Жаратылыстану-математика бірлестігінің апталығының ашылуы.
Жаратылыстану-математика апталығының ашылу салтанаты.
1- Жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Жаратылыстану-Математика» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңдер!
2-жүргізуші:Оқушылардың қыығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше.Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз-оқушылар Жаратылыстану мен математиканы тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру
1- жүргізуші: Ал енді барлық ғалымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін үш егіз пәннің патшаларына берейік(ортаға пән болып киінген үш оқушы :математика,физика,информатика шығып таппақтарын оқиды)
Математика.
Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасқтан емессің сен қаталдансың
Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
Жас достар,
Мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы
Құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстын мәніне
Табиғаттың,қозғалыстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіздүние кілті әліде
Физика.
Уа,халайық,халайық!
Бәріңе жар салайық!
Бүгінгі кеш төрінде,
Физика елінде,
Физика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып.
Шабыттанып шалқысып,
Есеппен ән салысып
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шердішашайық.
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық.
Бұл адамдар ардақтаған халықты
Физикада даңқы шыққан алыптар.
Қара,ойлан зерек болсаң балақай,
Алыптарды әрқашан танып қал.
Информатика.
Армысыңдар бүгінгі кешке жиналған қауым!
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай-адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене
Бәріңіз маған қараңыз!
Ойымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық
Информатикапәнінен
Көрсетіп біздер
батырлық
Ой толғалы жүйелі,
Таңдайымызға татарлық,
2-жүргізуші:Келесі сөз кезегін біздіқоршаған табиғаттың қыр-сырын меңгеретінжаратылыстану ғылымдарының
ханшаларына берсек (ортаға пән болып киінген үш:биология,химия,география шығады)
Биология
Табиғаттың құпиясы тұңғиық,
Көзжетпейтін мұнарасы тым биік
Білген сайын сырыноның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құцып
Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашанбас иетін
Атаңнан мал қалғаншатас қалсын деп
Халқын айтқан орынды өсиетін
География
География әлемі-қызық әрі тартымды,
Өз сырымен қызықтырар әркімді
Оқысаңдар ғылымға сендер көз ашып,
Танисыңдар табиғаттың ғажабын
Химия
Химияны оқу парыз әркімге
Оқиды оны барлық елде, әр тілде
Химияны оқындар әр бөлімін
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде
Химияны оқиық,біз көңілмен
Кездесер ол күнделікті өмірден
Ақылымыз-химияны біліңдер!
Тап болар әр жерден, әр өңірден
1-жүргізуші: Бұл басы ғана, достар! Апталықта бәрі бар-ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар. Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік!