«Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету»



бет1/3
Дата19.12.2022
өлшемі23,66 Kb.
#58251
  1   2   3

«Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету»
1.Мұғалім жеке көқарасы бар және қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Осындай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар- ожданың үнемі қорай алады.
2.Мұғалім педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде пайдалана білетін болуы керек. Дүние жүзінде ғаламдану үрдісі жүріп жатқандықтан ақпараттар ағыны көбейді. Мұғалім қай пәннен сабақ берсе де, ол баланың өмірінің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге дайын болуы керек.
3.Мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеттерімен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп- салдарын анықтай білуге де шарт. Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жету мүмкін.
4.Мұғалімнің адамгершілік, саяси- идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып. Ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз алуы шарт. Қысқасы, бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлға айналуы керек.
Әрбір ұстаз ұлттық құндылықтарды, өз ісінде инновациялық әдістерді пайдалануы қажет. Сонда ғана ұстаз деген ұлағатты атқа лайық бола аламыз.
Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетуде ата- аналар жиналысы мен тәрбие сағаттарын ұйымдастыру, өзара сабаққа қатысу, семинар, тренингтердің рөлі өте зор. Сонымен қатар жас мамандарға психологиялық қолдау да қажет. Педагог этикасы, педагогикалық такт, оқушылармен қарым- қатынас жасау ережелері, тренинг өткізу. Колледж құжаттарын толтыруды, құжаттармен жұмыс жасауды меңгеру.Оқушылардың жеке құжаттарын толтыру. Ата- аналармен танысу жиналысы, сауалнамалар толтыру уақытылы жүргізілу тиіс. Ата−аналармен қарым-қатынас жасау,оларға бала оқытудың қазіргі кездегі талаптары мен қиыншылықтары туралы мағлұмат беру, бала психологиясына көңіл бөлу т.с.с. кеңестер берілу.
Сабаққа қойылатын талаптар
Дидактикалық талаптар: сабақтың ұқыпты, айқын, дұрыс ұйымдастырылуы, оқушылар алдындағы тақырыптың дұрыс таңдап алынуы, білімдік және тәрбиелік мақсаттармен қатар сабақтың нақты тапсырмаларын ұтымды жүргізіп пайдалануына әсер етеді. Бұл талаптар сабақ жоспары мен тақырыптық жоспардың жақсы жасалуына байланысты. Сабақ жоспарында сабақтың тақырыбы, мазмұнының қысқаша жоспары, білімдік және тәрбиелік мақсаты мен тапсырмалар, құрал-жабдықтар, көрнекіліктер, сабақтың құрамының кезеңдік түрлері, оқыту әдістері мен дидактикалық әдіс-тәсілдердің түрлері жазылады.
Оқыту әдістерін үш топқа бөлген:

  1. Ауызша (әңгіме, кеңес, дәріс, кітаппен жұмыс)

  2. Көрнекілік (суретпен сипаттау, картамен жұмыс)

  3. Зертханалық, тәжірибелік жұмыстар

Технологиялық талаптар:
Мұғалім өзі сабақ беретін сыныбындағы оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, айтып жеткізуін, сабаққа ынта, көңіл қоюын, ерік-жігерін, т.б. психологиялық жағдайы сабақ үрдісіне ерекше әсерін тигізеді.
Мұғалімнің көңіл-күйі, жинақтылығы, жүріс-тұрысы оқушыларға беріліп, оқу еңбегінің дұрыс немесе бұрыс болуына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалім өз бойындағы әр түрлі психикалық, эмоциялық көңіл-күйлеріне ерік бермей өзін тежеп ұстауы қажет. Оқушылардың жеке басын танып, зерттеу арқылы сабақ үстінде оларды мадақтап, қолдап, көмек беріп және сол сияқты сабаққа үнемі қатысып отыруын ескеруі мұғалімнің назарынан тыс қалмауы қажет.
Гигиеналық талаптар: Сынып бөлмесіндегі гигиеналық талаптардың сақталуы, қалыпты температура мен жарықтың мол болып түсуі- балалар денсаулығының кепілі. Мұғалім оқушыларға шектен тыс физикалық немесе миға, жүйкеге салмақ салатындай ауыр тапсырмаларды бермеуі керек. Ақыл-ойдың тежелуі мен зорығуы сабақтың бір сарында болуына әкеп соқтырады. Ақпаратты қабылдауды өмірлік тәжірибемен ұштастырмау дұрыс емес. Ең бастысы, дененің әр түрлі сезім мүшелері бірдей жұмыс істеуін қатаң ескеру қажет. Мұндай үзіліс оқушының демалып, әр түрлі органдарының қалыпқа келуіне әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет