Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


Тыныс белгілер және олардың қойылу қағидалары



жүктеу 0.8 Mb.
Pdf просмотр
бет2/16
Дата21.01.2017
өлшемі0.8 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Тыныс белгілер және олардың қойылу қағидалары.
1.   Пунктуация   -     жазбаша   қарым-қатынас   жасауға   қызмет
ететін   графикалық   таңбалар   жиынтығы.   Ол   қағаз   бетіне
түскен ойдың оқушысына сол автор көздеген мақсатын қаз
қалпында айнытпай жеткізуге көмектеседі. Ауызекі сөйлеуде
адам   ойының   кейбір   жетпей   тұрған   жерлерін   бет-жүз,   қол
қимылы,   дауыс   ырғағы   сияқты   қосымша   құралдармен   бере
алады.   Оның   бәрін   қағаз   бетіне   әріппен   түсіре   алмайсың,
тыныс   белгілер   –   жазуда   осы   сияқты   нәрселерді   айнытпай
белгілеудің құралы, оқыған кезде әріптермен (сөзбен) бірге
оқылады,   автордың   айтпақ   ойын   айқын   көрсете   алады.
Мысалы:  Тақырбұлақ   тұсына   келгенде   Байтастар   баланы
жеке шабудан тежеп:
-   Енді   бізден   ұзап   кетпе!   Анау   Есембайдың   жырасын
білесің ғой!. . Ұры жатады ... – деді. 
-   Сені   мен   бізді   манадан   көріп   отыр!   «Қоқырақтап
жалғыз   шабатын   неме   екен,   түсіріп,   атын   әпкел   өзінің!»   -
дейді   де,   сені   төбеден   бір-ақ   нұқып,   мына   бәйге   бестіңді
алады да, кете барады, - деді Жұмабай да
- Е, сендер ше? Сендер беріп жібересіңдер ме?
- Ойбай, бізде не қауқа бар? Біз екеу-ақ... (М. Әуезов). 
Берілген   мәтінде   тыныс   белгісінің   бірнеше   түрі   бар,
солардың   ішіндегі   леп   белгісінің   өзі   бірнеше   мағынаны
білдіріп   тұр,   бірінші   сөйлемде   -   өтініш,   екіншіде   –   ескерту,
келесіде-қорқыту,   шошыту   тәрізді   мағыналар,   сұрау   белгісі
де   сол   сияқты,   жауап   алумен   қоса,   шарасыздық
мағыналарын   көрсетеді.   Ал   көп   нүкте   мұнда
17

аяқталмағандыққа қоса, ескерту мәнін де білдіреді. Тұтастай
алғанда, бұл тыныс белгілер арқылы аз сөзбен көп мағына
берілді. Мысалы, үлкендер қанша үлкен болса да, баламен,
Құнанбайдың   баласымен,   басқаша   сөйлесе   алмайды,   оған
бұйыра, шын мәнінде үркіте де, қорқыта да алмайды. Әрине,
мұнда сөз мағынасының да орны ерекше, тыныс белгісі осы
үлкен   психологиялық   қарым-қатынасты   айқын   ашып   тұр.
Ендеше, тыныс белгілері дұрыс қойылмаған мәтінді оқу да,
оның мағынасын  түсіну де қиын, болмақ. Сондықтан жазуды
үйретумен бірге оқушыларды тыныс белгілерді дұрыс қоюға
жаттықтырылады. 
Тыныс   белгілері,
 ең   алдымен,   сөйлемнің
грамматикалық құрылысына байланысты қойылады. Сөйлем –
қарым-қатынас   жасаудың   басты   құралы,   біршама
тиянақталған   ой.   Оқушы   осы   ойдың   аяқталған   шегін   білуі
қажет. Айтушы ойын жай сөйлеммен де, құрмалас сөйлеммен
де   бере   алады.   Ендеше   тыныс   белгісі,   ең   алдымен,   ойдың
аяқталған   шегіне   байланысты   болып   келеді,   осыған   орай
сөйлем   соңына   және   құрмалас   құрамындағы   жай
сөйлемдердің   арасына   қойылатын   тыныс   белгілері   болып
бөлінеді.   Тыныс   белгілерін   сөйлемнің   құрылымдық
ерекшеліктеріне   сүйеніп   қою   грамматикалық   ұстаным   деп
аталады. Осыған байланысты қойылатын белгілер: нүкте (. ),
сұрау белгісі (?), леп белгісі (!), көп нүкте (... ), нүктелі үтір (;),
оның ішінде сөйлем соңына қойылатындары: нүкте (. ), сұрау
белгісі (?), леп белгісі (!), көп нүкте (... ). 
Пунктуациядағы негізгі нәрсе – мағыналық бөлік, тыныс
белгілері   осы   мағыналық   бөлікке   байланысты   қойылады.
Абай үндеген жоқ. – Бір мағыналық бөліктен тұрады, біршама
аяқталған   хабар.  Абай   бұларды   тосып   алып,   енді   үшеуі
бірдей     жарысуға   айналды.  –   Бұл   сөйлемде   екі   мағыналық
бөлік бар, себебі бұл – құрмалас сөйлем. 
      
бірінші жай сөйлем                                екінші жай сөйлем
(бірінші мағыналық бөлік)                   (екінші мағыналық
бөлік)
Осыған   байланысты   тыныс   белгісі   екі   жерге   жай
сөйлемдер   арасына,   сөйлем   соңына   қойылады.   Мағыналық
18
Абай бұларды тосып алып
Енді үшеуі бірдей жарысуға
айналды. 

бөліктің   синтаксистік   құрылымы,   заттық-логикалық
мағынасы   бар,   сондықтан   ол   белгілі   дауыс   ырғағымен   де
ерекшеленеді, ендеше оны пунктуациялық-мағыналық бөлік
деп атауға да болады. 
Мағыналық  бөлік жеке сөз,  сөз тіркесі,  сөйлем  түрінде
кездеседі.   Сонда   тыныс   белгілері,   екіншіден,   мағынаға
байланысты   қойылады,   қызметіне   қарай   ойды   бірінен-бірін
бөлуші,   даралаушы   және   сөйлем   құрамындағы   сөздердің
мағынасын айқындаушы, ерекшелеуші болып бөлінеді. 
- Е, балам, «шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай
егілген» дегендей, сөйлеуді де, тыңдауды да сүйген ел – ел
дағы.   Тыңдауға   өзің   жалықпасаң,   айтуға   Байкөкше
жалықпас!   –   деп,   жас   жолдасына   қарап   күліп   қойды.
Мұндағы үтір мен тырнақша – мағына айқындаушы белгілер,
қаратпа   сөз   Абайға   арнау,   назарын   аудару   мәнінде
қолданылып   тұрса,   тырнақша   төл   сөздің   мағынасын   ашып
тұр.   Сонымен   қатар,   бірыңғай   мүше   де,   бастауыш   пен
баяндауыш   арасындағы   сызықша   да   мағына   ерекшелеу
қызметін   атқарып   тұрғанын   байқау   қиын   емес.   Мұндағы
тыныс   белгілері   сөйлемнің   грамматикалық   құрылысымен
қоса, сөйлемдегі басқа пунктуациялық-мағыналық белгілерге
де байланысты қойылған. Олар: қаратпа, бірыңғай мүше, төл
сөз.   Міне,   осы   сияқты   белгілерге   сүйеніп   қою  мағыналық
ұстаным  деп   аталады.   Бұл   ұстаным   бойынша   қойылатын
белгілер: үтір, сызықша, қос нүкте, жақша. 
3.   Тыныс   белгілерін   қоюдағы   үшінші   ұстанымы   –
интонация,   дауыс   ырғағы.  Бұлардың   ешқайсысы   таза
күйінде кездеспейді, тек бір ғана белгіге сүйеніп тыныс белгі
қоя аламыз, дегенмен жетекші ұстаным деп грамматикалық
ұстанымды айтуға болады, себебі ол сөйлемдегі негізгі ойды
айқындауға көмектеседі. 
Сонымен,   тыныс   белгілерінің   кездесетін   жері   (орны)-
үшеу:   а)   сөйлем   соңы,   мұнда   қойылатын   тыныс   белгілер:
нүкте (. ), сұрау белгісі (?), леп белгісі (!), көп нүкте (... ); ә)
құрмалас құрамындағы жай сөйлемдердің арасы, мұнда үтір
(, ), нүктелі үтір (;), қос нүкте (:), сызықша (-) қойылады; б)
жай сөйлем ішінде кездесетін тыныс белгілері үтір (, ), қос
нүкте   (:),   сызықша   (-),   жақша   (),   тырнақша   («»).   Сөйлем
соңында бұлардың қабаттасып келетіні де болады. 
Тыныс   белгілерін   қоюдың   теориялық   негізі.
Пунктуация   тілдің   синтаксис   саласымен   тығыз   байланысты,
себебі синтаксис қарым-қатынастың басты құралы - сөйлемді
зерттейді.   Пунктуация  сөйлемнің  құрылысын  ғана ажыратып
қоймайды,   синтаксистік   мағынаны   да   білдіреді.   Сол   себепті
19

пунктуацияны   үйретуге   негіз   болатын   басты   тілдік   бірлік   –
сөйлем.   Сөйлем   –   пікір   білдірудің,   сол   пікірдің   шындыққа
жанасымдылығын білдірудің құралы. Оқушы сөйлемнің басты
үш   белгісін   тани   алуы   керек,   оны   білмеген   жағдайда
сөйлемнің   құрылымын   анықтай   алмайды,   сөйлемдегі   ойдың
қай   жерде   аяқталғанын   білмейді.   Сөйлемнің   басты
грамматикалық белгісі – алдымен, ақиқит туралы баяндау, бұл
–   сөйлемнің   бәріне   ортақ   белгі.   Сөйлемдегі   шындық   туралы
хабар,   сөйлемнің   түйіні   баяндауыш   мүшеден   көрінеді,
сондықтан   баяндауыш  предикат   мүше  болып   аталады.
Сөйлемдегі   шындықтың   иесі   –   бастауыш.   Сөйлемнің   негізін
құраушы осы екі мүше-бас мүшелер, предикаттық қатынасты
жасайтын мүшелер. Сөйлемнің құрылысы осыған байланысты,
бір предикаттық қатынастан тұратын сөйлем – жай сөйлем де,
предикаттық   қатынас   бірнешеу   болса,   сөйлем   құрмалас
болады.   Предикаттық   қатынас     сөйлемнің  грамматикалық
орталығы.  Жазуда   бұл   тыныс   белгілері   арқылы   көрінеді.   Ол
үшін талдауда сөйлемнің грамматикалық орталығын іздейміз.
Сөйлемнің негізі – бастауыш пен баяндауыш. 
 Мысалы:    Келесі күні  Абай  атқа   мінді 
                                        бастауыш    баяндауыш
Бұл   –   бір   грамматикалық   негізден   тұратын   сөйлем,
сондықтан хабарлаудың мақсатына сай, тыныс белгісі сөйлем
соңына қойылады. 
Абай өзінің қатаң ойларын сыртқа шығарған жоқ, қабақ
түйіп ішке жиды. 
Бұл сөйлем екі грамматикалық орталықтан тұрады:
біріншісі – Абай       шығарған жоқ;
екінші – (Абай)        ішке жиды. 
Мұндайда тыныс  белгісі  екі  жерге – жай сөйлемдердің
арасына және сөйлем соңына қойылады. Бір грамматикалық
орталықтан,   бір   предикаттық   қатынастан   тұратын   сөйлем
жай   сөйлем,  екі   не   одан   көп   грамматикалық   орталықтан
тұратын   сөйлем  құрмалас   сөйлем  деп   аталады.   Сөйлемнің
бұл   түрін   оқушы,   әрине,   біледі.   Бұл   жерде   оқушы   назарын
сөйлемнің   грамматикалық   негізін   табуға   көбірек   жетелеу
дұрыс,   ол,   бір   жағынан,   өткенді   қайталау   емес,   біршама
салмақты,   жаңа   мәселе   болып   көрінеді.   Көп   жағдайда
оқушылар   сөйлемде   баяндауышты   таба   алмай,   әсіресе
есімше   формасындағы   сөздің   бәрін   баяндауыш   деп
қателеседі   де,   сөйлемнің   грамматикалық   құрылымын   да,
мағынасын   да   бұзып   алады,   қандай   тыныс   белгісін   қоюды
20

білмей   шатасады.   Мысалы:  Тыста   бір   нәрсеге   қатты
ашуланып,   ақыра   сөйлеп,   аттан   түсіп   жатқан   Құнанбай  үні
естілді.   Бұл - жай сөйлем, тек күрделенген түрі. Жай сөйлем
болатын   себебі   –   шындық,   оқиға,   хабар   –   біреу   ғана,
грамматикалық   негіз,   орталық   –   қалғанының   бәрі   үйірлі
анықтауыш, өз ішінде бірыңғай, үтір сондықтан қойылып тұр.
Осы   сөйлемде   оқушы   түсіне   алмай,   бірден   «жатқан»
баяндауыш   деп   сызады   немесе   басқа   етістіктерді   де   солай
есептейді.   Ендеше   сөйлемдегі   басты   нәрсе   –   шындық,
ақпарат екенін оқушы бойына әбден сіңіру болмақ. Аталған
сөйлемдегі айтылып тұрған ой, шындық – «үні естілуі». Бұл
жерде   тыныс   белгіні   грамматикалық   ұстаным  бойынша
қойып отырмыз, мұны білу оқушы үшін артық емес. Сонымен,
предикативтілік  –   сөйлеудің   шындыққа   қатыстылығы,   ал
сөйлемнің     екінші   басты   белгісі   –   модальділік.   Қызметі
жағынан   предикативтілік   сөйлемнің   шындық   туралы
баяндалуы болса, баяндаудың мазмұнына деген айтушының
көзқарасы   модальділік   деп   аталады.   Бұл   көзқарас   шындық
мазмұнына байланысты әр түрлі болады. Ол морфологиялық,
лексикалық-синтаксистік   тәсілдер   арқылы   беріледі.   Атап
айтқанда,   рай   тұлғалары,   модаль   сөздер,   демеуліктер.
Баяндау   мақсатына   қарай   сөйлемдер:   хабарлы,   сұраулы,
бұйрықты   сөйлемдер,   эмоциялық   мағынасына   қарай   лепті
болып   бөлінеді.   Сөйлемнің   аталған   белгілеріне   ұласып
туындайтын үшінші белгісі – интонация. 
Тыныс белгілері – сөйлемдегі айтылған ойды, эмоцияны
жеткізудің   құралы.  Олардың   ең   көп   қолданылатын   жері  де
осы   –   сөйлем   соңы.   Оқушылардың   міндетті   деңгейін
көрсететін   көрсеткіш   те   –   сөйлем   соңына   қойылатын
белгілерді   білуі.   Ал   тыныс   белгілерінің   қабаттасып   келуі,
жақша,   тырнақша   сияқты   тыныс   белгілерінің   біразы
оқушының мүмкіндік деңгейіне негізделеді. 
Тыныс   белгілерін   қоюда   енді   бір   көбірек   сүйенетін
теориялық   мәселе   -   жай   сөйлем   құрамындағы   қосымша
мәлімет   беретін,   сөйлемнің   мағынасын   кеңейтетін,   біршама
күрделендіретін,   бірақ   құрылысын   өзгерте   алмайтын
бөліктер. Атап айтқанда, бірыңғай мүше және оңашаланған
айқындауыш,   қыстырма,   қаратпа   сөздер.   Бұлар   жазуда
тыныс белгілерімен ерекшеленеді. 
Сөйлемдегі   бастауыш   пен   баяндауыш   арасы,   оған
байланысты   қойылатын   сызықша,   ықшамдалған   сөйлемдер,
құрмаластардың   жалғаулықты,   жалғаулықсыз   байланысуы
сияқты   мәселелер   пунктуацияның   лингвистикалық   негізіне
жатады.   Сондықтан   оқушыларға   тыныс   белгілерді   қоюға
21

үйрету   үшін   жоғарыда   аталған   үш   ұстанымдар   игертіледі.
Сонымен   қатар   сөйлемде   және   мәтінде   мағыналық   бөлікті
көрсетіп, танытып тұратын белгілер де болады. 
Мысалы: 
Ұлыс бегі осыны айтқанда, Ұлы жүз жігіттері жамырай үн
қатып, шуылдасып кетті:
-
Құдай сақтасын! О не дегеніңіз, Тәке?!
-
Ойбай-ау,   өмір   бойы   аңсап   күткеніміз   осы   аттаныс
емес пе еді?!
                 - Төбеге келіп ту тігіп, Дарабоздың өзі дабыл қағып
отырса, бұдан   
артық     Құдайдан     тілегеніміз   не?   –десіп   жатыр  (Қ.
Жұмаділов). 
           Мағыналық бөлікті танытатын белгілер немесе тыныс
белгілерін қоюды қажет ететін белгілер:
а) морфологиялық (демеушілік шылаулар, одағай, сұрау
есімдіктері, рай тұлғалары);
          ә) синтаксистік (предикаттық қатынас саны, бірыңғай
мүше, қыстырма, айқындауыш, қаратпа);
                 б) дауыс ырғағы  (баяндау, қуаныш, реніш, шақыру,
бұйыру, тілек, өтініш т.б. )
Берілген сөйлемдерде осы белгінің
үшеуі   де   бар:
ойбай-ау, не демеулік шылауы, не сұрау есімдігі. Осылардың
қатысуы   арқылы   сөйлемнің   мақсаты,   эмоциялық   белгісі
көрінеді. Сондықтан сөйлемдер сұраулы, лепті болып, сұрау,
леп белгісі қойылып тұр. Бұйрық рай бұл жерде бұйыру мәнін
бермейді,   сондықтан   сөйлем   шошыну,   ақталу   мәнді   дауыс
ырғағымен   айтылып,   леп   белгісі   қойылған.   Синтаксистік
белгілер:   диалог,   автор   сөзі,   жай,   құрмалас   сөйлемдер.
Ендеше тыныс белгілері қойылуға тиісті орын, оны нақтылап,
көрсетіп   тұратын   белгілер   болады.   Сонымен,   тыныс
белгілерін   оқытудағы,   үйретудегі   басты   нәрсе   –
оқушылардың  пунктуациялық   дағдысын   қалыптастыру.
Оқушының өзі оқыған грамматикалық материалдарға сәйкес,
пунктуациялық ережелерге сүйеніп жазуда тыныс белгілерін
еркін қоя білуі  пунктуациялық дағды деп аталады. Мектепте
оқушының бойында мынадай дағдылар қалыптасуы тиіс:
          а)  сөйлемді құрылысына қарай ажыратып, тиісті тыныс
белгісін қоя білу;
ә)   сөйлемді   айтылу   мақсатына   қарай   ажыратып,   тиісті
тыныс белгісін қоя білу;
б)   сөйлем   құрамындағы   ерекшелеуші   мағыналық
бөліктерді   (қаратпа,   бірыңғай,   қыстырма,   одағай)   тауып,
тиісті тыныс белгісін қоя білу;
22

в)   тыныс   белгісінен   кеткен   қателерді   анықтап,   түзете
білу. 
Оқушының   пунктуациялық   дағдысының   қалыптасуы
оның   ойлау-сөйлеу   дағдыларымен   тікелей   байланысты,
сондықтан   пунктуациялық   дағдыны   қалыптастыруда
бірыңғай   грамматикалық   талдау   жұмыстары   ғана   емес,
оқушының   байланыстырып   сөйлеу   әрекетін   жетілдіру,
шығармашылық,   тіл   ұстарту   жұмыстарын   бірлікте,   бірімен-
бірін байланыста жүргізіледі. 
Тұжырымдағанда,   оқушыларды     оқытуда   пунктуация
мынадай   жүйеге   құрылады:   пунктуация   туралы   түсінік,
пунктуация   ұстанымдары,   пунктуацияның   қойылу
ерекшеліктері. 
1.  Пунктуация   туралы   түсінік.   «Пунктуация»   термині
мына түсініктерді қамтиды: Графика мен орфография арқылы
жазба   тілінің   негізгі   тәсілдерін   құрайтын   алфавиттен   тыс
графикалық белгілер жүйесін (тыныс белгілер); бұл жүйенің
негізгі жұмысы – жазба, оның ішінде баспа мәтінін бөлшектеу
және графикалық ұйымдастыруды; белгілі бір тілдің тарихи
қалыптасқан   жазба   мәтінін   пунктуациялық   ретке   келтіру
нормаларының   ережелерін;   пунктуация   жүйесінің
заңдылықтары   мен   тыныс   белгілерінің   қолданылу
нормаларын зерттейтін тіл білімінің бөлімін. 
Қазіргі   қазақ   пунктуациясының   жүйесі   кең   тарапты
келеді:   міндетті   түрде   қолданылатын   ережелермен   қатар
қатаң нормалардан тыс мағына жағынан ғана емес, сонымен
бірге стилистикалық ерекшеліктері бар нұсқалары бар. 
Грамматиканың   теориялық   мәселелерінің   жетістіктері,
әсіресе синтаксис теориясы негізінде құрылады. 
2.   Пунктуация   ұстанымдары:  Мәндік-жазба   мәтінді
түсінудегі   пунктуацияның   рөлі;   грамматикалық-жазба
мәтіннің
 
синтаксистік
 
құрылымын
 
анықтаудағы
пунктуацияның рөлі; интонациялық-тілдің ритмикалық және
әуендік көрсеткіші ретінде пунктуацияның рөлі; бұл ұстаным
көбіне қосымша ретінде қарастырылады. 
Көрсетілген   бағыттармен   қатар   пунктуацияның
қатысымдық   ролі   анықталады   және     жазба   мәтінде   тыныс
белгілерін   пайдалану   арқылы   сөздің   не   сөз   топтарының
қатысымдық   мағыналарын   табу   арқылы   көрсету   мүмкіндігі
болады. 
Бүгінгі лингвистикада пунктуацияны қызметтік мақсатта
зерттеу   белсенді   дамуда:   тыныс   белгілерінің   қолданылу
заңдылықтарын   зерттеу   арқылы   ол   оның   мәтіндегі   нақты
қызметіне сүйенеді. 
23

Пунктуация   ұстанымдары   тілді   оқыту   тәжірибесімен
байланысты. 
3.  Пунктуацияның   қойылу   ерекшеліктері:     Пунктуация
өзінің   ерекше   қызметімен   орфографияның   да   қойған
мақсаттарын   іске   асырады:   жазба   тілі   арқылы   адамдардың
қарым-қатынасын толық қамтамасыз етеді; жазуда айтылған
ойды дұрыс жеткізуді, яғни пунктуациялық сауаттылықты   -
игерту. 
Мектепте     пунктуация   бойынша   жүргізілетін   жұмыстың
үш   бағыты   бойынша   жүргізілмек:   1.   Пунктуация   әдістемесі
жайында түсінік; 2. Пунктуациялық сауаттылық деңгейлерін
игеру; 3. Пунктуацияға үйрету мақсаттарын білу.
1.   Пунктуация   әдістемесі.   Оқушыларда     пунктуациялық
икемділіктер   мен   дағдылардың   қалыптасу   жолын
баяндайтын   тілді   оқытудың   әдістемесінің   бөлімі.   Бұл
пунктуация әдістемесін дамытуға үлес қосқандар: Ұйықбаев
И.,   Ә.Хасенов,   М.Балақаев,   Мұсабекова   Ф.,   А.Ысқақов,   т.б.
және   орыс   ғалымдары   Ф.   И.   Буслаев,   Я.   К.   Грот,   А.   М.
Пешковский, Л. В. Щерба, А. Б. Шапиро, С. И. Абакумов, Г. И.
Блинов, Л. Т. Григоряк т.б. Қ. Арғынов, Р. Сыздықова:
2.  Пунктуациялық   сауаттылық   деңгейлері.   Абсолютті
пунктуациялық     сауаттылық   –   барлық   пунктуациялық
нормаларды   мүлтіксіз   меңгеру;   авторлық   мақсатта   тыныс
белгілерін дұрыс қолдана білу;
Салыстырмалы
 
пунктуациялық
 
сауаттылық
 

пунктуациялық ережелердің көбін қолдана білу. 
Орфография мен пунктуациядағы абсолютті сауаттылық –
аз  адамдарда, яғни тәжірибелі корректорлар  мен  білімді тіл
мұғалімдерінде қалыптасқан. Сондықтан Л. В. Щерба басқа
жазу     жазатын,   өздерін   сауаттымын     деп     есептейтін
адамдардың   сауаттылығы   тек   салыстырмалы     түрде   ғана
болатындығын айтады [14]. 
3.   Пунктуацияға   үйретудің   негізгі   мақсаты   –
оқушылардың     пунктуациялық   сауаттылығын   қажетті
деңгейге жеткізу:
-   танымдық   мақсат   –   пунктуация   бойынша     білім   алу;
Онда:
-   тәжірибелік   мақсат   –   пунктуациялық   икемділіктерді
қалыптастыру. 
Ал   пунктуациялық   икемділік   мына   сияқты   танымдардан
тұрады:
1) Пунктуация мен тыныс  белгілерінің қызметін ашу;
24

2)   Пунктуацияның   негізгі   единицасымен   таныстыру   –
яғни,   пунктуациялық-   мағыналы   бөлік   пен     мағыналы
бөліктердің  түрлерімен;
3)   Тыныс     белгілерінің     қызметімен   таныстыру   –   тыныс
белгі   қойылатын   мағыналы     бөліктерін   ажырататын
ерекшеліктерімен  таныстыру;
4)   Бағдарламаға   енген   пунктуациялық   ережелерді
меңгерту. 
5) Оқушылардың пунктуациялық қырағылығын дамыту;
6)   Оқушыларға   өтілген   пунктуациялық   ережелерге   сай
тыныс  белгілерін қоюды үйрету;
             7) Тыныс белгілерін таңдап, дәлелдеу икемділіктерін
дамыту;
8)   Пунктуациялық     қателерді   тауып,   оны     жөндеуді
үйрету. 
Тұжырымдағанда,   мектепте   пунктуация   бойынша
жүргізілетін
 
жұмыстар
 
мынадай
 
бағытта
ұғымдастырылады:  1.   Негізгі   пунктуациялық     түсініктер
мен   ережелер   2.   Пунктуациялық   икемділіктер;   3.   Мектеп
пунктуация курсының құрылымы. 
1.   Негізгі   пунктуациялық   түсінік   пен   ережелер.
Пунктуацияның негізгі бірлігі – пунктуациялық-мәндік бөлік,
яғни,   тыныс   белгілері   арқылы   берілетін   мәндік   бөлік.   Бұл
туралы   М.Т.Баранов   былай-дейді:   пунктуациялық-мәндік
бөліктер   құрлымына   қарай   мынадай   болады:  сөздік;
сөзтізбелік; сөйлемдік [15]. 
Пунктуациялық   ереже  –   белгінің   орнын   таңдау   және
қажетті белгіні таңдау тәртібі  берілген  ерекше нұсқау. 
Ал   пунктуациялық  ережелер   мына   мәселелерді   негізге
алады:
1)   Пунктуациялық   норма-     жазуда     сөйлем   ішінде,
мәтінде арнайы  ережемен заңдастырылған тыныс белгісінің,
не тыныс  белгілерінің  қолданылуы, не қолданылмауы. 
2) Тыныс белгілер -   жазба тілінде мағыналы бөліктерді
көрсету үшін қолданылатын ерекше графикалық құралдар. 
3)   Тыныс   белгілері   түрлі   бөліну   нысандарына   (сөйлем-
мәтін)   және   тыныс   белгілерінің   қолданылу   орнына   қарай
жүйеленеді. 
4)   Түрлі   ұстанымдарда   пунктуациялық-мағыналы   бөлік
пунктуациялық   ережелерге   сай   түрлі   тыныс   белгілерімен
белгіленеді   және   пунктуациялық   норманың     нұсқалары
(варианты) ретінде көрінеді. 
25

5) Тыныс белгіге орын таңдау және қажетті белгіні табу
пунктуациялық   ереже   қызметіне,   яғни   мағыналы   бөліктің
келесі ерекшеліктеріне  байланысты:
а.   Грамматикалық:  грамматикалық   негіздер;  сөйлемді
күрделендіретін   синтаксистік   элементтер; 
бөгде   сөз;
жалғаулықтар мен сөйлем  мүшелерінің түсірілуі. 
ә.   Семантикалық  -   мағыналық   бөліктердің   түрлі
маңыздағы  сипаты. 
б. Интонациялық - ритмоәуендік;
Сондай-ақ   сөйлемде   және   мәтінде   мәнді   бөлікті
ажырату   белгілері   бар:  Морфологиялық   -  есімше,   көсемше,
одағай,   шылау,   демеуліктердің   болуы;  Синтаксистік  
бірнеше   грамматикалық   негіздері   және   жай   сөйлемді
күрделендіретін элементтердің болуы;
2.   Пунктуациялық   икемділіктер.   Оқушылардың   өтілген
пунктуациялық   түсініктер   мен   ережелер   негізінде
жүргізілетін   іс-әрекетте   дайындық   жасау   барысында
мектепте келесі пунктуациялық икемділіктер қалыптасады:
1.   Қатысымдық   бірліктердің  
  тыныс   белгімен
ажыратылатын мәндік бөліктерін табу; 
2.   Өтілген   пунктуациялық   ережелерге   сай   тыныс
белгілерін қою;
3.   Тыныс   белгінің   орнын   және   қажетті   тыныс   белгіні
дәлелдеу;
4. Пунктуациялық қателерді табу және оны жөндеу. 
Ал   бұл   икемділік   пен   дағды   мектептегі   пунктуация
курсының  жүйесі бойынша игереді:
Пунктуацияны оқытудың  алғашқы сатысы –
1-4 сыныптарда:
- оқушылар сөйлеммен танысады;
- одан кейін  логикалық екпінді, хабарлы, сұраулы, лепті
сөйлемдерді   ғана   емес,   сонымен     бірге   төл   сөздің
интонациясын игереді;
- нүкте, сұрау белгісі мен үтірді қолдану ережелерімен
танысады;
-     бастапқы   оқудың   қортынды   кезеңінде   оқушылардың
синтаксис   пен   пунктуациядан   білімдері   бір   жүйеге   түседі.
Сондай-ақ   бастауыш   сыныптарда   пунктуацияны   оқытуда
мәнерлеп оқуға, интонация мен пунктуацияның бір-біріне сай
жақтарына көңіл бөлініп мынадай икемділіктерді игереді. 
-   тыныс   белгілерді   ажырату,   бөлу   ерекшеліктерін
игерту;
- бірыңғай   мүшелер арасындағы үтір, шылаусыз және
«ақ», «ау, еу», «және» шылауларының жазылуын білу;
26

- жалпылауыш сөзден кейінгі қос нүктені қоя білу;
- қаратпа сөзде қойылатын тыныс белгілерді игеру;
-   құрмалас   сөйлемдердің   жай   сөйлемдері   арасында
«бірақ,  себебі, неге десеңіз, сол себепті, не,  егер, қайсысы,
дегенмен, алайда» алдында қойылатын үтірді қоя білу;
-   төл   сөзде   қойылатын   тыныс   белігері   мен   диалогтың
алдында қойылатын сызықшаны жаза білу. 
5-6 сыныптарда:
- есімшеде қойылатын  үтір;
- көсемшеде қойылатын үтір;
- жеке көсемшенің екі жағына қойылатын үтір;
- одағайдға қойылатын дефис, үтір, леп белгісі. 
7-сыныпта:
- бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша;
- айқындауыш сөздердегі тыныс белгілері:
- бірыңғай мүшелер  арасындағы  ажырату белгілері;
-   сөйлемдегі     жалпылауыш   сөздердегі   қос   нүкте   мен
сызықша;
- қаратпа сөздегі ажырату тыныс белгілері;
-   қыстырма     сөз   және   қыстырма   сөйлемдерде,
одағайлардағы ажырату тыныс белгілері, жеке және қатар
келетін тыныс белгілері;
-   сөйлемнің     оңашаланып   бірыңғай   және   нақтылаушы
мүшелерін ажырату тыныс белгілері;
- төл сөзі бар сөйлемдерді бөлу және ажырату   тыныс
белгілері;
- біреудің сөзін беруде қолданылатын тыныс белгілер. 
8- сыныпта:
-   құрмалас   сөйлем   бөліктерінің   арасындағы   ажырату
тыныс белгілері;
- тыныс белгілерді авторлық қолдану;
-   басыңқы   және   бағыныңқы   сөйлемдер   арасындағы
тыныс белгілер;
-бірнеше   бағыныңқысы   бар   сабақтас   құрмалас
сөйлемдегі тыныс  белгілер;
-   шылаулы   және   шылаусыз   байланысқан     құрмалас
сөйлемдердегі  ажырату  тыныс белгілері; тыныс белгілерінің
байланысы. 
9-сыныпта   пунктуация   туралы   білімі   жүйеленеді,
шығармашылық   жұмыс,   мәтін   құрау,   мазмұнда,   шығарма
жазу   бойынша   сауатты   жазудың   тәжірибелік,   сөйлесім
әрекеті бойынша игереді. 
Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет