Жануарлардың психикасын, мінез-қҰЛЫҚ Әрекетін анықтауда қолданылатын ғылыми зерттеу әдістерін талдау



бет1/4
Дата31.12.2021
өлшемі20,7 Kb.
#21089
  1   2   3   4

ЖАНУАРЛАРДЫҢ ПСИХИКАСЫН, МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ӘРЕКЕТІН АНЫҚТАУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ

Зоопсихология-жануарлық деңгейдегі психикалық бейнелеудің көрінулері, заңдылықтары мен эволюциясы туралы, жануарлардағы психикалық үрдістердің онто-және филогенездегі пайда болуы мен дамуы жайлы және адам санасының алғышарттары мен алғашқы тарихы туралы ғылым. Психика эволюция үрдісінде екі деңгейден өтті: төменгі және жоғарғы. Төменгі деңгей психикалық бейнелеудің басталуымен байлансты., ал жоғарғысы адам психикасының көрінуімен байланысты. Жануарлардың психикасын олардың жүріс-тұрысынан бөліп қарастыруға болмайды, бірақ жануарлардың жүріс–тұрысын этология ғылымы зеріттейді. Бұл ғылымдардың арасында айырмашылықтар бар. Этологтар жүріс-тұрысты жалпы биологиялық көзқарас тұрғысынан зеріттейді. Жүріс-тұрс оларды индивидуалды даму барысындағы және эволюция үрдісіндегі ортаның жағдайларына бейімделу факторы ретінде қызықтырады. Олар көбінесе тіршілік етудің табиғи жағдайларындағы жануарлардың инстинктивті жүріс-тұрысын зерттейдіжәне олар «жүріс-тұрыс биологиясы»теориясын қалыптастырған. Зоопсихология жүріс-тұрыстң психикалық аспектілерін көбінесе лабараториялық жағдайларда зерттейді. Сонда да, бұндай бөліну шартты болып табылады және бұл екі бағыт өзара тығыз байланыстардың арқасында дамиды.

Зоопсихологиялық зерттеулер үшін қазіргі кездегі техникалар кеңінен пайдаланылатын түрлі әдістер қолданылады. Бұл, бірінші кезекте, табиғи жағдайлардағы жануарлардың жүріс-тұрысын бақылау үшін аудио-және видео жазба құрылғыларды, электронды чиптер мен компьютерлік техникаларды пайдалану. Сонымен қатар, мынадай зоопсихологияның дәстүрлік әдістері пайдаланылады:

1) жануардың ақыл-ойлық мүмкіндіктерін зерттеуге арналған «лабиринт» әдісі;

2) «айналма жол» әдісі;

3) дефференцияланған жаттықтыру әдісі жануардың объектілердің белгілерін ажыратуға қабіелттілігін анықтауға бағытталған;

4) жануардың интелектуалды жүріс-тұрысын зерттеуге арналған «мәселелік тор» әдісі;

5) жануардың ашық кеңістіктегі бейімделуін және белсенділігін зерттеуге арналған «ашық алаң» әдісі.

Жалпы психологияның түбегейлі мәселелеін шешу үшін, адамның психикалық іс-әрекетнің,оның санасының пада болу және даму заңдылықтарының биологиялық тамырларын анықтау үшін зоопсихологияның мәнін қайта бағалау қиын болып табылады. Зоопсихологияның мәліметтері, сонымен қатар балалар психикасы дамуының биологиялық негіздерін анықтауға көмектеседі. Жануарлар онтогенезін зерттеу барысында табылған «сыни кезеңдердің», ортаның түрлі факторларына жоғары сезімталдық кезеңдерінің болуы Баланы тәрбиелеуде ескеріледі. Балалардың жануарлармен қарым-қатынас жасауында үлкен тәрбиелік және танымдық мән бар. Соңғы ғылыми мәліметтер бойынша балалардың жануарлармен (дельфиндермен, иттермен және т.б) қарым-қатынасы бірнеше психикалық ауытқулар мен ауруларда терапиялық та мәнге ие болады.

Жануарлар,сонымен қатар адамдардың психикалық іс-әрекеттерінің бұзылуларын зерттеу үшін модельдер ретінде де қызмет атқара алады.



Лабиринт әдісі жануарлардың негізгі міндеті: алдына қойған белгіленбеген мақсатқа жол табу, жол іздеу барысында ауытқушылық туындаса жазалауды жазалау. Жол табу алдайтын элементтерді (приманка) қолдану. Бұл әдіс барысында мақсатқа жетудегі жануарлардың шапшаңдығы, жіберген қателердің саны тіркеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет