Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


 Пунктуациялық – мағыналық бөліктерді ажырату белгілерімен



жүктеу 0.8 Mb.
Pdf просмотр
бет7/16
Дата21.01.2017
өлшемі0.8 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

4. Пунктуациялық – мағыналық бөліктерді ажырату белгілерімен
таныстыру.  Оқушыларды   пунктуациялық-мағыналық   бөлікті   ажырату
белгілері   түсінігімен   таныстыру   бөліктің   өзін   және   оны   пунктуациялық
ажыратуды   өткеннен   кейін   ендіріледі.   Соңынан   оқушылар   пунктуациялық
ережелерді   қолдануда   пунктуациялық   мағыналық   бөліктердің   ажырату
белгілеріне сүйенеді. 
Осы модуль бойынша сабақтар ұйымдастырылады. 
Бұл   сабақтарда   пунктуациялық   мынадай   икемділіктер
қалыптастырылады:
1. Пунктуациялық   көрегенділік   –   дайын   қатысымдық   бірліктерде
мағыналық бөліктерді ажырата алу, сонымен бірге оларды өзі жазып отырған
қатысымдық бірліктерде алдын-ала болжай білу икемділігі;
2. Сөйлем мен мәтінді өтілген пунктуациялық ережелерге сай дұрыс
рәсімдеу икемділігі;
3. Тыныс белгілердің орнын және белгіні таңдауды негіздеу;
4. Пунктуациялық қатені табу және оны жөндеу. 
72

Екінші бөлім
Пунктуациялық икемділік пен дағдыны қалыптастырудың
әдіс-тәсілдері
2.1. Пунктуациялық икемділік пен дағдыларды қалыптастыра
оқытудағы жаттығулар жүйесі
Оқушыларға   әдеби   тілді   ауызша   және   жазбаша   түрде   меңгерту,
оларды   сауатты   етіп   даярлау   ісін   қамтамасыз   ету-мектептің   ең   басты
міндеттерінің   бірі.   Оқушылар   мектепте   оқып   жүрген   кезінде   қазақ   тілі
грамматикасының, орфографиясы мен пунктуациясының негіздерін меңгеріп,
дұрыс оқуға, жазуға, сөйлеуге дағдылану да жаттығулардың маңызы үлкен.
Негізінде,   оқушылардың   қазақ   тілі   грамматикасының   ережелерін
игеруі   тәжірибелік   іс-әрекеттерді   орындау   арқылы   жүзеге   асады.
Грамматикалық   құбылыстарға   берілген   анықтама,   тілдік   құбылыстарға
қытысты   ережені   түсіну   және   оны   ұғуы-оқушылардың   оқу   материалын
игеруінің   алғашқы   бастамасы   ғана.   5-10-сыныпта   оқушылардың   жадында
орфограммалардың   жазылуы   сақталып   қалу   үшін   қайталама   қабылдау
әдістерін   қолдану   қажет   болады.   Орфограммалар   бойынша   қайталап
жаттығуларда   тәжірибелік   жұмыстар   жүргізіледі.   Жаттығу   неғұрлым   жиі
орындалса,   оқушылардың   ережені   игеруі   соғұрлым   жеңілдейді.
Грамматикалық тұлғаны тану оны қабылдаумен бір мезгілде жүзеге асады.
Сөйтіп орфографиялық жаттығулар орындау үстіндегі оқушылардың күрделі
аналитикалық-синтетикалық қызмет, біріншіден, ережені игеруге, екіншіден,
орфографиялық дағды қалыптасуына негіз қалайды. 
73

Ережеге негізделген пунктуацияны игеру үстінде оқушылардың күрделі
ойлау қызметі дамиды, өйткені ереже негізіне қандай да бір грамматикалық
және   фонетикалық   қортындылар   беріледі.   Тыныс   белгілерге   байланысты
жаттығуларды орындау сипатына қарай біз: 1) көру сезімі арқылы орындалатын,
2)   есту   сезімі   арқылы   орындалатын,   3)   түйсінудің   басқа   әртүрлі   жолдары
бойынша орындалатын жаттығулар деп бөліп қарастырдық. 
1-кесте. Пунктуацияға байланысты жаттығулардың жіктелісі
Пунктуацияға байланысты жаттығулар
Көру сезімі арқылы
орындалатын
жаттығулар
Есту сезімі арқылы
орындалатын
жаттығулар
Түсінудің жолдары
арқылы орындалатын
жаттығулар
Көшіріп жазу
жұмыстары
Диктанттар
Өздік диктант, сөздік
диктант, таза
орфографиялық
мақсаттағы жаттығулар,
оқушылардың
шығармашылық
жұмыстары
Түйсіну жұмыстары кезінде оқушы өзі жазатын жұмысты көрмейді де,
естімейді   де,   алайда   ол   пайдаланатын   пунктограммалар   жөнінде   саналы
түсініктер   туатын   болады.   Мәселен,   шығарма   жазу   кезінде   оқушы   басқа
біреудің сөзін қабылдамайды, дайын мәтінді де көрмейді, оны өзі құрайды.
Мәтінді өз ойымен жазады, тыныс белгі туралы ережелерді игеру қабілетіне
қарай есіне түсіреді, сөйтіп ойлау қабілетін жетілдіреді. 
Ал   оқушылардың   ойлауын   дамытуға   тигізетін   ерекшеліктеріне
байланысты   орындалатын   тыныс   белгілерді   дұрыс   қою   жаттығуларды
төмендегідей жіктеп көрсетуге болады. 
74
Тыныс белгілерді игерту жаттығулары
Аналитикалық
немесе
грамматика-
орфографиялық
талдау түріндегі
жаттығулар
Ұқсас немесе
қарама-қарсы
тұлғалар
бойынша жұмыс
Грамматикалық
ережелерді
топтастыру
ортасындағы
немесе
орфограммалар
бойынша жіктеу
жаттығулары
Синтетикалық
немесе мәтін
құрау үшін
сөйлемдерді
қайта құру я
өздігінен құру
жаттығулары

Жатығудың   бұл   түрлері   бір-бірімен   берік   байланыста   болады,
сондықтан   да   оларды   белгілі   сабақтарда   бір-бірімен   ұштастыра   отырып,
жаттығудың   орындау   тәсілін   түрлендіріп   жүргізіледі.   Сондықтан
оқушылардың   жаттығу   жұмыстарды   орындауға   байанысты   өздігінен
жүргізілетін   жұмыстарды   былайша   топтап   қарастырдық.   Оқушылардың
өздігімен жұмысын ұйымдастыру. Оның мынадай жолдары бар: 
а)   Үлгі   бойынша   өздігінен   жүргізілетін   жұмыс.  Үлгі   бойынша
жүргізілетін   өздігінен   жұмыс   нұсқау   іспетті   берілген   үлгі   негізінде
орындалады.   Оқушыларға   бірнеше   сөйлем   беріп,   олар   осы   сөйлемдердің
тыныс белгілерін өздігінен қойып шығады, немесе белгілі бір грамматикалық
ережеге   негізделген   бірнеше   сөз   тақтаға   жазылады   да,   оқушылар   дұрыс
жазылған я қате екендігін айтады, немесе белгілі бір грамматикалық ережеге
байланысты мысалдар айту талап етіледі. 
ә) Қайта құрылым ретінде жүргізілетін өздігінен жұмыс. Жетілдіріп
қайта   жазу,   қайта   құрастыру   бойынша   жүргізілетін   өздігінен   жұмыста
оқушылардың жеке әрекеттері мәтін құрылысын қайта құру негізінде жүзеге
асырылады.   Өздерінің   білім   мен   тәжірибесінің   көлемінде   оқушы   өтіліп
отырған   материалдың   ішкі   құрылысын   өздігінен   ойластырады,   материалға
байланысты   қандай   әрекет   жасауға   болатындығын   сипаттайды.   Өздігінен
жүргізілетін   бұл   жұмыста   берілген   тапсырманы   орындау   ұстанымдары
міндетті   түрде   хабарланады,   ал   оқушылар   тапсырманы   нақты   орындап
шығады. Бұл кезде тапсырма құрылысына өзгеріс енгізіледі немесе  кейбір
жағдайда оның құрылысы қайта жасалады. Жұмыстың бұл түрінде оқушылар
жалпы   ережелерді,   заңдылықтарды,   ұғымдарды,   әртүрлі   жағдаяттар   мен
ахуалдарды өздігінен пайдаланады, жалпы ережеге сәйкес мысалдар ойлап
табады, ұсынылған мәтіндерді мақсатқа орай қайта құрады. 
б) Әртүрлі нұсқаулар бойынша жүргізілетін өздігінен жұмыс.  Бұл
жұмыс оқушылардан өздігінен таныс емес мәселелерге талдау жасай отырып,
қажетті жаңа деректер алуды талап етеді. Ол үшін оқушылар, әрине, өздері
бұрыннан   игерген   білімдерін   пайдаланады.   Бірінші   жағдайда   оқушылар
әртүрлі дерек, оқиға, құбылыс, заңдылықтардың ұқсастықтары мен айырым
белгілері   ашады,   оларды   елеулі   белгілері   бойынша   топтастырады,
арасындағы   себептік   я   салдарлық   байланыстарды   анықтайды,   бірнеше
нұсқада   салыстырмалы   талдау   жасайды.   Екінші   жағдайда   оқушылар
эксперимент   жасай   отырып,   оларға   бұрыннан   белгілі   заңдылықтарды
пайдаланудың жолын көрсетеді я эксперименттік жолмен оларға бұрыннан
белгілі жалпы заңдылықтарды жеке құбылысқа немесе құбылыстар тобына
пайдаланудың   жолын   көрсетеді.   Өздігінен   істелетін   бұл   жұмыс   білімнің
жекелеген   сипаттарын   ғана   емес,   сонымен   бірге   сол   білімнің   тұтас
құрылысын   пайдаланады.   Бұлай   ету,   біріншіден,   оқушыларға   қазіргі
өмірімізде   ғылымның   рөлі   туралы   нағыз   мағлұмат   беріп,   білімге   деген
құмарлығының   артуына   көмектеседі,   екіншіден,   оқу   үдерісіндегі   елеулі
75

байланыстарды  анықтап,  логикалық   қортындылар  жасап  отыруға  үйретеді,
ойлау қабілетін дамытуға қажетті жағдай жасайды. Әртүрлі нұсқада өздігінен
жүргізілетін   жұмыстың   осы   екі   ерекшелігі   оқушыларда   шығармашылық
әрекет жасау қабілетін қалыптастыруға негіз болады. 
в)   Шығармашылықпен   жүргізілетін   өздігінен   жұмыс.
Шығармашылықпен   жүргізілетін   өздігінен   жұмыстың   түріне   аяқталмаған
жұмыстарды   жалғастыру,  реферат,   баяндама,   пікірлер   (рецензиялар)   жазу,
шағын зерттеулер жүргізу жатады. Мектеп оқушыларының шығармашылық
жұмыстарына археологиялық, диалектологиялық экскурсияларға қатысуды да
қосуға  болады.  Экспедиция  материалдары  негізінде  шағын сюжетті  әңгіме
жазу, оқулықта  берілген иллюстрациялар, қосымша материалдар  бойынша,
жекелеген мәдени ескерткіштер бойынша шығарма жазу да шығармашылық
жұмыс болып саналады. Сол бойынша тыныс белгілерді дұрыс қоя білуге
дағдыланады.
г)   Қайта   жаңғырту   жолымен   де,   шығармашылық   жолмен   де
аралас жүргізілетін өздігінен жұмыс. 
Оқушылардың өздігінен жүргізілетін жұмыс түрлерін, жалпы алғанда,
былайша санамалауға болады:
1) Оқушылар жан-жақты да дәлелді жауап беретіндей сұраққа жауап
жазу;
2) Оқушылар саналы түрде және салыстыра, қарама-қарсы материалды
келтіре  отырып,  қорытынды  жасайтындай  тапсырмалармен  жазу  жұмысын
жүргізу;
3) Ережені, оны жазу жұмыстарында пайдалану қабілетін арттыру. 
Жаттықтыру   жұмысы   түрлі   жолдармен   жүргізіледі.   Олардың
бастылары мыналар:      
1. Тыныс белгілері қойылмаған сөйлемдер мен сөздерді көшіріп жазып,
оларға   тиісті   белгілерін   қойдыру.   Бұл   –   кітаптағы   жаттығулар   арқылы
жүргізіледі және кеспе қағаздар арқылы  да жүргізуге болады. Оқушылардың
ұғымын байқау барлық оқушыларды қатыстыру арқылы жүргізіледі. 
Сабақ   үстінде   бір   оқушыны   тақтаға   шығарып,  «Айқай   өте   ұзаққа
созылды   және   еш   нәрсені   түсінерліктей   болмады.   Жұмабайдың   неге
ашуланғанын Абай ұғып тұр, сондықтан бір жағынан күлкі қысып барады»
деген   салалас   сөйлемдерді   жаздырып,   олардың   тыныс   белгілерін
қойдырамыз. Оқушылар тыныс белгісін қою үстінде оның қойылу себебін,
ережесін айтып береді. Жұмыс тақтаға  жазу арқылы орындалады. Ал, басқа
оқушылардың   ішінен   екі-үш   оқушыға   тақтадағы   оқушының   түсінігі   мен
жазуын   бақылап   отыру     тапсырылады   және   айтып   беру   жүктеледі.   Басқа
оқушылар     кітаптан   көшіреді.   Бұл   жұмыс     орындалып   болысымен
оқушыларға   салалас   құрмалас   сөйлем   жазылған   бір-бір   кеспе   қағаз
үлестіріліп парта сайын   беріледі. Оның тыныс белгісін қойып,   түсіндіріп
беру   тапсырылады.   Бұл   жаттығуды   компьютер   арқылы   да   орындатуға
болады. Кеспе қағаз үлгісі:
76

                                                                   
Сабақ   үстінде   оқушылардың   түгел   жұмыс   істеуін,   олардың   түгел
орындауын   қадағалай   жүріп,   бір-екі   оқушыға   оқытып,   тыныс   белгісін,   оның
себебі   мен   түрлеріне   талдау   жасатамыз.   Қатесі   басқа   оқушыларға   айттыру
арқылы   түзетіледі.   Бұдан   кейін   барлық   оқушы   кеспе   қағаздағы   сөйлемдерді
дәптерлеріне көшіріп алады. Кеспе қағаз жиылып алынады. Мұны оқушылар
былай   орындап   шығады.   «Дәмеш   біресе   жылаған   шешесіне   қарады,   біресе
еңсесі түскен әкесіне қарады» деген сөйлемде «Дәмеш біресе жылаған шешесіне
қарады»  деген  сөйлемнен кейін үтір қойылады. Себебі: бұл – кезектес салалас
сөйлем «біресе» деген кезектес салаластың жалғаулығы арқылы байланысып тұр.
Сондықтан әр жай сөйлемнен кейін үтір қойылады, - деп қорытады. 
Тыныс    белгілерін көшіртіп жазу арқылы қою – оқушылардың өтілген
материалды   ойына   қайта   салып,   ұғымын   шыңдай   түседі,   ойлау   қабілетін
дамытады. Ынтасын арттырып, дағдысын қалыптастырады. Өйткені бір тыныс
белгісін   қою   үшін   сол   тыныс   белгінің   қойылатын   орындарын   ой   елегінен
өткізеді. Сөйтіп бір тиянақты қорытындыға келіп тыныс белгісін қояды. 
2. Тыныс белгілерге оқушылардың өз бетінше мысал ойлап жазуы.
Бұл – оқушылардың білімін бекітуде жиі жүргізілетін жұмыстардың бірі. Бұл
мынадай жүйеде орындалады: Оқушыларға өз бетінше бір-бір сөйлем ойлап
жазу   тапсырылады.   Оқушылар   тез   жұмысқа     кіріседі.   Бірі   өмірден   алып
өзінше   құрастырып   жатса,   бірі   кітаптан,   газет   пен   журналдардан
оқығандарын   еске   салып,   содан   есінде   қалғандарын   жазып   жатады.   Олар
тыныс белгілерін қойып, айтып береді әрі оған талдау жасайды. Бұған мысал
ретінде мына екі оқушының жазған сөйлемін алайық. 
«Менде бір арман бар: ол – оқу озаты болу. Мен мектептен шыққанда,
есік алдына бір жеңіл машина келіп тоқтай қалды». Оқушылар мұны былай
айтып берді. «Менде бір арман бар: ол – оқу озаты болу» сөйлемі құрылысы
мен мағынасы жағынан іліктес салалас сөйлем. Сондықтан алғашқы жай
сөйлемнен кейін қос нүкте қойылады. Өйткені соңғы жай сөйлем алғашқы
сөйлемге түсінік ретінде айтылып тұр. Ал «ол» деген сөзден кейін сызықша
қойылады. Себебі, бастауыш та, баяндауыш та атаулы   тұлғалы сөздер.
Бастауыш – (ол) жіктеу есімдігі, «оқу озаты болу» - зат есім мен тұйық
етістіктің тіркесінен болған баяндауыш. 
Екінші   оқушы:   «Мен   мектептен   шыққанда,   есік   алдына   бір   жеңіл
машина   келіп   тоқтай   қалды»   сөйлемі   –   мезгіл   бағыныңқылы   сабақтас
сөйлем. Сондықтан «шыққанда» сөзінен кейін үтір қойылады, - деп айтып
шығады. 
Әрине, мұнда бір ескертетін  жағдай - әр оқушының құрған сөйлемі әр
түрлі болып келетіні белгілі. Барлығы бірдей тыныс белгілеріне байланысты
төрт аяғынан тік тұрған деп айта алмаймыз. Олардың   да ішінде сөйлемін
Салалас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгісін қой, оның себебін 
түсіндір. 
Дәмеш біресе жылаған шешесіне қарады  біресе еңсесі түскен әкесіне 
қарады. 
77

дұрыс құрғанмен, лайықты тыныс белгілерін қоя алмағаны   да бар. Оларға
ескерту   жасай   отырып,   сөйлемдеріне   талдау   жасаймыз,   тыныс   белгілерін
қойдырамыз. 
Тыныс   белгілеріне   оқушылардың   өз   бетінше   мысал   ойлап   жазуы
оқушылардың   ойын   дамытумен   бірге   тыныс   белгісінен   алған   білімін
толықтыра түсуге, сөйлем құрап, өз ойын сауатты жаза  алуға үйретеді. 
3.   Тыныс   белгілері   қойылған   сөйлемдер   мен   сөздерге
пунктуациялық   талдау   жасату.  Мұнда   интерактивті   тақтаға   (экранға)
көрнекті етіп мынадай сөйлемдер жазылады. 
- Бұл сөйлемдерді алдымен мәнерлеп оқытылып, соңынан оқушыларды
тыныс белгілеріне назар аудартылады. Осындағы тыныс белгілер бойынша әр
оқушыға жеке-жеке талдау жасатылады. Мысалы: - Осы сөйлемдегі үтірлер
қандай ережеге байланысты, не үшін қойылған? 
- «Қарағандыға, Лизалардың тойына», деген сөздерден кейін неге үтір
қойылған, не үшін? Деген сұраққа жауап іздеттіріледі. Мысалы, оқушылар
«Лизалардың   тойына»   деген   оңашаланған   айқындауыш   мүше.   Яғни   ол   –
«Қарағандыға» деген сөзді айқындап тұр. Сондықтан айқындауыш мүшенің
яғни «Лизалардың тойына» сөзінің екі жағынан да үтір қойылады, -деп жауап
бермек.  
Жаттығуды бұл ретпен жүргізу, біріншіден, оқушыларды айтуға, білуге
талпындырса,   екіншіден     оқушылар     белсенді   түрде   қатысады.   Сондай-ақ
пунктуациялық     талдау   арқылы   әрбір   оқушы   тыныс   белгілердің   қойылу
себебін   анықтайды.   Барлық   грамматикалық   материалдарды     қайталап
пысықтайды. Бір тыныс белгісінің қойылу себебін анықтау үстінде оқушы
көптеген   грамматикалық   ережелерді   еске   түсіреді.   Бұл   –   оқушылардың
тыныс белгілерін  қоя білуге үйретеді, жаттықтырады. Грамматикадан білімін
бекіте түсетін болады. 
4.   Тыныс   белгілерінен   алған   білімін   пәнаралық   байланыстыру.
Мысалы:   әдебиет   сабағында   жаттаған   кейбір   өлең   сөздерді   не   мәтін
үзінділерін   оқушыларға   жатқа   жаздырып,   тыныс   белгілерін   қою
тапсырылады.   Бұл  –  оқушылардың  оқығанда,  жаттағанда,   тыныс  белгісіне
назар аудара оқуына дағдыландырады. Мұндай жұмыс әр пәндегі мәтіндер
бойынша да жүргізіледі. 
5. Сыныптан тыс оқыған кітабына, газет, журналдарға қойылған
тыныс белгілеріне назар аудартып отыру.  Мұнда сабақ үстінде газет пен
журналдарда ірі етіп жазылған сөйлемдер мен сөздердің қойылу себептерін
сұрап отыру. Бұл – оқушылардың әрбір тыныс белгілеріне өз бетінше талдау
жасай алуына жаттықтырады, ынталандырады. Оқушылардың   тәжірибелік
білімін дамытады. 
6. Сабақ үстінде грамматикалық тапқырлық ойындарын жүргізу.
Мұндай   әдісті   әрбір   мұғалім   сабақ   үстінде   4-5   минут   ара-тұра     жүргізіп
қоюға   болады.   Мұның   жүргізілу   тәртібі   мынандай:   оқушыларға   жұмбақ
сұрау қойылады. 
Мұғалім: - Оқшау сөздерден басқа сөйлем басында қандай   сөздерден
кейін үтір қойылады?
78

Оқушы:   -   Сабақтас   сөйлемдерде   басыңқы   сөйлемнің   бастауышы
басыңқы сөйлемнен бұрын тұрса, одан кейін үтір қойылады. 
Мұғалім: - Екі жағынан да үтір қойылатын сөздер бар ма?
Оқушы: -  Бар. Оқшау сөздер сөйлемнің ортасында келсе екі жағынан
да үтір қойылады және сөйлем ішінде оқшауланған айқындауыш мүше келсе,
екі жағынан да үтір қойылады. Мысалы: «Кел, балалар, оқылық! Аманның
бұл айтқаны, әрине, дұрыс» деген сөйлемдерден «балалар», «әрине» деген
сөздер – оқшау сөздер. Олардың екі жағынан да үтір  қойылады. т.б. «бүгін,
15-наурыз   күні,  мектепте  жастар  ұйымының  жиыны   болады».  Мұнда  «15-
наурыз   күні»   деген   сөз   –   оқшауланған   айқындауыш   мүше.   Оның   да   екі
жағынан үтір қойылады. 
Мұғалім:   -   «Астық-Отанға»,   «Көптің   ісі   –   көл»   деген   сөйлемдерге
қойылған   сызықша   қандай   ережеге   байланысты   қойылған?(сөйлем   тақтаға
жазылып қойылады не газет пен журналдардың бірінен сондай тыныс белгі
қойылған екі сөйлем қатар көрсетіледі). 
Оқушы:   -   Екеуі   екі   ережеге   байланысты   қойылған   «Астық   -Отанға»
деген   сөйлемнің   баяндауышы   түсіріліп   айтылған.   Баяндауышы   түсіріліп
ықшамдалған   сөйлемдерге   сызықша   қойылады.   «Көптің   ісі   –   көл»   деген
сөйлемдегі   сызықша   –   бастауыштан   кейін   қойылатын   сызықша.   Бұл
сөйлемнің   бастауышы   да   (көптің   ісі),   баяндауышы   да   (көл)   атау   тұлғада.
Сондықтан бастауыштан кейін сызықша қойылған. 
Сабақ үстінде 4-5 минуттық мұндай грамматикалық ойындар жүргізу –
оқушыларды   сабаққа   қызықтырады,   ынтасын   арттырады.   Оқушылардың
жалықпауына,   ойнай   отырып-ақ   ойлауына   әсер   етеді.   Сөйтіп   теориялық
білімін   тәжірибе   жүзінде   қолдана   білуге   үйретеді.   Сондықтан   тыныс
белгілеріне байланысты көптеген жаттығуларды тиімді пайдаланып отырса,
сөз жоқ, оқушылар білген үстіне біле беретін болады. 
7.   Жаттығудың   бір   түрі   –   диктант.  Бұл   –оқушылардың   көргенін,
естігенін дұрыс жазуға төселдіреді және грамматикадан  үйренген білімін іс
жүзінде қолдана білуге үйретеді. Сондықтан тыныс белгілеріне байланысты
диктант жұмысы жиі жүргізіледі. 
Біз сабақ үстінде жүргізілетін жаттығулардың басты-басты түрлеріне
ғана тоқтадық. Жүргізе берсе жаттығудың түрлері көп. Оларды өз орнында
ұтымды пайдаланса, сөзсіз оқушылардың сабақ үлгіру, сөйтіп сапалы білім
алу   дәрежесін   арттырады.   Бір   сабақтың   үстінде   жаттығудың     бір-ақ   түрін
қолдану   –   оқушыларды   сабаққа   аса   көп   қызықтырмайды,   қайта
жалықтырады.   Сондықтан   сабақ   сайын   жаттығудың   үш-төрт   түрін   –жаңа
түрімен ауыстырып, қызықты етіп өткізіп отыру – оқушылардың ынтасын
арттырып, жаңа сабақты тең меңгеруге, өткенді еске үнемі түсіріп отыруға
баулиды. 
8.   Жаттығу   жұмыстарын   жүргізу   арқылы   оқушыларға   өз   ана
тілінің   грамматикасы   мен   пунктуациясының   ережелерін   жете
меңгертуге, сөйтіп, теориялық білімін  тәжірибеде қолдана білуге  үйретеміз.
Оқушылардың қатесіз жазуы – грамматика мен пунктуацияның ережелерін,
оның заңдарын жете білудің нәтижесі болмақ. 
79

1.   Пунктуациялқ   ережемен   жүргізілетін   жұмыс   мынадай   кезеңге
бөлінеді:
Бірінші кезең-оқушылардың тыныс белгісін (белгілерін) қою не қоймау
жолдарын меңгерту;
Екінші кезең-оқушыларға пунктуациялық ережені қолдануды үйрету. 
Бұл кезеңде мынадай әдістер тиімді болып табылады. 
1. Мұғалімнің сөзі;
2. Оқушылардың өз бетінше пунктуациялық ережені талдау;
3. Ережені түсіндіру;
4. Оқушылардың өз бетінше бақылау материалдарын талдауы. 
Оқушылардың   жаңа   пунктуациялық   норманы   игеру   барысында:
Пунктуациялық-мағыналық бірлік аталады; Тыныс белгінің (белгілерді қою
не қоймау жағдайлары) (орны, бөлектердің грамматикалық және мағыналық
ерекшеліктері) айтылады; Кесте-таблицаны құру арқылы олардың бір-бірімен
байланысты   анықталады;   Тыныс   белгісін   (белгілерді)   таңдау   жағдайлары
графикалық белгілермен (сөйлем сызбасында) көрсетеді.
Пунктуациялық   ережемен   жүргізілетін   жұмыс   элементтері:
Пунктуациялық-мағыналық   бөлікті   атау,  ережеге   енетін   жағдайларды   атау;
Оқулықтан   ережені   оқу   (деңгейі   төмен   сыныпта)   не   оны   өз   бетінше
құрастыру (деңгейі жоғары сыныпта).
Оқушыларға   пунктуациялық   ережені   қолдануды   үйретуде   жүгізіледі:
Айтылған   ой   алгоритімінің   үлгісін   талдау;   Мұғалімнің   жетекшілігімен
өтілген   пунктуациялық   ережені   қолдану;   Оқушылардың   пунктуациялық
ережені өз бетінше қолдануы.
А.В.Текучевтің   пікірінше   пунктуациялық   ережені   математикалық
нақтылықпен пайдалануға болмайды. Өйткені тыныс белгілерді қою көбінесе
тілдің ерекшелігі мен стиліне жазушының бұл сөйлем құрылысында берген
ой   белестерінен,   кейде   жазушының   жазудағы   өзіндік   ерекшеліктеріне
байланысты   болатындығын   ескертеді.   Сондықтан   пунктуация   бойынша
жүргізілетін   сабақтар   тек   грамматикамен   ғана   емес,   сонымен   бірге
стилистикамен, жазушылар тілін зерттеу мен әдеби шығармаларды талдаумен
байланысты болуы керек.
Тұжырымдағанда,   оқушыларды   пунктуациялық   икемділіктерді
қалыптастыруда мынадай бағыттарда жаттығу жүргізіледі:
1. Пунктуациялық ережелер туралы түсінік және олардың түрлерін игерту
арқылы, пунктуациялық жағдаятты таба білу (орфограмманы таба білу);
2.   Мағыналық   бөліктерді   тыныс   белгілерімен   дұрыс   рәсімдеуге
жаттықтыру;
3. Пунктуациялық талдау жүргізе білу. 
2.2 Грамматикалық ережелер негізінде тыныс белгілерді дұрыс
қоюға үйрету
Грамматикалық ереже қолдану тәртібін Я.А.Коменскийге дейін былайша
жүйелейтін еді. Алдымен ереже айтылып, одан кейін мысал  келтіріліп, ең
80

соңында жаттығу жүргізілетін, Я.А.Коменский бұл сызбаға өзгерістер енгізіп,
бірінші орынға мысалдарды, екінші орынға ережені қойды. 
Бұл тәртіп бойынша, оқушылар сол ережеге жаңадан мысал ойланады
немесе   ережені   қалай   қолданудың   жолын   қарастырады.   Мұндай   үдерістер
арқылы тек мысалдар таңдалып қоймай, ережеге бірнеше дүркін қайта оралу
мүмкіндік   туады,   сөйтіп   ережені   саналы   түрде   меңгеру   қолайлы   жағдай
жасалады.   Дидактикалық   бұл   сызба   жүзеге   асыру   оқу   үдерісінде
оқушылардың ереже догматикалық, маханикалық жаттап алудан арылып, т.б.
заңдылығын саналы меңгеруіне жағдай жасайды. 
Я.А.Коменский ереже жөнінде мынадай талаптар қояды:
"І. Әрбір ғылым өте тұжырымды, дәл ереже арқылы берілуі тиіс. 
ІІ. Әрбір ереже қысқа, бірақ өте айқын сөздермен баяндалауы тиіс. 
ІІІ. Әрбір ереже түсінікті болып, оны әр түрлі жолмен пайдалана алатын
болуы үшін көптеген мысалдар берілуі керек [56]. 
Жаңа   материалды   түсіндіру   алдында   оған   әзірлік   жұмыстарын
үйымдастырған   тиімді.   Өтілетін   материалдың   тақырыбын   тақтаға   жазу
әзірлік жұмысының бір түрі болып табылады. Өтілетін материал тақырыбын
тек ауызша айтып қана қою оқушылар зейінін аудара алмайды. Ал егер "Біз
бүгін у әріпінің жазылу емілесін оқимыз. Сендер ұ әрпі і әріпімен ауысьш
жазылатындығына   назар   аударыңдар"   деген   түрде   алдын   ала   ескерту
жасалып отырылса, оқушы бүгінгі сабақ мақсатын түсінетін болады. Сабақты
өтпей тұрғанда, оқушы у мен і әріпінің алмасып жазылатындығына күмән
келтіру мүмкін. Алайда, у мен і үнемі алмаса бермейтіндігін оқушылар есте
үстаулары керек. Санаулы сөздерде ғана сөйлемнің соңғы буынында у әрпі
жазылатындығы жөнінде орфографиялық ережені мұғалім түсіндіріп, сөздер
көрнекті құрал арқылы немесе тақтаға жазылып көрсетіледі. 
Мұғалімнің   жетекші   сұрақтары   арқылы   өтілетін   материалға   лайықты
мысалдарға   талдау  жасата   отырып,   орфографиялық   ережені   оқушылардың
өздеріне   айтқызу   да   грамматикалық   ережені   білгізу   жолындағы   жұмыс
тәсілдерін   тиімді   варианты   болып   саналады.   Мұндай   жұмыс   кезінде
оқулықты пайдалануңа да болады. Оқулықтағы орфографиялық ережені бір
оқушы оқиды да 2-3 оқушы оны қайталап айтып шығады. 
Озат   мұғалімдер   жаңа   материалды   өту   кезінде   грамматикалық
оқулығында   берілген   анықтама   ережелер   мен   түсініктемелерді   кітаптан
оқытып,   оларға   түсіндірмелі   талдау  жасатып   отырады.   Бұл-оқушы   білімнің
үстірт болмай, берік болуына мүкіндік жасайды. Мектеп грамматикасы тілдік
мәселенің тек негізін қалайды. Ғылыми-тәжірибелік дерек береді, ол деректер
тұжырымды баяндалмақ. Тұжырымдалған грамматикалық анықтама ережеде
әдеби тілдің нормасы сақталады, аз сөзбен көпті меңзейді. Міне, сондықтан да
ықшамды   жазылған   тұжырымды   анықтама   ережені   оқушыларға   жаймалай
түсіндіруге тура келеді, тілдің сөйлеу нормасы бойынша, ұғымның қарапайым
баламасы   ұсынылады.   Сөйтіп,   белгілі   грамматикалық   мағлұмат   оқушылар
мұғалімнің түсіндіруі арқылы да, оқулық арқылы да игертіледі. Сондайқтан
оқулықтың білімдік те, тәрбиелік те мәні бар. 
81

Мұғалімнің   мақсаты-белгілі   грамматикалық   категорияға   байланысты
оқулықта   берілген   анықтама   ережені   ғана   білгізіп   қою   емес,   сол   ережеге
сүйене   отырып,   тілдік   материалды   таныту,   соның   төңірегінде   оқушыны
ойланту,  ақыл-ойын   дамыту.  Оқылған   грамматикалық   категорияны   оқушы
тани   білуге,   оны   түрлендіруге,   емлесін   жазу   тәжірибесінде   мүлтіксіз
қолданып отыруға тиіс. Бұл үшін материалды жақсы түсініп, берік меңгертуі
керек.   Мұғалім   түсіндіру   үстінде   оқушылар   назарын   өзіне   аудартады.
Жалықтырмас үшін сұрақ-жауап арқылы оларға әңгімелетеді, сөйтіп сабаққа
оқушылардың   белсенді   қатысуын   қамтамасыз   етеді.   Мұндай   жағдайда
оқушылардың   оқулықпен   өздігінен   жұмыс   жүргізуі   материалды   пысықтау
немесе қайталау түрінде жүзеге асырылады. 
Ереже, әдетте жазуды орфографиялық нормаға түсірудің құралы болып
табылады.   Тіпті   кейде   жеке  бір   сөзді   жазудың   да   өзіндік   ережесі   болады.
Сондайқтан ережелерді меңгерту нәтижесінде қалыптасатын орфографиялық
дағды  да  жинақтық  ұғымға  ие  болады.  Оқушылар белгілі  ереже бойынша
өздері таныс сөздерді ғана дұрыс жазумен шектелмейді, сол орфограммамен
жазылатын өздеріне таныс емес ұқсас сөздерді де қатесіз жазатын болады. 
Жинақтық дағды қалыптастыру ушін әр түрлі лексикалық, синтаксистік
материалдарға   негізделген   жаттығу   жұмыстары   жүргізілуі   тиіс.   Нақтылы
материалдарға   жаттыға   отырып,   дерексіздендіру   (абстракциялау)   үдерісі
жүзеге   асырылады.   Жинақталған   дағды   қалыптастыруда   сөздік
материалдарды вариациялау да шешуші рөл атқарады. Бір вариантты ереже
белгілі   фонетикалық   немесе   грамматикалық   жағдаяттардың   жазылуын   бір
түрде ғана сипаттаса, көп вариантты ереже олардың жазылуын кемінде екі
жолмен көрсетеді. 
Қорыта келгенде, ереже-білім негізгі. Сондықтан оқушылардың саутты
жазу   дағдысын   қалыптастыру   үшін   мектептеп   қазақ   тілінің   теориялық
оқытылу жүйесі жаттығуларымен байланысты ұйымдастырылады. 
Сондықтан   жаттығу   көбінесе   ереже   негізінде   жүргізіледі.   Ол   үшін
оқушылар тілдік материалдардың ерекшеліктерін анықтама, ереже түрінде,
немесе анықтама, ереже сияқты қорытынды пікірді игеру керек. Ал жаттығу
сол пікірлерге сай мысал ойлаудан бастап, дәлелдеуге орай күрделене бермек.
Мысалы. 
1-жаттығу.   Берілген   сөйлем   мен   пунктуациялық   ережелерді
сәйкестендіріңіз. 
Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет