Жаратылыстану және география институтының директоры К. Д. Каймулдинова



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата15.03.2017
өлшемі0,59 Mb.
#9948
1   2   3

География сабағы 

Сабақ-географияны  оқытудың  негiзгi  формасы.  Оқу  жұмыстарын  жоспарлау. 

Жоспарлау  түрлерi.  Оқушылардың  өз  беттерiнше  жұмыс  iстеуi  мен  творчестволық 

белсендiлiгiн  дамытуда  тақырыптық  жоспарлаудың  ролi;  тақырыптық  және  күнделiктi 

сабақ  жоспарларының  өзара  байланысы,  күнделiктi  сабақ  жоспарында  оқытушы  мен 

оқушылар  арасындағы  байланыстың  бейнеленуi.  Оқытушының  сабаққа  даярлануы. 

Сабақтың  мақсаты  мен  мазмұнын  анықтау;  оқыту  әдістері  мен  құралдарын  таңдап  алу. 

География сабағында оқыту процесiн оптимизациялаудың негiзгi жолдары. 

География  сабағының  сипаты.  Оқушылардың  бiлiмi  мен  iскерлiгiн  тексеру,  оның 

бақылаушылық  және  бiлiм  беру  қызметi.  Тексерудiң  мазмұны.  Оқушылардың  өз 

беттерiнше  таным  әрекетi  деңгейлерiне  байланысты  тексеру  сұрақтары  мен 

тапсырмалардың  әр  түрлi  дәрежеде  болуы.  Бiлiм  мен  iскерлiктi  тексерудi  ұйымдастыру 

формалары (жекелей, жалпылай, тығыздалған сұрақтар). Тексеру формаларын таңдаудың 

мазмұнға,  жас  ерекшелiкке  және  оқушылардың  бiлiмi  мен  iскерлiгi  қалыптасуына 

байланыстылығы.  Ауызша,  жазбаша  және  графикалық  тексерулердi  пайдалану. 

Тапсырмалардың  түрлерi:  толық  жауап  берудi  талап  ететiн  сұрақтар  мен  тапсырмалар, 

құрылымдық,  сауалнамалар.  Бiлiм  мен  iскерлiктi  тексеру  процесiнде  оқушылардың 

белсендiлiгiн арттыру әдiстерi (рецензиялау,түсiнiк беру т.б). 

Жаңа  материалды  оқып  -  үйрену.  Мектеп  географиясы  мазмұнының  теориялық  

дәрежесi  артуы  мен  байланысты  жаңа  материалды  оқып-үйренуге  қойылатын  талаптар. 

Оқушылардың  жаңа  бiлiмдердi  қабылдауға  даярлығы  (жаңа  оқу  материалын  бұрын 

өтiлгендермен  байланыстыра  бiлу,  проблемалық  ситуациялар  жасау,  географиялық  бiлiм 

мен iскерлiктiң практикалық маңызын ашу т.б). Оқып-үйренетiн материалды мағанасына 

қарай бөлшектерге бөлу, олардың әрқайсысынан танымдық тапсырмалар түзу. Бiлiм мен 

iскерлiктi  қалыптастырудың  әртүрлi  кезеңiнде  оқушылардың  белсендiлiгiн  арттыру 

әдiстерi:  қабылдау,  мәнiн  түсiну,  ойда  сақтау,  талдап  қорыту  және  жүйеге  келтiру, 

практикада қолдану. Жаңа материалды оқып-үйренуде проблема қою. 

Бiлiм мен iскерлiктi бекiту. Бiлiмдi “үлгi бойынша” және творчестволық қолдануды 

талап ететiн сұрақтар мен тапсырмаларды пайдалану. 

Үйге  тапсырма  беру;  оның  маңызы.  Тапсырмаларды  бiлiм  көздерiне  қарай 

классификациалау. Оқушыларға дифференциалды бағалай отырып жеке оқушыларға және 

топтарға берiлетiн үй тапсырмалары. 

Географиядағы  негiзгi  сабақ  түрлерiнiң  сипаттамасы:  аралас,  жаңа  материалды 

оқып-үйрену,  қортындылап-қайталау;  өз  беттерiмен  жүргiзетiн  және  сарамандық 

жұмыстар.  Оқытудың  лекция-семинар  формалары,  оларды  Қазақстан  және  дүниежүзi 

экономикалық және әлеуметтiк географиясы курстарында пайдалану мүмкiндiктерi. 

География оқытушыларының сабақты жетiлдiрудегi iс-тәжiрибесi, оны оқып-үйрену 

және көпшiлiккке тарату жолдары.  



 

Географиядан сыныптан тыс жұмыстар.географиядан оқу топ серуендерi

Сыныптан  тыс  жұмыстар-географияның  оқу-тәрбие  жұмыстарына  қажеттi  құрамды 

бөлiгi.  Сыныптан  тыс  жұмыстардың  бiлiмдiк-тәрбиелiк  мақсаты:  саяси-идеялық  тәрбие, 

оқушылардың  танымдық  iскерлiгiн  және  географиядағы  қызығушылығын  дамыту,  еңбек 

тәрбиесi,  кәсiптiк  бағдар  беру,  экологиялық  тәрбие.  Оқушылардың  қоғамдық  пайдалы 

iстерi ролiнiң артуы. Сыныптан тыс туристiк өлке тану жұмыстарының ерекше ролi. 

Сыныптан  тыс  жұмыстардың  негiзгi  формаларының  сипаты  (географиялық  үйiрме, 

сыныптан  тыс  оқу,  конференция,  сауық  кештер,  топ  серуен  -туристiк  жұмыстар, 

”география апталығы”, олимпиада т.б); мазмұны, жоспарлау және  әртүрлi  сыныптан тыс 

жұмыстарды  жүргiзу  әдістемесі.  Оқушылардың  жас  ерекшелiктерiне  байланысты 

сыныптан тыс жұмыстардың ерекшелiктерi. 


Сыныптан  тыс  жұмыстар  жайындағы  география  оқытушыларының  озат  iс-

тәжiрибесi, оны үйрену және көпшiлiкке тарату жолдары.  

Топ серуен - мектепте географияны оқыту формаларының бiрi, оқытудағы өлке тану 

принципiн  жүзеге  асырудағы,  оқушылардың  география  ғылымы  зерттеу  әдістерімен 

таныстырудағы, оларды тәрбиелеудегi және таным әрекеттерiн дамытудағы маңызы. Топ 

серуеннiң  оқушыларды  еңбекке  баулудағы  ролi.  Мектеп  бағдарламасындағы  топ 

серуендер  жүйесi,  оның  географияны  оқыту  мазмұнымен  байланысы.  Физикалық 

география  топ  серуендерi;  олардың  мақсаты,  мазмұны  және  ҮI,ҮII,ҮIII  сынып 

оқушыларына  арналған  сарамандық  тапсырмалар.    Қазақстан  экономикалық  және 

әлеуметтiк  география  курсындағы  өнеркәсiп  орындарына  топ  серуен,  оның  мақсаты, 

мазмұны, оқушыларға арналған сарамандық тапсырмалар. Топ серуен ұйымдастыру: оған 

оқытушы  мен  оқушылардың  даярлығы,  топ  серуендi  өткiзу,  алынған  нәтижесiн  ретке 

келтiру. 

Топ  серуен  өткiзудегi  оқытушылардың  озат  iс  тәжiрибелерi  және  жиналған 

материалдарды география сабақтарына пайдалану. 

 

Физикалық географияның бастауыш курсы 

Физикалық  географияның  бастауыш  курсын  оқытудың  бiлiмдiк,  тәрбиелiк  дамыту 

мақсаттары. 

Курстың  құрылымы  мен  мазмұны.  Жер  геосфераларын  оқып-үйрену-курсты 

құрудың  негiзi.  6  сыныпта  геосфераларды  оқып  үйрену  жүйелiлiгi  және  педагогикалық 

дәлелi. Жалпы және жеке ұғымдардың ара қатынасы. 

Өлке  тану  материалы  –  курс  мазмұнының  органикалық  бөлiмi.  Оқытудың 

экологиялық  принципiн  жүзеге  асыру.  Азаматтардың  табиғатты  сақтау,  оның 

байлықтарын  қорғау  мiндеттерi  жайында  Қазақстан  Республикасы  Конститутциясы 

материалдарын  пайдалану.  Оқушылардың  табиғатта  өзiн-өзi  ұстау  ережелерiмен 

таныстыру туралы бағдарлама талаптары. 

Әрбiр  географиялық  қабықты  сипаттаудың  типологиялық  схемасы:  вертикаль 

бағыттағы  құрамы  мен  көлемi,  негiзгi  құбылыстар,  адамның  шаруашылық  әрекетiнде 

пайдаланылуы, табиғатты қорғау шаралары. 

Бiлiммен  iскерлiк  қалыптастыру.  Оқушылардың  бiлiмi  мен  iскерлiгiне  қойылатын 

талаптар. Бiлiмдi қалыптастыруда жекелей жұмыс жүргiзудiң басым болуы-оқушылардың 

жас  ерекшелiктерiнiң  нәтижесi.  Өлкетану  материалы  мен  табиғатқа  байқау  жүргiзуге 

жүйелi  түрде  сүйену.  Көрнекiлiк  құралдарын  кеңiнен  пайдалану.  Оқыту  әдiстерiн  жиi 

ауыстыру қажеттiгi. 

Карта  -  оқып  -  үйрену  объектiсi  және  бiлiм  көзi.  Картадан  географиялық 

объектiлерге  сипаттама  берудiң  қалыптасқан  жоспары.  Географиялық  атауларды  оқып 

үйрену әдiстерi. Оқушыларды кескiн карталарды толтыруға үйрету.  

Оқулық және дәптермен жұмыс iстеу ерекшелiктерi. Ауа райы, феналогиялық және 

табиғаттың басқа да құбылыстарың күн түзбесiн жүргiзу. Табиғаттың жеке компоненттерi 

арасындағы  өзара  байланыстарды  оқушыларды  түсiнуiне  бiртiндеп  жеткiзу.  Табиғи-

аумақтық кешен туралы бiлiм қалыптастыру негiзiн қалаушы. «Табиғат компоненттерiнiң 

өзара  байланысы»  тақырыбын  оқып-үйрену  ерекшелiктерi.  Бағдарламада  көрсетiлетiн 

сарамандық жұмыстар жүйесi және оларды орындау әдістемесі. Сабақтың басым түрлерi.  



 

Материктер мен мұхиттар географиясы курсы 

Материктер  мен  мұхиттар  географиясы  курсын  оқытудың  бiлiмдiк,  тәрбиелiк, 

дамыту мақсаттары. 

Курстың құрылымы мен мазмұны. Курстың негiзгi бөлiмi-материктер мен мұхиттар 

табиғатының тұтас жiне өзiне тән табиғи комплекстерiнiң сипаты, халықтың аса маңызды 

белгiлерi  және  оның  шаруашылық  әрекетiндегi  ерекшелiктер,  қазiргi  саяси  карта. 

Картографиялық бiлiмнiң дамуы. 

Материктер мен оның бөлiктерiн оқып үйрену үшiн теориялық фундамент ретiндегi 

«жер  бедері  мен  климатының  жалпы  ерекшелiктерi»  тақырыбының  ролi.  Қорытынды 



ретiндегi  “жалпы  географиялық  заңдылықтар”  тақырыбының  жалпылау  және  дүниетану 

көзқарасы бағытындағы сипаты. Материктер мен мұхиттарды оқып - үйренудегi жүйелiлiк 

және педагогикалық дәлелi. 

Бiлiм  мен  iскерлiк  қалыптастыру,  оқушылардың  бiлiмi  мен  iскерлiгiне  қойылатын 

талаптар. Бiлiм қалыптастырудың индукциялық және дидукциялық жолдарын ұштастыру; 

физикалық  географияның  бастауыш  курсы  мен  пән  iшiндегi  байланысты  орнату.  Жалпы 

және  жеке  ұғымдарды  қалыптастыруда  өлке  тану  материалдарын  пайдалану.  Биология, 

тарих, физика және т.б. пәндермен пән аралық байланыстарды iске асыру әдiстерi. Оқыту 

процесiнде салыстырудың ролi. 

Материктер мен мұхиттар географиясы курсындағы проблемалық тапсырмалар мен 

проблемалық тәсiл. Бағдарламада көрсетiлген жалпылай  қайталауды  жүргiзу әдістемесі. 

 

Қазақстанның физикалық географиясы 

Оқушылардың  физкалық  географиядан  бiлiм  алатын  соңғы  курстың  бiлiмдiк, 

тәрбиелiк, дамыту мақсаттары. 

Курстың  құрылымы  мен  мазмұны.  Курстың  негiзгi  бөлiмдерi:  “Қазақстан 

табиғатының  зерттелуi”,  “Қазақстан  табиғатына  жалпы  сипаттама”,  “Қазақстан  табиғат 

кешендерiнiң  әр  түрлiлiгi”,  “Табиғат  ресурстарын  ұтымды  пайдалану  және  табиғатты 

қорғау”, олардың мазмұны және өзара байланысы.  

“Қазақстан табиғатына жалпы сипаттама” бөлiмiн оқып-үйренуде бiлiм мен iскерлiк 

қалыптастыру.  Қазақстан  табиғатын  жалпы  заңдылықтар  жағдайында  оқып-үйрену. 

Бөлiмдi  оқып-үйренуде  өлке  тану  принцптерiн  жүзеге  асыру.  Проблемалы  тәсiлдi 

пайдалану. Табиғат құбылыстары мен процестерiн оқып-үйренуде физика және биология 

пәндерiмен байланысты жүзеге асыру. 

“Қазақстан  табиғат  кешендерiнiң  әр  түрлiлiгi”  бөлiмiн  оқып-үйренуде  бiлiм  мен 

iскерлiктi қалыптастыру. 

Курс бойынша бағдарламада көрсетiлген сарамандық жұмыстар жүйесi.  

 

Дүниежүзi экономикалық және әлеуметтiк географиясы

 

Дүниежүзi  экономикалық  және  әлеуметтiк  географиясын  оқытудың  бiлiмдiк, 

тәрбиелiк,  дамыту  мақсаттары.  Сыртқы  экономикалық  саясатымен  таныстырудағы 

курстың ерекше ролi. Курстың саяси-идеялық бағыттылығы. 

Дүние  жүзiнiң  саяси  картасы.  Дүниежүзiлiк  табиғи  ресурстар,  дүние  жүзi  халқы, 

дүние  жүзi  шаруашылығы  географиясы,  әр  түрлi  әлеуметтiк-экономикалық  типтегi 

елдердiң  халқы  мен  шаруашылығының  ерекшелiктерi  туралы  жалпы  ұғымдар  жүйесi. 

Курс  мазмұнындағы  типологиялық  тәсiл.  Қазақстан  экономикалық  және  әлеуметтiк 

географиясы  курсымен  бiлiм  және  iскерлiк,  дүние  тану  идеясы  жағынан  пән  iшiндегi 

байланыстар. Пәнаралық байланыстар; тарихпен байланыстың ерекше ролi. 



Бiлiм мен iскерлiк қалыптастыру. Бiлiм мен iскерлiкке қойылатын талаптар. Оқыту 

процесiнде  жоғарғы  сынып  оқушыларының  жас  ерекшелiктерiн  және  курстың  мектепте 

географиялық  бiлiмдi  аяқтаушы  екенiн  еске  алу.  Жалпы  ұғымдар  қалыптастыруда 

дидуктивтiк жолдардың басымдығы. 

“Дүние  жүзiне  жалпы  экономикалық  географиялық  шолудың”  оқып  -  үйрену 

әдістемесі.  Жалпы  ұғымдарды  қалыптастыру  мен  дүние  жүзi  шаруашылығы  салалары 

географиясын  оқып  үйренуде  пән  iшiндегi  байланыстарды  жасау  әдiтерi.  Оқушылардың 

картамен,  статистикалық  материалдармен,  оқулық  мәтiнiмен  өзбетiнше  iстейтiн 

жұмыстарын пайдалану. 

 

Географиядан факультативтiк курстар 

Факультативтiк курстар-мектепте географияны оқыту формаларының бiрi. Олардың 

оқушыларға  бiлiм,  тәрбие  және  кәсiптiк  бағдар  берудегi  ролi.  Географиядан  негiзгi 

факультативтiк  курстар:  ”картография  және  топография  негiздерi”,  ”өлкетану”,  “туризм 

және  экскурсия  тану  негiздерi”  ”табиғат  қорғау”.  Әрбiр  факультативтiк  курстың 

құрылымы  мен  мазмұнындағы  ерекшелiктер,  географияның  мектеп  бағдарламасымен 


байланысы.  Факультативтік  сабақтарын  ұйымдастыру  әдістері  мен  формалары. 

Оқушылардың  творчестволық  белсендiлiгiн  дамытудағы  өз  бетiнше  жұмыс  iстеу,  топ 

серуен, семинар сабақтарының ролi. Бiлiм мен iскерлiктi тексеру ерекшелiктерi 

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 



Негізгі әдебиеттер: 

1.

 



Каймулдинова К.Д. Қазіргі дүние географиясы. Жоғары оқу орындарына арналған 

оқулық. – Алматы, 2011. – 333 б.  

2.

 

Әбілмәжінова  С.Ә.,  Бейкитова  А.Н.  Материктер  мен  мұхиттардың  физикалық 



географиясы, оқулық, Алматы: BOOKPRINT баспасы. 2013. – 520 бет. - 32,5 б.т. 

3.

 



Притула  Т.Ю.,  Еремина  В.А.,  Спрялин  А.Н.  Физическая  география  материков  и 

океанов. Москва, ВЛАДОС, 2003. – 688 с.  

4.

 

Власова Т.В., Аршинова  М. А., Ковалева Т. А. Физическая география материков и 



океанов. – М.:Академия, 2005. – 640 с. 

5.

 



Әбілмәжінова  С.  Ә.,  Жангелдина  Д.  І.,  Бейкитова  А.  Н.  Палеогеография.  – 

Алматы.:Экономика, 2011. – 360 б. 

6.

 

Әбілмәжінова С. Ә. Жалпы Жертану. – Алматы.:Дәуір, 2012 – 408 б. 



7.

 

Даринский А.В. Методика преподавания географии в средней школе. – М., 1980 г. 



– 280 с. 

8.

 



Баранский Н.Н.  Методика преподавания экономической географии. М.,   1990 г. – 

324 с. 


9.

 

Бейсенова  А.С.  Абилмажинова  С.,  Каймулдииова  К.  География.  Материки  и 



океаны. 7 кл. Алматы, Атамура, 2003 г. – 225 с. 

10.


 

Ахметов  Е.А.,  Карменова  Н.Н.,  Карибаева  Ш.Ш.,  Асубаев  Б.К.  Экономическая  и 

социальная география Казахстана. Мектеп, Алматы 2005г.- 295 с. 

11.


 

Тилекова Ж.Т. Методика преподавания географии: Учебно-методический комплекс 

дисциплины. – Алматы, 2010. – 40 с.  

12.


 

Душина  И.В.,  Понурова  Г.А.  Методика  преподавания  географии.  Москва. 

Московский лицей. 1996 г. – 150с. 

13.


 

 Максаковский  В.П.  Научные  основы  школьной  географии  Просвещение  1982  г.- 

80 с. 

14.


 

Максимов Н.А. Методическое пособие по физической географии 1986 г. – 120 с 

15.

 

 Экономическая 



и  социальная  география  Казахстана.  Мультимедийный 

электронный учебник. 2004. – 186 с. 

16.

 

Физическая география Казахстана .Электронный учебник, 2004 г.- 170 с. 



 

Қосымша әдебиеттер және интернет көздері: 

1.

 



Пирожник  И.  И.,  Рылюк  Г.  Я.,  Еловичева  Я.  К.  География  мирового  океана.  – 

Минск: ТетраСистемс, 2006. – 320 с. 

2.

 

Еремина В.А., Притула Т.Ю., Спрялин А.Н. Практикум по физической географии 



материков и океанов. Москва: ВЛАДОС, 2005. – 255 с.   

3.

 



Раковская  Э.  М.,  Давыдова  М.  И.  Физическая  география  России.  –  М.:  Владос  2 

часть – 2001. – 304 с. 

4.

 

Рябчиков  А.М.  и  др.  Физическая  география  материков  и  океанов.  М.,  Высшая 



школа, 1988. – 592 с.  

5.

 



Абдиманапов Б.Ш. Словарь-справочник географических понятий и терминов.- А., 

2014. – 224 с.  

6.

 

Леонтьев О.К., Рычагов Г.И. Общая геоморфология. – М., 1988. – 319 с.  



7.

 

Машкин В. И. Зоогеография. – М.: Академический проект. – 2006. – 384 с. 



8.

 

Короновский Н.В. Общая геология. – М. 2006 – 528 с. 



9.

 

Рапацкая Л.А. Общая геология.- М.2005. – 448 с. 



10.

 

Савельева Л.Е., Козаренко А.Е. Геология  часть 1.,2 М.; 2004. – 270 с. 



11.

 

Воронов П.П.., Дроздов Н.Н. Биогеография. М., 2001. – 158 с.  



12.

 

www ru.wikipedia.org/wiki



 

13.


 

www.relief.pu.ru

 

14.


 

www.ocean.ru

 

15.


 

www rgo.ru/geography/fiz_geography/slovar

 

16.


 

www.geografia.ru

 

17.


 

www nature.worldstreasure.com

 

18.


 

wwwgeography.about.com/library/maps

 

19.


 

wwwgeo.historic.ru

 

20.


 

wwwrgo.ru

 

 

Анықтамалық әдебиеттер: 

1.

 



Географический энциклопедический словарь. Понятия и термины -  М., 2008. – 324 

с. 


2.

 

Бейсенова Ә. С., Каймулдинова К. Д. Жер туралы ғылымдардың қазақша-орысша-



ағылшынша терминологиялық сөздігін жасаудың мәселелері. Алматы, 2010. – 92 б. 

3.

 



Моря и океаны. – М, 2010. – 304 с.  

4.

 



Атлас мира обзорно-географический. – М, 2007. – 177 с. 

5.

 



Современный атлас мира. – М, 2009. – 128 с. 

6.

 



Географический атлас мира. – М, 2002. – 104 с. 

7.

 



Универсиальный атлас мира. – М, 2006. – 312 с.  

8.

 



Большой универсиальный атлас мира.- М., 2007. – 224 с.  

9.

 



Иллюстрированный атлас (Земля). – М., 2008. – 199 с.  

 

 



 

 

 



 

Кафедра меңгерушісі, профессор                                               

Каймулдинова К.Д. 

 

 

 

 

Кафедра меңгерушісі, доцент                                       Сабденалиева Г.М.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет