Жаратылыстану және география институтының директоры К. Д. Каймулдинова



жүктеу 0.59 Mb.
Pdf просмотр
бет1/3
Дата15.03.2017
өлшемі0.59 Mb.
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 

 



 

 

 



Жаратылыстану және география 

институтының директоры 

____________К.Д.Каймулдинова 

«_____» _____________201

6 ж

 

 



 

 

 

6M011600 – география мамандығы 

 бойынша қабылдау емтиханның 

БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2016 

 

Бағдарламаны құрастырушылар: г.ғ.д., профессор Каймулдинова К.Д. 

г.ғ.к., аға оқытушы Боранқұлова Д.М.  

г.ғ.д., профессор Абдиманапов Б.Ш. 

 

Елтану және туризм кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды:№ ___ хаттама, 



«___» ___________ 2016 ж. 

 

Кафедра меңгерушісі: 



___________ 

Каймулдинова К.Д. 

 

ЖГИ директорының оқу ісі жөніндегі 



орынбасары 

 

___________ 



 

Мукатаева Ж.С. 



 

 

Бағдарлама  Жаратылыстану  және  география  институтының  Ғылыми  Кеңесінің 

отырысында мәжілісінде талқыланды. 

«___»____2016 ж., хаттама №____ 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚАБЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ 

 

Жер  –  Күн  жүйесіндегі  планета  ретінде.  Жердің  айналуы  мен  оның 

салдарлары.Күн жүйесіндегі өзге планеталар ішіндегі Жердің орны. Күннен қашықтығы. 

Пішіні  мен  өлшемдері.  Жер  қозғалыстары.  Орбиталық  және  осьтік  қозғалыс.  Күн  мен 

түннің ауысуы, жыл мезгілдерінің ауысуы. Теңесу күндері.  

Жердің құрылымы, құрамы, геологиялық дамуы жайында қазіргі көзқарастар. 

Литосфералың  плиталардың  тектоникасы  жайындағы  концепцияның  негізгі 

жағдайлары.Жердің  жасы,  Жер  құрылымы:  ядро,  мантия,  жер  қыртысы.  Жер 

қыртысының  құрамы:  Магмалық,  шөгінді,  метаморфтық  тау  жыныстары.  Жер 

қыртысының  құрылымы:  материктік  және  мұхиттық  жер  қыртысы.  А.Вегенердің 

«материктер дрейфі гипотезасы». Қазіргі Жер бетінің қалыптасуы. 



Жер бедерінің қалыптасуындағы тектоникалық процестердің рөлі. Неотектоника 

туралы  түсінік.Жер  бедерін  қалыптастыратын  ішкі  күштер,  олардың  әрқайсысының 

ықпалы.  Тектоникалық  процестердің  сипаты.  Неотектоника  –  жаңа  тектоникалық 

қозғалыстар.  Неотектоникалық  қозғалыстардың  сипаты  (көтерілу,  төмен  түсу  және  т.б.) 

және қарқындылығы.  



Жер  бедерін  қалыптастырушы  эндогендік  және  экзогендік  факторлар.Жер 

бедерін  қалыптастырушы  эндогенді  факторлары:  Тектоникалық  қозғалыстар:  жер 

қыртысындағы  қатпарлы,  жарықшақты,  тік  және  тербелмелі  қозғалыстар.  Жер 

қыртысындағы  неотектоникалық  қозғалыстардың  жер  бедерін  қалыптастырудағы  рөлі. 

Магматизм  және  жер  бедері.  Жер  сілкінудің  жер  бедерін  қалыптастырудағы  орны.Жер 

бедерін  қалыптастырушы  экзогендік  факторлары:  химиялық,  физикалық  және 

органикалық  үгілу.  Флювийлік  процестер  мен  оның  түрлері.  Карст,  карстық  бедер 

пішіндері  .  Гляциалдық  процестер.  Мәңгі  тоң  аймағындағы  жер  бедері,  аридтік 

аймақтардағы бедер пішіндері.Теңіздің жағалық процестері. 

Жер планетасы. Пішіні және өлшемі. Жердің ішкі құрылысы.Жердің пішіні. Геоид 

туралы  түсінік.  Жердің  өлшемдері  (экватор  ұзындығы,  радиус  өлшемдері).  Ішкі 

құрылысы: ядро, мантия. Жер магнетизмі. 

Жер  қыртысының  даму  кезеңдері.  Геохронологиялық  кесте.Жердің  Архейлік 

кезеңдегі дамуы. Жердің  протерозойлық кезеңдегі дамуы. Жердің палеозойлық  кезеңдегі 

дамуы.  Жердің  мезозойлық  кезеңдегі  дамуы.  Жердің    кайнозойлық  кезеңдегі  дамуы. 

Абсолюттік  және  салыстырмалы  жасты  анықтау  әдістері.  Геохронология  кесте  туралы 

түсінік.  Стратиграфия  ұғымы.  Абсолюттік  және  салыстырмалы  геохронология.  Зерттеу 

әдістері.  Геохронологиялық  кесте.  Стратиграфиялық  негізгі  бөлімдер.  Жердің  және  жер 

қыртысының жасын анықтау. 

Минералдар  және  тау  жыныстары.  Тау  жыныстарының  жіктелуі.Жер 

қыртысының  минералогиялық  құрамы.  Минералдар.  Минералдардың  физикалық 

қасиеттері. 

Моосшкаласы. 

Минералдардың 

шығу 


тегі. 

Минералдардың 

жіктелуі.Таужыныстары және олардың шығу тегіне қарай  жіктелуі 

Климат 

қалыптастырушы 

факторлар 

(күн 

радиациясы, 

атмосфера 

циркуляциясы,  жер  бедері,  мұхиттардың  алыс  және  қашықтығы,  төсеніш  беттің 

сипаты).  Күн  радиациясы:  тура,  шашыранды  және  жиынтық  радияция;  Оның    Күн 

сәулесінің  түсу  бұрышына  тәуелділігі.  Циклон,  антициклон.  Қысым  белдеулері.  Жер 

бедерінің климатқа әсері, климаттық «барьерлер». Мұхит ағыстарының климатқа әсері. 

Атмосфера. 

Құрамы 

және 

құрылысы. 

Атмосфераны 

қорғау 

проблемалары.Жер атмосферасы жайлы жалпы мәліметтер. Атмосфераның құрамы мен 

құрылысы. Атмосфераның маңызы және оны қорғау. 



Жер  климаты.  Б.П.  Алисов  бойынша  климаттық  белдеулер.  Негізгі 

сипаттамалары.Жер шарының климаттық аудандастырылуына негіз болған принциптер. 

Климаттық  белдеулер.  Негізгі  және  өтпелі  климаттық  белдеулер.  Жер  шарындағы  кең 

таралған климат типтері. 


Жер  бетінде  атмосфералық  қысымның  таралуы  және  желдердің  басым 

бағыттары.Атмосфералық  қысым,  өлшеу  бірліктері,  жер  бетінде  вертикалды  және 

көлденең  бағытта  таралу  заңдылықтары.  Жоғары  және  төмен  қысымды  орталықтар.  Ауа 

массаларының қозғалу себептері. Желдердің басым бағыттары және олардың маусымдық 

өзгерістері. 



Адамның  шаруашылық  әрекеті  нәтижесінде  табиғаттың  өзгеруі.Адамның 

шаруашылық  әрекеті  кері  ықпалын  тигізген  аудандарды  анықтау.  Антропогендік  және 

мәдени ландшафт.  

Климаттың қазіргі ғаламдық мәселелері.Климаттың жаппай жылынуы, оған әсер 

ететін факторлар. «Жылыжай» (парник) эффектісі. Мұздықтардың еруі. 



Дүниежүзілік  Мұхит  сулары,  оның  қасиеті.  Негізгі  ағыстары  мен  олардың 

маңызы.  Мұхитты  қорғау  мәселелері.Дүниежүзілік  мұхит  –  географиялық  қабықтың 

біртұтас  табиғат  объектісі.  Морфометриялық  көрсеткіштері.  Оның  бөліктері.  Мұхит  суы 

тұздылығы. Су температурасы. Мұхиттағы су қозғалыстары. Толқындар. Ағыстар: жылы, 

суық.  Пассаттық  ағыстар,  Батыс  желдер  ағысы.  Мұхиттағы  ағыстар  циркуляциясы. 

Мұхитты қорғау мәселелері. 

Жер шарындағы су айналымы, оның негізгі бөліктері мен маңызы. Үлкен және 

кіші су айналымдары. Айналым бөліктері. Беткі ағын, оның су айналымындағы маңызы. 



Гидросфера,  оның  негізгі  бөліктері.  Гидросфераны  қорғау  проблемалар. 

Гидросфра.  Гидросфера  құрылысы,  қасиеттері.  Үлкен  және  кіші  су  айналымы. 

Дүниежүзілік  мұхит  суы,  оның  қасиеттері,  табиғат  ресурстары.  Дүниежүзілік  мұхит 

суларын қорғау проблемалары. 



Су  ресурстары.  Жер  бетіндегі  тұщы  су  проблемасы.Тұщы  су  ресурсы.  Оның 

таралу ерекшелігі. Тұщы судың ластануы және оны қорғау проблемалары. 



Құрлық  суы.  Су  ресурстары.  Жер  шарындағы  тұщы  су  проблемасы.Жер 

шарындағы тұщы су проблемаласы.Өзендер. Жер асты сулары. Өзендердің қоректенуі 

және су режимі. Көлдер. Батпақтар. Мұздықтар. Су ресурстары. Тұщы су проблемасы тән 

аймақтар.   

Биосфера,  оның  Жер  дамуындағы  маңызы.Биосфера  туралы  түсінік. 

В.И.Вернадскийдің биосфера жайындағы ілімі.  «Ноосфера»  ұғымы. Биосфераның жалпы 

географиялық заңдылықтары.  

Топырақ  жамылғысы.  В.В.  Докучаевтың  топырақ  жайындағы  ілімі.  Топырақ 

түзуші  факторлар.Топырақ  анықтамасы,  оның  құрамы,  құнарлылығы.  Топырақ 

түзілуіндегі  таужыныстарының,  жер  бедері,  климат,  су,  микроорганизмдер,  өсімдік, 

жануарлардың  ролі.  Топырақ  құрылымы,  профилі,  механикалық  құрамы.  Топырақ 

типтері. Жер бетінде топырақ типтерінің таралуы. 



Дүние  жүзінің  географиялық  белдеулері  мен  зоналары.  Зоналылықты 

анықтаушы 

факторлар. 

Зоналар 

арасындағы 

негізгі 

ландшафттық 

айырмашылықтар.Географиялық  белдеулер  ұғымы.  Табиғат  зоналары.Зоналылықты 

анықтаушы факторлар. Зоналарға қысқаша сипаттама.  



Географиялық 

қабық. 

Құрамы 

мен 

құрылымы. 

Негізгі 

заңдылықтары.Географиялық  қабық  туралы  түсінік.  Құрамдас  бөліктері  мен 

компоненттері.  Олардың  арасындағы  өзара  байланыс.  Географиялық  қабық 

заңдылықтары: біртұтастық, зоналылық, ырғақтылық, энергия және зат алмасу. 

Географиялық  қабықтың  жалпы  даму  заңдылықтары.Географиялық  қабық 

туралы  түсінік.  Құрамдас  бөліктері  мен  компоненттері.  Олардың  арасындағы  өзара 

байланыс.  Географиялық  қабық  заңдылықтары:  біртұтастық,  зоналылық,  ырғақтылық, 

энергия және зат алмасу. 



Қазіргі  географияныңғылымдар  жүйесіндегі  орны.  География  және  оның 

салалары.Географияның басқа ғылымдармен байланысы. Жаңа зерттеу әдістері. 



Географиялық карталардың мазмұны мен ерекшеліктері,  оларың ғылыми және 

қолданбалы мәні. Карталардың жіктелуі. Географиялық атластар. 



Картографиялық  проекциялар  және  олардың  түрлері.Картографиялық  проеция 

жасау  жолдары.  Азимуттық  проекция  және  олардыің  түрлері.  Конустық  проекция  және 



оның  түрлері.  Цилиндрлік  проекция  және  оның  жасалу  жолдары.  Поликонустық, 

псевдоазимуттық, псевдоконустық, псевдоцилиндрлік проекция түрлері. 



Картаның математикалық негіздері.географиялық ендік және бойлық.Масштаб 

және  оның  түрлері.  Сандық  масштаб,  атаулы  масштаб,  сызықтық  масштаб,  көлденең 

масштаб,  ірі,  орта,  ұсақ  масштаб  түрлері.  Географиялық  координаталар  туралы  түсінік. 

Географиялық ендік және географиялық бойлық ұғымдары. 



Ландшафтар туралы ілімі. Ландшафттардың марфологиясы жіктелуі. 

География  ғылымының  негізгі  даму  кезеңдері.  Антик  дәуіріндегі  сипаттаушы 

география. Орта ғасырлардағы саяхаттар. Карта жасау. Экспедициялық зерттеулер. Қазіргі 

заманғы география. 

 

МАТЕРИКТЕР МЕН МҰХИТТАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫ 



 

Шетелдік  Еуропа  физикалық-географиялық  сипаттама.Географиялық  орны. 

Табиғатының  басты  белгілері.Шетелдік  Еуропаның  негізін  құрайтын  ежелгі 

платформалар.  Қатпарлы  құрылымдар.  Гипсометриялық  және  орографиялық  басты 

белгілері  мен  көрсеткіштері.  Сыртқы  күш  әсерінен  қалыптасқан  жер  бедері 

пішіндер.Климаттық  жағдайы.  Атлант  мұхиты  жағалауы,  қоңыржай  және  субтропиктік 

белдеулердегі  климаттық  ерекшеліктері.  Белдеулер  бойынша  климаттың  ішкі 

айырмашылықтары.Ішкі  сулары.  Алтант  мұхиты  алаптарының  өзен  жүйелері.  Басты  су 

айрықтар.Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінің қалыптасуы мен таралу 

ерекшелігі. Физикалық-географиялық аудандастырылуы. Ішкі табиғат айырмашылығы. 

Шетелдік  Азияға  физикалық-географиялық  сипаттама.  Географиялық  орны. 

Табиғатының басты белгілері.Шетелдік Азияның негізін құрайтын ежелгі платформалар. 

Қатпарлы  құрылымдар;  Гипсометриялық  және  орографиялық  басты  белгілері  мен 

көрсеткіштері.  Сыртқы  күш  әсерінен  қалыптасқан  жер  бедері  пішіндер.Климаттық 

жағдайы.  Субтропиктік    және  субэкваторлық,  экваторлық    белдеулердегі  климаттық 

ерекшеліктері.  Белдеулер  бойынша  климаттың  ішкі  айырмашылықтары.Ішкі  сулары. 

Тынық мұхиты, Атлант мұхиты алаптарының өзен жүйелері, басты су айрықтар.Топырақ-

өсімдік  жамылғысы  мен  жануарлар  дүниесінің  қалыптасуы  мен  таралу  ерекшелігі. 

Субтропиктер, 

тропиктік-экваторлық 

белдеулер 

деңгейіндегі 

зоналар 

жиынтығы.Физикалық-географиялық аудандастырылуы. Ішкі табиғат айырмашылығы.   



Солтүстік Америкаға физикалық-географиялық сипаттама. Табиғатының басты 

белгілері.  Материктің  қалыптасуы  мен  табиғатының  даму  кезеңдері.  Солтүстік  Америка 

платформасы  мн  геосинклиналдық  белдеулердің  пайда  болуы.  Кордильердегі 

оротектоникалық белдеулер. Жамылғы және таулық мұз басу кезеңдері. Гипсометриялық 

және  орографиялық  көрсеткіштері.Солтүстік  Американың  климаттық  жағдайы 

(Еуразиядан  басты  айырмашылығы).  Ауа  алмасуының  меридиандық  бағыты.  Ауа 

температурасы,  қысым  мен  басым  желдер,  жауын-шашынның  жыл  мезгілдеріне  сәйкес 

таралу  заңдылығы.  Ураган,  торнадо  құбылыстары.  Климаттық  белдеулер.Солтүстік 

Американың  ішкі  сулары.  Өзен  торларының орналасуы.  Алаптар.Солтүстік  Американың 

Еуразиямен  және  Оңтүстік  Америкамен  құрлықтық  байланысы,  ол  байланыстардың 

тіршілік  дүниесі  құрамына  әсер.  Материк  ішіндегі  зоналар  жиынтығы.  Реликт  және 

эндемик  өсімдіктер  мен  жануарлар.Физикалық-географиялық  аудандастырылуы,  ішкі 

табиғат айырмашылықтары. 

Оңтүстік  Американың  физикалық-географиялық  сипаттамасы.  Табиғатының 

жалпы  ерекшеліктері.  Гондваналық  Оңтүстік  америка  ежелгі  платформасының  дамуы. 

Анд  қатпарлы  белдеуінің  дамуы.  Материк  жер  бедерінің  айқын  екі  бөлікке  жазық-

платформалық  және  батыстағы  Анд  қатпарлы  белдеуіне  бөлінуі,  оларға  сәйкес  келетін 

жер  бедері  пішіндері.Климаттық  аудандастыру.  Биік  таулық  және  Атлант  мұхит 

жағалауындағы 

жазық 

жер 


климаты. 

Белдеулер 

ішіндегі 

климаттық 

айырмашылықтар.Гидрографиялық  тордың  таралу  ерекшелігі.  Амазонка  өзен  жүйесіне 

сипаттама.  Қазіргі  мұз  басу  аудандары.Топырақ-өсімдік  жамылғысы  мен  жануарлар 

дүниесінің  белдеулер  бойынша  таралуы.  Экватрлық  және  тропиктік  белдеулердегі  мәңгі 


жасыл  ылғалды  ормандар  (гилея).  Саванналар  мен  тропиктік  сирек  ормандар.  Солтүстік 

(льянос)  және  оңтүстік  жарты  шар  (кампос)  саванналары  арасындағы  айырмашылықтар. 

Тропиктік  және  субтропиктік  белдеулердегі  шөлдер  мен  шөлейттер,  жағалық  шөлдер, 

пампа. Анд тауындағы биіктік белдеулік. 



Африканың  физикалық-географиялық  сипаттамасы.Материк  табиғатының 

жалпы  ерекшеліктері.  Гондваналық  африка-Арабия  ежелгі  платформасының  дамуы. 

Африка шегіндегі альпілік қатпарлы аймақ. Шығыс Африка грабендер жүйесінің түзілуі. 

Материктің  жағалық  пішіндегі  өзгерістер.  Жер  бедерінің  негізгі  ерекшеліктері.Африка 

климатының  өзіне  тән  ерекшеліктері.  Экватордың  екі  жағындағы  орны  мен  Еуразия 

материгімен  көршілес  орналасуының  климаттық  жағдайға  тигізетін  әсері.  Африканың 

климаттық  белдеулері.Экваторлық  субэкваторлық,  тропиктік  және  субтропиктік  

климаттық  белдеулер.  Агроклиматтық  ресурстар.Ішкі  сулардың  материк  бойынша 

таралуының  әркелкілігі.  Ағынның  жауын-шашын  мөлшері  мен  жер  бедеріне  тәуелділігі. 

Беткі  ағын  болмайтын  аудандар,  оның  себебі.  Уәдилер.  Нл  өзені.  Шығыс  африка 

көлдері.Африкадағы  тіршілік  дүниесінің  өзіне  тән  басты  белгілері.  Голарктикалық, 

Палеотропиктік  өсімдіктер  дүниесі.  Мадагаскар  аралы  мен  Кап  флорасының 

ерекшеліктері. 

Солтүстік  Мұзды  Мұхитқа  физикалық-географиялық  сипаттама.  Физикалық-

географиялық  орны,  табиғатының  басты  ерекшелігі,  мұхит  түбінің  жер  бедері,  климаты, 

ағыстары, органикалық дүниесі, табиғат ресурстары. 

Аустралияға физикалық-географиялық сипаттама. Аустралия – Жер шарындағы 

ең кіші материк. Табиғатының басты белгілері. Матриктің қалыптасуы мен табиғатының 

даму  кезеңдері.  Табиғат  ресурстары.  Климаттық  жағдайы  мен  ішкі  климаттық 

айырмашылықтары.  Климаттық  белдеулері  ме  климат  типтері.  Органикалық    дүниесінің 

құрамы. Эндемик жануарлар. 

Мұхиттық  аралдар,  физикалық-географиялық  сипаттамасы.«Мұхит  аралдары» 

ұғымы.  Тынық  мұхитының  орталық  және  батыс  бөлігіндегі  географиялық  орны.  Тынық 

мұхит  табаны  құрылымы  мен  байланысы.  Аралдардың  генетикалық  типтері.  Климаттық 

және  табиғат  жағдайларындағы  орталық  пен  ерекшеліктері.  Аралдардың  пайдалы  және 

мәдени  өсімдіктері.  Мұхит  аралдарының  физикалық-географиялық  аудандастырылуы. 

Полинезия, Микронезия, Меланезия және Жаңа Зеландия. 



Антарктида 

және 

Антарктика. 

Физикалық-географиялық 

сипаттама.Антарктика  және  Антарктида  ұғымдары.  Табиғатының  басты  ерекшеліктері. 

Тасты  және  Мұзды  Антарктида.  Антарктиданың  қазіргі  зерттелуі.  Халықаралық 

геофизикалық жыл деңгейіндегі зерттеулер. Климаты мен органикалық дүниесі. 

 

ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫ 

 

ТМД  аумағының  геологиялық  және  тектоникалық  құрылымы.Кембрийге 

дейінгі  қалыптасқан  ежелгі  платформалар.  Палеозой  қатпарлықтары.  Эпигерциндік 

платформалар.  Мезозой  қатпарлығы.  Кайнозой  қатпарлықтары.ТМД  аумағында 

антропоген дәуірінде болған негізгі оқиғалар. 



Орта  Сібірдің  физикалық-географиялық  сипаттамасы.  Географиялық  орны. 

Географиялық  құрылысы.  Сібір  платформасы.  Жер  бедері.  Климаты.  Ішкі  сулары. 

Тоңдану. Табиғат зоналары. Табиғат ресурстары. 

Дүние  жүзінің  және  ТМД  лдерінің  салыстырмалы  түрде  отын-энергетика 

кешеніне сипаттамасы.Отын-энергетика кешені туралы түсінік.Дүние жүзінің және ТМД 

елдерінің  отын-энергетика  кешенінің  жағдайы.  Отын  және  энергетика  ресурстарының 

түрлері. ТМД және дүние жүзі бойынша көмірдің, газдың, мұнайдың, уранның сақталған 

қоры.  Аудандарда  өндірілетін  отын-энергетика  кешеніне  экономикалық-географиялық 

баға  беру.  Электр  жүйелері,  электр  станцияларының  түрлері,  электр  энергетикасын 

орналастыру географиясы, ТМД энергетикалық жүйелер мен басты мәселелері.  



Халықаралық  экономикалық  байланыстар:  халықаралық  туризм  және 

капиталды тасымалдау, сыртқы сауда, кредит беру мен қызмет көрсету.Халықаралық 

экономикалық  байланыстың  түрлері.  Дамушы  және  дамыған  елдер  арасындағы  сыртқы 

экономикалық  байланыс. Халықаралық  туризмнің дүние жүзілік шаруашылықтағы сауда 

экономикалық байланыс ретінде. Сауда, сауда түрлері және халықаралық жүк тасымалдау. 

Дамыған  елдер,  ТМД,  Батыс  Еуропадан  т.б.  елдерден  шыққан  негізгі  капитал  ағымын 

орналастыру. Халықаралық ұйымдар және кредит беретін мемлекеттер. 

Экономиканың  дамуындағы  көліктің  маңызы  мен  ерекшелігі.  Көлік  түрі. 

Олардың қазіргі  замандағы даму ерекшеліктері мен даму қарқыны. Сыртқы  көлік 

магистралдары.Шаруашылық  қалыптасуы  мен  дамуындағы  көлік  магистралдарының 

ерекшеліктері. Көлік түрлері мен орналасу ерекшеліктері. Қазіргі көлік жолдары. Жетекші 

жолдары мен магистралдары. Құбыр, автомобиль және темір жолдарының жобалары. Бір 

жүйелі көлік-коммуникациялық кешенін жасау. 



ТМД  негізгі  шаруашылық  құрылымы.  ТМД  негізгі  шаруашылықтың  даму 

салалары  мен  оның  дамудағы  қиындықтары.  Өндірістік  және  ауыл  шаруашылығы 

салалары  және  даму  деңгейі.  Нарықтық  жағдайдағы  шаруашылықтың  жаңа  салалар, 

шаруашылық  салаларының  құрылымдық  өзгерістері.  Өндіріс  күштерінің  заңдылықтары, 

принциптері  мен  факторлары.    Шаруашылықтың  комплексті-салалы  секторлары. 

Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп салалары.  

ТМД елдерінің саяси, экономикалық, саяси байланыстарының даму мәселелері 

мен  болашағы.  ТМД  экономикалық-әлеуметтік  мәселелер.  Жаңа  сыртқы  экономикалық 

байланыстарының саяси аспектілері мен нарықтық шаруашылықтағы байланыстар, ортақ 

жасалынып  жатқан  жұмыстар.    Халықаралық  ұйымдар  мен  ТМД  елдері  арасындағы 

маңызы.   



ТМД елдерінің металлургиялық кешені: металлургияның салалық құрылымы 

және оның дамуы.  Металлургиялық базалар.Металлургиялық  комплекс кешені.  Түсті 

және  қара  металлургия  салалары  және  даму  деңгейі  мен  шығу  тарихы.  Негізгі 

металлургиялық  базалар.  Кен  түрлері  мен  сақталған  қорлары.  Өндіріс  орындары  мен 

негізгі өндідру орталықтары.  



ТМД  елдеріндегі  негізгі  географиялық  даму  ерекшеліктері  мен  өндіріс 

орындарының  орналасу  ерекшеліктері.  Өндіріс  орындарын  орналастыру  және  даму 

факторлары.  Ауыл  шаруашылығы  мен  өндірістік  орындар  арасындағы  халықаралық 

байланыс. Өндіріс салаларындағы мәселелер.  

ТМД  елдері  халықтар  географиясы.  Халықтар  географиясына  жалпы  сипаттама 

(саны, шынайы өсу, құрылымы, құрамы).  Өсу мен орналасуға әсер етуші факторлар және 

халық саны, тығыздығы. ТМД қалалары мен ерекшеліктері. Халықтың сыртқы және ішкі 

миграциясы.  ТМД  демографиялық  мәселелері.  Халықтың  саны,  өсуі,  жыныс-жастық 

құрамы. Аумақ бойынша халықтар орналасуының ерекшеліктері.  


Каталог: docs -> postupaushim -> ins geografii
ins geografii -> Жаратылыстану және география институты кеңесінде бекітілді
postupaushim -> Оқу жылының мамандық бойынша докторантураға қабылдау емтихан
ins geografii -> Абай атындағЫ Қазақ Ұлттық педагогикалық
ins geografii -> Бағдарламасы Құрастырушылар: Ботаника және жалпы биология кафедрасының
postupaushim -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
ins geografii -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
ins geografii -> Жаратылыстану және география институтының директоры К. Д. Каймулдинова


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет