Жаратылыстану және география институтының қорытынды е с е б І

бет1/3
Дата10.10.2022
өлшемі5,03 Mb.
#42078
  1   2   3

КОЛЛОИДТЫ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ОПТИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Дәріс жоспары:

1. Дисперсті жүйелердің оптикалық қасиеттерінің ерекшеліктері.

2. Коллоидты ерітінділердің боялуы.

3. Коллоидты жүйелерді оптикалык әдістермен зерттеу.

Оптика - (гр. optіke – көзбен қабылдау жөніндегі ғылым) – физиканың сәуле (жарық) шығару табиғатын, жарықтың таралуын және оның затпен әсерлесу құбылыстарын зерттейтін бөлімі.

Оптика - (гр. optіke – көзбен қабылдау жөніндегі ғылым) – физиканың сәуле (жарық) шығару табиғатын, жарықтың таралуын және оның затпен әсерлесу құбылыстарын зерттейтін бөлімі.

Коллоидтық жүйелердің оптикалық қасиеттері олардың гетерогенділігі мен дисперсиясымен анықталады. Оптикалық қасиеттерді зерттеу көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, мысалы, коллоидты бөлшектерді, олардың мөлшерін, пішінін, концентрациясын анықтауға болады.

Дисперсті жүйелердің оптикалық қасиеттеріне тән құбылыстар: Опалесценция, Фарадей-Тиндаль эффектісі және ерітінділердің түсінің өзгеруі.
Жарық сәулесінің дисперсті жүйеге түскендегі байқалатын негізгі құбылыстары мен заңдылықтары:
1. Жарықтың дисперсті жүйелер арқылы өтуі (газдар, сұйықтықтар, ерітінділер);
2. Жарықтың дисперсті фаза бөлшектерінде сынуы (суспензиялар);
3. Жарықтың дисперсті фаза бөлшектерінде шағылысуы (эмульсиялар);
4. Жарықтың шашырауы;
5. Жарық энергиясын жылу энергиясына айналдыру арқылы дисперсті фазамен жарықтың сіңіруі.
Жарық толқынының дисперсті жүйемен өзара әрекеттесуінде байқалатын 5 түрі:
  • Жарық сәулелерін өткізу (пропускание);
  • Жарықты сәулелерін сіңіру (поглощение);
  • Жарық сәулелерін шашырату (рассеяние);
  • Жарық сәулелері сынады немесе сыну (преломление);
  • Жарық сәулелері шағылысады. (отражение);

Жарықтың шашырауы жарық толқынының ұзындығы (λ) дисперсті фазаның бөлшегінің мөлшерінен (r) үлкен болған кезде ғана байқалады. Егер жарық толқынының ұзындығы (λ) бөлшектердің диаметрінен (r) аз болса, жарық шағылысады.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет