Жарылыс. Жарылыстың түрлері және күресу шаралары



Дата07.01.2022
өлшемі16,09 Kb.
#18701

Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті

Баяндама


Жарылыс. Жарылыстың түрлері және күресу шаралары.

Орындаған: Хабдалхан Шолпан

БЖДК-114 тобының студенті

Қабылдаған: Құрмаш Алтынай

Нөгербекқызы

Қарағанды 2021

Кіріспе.

Жарылыс — өте қысқа уақытта шектелген көлем ішінде аса үлкен қуаттың бөліну процесі. Жарылыс физикалық, химиялық және ядролық болып ажыратылады. Кен қазу жұмыстарында тау жыныстарын қопарып, ұсату үшін көбінесе химиялық жарылғыш заттарды пайдаланып жару тәсілі қолданылады.

Жарылыс шектеулі көлемде энергияның тым көп мөлшерінің жылдам босатылу процесі. Жарылыс нәтижесінде өте жоғары қысымды қатты ысыған газ түзіледі. Жарылыс кезінде қоршаған ортада жарылыс толқыны пайда болады, қираған жарықшақтар немесе жарылыстың шашыранды өнімдері түрлі объектілерге механикалық әсер етеді. Жарылыс химиялық (көбіне жарылғыш заттар), ішкі ядролык (ядролық жарылыс), электрмагнитті (ұшкын заряды, лазерлі ұшқын), механикалық (жер бетіне метеориттердің түсуі) және басқа энергиялар есебінен жүзеге асырылады. Әскери мақсатта химиялық және ядролық энергиялар жай және ядролық ок-дәрілерде көп қолданылады.

Негізгі бөлім.

Жарылыс теориясы және оның түсініктері. Жарылғыш заттар - сыртқы әсердің ықпалымен өте тез химиялық өзгеріске түсіп, жылу бөлініп, катты қызған газдардың түзілуінен күшті соққы пайда болатын химиялық құрамалар мен қоспалар. Жарылғыш заттар оқты, минаны, снарядты лақтыруға қажетті энергия көзі болып табылады, сондай-ақ әр түрлі жару жұмыстарын орындауда қолданылады. Мысалы, бұрандалы патронның ейлмағы 3,25 г болатын дәрі заряды атылғанда 0,001 секунд ішінде жанып, 3 каллорий жылу бөледі де, температурасы жарылыс сәтінде 2400-2900°-қа тең 3 л газ шығарады. Газ ете жоғары кысым тудырады (3000 кг/см2) да, оқты ұңғы каналынан 700 м/сектан аса жылдамдықпен айдайды. Жарылғыш заттар қолданылу сипатына қарай: бөлшектегіш (бризанттық), лақтырғыш (дәрі) пиротехникалық болып болінеді.

Ядролық жарылғыш заттар дегеніміз жарғыш сипаттағы ядролық (термоядролық) реакция нәтижесінде қас-кағым сәтте өте көп мөлшерде энергия шығаратын зат. Мүмкін болатын шығын және залал көзқарасында жарылыстар үлкен және ерекше қауіп төндіреді. Жарылыс-шекті көлемдегі үлкен мөлшерлі энергияның қысқа мерзімде босап шығуы. Жарылыс жедел кеңеюі кезінде қоршаған заттарға соққылық

Механикалық әсер көрсететін жоғары дәрежедегі қысымдағы өте қатты қыздырылған газ (плазма) пайда болуына әкеледі. Қатты ортадағы жарылыс оның қирауы мен және ұсақталуымен , әуе және сулы ортада – ауа немесе гидравикалық соққы толқынының пайда болуымен қатар жүреді.

Жарылыстық соққы – жарылыс кезінде қысымның, тығыздықтың және орта температурасының бірден өсуі жүретін орта қозғалысы. Жарылыстық соққының алдыңғы шебі ортада тез таралады. Жарылыстың соққы әсерінен жарылыс оның ошағынан алыс тұрған заттарға, нысандарға механикалық әсер береді.

Жарылыс болуы мүмкін:

Тұтанатын газ және шаң бұлтының тез жануы нәтижесінде;

Қатты қыздырылған сұйыққа немесе қысылған газға толы ыдыстың күтпеген қирауынан;

Қызыдрылған қатты заттардың суық сұйықтармен араласуы нәтижесінде.

Энергия тасымалдаушы түріне және энергия бөліну жағдайларына қарай жарылыс кезінде энергия көзі химиялық та, физикалық та процесстер болуы мүмкін. Химиялық жарылыс энергиясы көзі- тез және өздігінен өтетін жанғыш заттардың тотықтырғышпен немесе тұрақсыз қосылыстардың термиялық ыдырауы болатын экзотермиялық реакциялар. Қысылған газдар энергиясы көзі-сұйықтың қарқынды булануына немесе газға айналуына, температураның өсуіне әкелетінаппараттың жабық көлеміндегі ішкі және сыртқы энергиясы.

Зақымдаушы жарылыс факторлары:

Ауа толқыны;

► Сәуле зақымы;

► Электромагниттік импульс;

► Өткір радиация.

Жарылысты болдырмау шаралары.

Жарылысты болдырмаудың 3 принцпі белгілі:

- Жарылғыш жүйелердің қалыптасуына жол бермеу;

- Жану себептерінің алдын алу;

- Жану силдарына төзімді құрылғы шеңберіндегі.

Жанғыш жүйелердің түзілуіне қарсы 3 әдіс бар:

- Қоспадағы жанғыш заттар концентрациясын тұтану концентрациясынан аз деңгейде болуын қадағалау;

- Сұйық оттегімен жұмыс істейтін құралдар мен қондырғыларды тазалау;

- Жанғыш майлар қызғанда термиялық ыдырауға түседі де, өзінен тез жанатын көмірсутекті функциялар бөледі.

Жану бастамасының алдын алу

Жануға бастама болатын заттарға электр разрядтары мен фрикциялы қшқындар қатады. Статистикалық зарядтардың пайда болуы және жина талуына диэлектрлік сұйықтар жағымды орта болады, сондай-ақ қатты және сұйық күйдегі бөлшектері бар газдар да осы ортаға жатады. Фрикциялы ұшқындар металл заттардың үйкелісінде немесе қатты соққы кезінде пайда болады.

Қоспалар жарылысы кезінде адамдар мен жабдықтарды зақымданудан сақтау әдістері:

Жарылыс кезінде максимал қысымға төтеп бере алатын мықты құрылыстарды жобалау;

- жарылые кауіпі бар аймақтарда жануды қолдағанға аз ғана оттегі бар инертті орта жасау,

- жарылыс қауіпі бар аймақты мықты қабырғамен оқшаулау;

- жарылыс қаупі бар өнеркәсіпті жарылыс кезінде қоршаған ортаға зиян келтірмейтін орындарға орналастыру;



- жарылысты өшіру;

- жұмысшылар үшін үй тұрғызу.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет