Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


 2. Қазақ тыныс белгілерін оқытудың  зерттелуі және



жүктеу 0.8 Mb.
Pdf просмотр
бет3/16
Дата21.01.2017
өлшемі0.8 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

1. 2. Қазақ тыныс белгілерін оқытудың  зерттелуі және 
27

оны оқытудың жүйесі
Қазақ   балаларын   сауатты   жазу   мен   тіл   мәдениетіне
дағдыландыру   мәселесі   ертеден-ақ   қолға   алынған.
Сондықтан бұл мәселенің өзіндік даму тарихы бар. Әсіресе,
бұл   мәселе   орфографиямен,   соның   ішінде   тыныс
белгілерімен тығыз байланысты қарастырылады. 
Түркі тілдерінің бұрынғы ескерткіштерінде тыныс белгі
таңбасының алғашқы элементтері кездеседі. Ол кездегі бар
белгілер   көбінесе   тыныс   белгісі   қызметінен   гөрі   бір   сөзді
екінші сөзден айыру қызметін атқарған. 
  Қазақ   тілінде   шыққан   баспасөзіміздің   бірі   «Дала
уалаяты»   газетінің   (1888-1902)   тұңғыш   шыға   бастаған
жылдарындағы   нөмірлерінде   де   тыныс   белгілерінің
ешқайсысы   қойылмайды.   Кейде   ұзақ   күрделі   ой   немесе   бір
күрделі   пікір   біткенін   білдіру   үшін,   екінші   ой   жаңа   жолдан
басталып   жазылды.   Бірақ   ол   азат   жолдар   сөйлемдерді   бір-
бірінен   ажыратуға   себін   аз   тигізді.   Тыныс   белгілері
қолданылмағандықтан және бас әріп болмағандықтан кейбір
жазылған жолдарды ұғыну, түсіну өте қиындық келтірді. 
Бертін   келе,   1894   жылдан   бастап,   газет   кейбір
сөйлемдердің жігін ажыратуға әрекідік сызықша (-), әр түрлі
жұлдызшалар   (*)   сияқты   шартты   таңбаларды   қолданады.
Мұндай   жұлдызшалар   сөйлемнің   біткенін,   дауыс   үзілісін
білдіретін   тыныстық   белгілер   болғанға   ұқсайды.   Мысалы:
«Байан   ауылдың   қазақ   орыслары   қазақлардың   үстүнан   коб
арыз бирады бізлерді казаклар қағып соғып күн көрсатбайды
диб - бұлармин сөйласіб китсақ қазақлар залым қазақтар ат
ұрдағыштар диб айта бастайды * бұған қарағанда қазақ мин
орыслар   бірүн   күндиб   жау   боб   жатыр   диб   ойлауға   болады
оларда   рас   айтсақ   мұндай   нәрсе   болмаса   керек   *   біз
қазақлар қазақ орысларды күндиб жик көрмайміз жаңғызақ
біздир   өтірук   жаладан   ақтануға   үмит   итіб     ойлаймыз   ақ   іс
барча   іслардан   жоғары   болса   керек   ғой   диб   *   арамызда
жаман айыбсыз адам жоқ  диб таңбаймыз». 
«Қазіргі   қазақ   тілі»   оқулығында   «Біздің   жыл
санауымыздың   V-VII   ғасырлары   шамасында   жазылып
сақталған   орхон-енисей   жазулары   деп   аталатын
ескерткіштердің   кейбіреулерінде  әр  сөзден   кейін   қос нүкте
тәрізді   белгі   қойылса,   кейбіреулерін   кейін   төрт   нүктеден
құралған   ромбик   тәрізді     белгі   қойылып   отырған.   Ал   араб
әрпімен   жазылып   сақталған   ертеректегі   қиссаларда,
дастандарда,   өлең   жолдары   арасына   қойылған   тіліміздегі
қазіргі графикалық белгілердің бірде-біріне ұқсамайтын түрлі
28

белгілер   кездеседі.   Бұл   жағдайлар   тыныс   белгілерінің
бастапқы   функциясы   сөйлеуді   тек   әр   түрлі   мәнді
бөлшектерге бөлу ғана болғандығын, бөлуші белгілердің түр-
тұрпаты   жағынан   қазіргі   белгілерден   өзгеше   болғандығын
байқатады», -деп жазған. 
Біз қолданып жүрген қазіргі тыныс белгілері әр уақытта
барлық   тілдерде   осы   сияқты   таңбаланбаған.   Тіпті   біздің
заманымыздан   бұрынғы   Х   ғасырда   грек   пен   латын
қолжазбаларында   тыныс   белгісі   ретінде   қолданылған
таңбалар мыналар болған көрінеді: крест (+), шоғырланған
көп нукте т.б. 
Профессор С. Е. Маловтың айтуынша, түркілердің Енисей
жазуында   қос   нүкте   -     нүкте   және   тыныс   белгісі   есебінде
жұмсалған. 
Арғы   кездерді   былай   қойғанның   өзінде   беріректе
жазылған түркі тілдеріндегі арабша басылып шыққан кейбір
кітаптардың   өзінен   тыс   белгіні   кездестіре   алмаймыз.
Мәселен: 1915 жылы өзбек тілінде шыққан «Adab-us-Salixin»,
«Fatima Zuhra», 1884 жылы шағатайша басылған «Mir call eir
Nanal», 1911 жылы шыққан «Bahram  dulandam », 1916 жылы
шыққан, «Sufl Allaiar-Subatul Fadiem» кітаптардан, сондай-ақ
Н. Н. Пантусовтың 1880 жылы ұйғыр тілінде шыққан «Kitab
Furat bar   malik ein»   атты кітабынан т.б. еңбектерден бірде-
бір   тыныс   белгісі   табылмайды.   М.   Терентьевтің   айтуынша,
тыныс белгілері ХІХ ғасыр кезінде парсы тілінде де болмаған.
Қазақтың араб әліппесіне негізделген жазу кезіндегі кейбір
кітаптарда да ешбір тыныс белгісі қойылмай жазылады. ХІХ
ғасырда   шыққан   түркі   тілдері   грамматикасында   тыныс
белгілерінің   элементтері   пайда   бола   бастағанын   аңғаруға
болады.   Мәселен,   профессор   А.   Казембектің   1839   жылы
шыққан   «Түрік-татар   тілі   грамматикасының»   32-бетінде   бір
жұлдызша,   34   және   46-беттерінде   екі   жерде   сызықша
қойылған.   Ал,   1869   жылы   шыққан   «Алтай   тілі
грамматикасында»   тыныс   белгілерінің   бірсыпырасы
кездеседі және олар бірсыдырғы  орынды қойылған [17]. 
Академик В. В. Радловтың 1870 жылы шыққан «Образцы
народной   литературы   тюркскую   наречий»   деген   еңбегінде
тыныс   белгілерінің   бірсыпыра   түрі   кездеседі.   Бірақ   олар
жүйелі   түрде   қалыптаспаған.   Бұл   еңбекте   тыныс   белгілері
төмендегіше   берілген   (сөйлемдер   мен   олардың   тыныс
белгілері кітаптың түпнұсқасынан өзгертілмей алынып отыр)
Бала   айтады   «Мен   қайдан   тудым?»   дейді.   Шешесі   әкесін
айтпайды,   «сол   балама   айтсам   әкесін   іздеп   кетер»   деп
айтпайды. Кемпір айтады «Е, балам, сен өзің жақсы баласың.
29

Мұнда   сен   неғып   жүрсің   ағаңды   іздемей»   (253-бет)   Жігіт
айтты: «Елім де жоқ, әкем де жоқ, бауырымда жоқ, қайдан
келіп,   қайдан   тұрғанымды   білмеймін»   дейді.   Қыз   айтты:
«Енді   біз   осы   шәріге   бір   тұрайық»   деді.   «Патшаға
мәлімдейін» деді-«жарайды» деді. (297-бет). 
В. В. Радлов мәтіндерінде тыныс белгілері ішінен жақша
мен   көп   нүкте   ғана   кездеспейді.   Лютштің   1883   жылы
басылып   шыққан   «Киргизская   хрестоматиясында»   тыныс
белгілері былайша қойылған: Сонда інісі ағасына «Мен мұны
түсімде   көрдім,   соның   үшін   білемін   деп,   жауап   беріпті   (40-
бет).   Орынбай:   Екі   шешен   қосылса   желер,   көп   жаңғалақ
шешеннің сөзін бөлер» [18]. 
П.   М.   Мелиоранскийдің   1897   жылы   шыққан   «Краткая
грамматика   казак-киргизского   языка»   деген   кітабында   (ІІ
бөлім)   мысалдарға     қойылған   тыныс   белгілері   мынандай
түрде болып келеді: Қысқа бақай, тар мықын, кебеже қарын,
кең құрсақ... тарланым (3-бет); Битке өкпелеп тоныңды отқа
салма(12-бет);   Жігіт айтты: Атын байлайтұғын болсын (30-
бет) [19]. 
В.   Катаринский   1897   жылы   шыққан   «Грамматика
киргизкого   языка»   деген   еңбегінде   мынадай   сөйлемдер
келтіреді: «Орысша сөйлей білсем, бәрінде айтар едім (165-
бет). Бір жол бар-жақын, жақын болса да айтар едім. Әуелі
ойла   сонан   соң   істерсің   (187-бет)».  Бұл   мысалдардан   П.   М.
Мелиоранский   мен   В.   Катаринскийдің   қазақ   тілі
грамматикаларында   да   тыныс   белгілерінің   бірсыпыра
түрлерінің кездесетіндігін көреміз [20]. 
1915   жылы   шыққан   «Жазу   қағидалары»   деген
кітапшада тыныс белгілерінің қолданылуы туралы ережелер
берілген.   Оңда   тыныс   белгілерінің   жеті   түрі   ғана   аталып,
олардың   әрқайсысына   берілген   ережелерге   мысалдар
келтірілген. Леп белгісі «дауыс ишараты» деп, сызықша мен
жақша   және   көп   нүкте   «ишарат»   деп,   тырнақша   «екі
ишарат» деп аталады. 
Бұл   келтірілген   мысалдардан   ХІХ   ғасырда   және   ХХ
ғасырдың   басында   түркі   тілдерінде,   соның   ішінде   қазақ
тілінде баспадан шыққан кітаптарда тыныс белгілері дұрыс,
жүйелі  түрде   қолданылмаса   да,   таңбалардың   элементі   мен
оларды   пайдаланудың   алғашқы   тәжірибесі   көріне
бастағанын аңғартады. 
Қазақ тілі білімінде пунктуация мәселелерінің зерттелу
тарихын   баяндағанда,   тыныс   белгілері   жөнінде   жазылған
азды-көпті еңбектерді негізгі үш салаға бөліп қарауға тура
келеді:   тыныс   белгілері   туралы   жазылған   жеке   мақалалар;
30

тыныс   белгілерінің   мектеп   оқушыларына   арналған
оқулықтарда   баяндалуы;   тыныс   белгілеріне   арналған   жеке
кітапшалар.   Бұлардың   әрқайсысына   қысқаша   түрде   жеке   –
жеке тоқталайық. 
Хронологиялық   жағынан   алғанда,   қазақ   тілінің   тыныс
белгілері   жөніндегі   алғашқы   еңбектердің   бірі   –   Ш.
Сарыбаевтың сөйлемде  үтірдің жазылатын орындары туралы
шағын   мақаласы.   Автор   бұл   мақаласында   оқушылар   тыныс
белгілерін   дұрыс   қоя   білмейді,   оның   себебі   қазақ   тіліндегі
интонациялық   қалыптың   бір   ізбен   өріс   алып   кете
алмағандығынан деп көрсетеді. Автордың тыныс белгілерін
қоя   білуде   интонацияның   рөлін   бағалауы,   әрине   дұрыс.
Дегенмен,   автор   мұнда   тыныс   белгілерін   тек     интонацияға
ғана   байланыстырып   қарап,   мәселені   бір   жақты   шешеді,
интонация   пунктуациялық   негіздердің   бір   түрі   ғана   екені
ескерілмейді,   Ш.   Сарыбаевтың   екінші   мақаласы   сөйлемнің
тұрлаулы   мүшелері   арасына   қойылуға   тиісті   сызықшаға
арналған.   Автор   бұл   мақаласында   сөйлемнің   бастауышын
сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінен ажырата білу керектігіне,
яғни   бастауыш   мүшенің   басқа   бір   мүше,   мәселен,   не
анықтауыш,   не   басқа   бір   тұрлаусыз   мүше   ретінде   танылу
қаупі   болса,   ондай   бастауыштан   соң   сызықша   қойып   жазу
қажеттігіне көңіл бөлген. Сондай-ақ Ш. Сарыбаевтың «Тыныс
таңбалары» деген мақаласында қаратпа сөздердің сөйлемнің
басқа   мүшелерінен   үтір   арқылы   ажыратылатыны   жөнінде
дұрыс ереже беріледі [21]. 
Тыныс   белгілері   жөнінде   С.   Жиенбаевтың   да   шағын
көлемді екі мақаласы бар. Оның екеуі де «Тыныс белгілері»
деп   аталады.   Автор   бірінші   мақаласында   жалпы   тыныс
белгілерінің   маңызына   тоқтала   келіп,   үтірдің   қойылатын
орындары   туралы   ережелер   береді.   Автордың   өз   сөзімен
айтқанда,   олар   мыналар:   «араларында   демеулік   жоқ   бір
тектес   мүшелердің   үтірмен   ажыратылатындығы;   тектес
мүшелер арасында «я», «немесе» сияқты демеуліктер тұрса
да, үтір қою керектігі, ал тектес мүшелер арасында «мен»,
«және»,   «тағы   да»   т.б.   осы   тәріздес   жалғаулықтар   мен
демеуліктердің   бірі   қолданылса,   олардан   соң   үтірдің
қойылмайтындығы;   салалас   құрмалас   сөйлемдер   құрамына
енген   жай   сөйлемдерді   бір-бірінен   үтір   арқылы   ажырату
керектігі;   қаратпа,     қыстырма   сөздер   мен   оңашаланған
мүшелерді   сөйлемнің   басқа   мүшелерінен   үтір   арқылы   бөлу
қажеттігі» т.б. С. Жиенбаев «Тыныс белгілері» деп аталатын
екінші   мақаласында   бастауыш   пен   баяндауыштың   арасына
қойылатын   сызықша,   төл   сөз   бен   бөгде   сөз,   бірыңғай
31

мүшелерден  соң  немесе  бұрын   қолданылатын  жалпылауыш
сөздің   тыныс   белгілерінің   кейбір   мәселелеріне   байланысты
біраз ережелері қазіргі кезде жаңаша қолданылады [22]. 
Х.   Басымов   «Сөйлемнің   тыныс   белгілерін   дұрыс   жаза
білейік»   деген   мақаласында   көп   нүкте,   нүкте,   сұрау,   леп
белгілерінің   қойылатын   орындары   жөнінде   біраз   түсініктер
береді [23]. 
М.   Балақаевтың   «Сауатты   жазудың   негізгі   шарты   -
тыныс   белгілерін   дұрыс   пайдалану»   деген   мақаласында
тыныс   белгілерін   дұрыс   қоюдың   негізі     -   грамматикалық
құрылыс және дауыс ырғағы делінеді [24]. 
Қазақ   тілі   пунктуациясы   жөнінде   авторлардың   бірі   -Ә.
Хасенов.   Еңбекте   сөйлемнің   оңашаланған   мүшелері,
қыстырма сөздер мен сөйлемдер және бұл   категорияларды
бір-бірінен   ажырата   білу,   оларға   қолданылатын   тыныс
белгілері жөнінде пікірлер айтылады [25]. 
1942   жылдан   бастап   қазақ   тілі   грамматикасында
«қосымша»   деген   атпен   тыныс   белгілері   туралы   ережелер
беріледі. Мысалы: 1942 жылғы грамматикада: «Бір себеппен
айтылып   келе   жатқан   ой   бітпей   қалған,   ой   үзілген   жерге
дәйек сөздің толық алынбағандығын көрсету үшін көп нүкте
қойылады; «жоқ», «иә» деген сөздерден соң үтір қойылады:
бірыңғай   мүшелер   тізбектерінің   арасы   нүктелі   үтірмен
айырылады; қос нүкте жалпылауыш сөзден кейін қойылады;
мекен,   уақыт,   сан   шендестігін   білдіретін   екі   сөз   арасында
сызықша   қойылады»,   -   деген   сияқты   жаңа   ережелер
қосылған   [26].   Мұндағы   мекен,   уақыт,   сан   шендестігін
білдіретін екі сөз арасына қойылатын  - сызықша емес, дефис.
Қазақ тілі грамматикасының 1943, 1946, 1948, 1949, 1950-ші
жылдардағы   басылымдарында     тыныс   белгілеріне   жаңа
ережелер қосылмаған. 
1951   жылы   қазақ   тілі   грамматикасындағы   тыныс
белгілеріне   (авторлары:   С.   Аманжолов,   А.   Әбілқаев,   И.
Ұйықбаев)   біраз   жаңа   ережелер   қосты.   Мысалы:   «Кейбір
басқа   әріптен   қысқарған   сөздердің   әрбірінен   соң   нүкте
қойылады;   пьесаларда   әрбір   кейіпкердің   сөзінің   алдынан
оның   аты-жөні   жазылады   да,   соңынан   нүкте   қойылады».
«Сабақтас сөйлемнің алдына шығып кетсе, яғни бағыныңқы
сөйлем басыңқы ішіне қыстырыла айтылса, оның екі жағынан
үтір   қойылады»,   -   делінген   [27].   Сызықшаға   мынадай   бес
түрлі жаңа ереже кірген: Баяндауышы жіктік жалғаусыз зат
есім,   я   зат   есім   орнындағы   сөз   болса,   бастауыштан   кейін
сызықша   қойылады.   Бастауыш   та,   баяндауыш   та   сан   есім
болса,   бастауыштан   кейін   сызықша   қойылады.   Бастауыш
32

сілтеу   есімдігінен   және   жіктеу   есімдігінің   үшінші   жағынан
болғанда,   бастауышты   сөйлемнің   анықтауыш   мүшесімен
шатастырарлықтай   жағдайларда,   сызықша   бастауыштан
кейін   қойылады.   Бастауыш   та   баяндауыш   та   сын   есімнен
болса,   бастауыштан   кейін   сызықша   қойылады.   Бастауыш
тұйық   рай   түрінде   айтылып,   баяндауыш   есімдердің   бірімен
айтылса,   олардың   арасына   сызықша   қойылады.   «Завод,
фабрика,   колхоз,   совхоз,   кітап,   газет,   журналдардың   т.б.
аттары сөйлем ішінде тырнақшаға алынады», - деген ереже
де жаңадан қосылған. Бірақ жоғарыдағы «жіктеу есімдігінің
үшінші   жағынан   болған   бастауыштан   кейін   сызықша
қойылады», - деген ереже қазір тәжірибеде қолданылмайды
[27]. 
С.   Аманжолов,   А.   Әбілқаев,   И.   Ұйықбаевтардың     1967
жылы   шыққан   синтаксисінде   (VI-VII   сынып)   тыныс
белгілерінің   «қосымша»   деген   атпен   беріліп   жүрген
ережелері   алынып   тасталған.   Оның   алынып   тасталуы   орта
мектептің   сегізінші   сыныбында   тыныс   белгілеріне   арналып
шыққан   оқулықтың   (авторы   Ә.   Хасенов)   жарық   көруіне
байланысты   болды.   Содан   VI-VII   сынып   синтаксисі     1969
жылғы   басылуында   «қосымша»деген   атпен   тыныс
белгілерінің арнаулы ережелерін қайта енгізілді. 
Қазақ   пунктуациясына   байланысты   шыққан   күрделі
еңбектің   бірі     -   1960   жылы   баспа   қызметкерлері     мен
мұғалімдер үшін басылып шыққан еңбек. Бұл еңбекте тыныс
белгілерінің   тәжірибелік   мәселелеріне   ерекше   көңіл   бөле
отырып,   автор   нақты   мысалдарды   мол   келтірген.   Автор
пунктуацияны   теориялық   жағынан   да   зерттеу   керектігі
жөнінде:
 
 
«Қазақ
 
орфографиясының,
 
әсіресе
пунктуациясының   терең   ғылыми   зерттеуді   керек   ететін
бірқатар соңғы мәселелері бар... » - дейді [28]. 
Сонымен,   қазақ   тілі   пунктуациясын   қалыптастырып   бір
ізге   түсіру   және   оның   ережелерін   саралап,   жақсарту
мәселесінде мектеп оқушыларына арналып жазылған қазақ
тілі грамматикаларының да маңызы зор болды. 
Тыныс белгілерінің зерттелу тарихын сөз еткенде, тағы
бір көңіл бөлетін нәрсе - осы тақырыпқа арналып жазылған
төмендегі   жеке   кітапшалар:   С.   Жиенбаевтың     «Сөйлемнің
тыныс   белгілері»,   А.   Ысқақов   пен   Ә.Хасеновтың   «Тыныс
белгілері»,   Р.   Сыздықова   мен     Қ.   Неталиеваның   «Тыныс
белгілері   ережелері»   (1961),   Ф.   Мусабекованың   «Жай
сөйлемнің   пунктуациясының   негіздері»,   Ф.   Мұсабекованың
«Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы». 
33

С.Жиенбаев тыныс белгілерінің маңызы, оның сөйлемді
түсіндірудегі   сыртқы   белгі   екендігі,   дауыс   ырғағының
сөйлемдегі   сөздердің өзара байланысынан туатыны туралы
айтып,   негізінен,   үтір   мен   сызықшаның   қойылатын   кейбір
жағдайларына   ғана   тоқталды,   оның   ішінде   сөйлемнің
бірыңғай мүшелері арасына қойылуға тиісті үтір жөнінде үш
жағдайды   ғана   әңгіме   етеді:   бірінші   -   сөйлемнің   бірыңғай
мүшелері   арасын    және,   тағы,   мен,   де  шылаулары
жалғастырғанда,   ондай   мүшелер   арасына   үтірдің
қойылмайтындығы;   екінші   -   бірыңғай   екі   мүше   бір   сұрауға
жауап беріп, затты, я істі бір түрлі жағынан мінездесе немесе
бірін-бірі анықтап тұрса, ондай мүшелер арасын  бірақ, я, не,
немесе,   әрі  сияқты   жалғаулықтардың   бірі   байланыстырса,
онда   бірыңғай   мүшелердің   бір-бірінен   үтір   арқылы   бөлініп
жазылатындығы.   Автордың   оңашаланған   мүшелер   арасына
қойылатын   тыныс   белгілері   жөніндегі   пікірлерінде
қайшылықтар болды [22]. 
А.Ысқақов   пен   Ә.Хасеновтың   «Тыныс   белгілері»   атты
кітапшасы   оқушыларға,   оқытушыларға,   баспасөз
қызметкерлерінің   тәжірибесінде   қажетті   көмекші   құрал
болды.   Авторлар   тыныс   белгілерінің   маңызын,   оның
шешілмей жүрген мәселелерін келешекте айқындап, бір ізге
салу   керек   екендігін   айта   келіп,   тыныс   белгілерінің
ережелеріне   «атау   және   басқа   септік   жалғауларындағы
жіктеу,   сілтеу   есімдіктерін   анықтау   үшін   келтірілетін
оңашаланған мүшелердің екі жағынан қойылатын үтірлердің
орнына   сызықша   қоюға   болады;   жалпылауыш   мәнді
сөйлемдерден   кейін   жай   сөйлемдер   келсе,   жалпылауыш
мәнді   сөйлемнің   соңынан   қос   нүкте   қойылады;   айшықсыз
цифрлар   арқылы,   әріптер   арқылы   таңбаланатын   санамалы
нөмірлерден   кейін   нүкте   қойылады;   жазылған   сөз   кімдікі
екендігін   білдіретін   автордың,   оның   шығармасының   аты
жақшаға алынады», -деген  жаңа ережелер берген [29]. 
Ф. Мұсабекова сол кездің өзінде-ақ: «Біздің пікірімізше,
тыныс   белгілері   бірде   сөйлемнің   құрылысына   қарай,   бірде
мағынасына   қарай,   бірде   айтылуына   қарай   қойылады.
Сондықтан   тыныс   белгілерінің   қойылу   негізі   сөйлемнің
құрылысымен,   мағынасымен   және   интонациясымен   тығыз
байланыста болады. Интонация мен пауза тыныс белгілерін
қоюда   қосымша   қызмет   атқарады.   Ал   бірсыпыра   тыныс
белгілері   сөйлемнің   мағынасына   қарай   қойылады   да,
бірқатары сөйлемнің құрылысына байланысты қойылады. Қос
нүкте,   нүктелі   үтір,   сызықша,   үтір,   жаңа   жол   синтаксистік
құрылысқа сүйеніп қойылады. Алғашқы, сұрау белгісі мен леп
34

белгісі, нүкте, көп нүкте, тырнақша т.б. сөйлемнің мағынасын
білдіру үшін қойылады»- деп жазды [30]. 
Бұл   пікірлер   оқулықтардағы   тыныс   белгілердің   бір
жүйеге түсінуіне үлкен әсері болды. 
Орфография   мәселесінде   өнімді   еңбек   етіп   жүрген
автор,   ғалымдарымыздың   бірі   -   Р.   Сыздықова.   Ол   өзінің
«Қазақ   орфографиясы   мен   пунктуациясы   жайында
анықтағыш»   атты   кітабында   қазақ   орфографиясы   туралы
пікірлерді   бір   жүйеге   түсірді,   қиын   сөздердің     жазылуы
туралы сөздігін келтіреді. Бұл оқушылардың да, ересектердің
де   қазақ   тіліндегі   орфография     жөніндегі   шын   мәніндегі
анықтама құралы болып есептеледі [31]. 
Ал   пунктуацияны   оқытудың   жүйесіне   ғылыми   тұрғыда
жасаған   Х.Арғынов   болды.   Әсіресе,   оның   «Қазақ   тілі
методикасы»   (синтаксис,   пунктуация)   деп   аталатын   (1974)
еңбегі   пунктуацияны   оқыту   әдістемесі   туралы   тұңғыш
көлемді   зерттеу   еңбек   болып   есептеледі.   Х.   Арғынов
пунктуацияны   оқытудың   маңызы   туралы  былай  деп   жазды:
«Оқушылар   қазақ   пунктуациясын   жете   білу   үшін,   алдымен
қандай   грамматикалық   заңдылықтарға   байланысты   қандай
тыныс   белгілерінің   қойылатынын,   сол   грамматикалық
заңдылықтарды   анықтайтын   және   соған   орай   қандай
ережелердің   барын,   екіншіден,   қандай   тыныс   белгілерінің
қай   жерде   қойылуы   туралы   ереже,   анықтамаларды   игерту
керек”–деп есептейді [32]. 
Пунктуация   жүйесіндегі   белгілерді   мағанаға   қарай
дұрыс   қолданудың   маңызы   зор,   себебі   бір   тыныс   белгісінің
беретін   бірнеше   мағынасы   болады.   М.   Н.   Петерсон:   «Один
знак может иметь несколько употреблений и, наоборот, одно
и то же явление может обозначаеться различными знаками»-
деп өте дұрыс айтқан. Тыныс белгілерін дұрыс қолдану үшін
мүмкіндігі   болғанша,   олардың   әрқайсысының   қызметін
даралап,   олардың   берілетін   ережелерін   бірыңғайластыру
арқылы түсінік қалыптастырылады. 
Тыныс   белгілерінің   ережелерін   бірыңғайластырумен
бірге   әрбір   тыныс   белгісінің   бір   ғана   атпен   аталуын   да   бір
ізге түсірген жөн. Мысалы: нүктені біреу «ноқат» десе, үтірді
«қайырма» деп те қолданады. Сондықтан оқушыларға тыныс
белгілердің   котегориясы   ретінде   қалыптасқан   мынадай
терминдерін қолдануға жаттықтырылады:  нүкте, көп нүкте,
қос   нүкте,   үтір,   нүктелі   үтір,   сызықша,   тырнақша,   сұрау
белгісі, леп белгісі және қайырым (немесе абзац). 
Кей жағдайларда тыныс белгілерінің дұрыс қойылмауы
да кездеседі. Мысалы, кейде дефис пен сызықша бір көлемде
35

қойылады.   Бұдан   мағынаға   онша   нұқсан   келмейді.   Бірақ
дефистің   морфологиялық   белгі   екендігін   айырып   үйрету
керек.   Тыныс   белгісіне   кірмейтін   морфологиялық   дефис
сызықшаның   жарты   сызығындай   ғана   көлемде   қойылуға
тиіс.   Осы   тәрізді,   тырнақшаның   алғашқы   сыңарын
тырнақшаға   алынатын   сөздің   я   сөйлемнің   бірінші   сөзінің
төменгі   жағынан   ашудың   орнына,   оны   сөздің   жоғарғы
жағынан ашып, екінші сыңарын тырнақшаға алынған сөздің
я   сөйлемнің   соңғы   сөзінің   нүкте   қойылатын   жерінен
төменірек   қоюшылық   бар.   Тіпті   тырнақшаның   “...   ”,   «...   »
деген   белгілері   қолданылып   жүр.   Әсіресе,   бұл   белгілер
компьютерде де қолданылуда. 
Леп белгісі мен сұрау белгісінен соң қойылуға тиісті көп
нүкте   кейде   дұрыс   қойылмай   жүр;   леп   белгісі   мен   сұрау
белгісінен кейін қасына және екі нүкте қою керек. Мысалы: -
Шыда, Сәмет!...  Неге үндемедің?. .  (Ғ. Мұст. ) Ал сөйлемдегі
ой аяқталмай қалған, әлі жалғасы бар дегенді білдіру үшін
“көп нүкте” үш нүктеден аспауы керек сияқты. 
Баспасөз   орындарында   бұл   белгіні   әр   түрлі
қолданушылық   байқалады.   Мысалы,   осы   екі   тыныс
белгілерінен кейін бір ғана нүкте, кейде үш нүктені қатар да
қояды. Оның дұрысы – леп не сұрау белгілерінің бірінен кейін
екі   нүкте   ғана   қойған   жөн.   Кейде   тырнақша   ішіндегі
сөйлемге қатысты көп нүктені тырнақшаның сыртына, бүтін
сөйлемге   қатысты   етіп   қойып   жазушылық   бар:  «Кейбір
жолдастар «Қайтеміз, бізден қателік өтті, кешірім сұрадық...
»   дейді»   газет.  Бұлайша  көп   нүктенің   тырнақшаның   ішінде
қойылуы, ойдың аяқталмағандығы тек тырнақша ішіндегі төл
сөзге ғана қатысты екендігін білдіреді. Егер ол көп нүктені
тырнақшаның сыртына қойсақ, «Кейбір жолдастар және тағы
басқа адамдар» деген сияқты ой туады. 
Сөйлемге   жол-жөнекей   түсінік   беретін   жақша   ішіндегі
аяқталған   сөйлемдерден   соң   үтір   қойып   жазушылық   та
кездеседі:  Әйелді   жөнелтіп   жіберіп,   көп   толқудың   соңынан
(Варвара Павловна әлі қайтқан жоқ еді),  енді қалаға баруға
бекінді... көп нүктеден кейін үтір қоюшылық та бар. Мысалы,
Мен   сізді   ақтық   минутқа   дейін   күттім...   ,   сізге   тағы   айтам,
енді болары болып қалды (Ғ. Мұс. ). 
Кейде леп белгісін көп нүктенің үшінші нүктесінің үстіне
апарып қоюшылық бар. Мысалы:
-
Қалай қорықпассың?!
  -   Менің орнымда болсаң, өзің де осылай істер едің. . !
Бұлай қою дұрыс емес, сияқты. 
36

Тырнақша ішіндегі сөзге, сөйлемге қатысты леп белгісі
мен сұрау белгісін тырнақшаның сыртына қою жиі кездеседі. 
Жұп болып келетін тыныс белгілері бір сөзде немесе бір
сөйлемде қолданылғанда, сол сөздің я сөйлемнің екі жерінен
қойылады.   Мұндай   тыныс   белгілеріне   жататындар   -   жақша
мен тырнақша. Жақша мен тырнақша сыңар қолданылмайды.
Тырнақшаға   алынған   сөзді   я   сөйлемді   басқа   біреуге   оқып
бергенде,   тырнақшаны   қоса   (тырнақша   ішінде   деп)   оқып
айту керек. Басқа тыныс белгілерінде мұндай ерекшелік жоқ.
Басқа тыныс белгілерінде мұндай ерекшелік болса, ол жеке
автордың   арнаулы   ерекшелігі   деп   қана   қарауымыз   керек.
Мысалы:   «Ендігі   етікшіміз   –   осы   мақала   сипаттап   отырған
Айшайымдар.   (Жақшаның   ішінде   айта   кету   керек,   бұрынғы
ауылда   әйелден   етікші   шықты   дегенді   ешкім   де   естіген
емес)», деп жазу кездеседі. 
Оқыған   сөздің   я   сөйлемнің   мағыналық  жағынан   дұрыс
ұғынылуын реттеуші пауза мен интонация үнемі белгіленіп,
жазылып   отырмайды,   кейде   ол   пьесаларда   жақша   ішінде
жазылып   та   жүр:   Б   о   з   ш   а   .    Оның    жақсы   екен,   қызым
(пауза).  Айтпақшы, ұмытып кете жаздаппын-ау!... 
Жазба   түрде   берілген   ойды   қағазға   айқын   түсіру,
ойымызды екінші біреуге жазба түрде дұрыс айтып беру үшін
әрбір дыбыстарды, әрбір тыныс белгілерін орын-орнына қоя
білу сауаттылықты көрсетеді. Орфография мен пунктуацияны
білмейінше,   сауатты   жазу   мүмкін   емес.   Сондықтан   бұл
туралы   К.   Былинский   мен   М.   Уваров:   «...   только   наличие
единой орфографии и пунктуации в языке дает возможность
читателю   понимать   пишущего»,   -   деп   өте   дұрыс   айтқан
[33,19]. 
Жазу   тілінде   ойдың   грамматикалық   және   логикалық
жағынан   дұрыс   берілуі   қатты   ескеріледі.   Ойдың   жазба
түрдегі   қатынасының   логика-грамматикалық   бөлшектері
пунктуация   арқылы   белгіленеді,   екінші   сөзбен   айтқанда,
пунктуация   логика–грамматикалық   үдерістің   сызбалық
бейнесі болмақ. Бұл екеуінің әрқайсысының өз алдына өзіндік
ерекшеліктері   болады.   Мәселен,   пунктуацияны   интонация
белгілемейді,   керісінше,   қойылған   пунктуация   дұрыс
интонациямен   айту   немесе   оқу   керек   екендігін   көрсетіп
тұрады.   Сондай-ақ   пунктуация   ауызекі   тілдегі   ритмді,
паузаны, әр түрлі дауыс құбылыстарын белгілейді. 
Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді оқу да, түсіну
де жеңіл. Тыныс белгісін дұрыс қою арқылы жазушы өз ойын,
сезімін жазба түрде дәл жеткізеді және айтпақ ойын екінші
адамдардың   сондай   дәрежеде   дұрыс   түсінуіне   жәрдемші
37

болады.   Олай   болса,   тыныс   белгілерін   қалай   қолдануды
үйрету оқушының қарым-қатынастық танымын арттырады. 
Мысал келтірейік:
1. Үйдегі маған тетелес екі апай бар, мен, әкем, шешем
бар - бесеуміз апаннан шығарылған балшықты екі зембілмен
кезек   тасып,   терең   шұңқырға   құлата   бердік  (С.   М.   )   деген
сөйлемге тыныс белгісін әр түрлі қою арқылы тағы мынадай
екі түрлі мағына беріледі: а)  Үйдегі маған тетелес, екі апай
бар,   мен,   әкем,   шешем   бар,   бесеуміз   апаннан   шығарылған
балшықты   екі   зембілмен   кезек   тасып,   терең   шұңқырға
құлата   бердік  дегенде,  үйдегі   маған   тетелес  деген   тіркес
«екі   апай»   дегеннің   анықтауышы   болмай,   өз   алдына
сөйлемнің   бірыңғай   мүшесі   болып   тұр;   ә)  Үйдегі,   маған
тетелес,   екі   апай   бар,   мен,   әкем   шешем   бар,   бесеуміз
апаннан шығарылған балшықты екі зембілмен кезек тасып,
терең   шұңқырға   құлата   бердік  десе,   «үйдегі»,   «маған
тетелес»,   «екі   апай»   -   үшеуі   бірыңғай   сөйлем   мүшелері
болмақ. 
2.  Түйе бағатын Сабалақ ер жетіп, сымбатты сұлу жігіт
болады  деген   сөйлемге   тыныс   белгілерін   әр   түрлі   қоюға
байланысты   осы   бір   сөйлемнен   мынадай   жаңа   мағыналар
ұғынылады:   а)  Түйе   бағатын,   Сабалақ   ер   жетіп,   сымбатты
сұлу   жігіт   болады.  Мұнда   «түйе   бағатын»   -   өз   алдына   бір
сөйлем. ә)  Түйе бағатын, Сабалақ, ер жетіп, сымбатты сұлу
жігіт болады  десек, осы сөйлемдегі «Сабалақты» сөйлемдегі
қаратпа сөз деп ұғуға болады... 
3. Осы Шыңғыс туарда Уәлінің үйіне Айғанымның ағасы,
Пірәлі   келіп   жатты.  Осы   сөйлемдегі   «ағасы»   мен   «Пірәлі»
сөзінің   арасына   сызықша   да   қойып   жазуға   болады.   Бірақ
онда басқаша мағынада, яғни бірыңғай мүше анықтауыштың
түрі ретінде айтылады. 
4.  Мен   білсем,   Абай   ағам   Базаралының   Тәкежан   мен
Әзімбайға   айтатын   дауын   жазып   отыр!  –   дегендегі   «Абай»
деген   сөзден   соң   үтір   қойылса,   «Абай»   қаратпа   сөз   болып,
«аға» деген сөзді бір ретте сөйлемнің бастауышы деп ұғуға
немесе сөйлемнің анықтауышы деуге болады. 
5.  Кондуктор танысымның мына сөзі шымбайына батып
кетті білем, жаңа кірген бір адамдарға билет бере салды...
(М.   И.   )  деген   сөйлемдегі  «кондуктор»     деген   сөзден   кейін
үтір   қойылса,   ол   сөз   қаратпа   сөз   болады   да,   ешбір   тыныс
белгісі   қойылмаса,   ол   сөз   «танысымның»   деген   сөздің
анықтауышы   болады,   яғни   таныс   адамның   мамандығы
кондукторлық екен деп түсінуге болады. 
38

6.   Терезеден   түнде   кеп   бағып   тұрса,   тазы   итке   қыз
айырбастап алған қорқау бай Аксен қызға қорлық көрсеткен
(М. Ә). осындағы «бай» деген сөзден соң үтір қойылса, «бай»,
«Аксен»   деген   сөздер   бірыңғай   мүшелер   болады   да,   егер
«бай» деген сөзден кейін үтір қойылмаса, Аксеннің бай адам
екендігін   білдіреді.   Үшінші   ретте   «бай»   сөзін   екі   жағынан
үтірмен ғана бөліп жазсақ, онда бұл сөз қаратпа сөз болып
шығады. 
7.  Кесек   қырлы   мұрынды   Ақылбай  дегенде,   осындағы
«кесек»   деген   сөзден   соң   үтір   қойсақ,   «Ақылбай   ірі   адам»
деген   мағына   береді   де,   ол   сөзден   соң   үтір   қойылмаса,
Ақылбайдың   мұрнының   кесектігін   ғана   білдіреді,   яғни
анықтауыш   болып   кетеді.   Анықтауыш   өзі   айқындайтын
сөзден тыныс белгісімен бөлінбейді. 
8.  Әдейі   таң   сәріде   бір   түнде   шешініп   жата   бергенде
Жақыптың   терезесінің   тұсынан   өтемін.  Бұл   сөйлемдегі
алғашқы «бір» сөзінің алдынан үтір қойсақ, «түнде» дегеннен
кейін   тағы   үтір   тұрса,   «бір»   сөзінің   «таң   сәріде»   сөзіне
қатынасы   болмайды   да,   «бір   түнде»   оңашаланған   мүше
болып   кетеді.   Ал   екіншіден,   «бір»   сөзінің   алдынан   үтір
қойсақ,   шешініп   жата   бергенде,   неше   рет   өткендігін
білдірмей, тек Жақыптың ғана терезесінің алдынан өтетіндігі
айтылады. 
9.  Сүгір:   Ауылға   бұл   шіріген   жұмыртқаны   сақтап
отырмаймын.  Тыныс   белгілерінің   әр   түрлі  қойылуына  қарай
осы   сөйлемді   әр   түрлі  мағынада   түсінуге   болады:   а)  Сүгір,
ауылға   бұл   шіріген   жұмыртқаны   сақтап   отырмаймын
дегенде, «Сүгір» қарату мағынасын береді; ә)  Сүгір: Ауылға
бұл   шіріген   жұмыртқаны   сақтап   отырмаймын  дегенде,
осының бәрі Сүгірдің сөзі болып шығады. 
10.  Қотыр   -   қойдың   соры  (мақал)   деген   сөйлемдегі
«қотыр»  сөзінен   соң   сызықша   қойса,  «қотыр»  бастауыш
болады.   Ал  «қотыр»  деген   сөзден   соң   ешбір   тыныс   белгісі
қойылмаса,  қай   қойдың?  деген   сұраққа   жауап   беріп,   сау
қойдың емес қотыры бар деген мағына туады. 
11.  Мариям тамылжыта  салған   әннің  сорғалап  шыққан
әуені   мешіт   ішіндегі   Дүйсен   мен   хазіреттің   айтысы,
Мариямның Рахиланың үйінде Абайдың «Татьянасын» айтып,
жұртқа,   Дүйсенге   өз   мұңын   шағуы   сияқты   тағы   басқа
көріністер   оқушыға   ұмытылмастай   әсер   қалдырады.    Осы
сөйлемдегі   «Мариямнан»   соң   үтір   қойып,   бір   дауыспен
оқысақ, «Мариям» қаратпа сөз болады, егер ол сөзден кейін
үтір   қойылмаса,   осы   сөйлемнің   бастауыш   мүшесі   қызметін
атқарады. 
39

Бұл мысалдар тыныс белгілерінің жазылып қана қоймай,
әрқайсысының   белгілі   мәнермен   оқылып,   сөйлемдегі   ойды
түрліше түсінуге болатындығын көрсетеді. 
Демек,   тыныс   белгілер   -   синтаксистік   категория,
сондықтан   да   пунктуациялық   ережелер   тілдің
грамматикалық құрылысына тәуелді болады. 
Сондай-ақ   тыныс   белгілерінің   шешілмей,   қиындық
келтіріп   жүрген   басты-басты   мәселелері   деп   мыналарды
көрсетуге   болады.   Мысалы,   оңашаланған   айқындауыштың
тыныс   белгісін   қоюда   бірыңғайлық   жоқ.   Оған   дәлел
оңашаланған   айқындауыш   мүшелерге   көркем   әдебиетте,
газет-журналдарда   бірнеше   түрлі   тыныс   белгісі   қойылып
жүр. Мысалы:
1. Оңашаланған айқындауыш мүше екі жағынан үтірмен
бөлініп жазылып жүр. Мысалы: 1943 жылдың күзінде, демек,
Ұлы Отан соғысы қызу жүріп жатқан кезде, мен егіс басында
болдым (Қ. Ә. ). 
2. Оңашаланған айқындауыштың алдынан ғана сызықша
қойылып   жүр.   Мысалы:  Өте-мөте   маңызды   және   күрделі
міндетті   орындауда   –   егін   оруды   және   астық   дайындауды
ойдағыдай өткізуде қалалық партия ұйымы селолық  партия
ұйымдарына зор көмек көрсетуге тиіс («ҚӘ»). 
3. Сөйлем ортасында келген оңашаланған айқындауыш
мүшенің   тек   алдынан   ғана   сыңар   үтір   қойылады:
Жәрдемшісі, ер жетіп қалған қызы Бағила ғана  («Жұлдыз»).
Біз, совет адамдары әрбір жаңа жылды қуана қарсы аламыз
(«газет»). 
4.   Мектеп   грамматикасында   «жазуда   оңашаланған
айқындауыш   үтірмен   немесе   сызықшамен   бөлініп   тұрады»
делінген.   Ал   «Қазіргі   қазақ   тілі»   оқулығында   оңашаланған
айқындауыш   мүшелердің   тыныс   белгілері   жөнінде:   «...
Жазуда   олардың   екі   жағынан   не   үтір,   не   алдынан   дефис,
соңынан үтір қойылады», -делінген. Дефис – пунктуациялық
белгі емес [16]. 
Тыныс   белгілерінің     әр   түрлі   болып     қойылып   жүрген
тағы   бір   жері   мынау:   екі   сөйлем   арасын   байланыстырып
тұратын  «сөйтіп»,   «өйткені»,   «бірақ»,   «ал»,   «сондықтан»,
«алайда», «немесе», «яки»  сияқты жалғаулықтар қыстырма
сөзбен шатастырылып, кейде олар сөйлемнен үтірмен бөлініп
жазылып жүр. Мысалы:.  Жер   үстінің   барлық ауасын ішіңе
бір жұтып шығарғың келгендей боп, кеудеңді кере деміңді
ұзақ   аласың.   Бірақ,   кеудең   дүние   емес,   барлық   ауа
сыймайды.   Сөзің   жақсы   шырағым,   бірақ,   әуелі   осы   сөзіңді
ісіңмен   көрсетші...  (С.   М.   )  Тағы   да   біреуін   берер     деп
40

үміттеніп едім, бірақ Атаман сараңдық етті ме, енді қайтып
ұсына қоймады (Ә. С. ). Мен әділет шеңберін есіңізге салғым
келіп   тұрған   жоқ,   бірақ,   әділетсіздіктің   де   шегі   болуға
тиісті(М. И. ). Жайшылықта болса, мұндай тілмар қарындасқа
бірдеңе   айтқан   да   болар   едім.   Ал,   мына   арада   үндемедім
және үндеуді қажет те көрмедім. Өйткені, мен ойлап тұрған
қарындас сыры ол қыз ойлаған үстірт, аласа ойдан жоғары
жатты (М. И. ). 
«Сөйтіп»  деген   сөз   бірыңғай   мүшелердің   арасында
қыстырма     ретінде   келеді,   оны   бүтін   сөйлемнен   алып
тастағанда,   сөйлем   ешқандай   олқылыққа   ұшырамайды,
сондықтан   да   бірыңғай   сөйлем   арасында   қыстырма   боп
тұрған  «сөйтіп»  сөзін   әр   уақыт   екі   жағынан   үтірмен   бөліп
жазылып жүр. 
Баспасөз   орындары  «мысалы»  деген   қыстырма   сөзден
кейін     бір   жерде   үтір   қояды,   не   қос   нүте   қояды,   кейде   ол
сөзден   соң     ешбір   тыныс   белгісін   қоймай   жазады.   Мысалы:
Мәселе дәулетте емес, - Михаил Иванивич Атаманға қарады,
-   дәулетке   көпшіліктің   ие   бола   алмауында.   Мысалы,   анау
қалың балық мұз   астында қамаулы жатыр  (Ә. С. ). Мысалы
белоктық   заттар   сұлыда   орта   есеппен   8,   2-12,   7процент,
арпада   8,   7-10,   2   процент   аралығында   болса,   қара   бидай
құрамында 9, 2 проценттен 14, 5 процентке дейін жетеді 
Тыныс белгілерінің қойылуы жағынан қиындық келтіріп
жүрген   мәселенің   бірі   –  «де»  көмекші   етістігінің   көсемше,
есімше   сияқты   толып   жатқан   формаларының   қолданылу
ерекшеліктеріне   байланысты   келетін   жері.   Осы   көмекші
етістіктен   кейін   бірде   үтір   белгісін   қойып   жазса,   екінші   бір
жерде ол сөзден кейін үтір қойылмай жазылады.  Жақсы әнді
жақсы әнші ғана таныта алады деген осы екен ғой! – дедім
мен күбірлеп (М. И. ). 
Қорыта   келгенде   мектеп   оқушыларына   тыныс
белгілердің осы сияқты қойылу ерекшеліктеріне мәлімет беру
керек.
Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет