Жануарлар



Pdf көрінісі
бет1/17
Дата27.03.2017
өлшемі13,22 Mb.
#10527
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
10527

   
ЖАНУАРЛАР
ӘЛемі

УДК 591(031) 
ББК 28.6я2
     Ж 27
 
«Балалар энциклопедиясы» сериясы
 
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін
басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді
 
            Жануарлар әлемі. Энциклопедия / Қазақ тіліне аударған Д. Әліпбаева.  – Астана: «Фолиант» 
           баспасы, 2014. – 160 б. – «Балалар энциклопедиясы» сериясы.
          
          ISBN 978-601-292-682-8  
         
       «Жануарлар әлемі» энциклопедиясы жасөспірімдер үшін өте қызықты және танымдық жағынан 
пайдалы басылымдардың бірі болмақ. Мұнда жан-жануарлар мен құстардың сан түрі, мекендейтін 
ортасы, тіршілік әрекеті туралы жан-жақты мәліметтер берілген. Олардың жойылып кету себептері 
де баяндалған. Кітап оқырмандарды қызықтырып қана қоймай, қоршаған табиғатты, жануарлар мен 
құстарды қорғаудың қажеттігін түсіндіреді. 
       Кітап орта буын және жоғары сынып оқушыларына, ата-аналарға, мұғалімдерге және жануарлар 
әлеміне қызығушылығы бар оқырмандарға арналған. 
          УДК 
591(031) 
          ББК 
28.6я2
 Кітап қазақ тілінде Macaw Books компаниясының келісімімен жарық көрді
 Барлық құқықтар қорғалған. Бұл басылымның ешқандай бөлігін баспаның жазбаша рұқсатынсыз 
қайта жариялауға, қандай да бір жолмен және белгілі бір құралмен – электронды, механикалық, 
фотокөшірме, жазбаша немесе басқа да жолдармен пайдалануға тыйым салынады. 
 
       
        © 
2013, 
Macaw 
Books
        This 
edition 
printed 
under 
license 
        from 
Macaw 
Books. 
        All 
Rights 
Reserved 
       Қазақстанда жасалған 
 
 
 
               © Қазақ тіліндегі басылым,
       ISBN 978-601-292-682-8      қазақ 
тіліне 
аударылған. 
      
 
 
 
    «Фолиант» 
баспасы, 
2014
        © 
Д. 
Әліпбаева, 
аударма, 
2013
Ғылыми редакторы б.ғ.к.  Ж. Қарағойшин 
Редакторы А. Ермишова 
Корректоры Б. Мұхиденқызы
Компьютерде беттеген Э. Заманбек
«ФОЛИАНТ» БАСПАСЫ
Тел./факс: 8 (7172) 396 070, 395 459, 397 249
foliant@foliant.kz;  www.foliant.kz
Басуға 07.08.2014 қол қойылды.
Пішімі 60х84 
1
/
8
. Офсеттік басылым.
Шартты баспа табағы 18,6. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №49.
 «Фолиант» баспасының баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13
Ж 27

мазмұны
Адам тәрізді маймылдар  ..............................................6
Маймылдар ................................................................8
Мысық тұқымдас ірі жануарлар .................................. 10
Қасқырлар  ............................................................... 12
Түлкілер  .................................................................. 14
Шибөрілер, кайоттар және жабайы иттер ..................... 16
Аюлар ...................................................................... 18
Үлкен панда .............................................................. 20
Жанаттар мен кіші пандалар ...................................... 22
Пілдер ..................................................................... 24
Сусиырлар ................................................................ 26
Мүйізтұмсықтар ....................................................... 28
Түйелер ................................................................... 30
Жылқылар ............................................................... 32
Зебралар .................................................................. 34
Бұғылар  .................................................................. 36
Қуысмүйізді күйіс қайыратын жануарлар .................... 38
Бөкендер .................................................................. 40
Керіктер мен окапилер ............................................... 42
Қалталы жануарлар ................................................... 44
Итбалықтар, сойдақтістілер және теңіз арыстандары ..... 46
Киттер ..................................................................... 48
Дельфиндер .............................................................. 50
Құндыздар ................................................................ 52
Жарқанаттар  ........................................................... 54
Қолтырауындар ........................................................ 56
Айдаһар жыландар, питондар және анакондалар. .......... 58
Әбжыландар, крайттар және теңіз жыландары .............. 60
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
мазмұны
3

Сұр жыландар мен ойықбасты жыландар ......................... 62
Кесірткелер .............................................................. 64
Тасбақалар ............................................................... 66
Теңіз тасбақалары ..................................................... 68
Туатаралар ............................................................... 70
Бақалар мен құрбақалар............................................. 72
Саламандралар ......................................................... 74
Ұшпайтын құстар ...................................................... 76
Суда жүзетін құстар ................................................... 78
Альбатростар мен дауылпаздар ................................... 80
Қоқиқаздар .............................................................. 82
Тырналар ................................................................. 84
Құтандар .................................................................. 86
Көгершіндер мен кептерлер ........................................ 88
Жапалақтар ............................................................. 90
Бүркіттер, қаршығалар мен кезқұйрықтар ................... 92
Қырандар мен каракаралар ........................................ 94
Америкалық құмайлар мен кондорлар ......................... 96
Гагарлар, балтатұмсықтар мен қайралар ...................... 98
Көкқұстар .............................................................. 100
Тоқылдақтар  .......................................................... 102
Тотықұстар мен какадулар ....................................... 104
Колибрилер  ........................................................... 106
Пингвиндер ............................................................ 108
Акулалар мен скаттар .............................................. 110
Тікенқұрсақтылар мен арқамүйіз-балықтар ................ 112
Жыланбалықтар ..................................................... 114
Губкалар ................................................................ 116
Теңіз жұлдыздары, теңіз қиярлары және теңіз кірпілері ..118
Медузалар .............................................................. 120
Маржандар ............................................................. 122
4

Содержание
Актиниялар ............................................................ 124
Сегізаяқтар ............................................................ 126
Кальмарлар ............................................................ 128
Теңіз шаяндары ...................................................... 130
Омарлар мен асшаяндар ........................................... 132
Құмырсқалар .......................................................... 134
Аралар мен соналар. ................................................ 136
Қоңыздар ............................................................... 138
Тарақандар мен термиттер ........................................ 140
Шырылдауық шегірткелер, көк шегірткелер және 
кәдімгі обыр шегірткелер ......................................... 142
Бір күндік шыбындар, инеліктер және тең қанатты 
инеліктер ............................................................... 144
Көбелектер мен шатырқанат көбелектер ..................... 146
Цикадалар, шіркейлер және дельфацидтер ................. 148
Өрмекшілер ............................................................ 150
Бүйілер, тас қалаушы өрмекшілер және 
су өрмекшілері ........................................................ 152
Шаяндар ................................................................ 154
Глоссарий ............................................................... 156
Алфавиттік көрсеткіш ................................................ 158
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
мазмұны
5

Адам тәрізді маймылдар, бұлар – құйрықсыз 
приматтар. Олар жоғары сатыдағы приматтар 
және гиббондар болып екі топқа бөлінеді. 
Жоғары сатыдағы приматтарға орангу тандар, 
гориллалар, шимпанзелер және боноболар 
жатса, ал екінші топқа гиббондар жатады. 
Горил лалар, шимпанзелер және  боноболар 
Африкада, ал орангутан дар мен гиббондар 
Азияда тіршілік етеді. 
Адам тәрізді маймылдар мен адамдар
Адам тәрізді маймылдар адамдарға өте ұқсас келеді. 
Олар ақыл-есті және дене құрылымдары адамның дене 
құрылымына ұқсайды. Адам тәрізді маймылдардың 
мінез-құлықтары да адамдікіне ұқсас. Олардың 
балаларымен байланысы, мәселелерді шешу, іс-
қимыл ишараларды қолдану сияқты қасиеттері басқа 
жануарларда кездесе бермейді. 
Гиббон
Гиббондар – ең жылдам сүтқоректілер. Олар басқа адам 
тәрізді маймылдарға қарағанда кішірек келеді. Олардың  
аяқ-қолдары жіңішке ұзын және де қолдарымен өте 
жақсы жылжиды. Олар өмірлерінің көп бөлігін ағаш 
бастарында бір талдың басынан екіншісіне секірумен 
өткізеді. Гиббондар өздерінің ән салу қабілеттерімен 
де белгілі. Әр түрлі тұқымдардың өлеңдері де әр алуан 
болады. Әлемде гиббондардың 12 тұқымдасы
белгілі. Малай аралдар архипелагында,  Суматра 
аралдары мен тропикалық және муссон ормандарында 
өмір сүретін сиамангтар – гиббондардың ішіндегі ең 
үлкендері.
Бонобо
Боноболар – жойылу алдында тұрған адам 
тәрізді маймылдар, олар Конго Демократикалық 
Республикасының тропикалық және батпақты 
ормандарында өмір сүреді. Боноболардың түр-әлпеті 
шимпанзеге ұқсас келеді, алайда олардың аяқтары 
ұзынырақ, беттері сопақша және құлақтары кішірек 
болады. 
Орангутан
Орангутандар Суматра 
және Борнео аралдарын 
мекендейді. Олар өз өмірлерін  
қалың ормандар ішінде ағаштарға 
өрмелеп, оларда тербеліп өткізеді. Жерге түскенде 
төрт аяғымен жүреді. Орангутандардың түр-әлпеті 
шимпанзелер мен гориллалардың түр-әлпетінен мүлдем 
бөлек. Олардың денесін сабалақ-сабалақ, қызыл-қоңыр 
түсті жүн қаптап тұрады, күшті ұзын қолдары және 
мықты алақандары бар. Орангутандар борнеолық 
орангутандар және суматралық орангутандар деп екіге 
бөлінеді. Суматралық орангутандар жойылып бара 
жатқан түрлер қатарына кіреді. Бұл орангутандардың 
жабайы ортада  7 500 дарасы ғана қалған.
 Суматралық жас 
орангутандар 
шамамен төрт 
жасқа толғанда 
ата-аналарынан 
тәуелсіз, өздік-
терінен өмір сүре 
бастайды.
Ақ қолды гиббон
ағашты  қолдары мен 
ұстап,  тербе тіліп 
тұр. Ақ қол ды 
гиббондар – анық, ақ 
түсті бет сақинасы 
бар, сарғыш түсті 
және қара түсті 
адам тәрізді 
маймылдар. Олар 
тек Азияда ғана 
тіршілік етеді. 
 Адамдар мен 
адам тәрізді 
маймылдардың 
қаңқаларының 
құрылымдарында 
көптеген 
ұқсастықтар 
бар. Адам тәрізді 
маймылдар да 
адамдар секілді тік 
тұра алады және 
де қолдарының 
саусақтарын 
біріктіре алады.
Адам тәрізді 
маймылдар
6

Шимпанзе
Шимпанзелер – ең жақсы жетілген 
сүтқоректілердің бірі. Олар барлық төрт аяғымен 
жүргенді ұнатқанымен, денесін тік ұстап, екі 
аяқпен де жүре алады. Олардың беттерінің 
түсі қызғылт түстен қоңыр түске дейін болады. 
Түктері қалың, қоңыр-қара. Беттері, құлақтары, 
қолдары және аяқтары түксіз. Олардың қолдары 
аяқтарына қарағанда ұзындау, құйрықтары 
болмайды. Шимпанзелердің саусақтары мен аяқ 
саусақтары икемді, сондықтан да затты жақсы 
ұстай алады. Олар адам тәрізді маймылдардың 
ішіндегі ең ақылдысы. Олар құралдарды қолдана 
алатын бірнеше жануарлардың біріне 
жатады. Шимпанзелер жәндіктерді 
табу үшін таяқты, жаңғақты жару 
үшін тасты және т.б. қолданады. 
Кейбір жануарларды зерттеушілер 
шимпанзелерге адамның ишарат 
тілін де үйрете алған.
Горилла
Гориллалар – ең үлкен примат-
тар. Олардың салмағы шамамен 
300 кг-ға дейін жетеді. 
Гориллалар өлшемдері жағынан 
үлкен болғанымен, өте нәзік 
болып келеді. Олар шимпанзелер 
сияқты адам баласына 
ұқсайды. Көптеген гориллалар 
экваторлық Батыс Африка мен 
Орталық Африканың тропиктік 
ормандары мен тау ормандарында 
өмір сүреді.
Түрлері 
Гориллалардың шығыс жазығын-
дағы гориллалар, батыс жазы-
ғындағы гориллалар, өзен 
бойында өмір сүретін гориллалар 
және тауда өмір сүретін 
гориллалар деген төрт түрі 
болады. Шығыс жазығындағы 
гориллалар – ең үлкен: Тауда 
өмір сүретін гориллалар екінші 
орында тұрады. Олар – барлық 
гориллалар ішіндегі ең түктілері. 
Денелерін қаптаған ұзын, 
қалың, қара түгі гориллаларды 
таудың салқын ауасынан 
сақтайды. Батыс жазығындағы 
гориллалар – ең кіші және жеңіл 
гориллалардың бірі. Олар түгі 
қоңыр-сұр түсті болып келеді, 
бастарында қызыл немесе қызыл 
қоңыр түсті айдары болады.
Гориллалар 
ұйықтағанды жақсы 
көреді. Олар күн сайын 
шамамен 13 сағат
ұйықтайды. Олар 
өздерінің ұйықтай­
тын орындарын 
жақын жерде орна­
ласқан  өсімдік терді 
майыстыру арқылы 
жасап алады.
Батыс жазықтығында 
өмір сүретін аталық  
гориллалардың бойы 
1,83 м­дей және де 
салмақтары 204 кг­ға 
дейін жетеді. 
Ал аналықтары 
аталықтарынан екі 
есе кіші болады. 
Тауда өмір сүретін 
гориллалар – жойылып 
кету алдында 
тұрған приматтар. 
Әлемде олардың саны  
шамамен 700­дей ғана 
қалған. 
Топтары
Гориллалар 5-30 даралардан топтасып өмір сүреді. Бір 
топта үлкен жастағы аталық басшы, бір жас аталық 
басшы, бір жас аталық, үш-төрт ересек аналық және 
бірнеше жас гориллалар болады. Топты үлкен жас тағы 
аталық горилла басқарады. Үлкен жастағы аталық 
гориллаларды ағылшын тілінде «Күміс арқа» деп 
атайды. Оған себеп олардың арқаларында сұр түсті 
түктері болады. 
Шимпанзе термиттерді 
жер астындағы ұясынан 
алу үшін таяқты 
қолдануда.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
сүтқоректілер
7

Маймылдар – адамдар мен адам 
тәріздес маймылдар сияқты 
приматтар. Олар приматтардың 
ең үлкен тобын құрайды. 
Олардың жұмылатын қолдары, 
алға қарай шығыңқы көздері 
және жоғары дамыған милары 
болады. Маймылдар өте жақсы 
өрмелейтін болғандықтан, 
ағаш басында өмір сүру тәсіліне 
дағдыланған. Басқа приматтарға 
қарағанда маймылдардың ұзын 
құйрықтары бар болады. Кейбір 
маймылдардың бір затқа 
жармасып, ұстап тұра алатын 
құйрықтары. Олар ағаш 
басына өрмелеу барысында 
осындай құйрығын ағаш 
бұтақтарын ұстау үшін бесінші 
аяқ ретінде қолданады.
маймылдар
Маймылдардың екі тобы
Маймылдар кеңтанаулы және тартанаулы маймылдар деп 
екі топқа бөлінеді. Кеңтанаулы маймылдарды Орталық 
және Оңтүстік Америкадан, ал тартанаулыларды 
Оңтүстік және Шығыс Азиядан, Таяу Шығыс, Африка 
және Еуропаның кейбір бөліктерінен кездестіруге болады.
Өрмекші тәрізді 
маймылдар
Өрмекші тәрізді маймылдар 
Мексика мен Бразилияның 
тропиктік ормандарында 
өмір сүреді. Өрмекші тәрізді 
маймылдардың жеті түрі бар. 
Бұл маймылдардың әдеттен тыс 
ұзын аяқ-қолдары мен құйрығы 
болады. Олар ағаш басында 
өрмелеп жүргенде өрмекшіні еске 
түсіретіндіктен  өрмекші тәрізді 
маймыл деп аталып кеткен. 
Бақырауық маймылдар
Бақырауық маймылдардың аты олардың 
шығаратын қатты дауыстарының негізінде 
шыққан. Олар – ең қатты дауысты 
маймылдар.  Олардың шыңғырған дауысы 
бес шақырым жерден естіледі. Сонымен 
қатар бақырауық маймыл – тырмысқақ 
құйрықты маймылдардың ішіндегі ең 
үлкені.
Оңтүстік Америкадағы 
жылауық капуцин маймылдары
Жасыл мартышка
Кеңтанаулы маймылдар
Кеңтанаулы маймылдарға 
мартышка, капуцин, мирикиндер, 
өрмекші тәрізді маймыл, түкті 
маймыл, уакари (қысқа құйрықты 
маймыл) және бақырауық 
маймылдар жатады.
 
Тартанаулы маймылдар
Тартанаулы маймылдарға 
мартышка, мангабей, колобус, 
жасыл мартышка, макака, 
лангурлар және бабуиндер жатады. 
Тартанаулы маймылдардың 
мұрындары жіңішкерек болып, 
танаулары төмен қарай ашылады. 
Кеңтанаулы маймылдарға 
қарағанда бұларда тырмысқақ 
құйрық болмайды.
8

Бабуин  
Бабуиндер – Африканың 
орманды және шалғынды 
жерлерінде өмір сүретін 
үлкен маймылдар. 
Олар – ит тұмсықты 
және де күшті 
жақты, мықты және 
агрессивті жануарлар. 
Бабуиндердің бес түрі 
бар, олар: гамадрилдер, 
Гвинея павианы, 
анубис павианы, сары 
павиан және аю павианы. 
Мандрил
Мандрилдер – әлемдегі ең 
үлкен маймыл түрлері. 
Олар бабуиндерге өте 
жақын туыс болып келеді. 
Олардың қою жасыл түсті 
түктері, үлкен басы, ұзын, 
күшті аяқ-қолдары және 
жуан қысқа құйрығы болады. 
Еркек мандрилдердің бастары 
мен құйрық тұсы түрлі түсті. 
Мандрилдер жерде өмір сүруге 
дағдыланған. Олар ағашқа 
тек түнде ұйықтау үшін 
өрмелейді.
Ергежейлі игрунка
Ергежейлі игрункалар – ең кіші маймылдар. Ересек 
ергежейлі игрункалардың бойы 12,5 см және 
құйрығының ұзындығы 20 см-дей болады. 
Уакари
Уакарилер – Оңтүстік Американың тропиктік 
ормандарында өмір сүретін кішкене маймылдар. 
Оларды түксіз бастары мен ашық қызыл түсті беті 
арқылы тануға болады. Олардың денесін ұзын бос 
түк қаптап жатады. Уакарилердің құйрықтары 
басқа маймылдарға қарағанда қысқа. Олар – өте 
көпшіл жануарлар, сондықтан да олар 100 мүшесі 
бар топтарда өмір сүреді, тек ас ішу кезінде ғана 
кішірек топтарға бөлінеді. Уакарилер – жойылудың 
алдында тұрған құрып бара жатқан маймылдардың 
бірі. Оларға аңшылық пен ормандарды жою ең 
үлкен қауіп тудырып тұр.
Саймири (тиін тәрізді маймылдар)
Саймирилер (тиін тәрізді маймылдар) Орталық 
және Оңтүстік Американың тропиктік 
ормандарында өмір сүреді. Бұл маймылдардың 
тұмсығы мен ауыз тұсында түк болмайды, ал 
қалған жерлерінің барлығын сұр және қою жасыл 
түсті түк басып жатады. Кейбір саймирилердің 
төбесі қара, ал арқасы қызылдау болып 
келеді. Бұл маймылдар 
үлкен топтарда 
өмір сүреді. Кейбір 
топтардың құра-
мына 200-ден аса 
мүше кіруі мүмкін.
Жартылай маймылдар тобы
Жартылай маймылдар – 
маймылдар мен адам тәріздес 
маймылдарға жақын туыс болып 
келетін топ. Оларға лемурлар, 
ай­айлар (мадагаскарлық 
қолаяқ), галаголар және ұзын 
өкшелілер жатады.
Ұзын өкшелілер
Ұзын өкшелілер – Оңтүстік­
шығыс Азияның тропиктік 
ормандарында өмір сүретін 
өрмелегіш приматтар. 
Олардың көздері үлкен, артқы 
аяқтары ұзын, сұқ саусақтары 
мен құйрығы да ұзын әрі  
жіңішке болып келеді.
Макакалар 
Макакалар – біздің планетамызда кездесетін 
адамнан кейінгі ең көп тараған приматтар. 
Оларды Африканың солтүстігінен Жапонияға 
дейінгі алқапта кездестіруге болады. 
Макакалардың 22 түрі белгілі. Макак-резус, 
құйрықсыз макак және жапондық макак ең 
кеңінен тараған макакалар тобына жатады.
Жапондық макак
Қар маймылы деп те 
аталатын жапондық 
макактар өте суық 
климаттарда өмір сүреді. 
Олар жылыну үшін 
ыстық су бұлақтарында 
шомылады, тіпті 
бірнеше сағат бойы сол 
судың ішінде болады. 
Барлық лемурлар 
Мадагаскар 
аралында өмір 
сүреді.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
сүтқоректілер
9

10
Мысық тұқымдас ірі жануарлар – 
мысық тұқым дастардың ішіндегі етқоректі 
жабайы өмір сүретін үлкен аңдар. Олар 
Австралия мен Антарктика дан басқа 
әлемнің барлық жерінде кездеседі. 
Бұл тұқымдасқа арыстандар, 
қабыландар, жолбарыстар, 
ягуарлар және сілеусіндер, 
және де дала сілеусіні 
(қарақал), оцелот және 
жабайы мысық секілді 
кішірек жануарлар да 
кіреді. Бұл жабайы мысықтар 
әлемдегі ең жыртқыш  аңдар 
қатарына жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет