,1-0,3 мг/кг-нан 0,1 мг/кг-ға дейін, ал Нұра-

Есіл  каналында — 0,06 мг/кг).  Сынап  концентрациясының  өсуі  əсіресе  су 

тасқыны  кезінде  күшейеді,  бұл  өзен  тұнбаларынан  судың  қайта  ластануына 

байланысты. 

Қазақстан  Республикасы  санитарлық-эпидемиялық  станциясының 

деректері  бойынша, 2000 ж.  жалпы  республика  бойынша  ашық  су 

қоймаларының 

химиялық 

ластану 

көрсеткіштері 1999 жылмен 

салыстырғанда  əлдеқайда  өскен  жəне 11,1 %-ті  құрайды.  Бұл  көрсеткіш 

Қарағанды  облысындағы  су  қоймаларында  ең  жоғары (29,2 %), ал  Ақмола 

облысында 19,2 % құрайды [3]. 

Осы территорияның геоморфологиялық тұрғыдан зерттеп жүрген ғалым 

К.М.Акпамбетованың  деректері  бойынша [7], су  ағындарының  деңгейі  тек 

өнеркəсіптік  зоналардың  аумағына  ғана  тəуелді  емес,  сонымен  қатар 

қолданылатын  технологиялык  процестердің  ерекшеліктеріне  байланысты. 

Шахта  суларының  Кіші  жəне  Үлкен  Бұқпа  өзендеріне  ағуынан  судың 

минералдылығы  көктемде 1,4 г/л-ден,  күзде 2,35 г/л-ге  дейін  көбейеді.  Бұл 

сулар су бөгендерінің (Федоровка бөгені), жер асты суларының аллювиальді-

пролювиальді горизонттарына локальді ластаушы əрекетін тигізеді. 

Судың  минералдық  көрсеткіштері  өзгергендіктен,  судың  нитратгармен 

(8 ШЖК-ға дейін) ластануы жəне қышқылдануы байқалуда. Су объектілеріне 

əсер ететін жоғарыда көрсетілген экологиялық жағдайларды төмендету үшін 

мыналарды ескеру қажет: 

-  өнеркəсіп  жəне  тұрмыстық-коммуналдық  секторларда  суды  қорғау 



технологияларын шығаруды арттыру; 

-  ағынды  қалдық  суларды  тазартуда  неғұрлым  физикалық,  химиялық 

жəне биологиялық əдістерін жоғары дəрежеде қолдану; 

-  көмірді  өңдеуде  неғұрлым  қолайлы  ұтымды  əдістерді  талдап  барып 

қолдану; 

- территорияның көбі тау-кен байыту өнеркəсібінде қолданылғандықтан, 

фитомелиорациясы  жəне  рекультивациялық  жұмыстарды  өткізуді  қажет 

етеді; 


- суды дұрыс пайдалану жəне су ресурстарын қорғау жөнінде табиғатты 

қорғау шараларын атқару. 

 

Əдебиеттер тізімі 

 

1.  Құрманов  Қ  Физикалық  география  терминдері  мен  ұғымдарының 



орысша-қазақша анықтамалық сөздігі. - Алматы, 1993.-29 б. 

2. Филонец П.П., Омаров Т.Р. Озера Центрального Казахстана. - Алматы, 

2001. -С. 54. 

3.  Экологическая  статистика.  Агентство  РК  по  статистике. - Алматы, 

2001. - С. 45-47. 

4.  Дьяконов  К.Н.  и  др.  Современные  методы  географических 

исследований. -М.. 1996. -С. 121. 

5.  Материалы  Карагандинского  центра  по  гидрометеорологии. - 

Караганда, 2003. 

6.  Материалы  Карагандинского  экологического  центра  «Экоцентр». - 

Караганда, 2001. 

7.  Акпамбетова  К.М.  Геоморфология  аридных  территорий  Казахстана. 



Караганда, 2002. - С. 53. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет