Жаратылыстану І нұсқа Зерттеу жүргізудің тәсілдерін анықта



Дата11.10.2022
өлшемі22,23 Kb.
#42416

Жаратылыстану
І нұсқа
1.Зерттеу жүргізудің тәсілдерін анықта.
а) бақылау,эксперимент
ә) бақылау ,болжау,тәсіл
б)эксперимент,тәсіл,зерттеу


2.Өсімдіктің оттек бөлу әрі қоректік зат өндіру процесі
а) хлоропласт
ә) фотосинтез
б) хлорофилл


3.Көлеңкеге төзімді өсімдіктерді тап.
а)қайың,қызғалдақ
ә)шырша,шайқурай
б)мақта,күріш


4.Жасанды бірлестік қатарын тап
а) орман,тоғай,суқойма,бақша
ә) егіс,бақша,бақ,саябақ
б) орман,суқойма,шөл,дала


5.Өз қорегін өзі өндіретін тірі ағза
а)жануар
ә) қоян
б)өсімдік


6.“Қызыл кітап” Қазақстанда алғаш рет қай жылы басылып шықты?
а) 1991жылы
ә) 1987 жылы
б) 1978 жылы


7. Омыртқасыз жануарлар қатарын тап
а) медуза,акула,құмырсқа
ә) құрт,шегіртке,ұлу
б) көбелек,құмырсқа,бұғы


8. Ас қорыту мүшелерін ретімен орналастырыңыз:
а) ауыз қуысы, асқазан, ашішек, тоқішек, жұтқыншақ, өңеш;
ә) ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ашішек, тоқішек;
б) жұтқыншақ, өңеш, ауыз қуысы, асқазан, ашішек, тоқішек.
9.Адам өкпесінің көлемі қанша литр? а) 1-2 литр ә)3-4 литр б)3-5 литр 10. Қанайналым жүйесі қандай мүшелерден тұрады? а) көмекей, кеңірдек, кеңірдек тарамдары, өкпе;
ә) ми, жұлын, жүйке; б) жүрек, көктамыр, күретамыр;


11.Топырақ дегеніміз -...
а) Жер бетінің кез-келген қабаты
ә) құм,тас пен судың қоспасы
б) жердің үстіңгі құнарлы қабаты
12.Жердің өз осінен бір айналып шығуына кететін уақыт
а)Жыл
ә)Ай
б)тәулік


13.Қандай да бір дененің басқа бір дененің бетімен қозғалуына кедергі келтіретін күш
а)серпімділік күші
ә )ауырлық күші
б) үйкеліс күші


14.Көлдер мен өзен суларының ластану себебін көрсет:
а) суды өндірісте пайдалану,қоқыс тастау
ә)суды тұрмыста пайдалану;малдарды суғару
б) зауыт пен фабрикалардан сарқынды суларды ағызу, фермалардан зиянды қалдықтардың ағызу;


15.Дыбыс қаттылығының өлшембірлігі
а)децибел
ә) гипотеза
б)инфографика


Жаратылыстану
ІІ нұсқа
1. Өсімдіктегі пигмент деп аталатын бояғыш зат?
а) хлорофилл
ә) хлоропласт
б) фотосинтез


2.Табиғи бірлестік қатарын тап
а) орман,тоғай,суқойма,бақша
ә) орман,тоғай, суқойма,шөл,дала
б) егіс,бақша,бақ,саябақ


3.Омыртқалы жануарлар қатарын тап
а) жылқы,жұлдызқұрт,балық
ә) жылқы,көбелек,құмырсқа
б) жылқы,қоян,сауысқан


4.Сүтқоректілер қатарын тап
а) арыстан,түлкі,балық,кит
ә) барыс,қасқыр, қоңыз,кит
б) сиыр,түлкі,кит,қой


5.Қоңыз, көбелек, шыбын қандай топқа жатады?
а) бунақденелілер
ә) сүтқоректілер
б) жыртқыштар


6.Оттекке қаныққан қанды тасымалдайтын тамыр.
а) күретамыр
ә) қылтамыр
б) көктамыр


7.Таза ауа өкпеге нелер арқылы өтеді?
а)тіл, ауыз, көмей, мұрын қуысы, өкпе
ә) мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, өкпе
б)мұрын қуысы, ауыз, кеңірдек, өкпе


8.Ағзасының түрлі инфекциядан қорғану қабілеті? а) иммунитет
ә) микробтар
б) вакцина


9. Қанайналым жүйесінің негізгі мүшесі.
а) өкпе
ә) күретамыр
б) жүрек
10.Ағзадағы қан тұйық шеңбер бойымен қозғалатынын дәлелдеген кім?
а) Уильм Горвей
ә)Шоқан Уәлиханов
б)Фернан Магеллан


11.Ересек адамның тамыры минутына неше рет соғады?
а) 1 минутта 40-50 рет соғады
ә) 1 минутта 120-130 рет соғады
б) 1 минутта 60-80 рет соғады


12.Жердің денелерді өзіне тарту күші
а) серпімділік күші
ә) үйкеліс күші
б) ауырлық күші


13.Жердің тіршілік қабаты
а) литосфера
ә)биосфера
б)атмосфера


14. Ауаның қасиеттерін тап
а) түсі бар , көзбен көреміз, ұстай алмаймыз
ә) жеңіл, газ тәрізді, тыныс алу үшін қажет
б) иісі болмайды ,түсі болмайды ,мөлдір


15.Селекция ғылымы нені зерттейді?
а)Өсімдіктердің жаңа сорттарын алу жолын
ә)Өсімдік пен жануар қалдығынын бұзылуын
б)Бір жерде өсетін өсімдіктер тобын

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет