Жас отбасыларды әлеуметтік қОРҒАУ


Бала  күтіміне  берілетін  жәрдемақыны  алу



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата22.12.2016
өлшемі5,84 Mb.
#249
1   2   3   4   5   6   7   8

Бала  күтіміне  берілетін  жәрдемақыны  алу 

үшін қажетті құжаттар: 

- куәлік;

- ЖСН;

- үй кітабы;



-  карточкалық  есеп  шот  немесе  дербес 

шоттың номері;

-  отбасы  құрамы  туралы  анықтама  (ЗТМО 

толтырады).

Баланың  туылу  туралы  куәлігі  (көпбалалы 

БАЛАНЫҢ БІР ЖАСҚА ДЕЙІНГІ КҮТІМІНЕ БЕРІЛЕТІН

АЙ САЙЫНҒЫ ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ МӨЛШЕРІ

Бірінші балаға



5,76 АЕК

(5.76х2121 = 12216.96 тг)

Екінші балаға 

6,81 АЕК

(6.5х2121 = 13786.5 тг)

Үшінші балаға 

7,85 АЕК

(7.5х2121 = 15907.5 тг)

Төртінші және  одан 

кейінгі балаға 8,9 АЕК

(8.5х2121 = 18028.5 тг)

4 сурет. Баланың бір жасқа дейінгі күтіміне берілетін ай сайынғы жәрдемақының мөлшері.



ЖҮКТІЛІК ПЕН БОСАНУҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК 

ТӨЛЕМДЕРДІ АЛУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР 

Үй кітабы

Куәлік

Жеке сәйкестендіру 



номері (ЖСН)

Еңбекке жарамсыздық 

қағазы

ХҚО-ны тіркелу туралы 



беретін мекен-жайлық 

анықтамасы (әйелдің 

тұрақты тіркелген орны 

болмаса, уақытша 

тіркелу туралы анықтама 

беріледі) 

Жеке немесе банктік 

карточкалық есеп 

шот (есеп шотты 

міндетті түрде ашу 

керек)

5 сурет. Жүктілік пен босануға арналған әлеуметтік жәрдемақыны алу үшін қажетті құжаттар 



тізімі

ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

10

Коэффициент  еңбекке  жарамсыздық  парағы 



берілген  күндердің  санымен  анықталады:  56 

күнтізбелік  күн  жағдайында  К-1,9;  құрайды, 

126  күнге  К=4,2;  140  күнге  К=4,7;  170  күнге 

К=5,7;  184  күнге  К=6,2.  Күнтізбелік  күндер 

демалыс  пен  мейрамдарды  қоса  есептегенде 

барлық  күндер  болып  табылады.  Жүктілік 

пен  босануға  берілетін  бір  жолғы  әлеуметтік 

төлемнің мөлшері жұмыс берушінің Әлеуметтік 

сақтандырудың  мемлекеттік  қорына  аударған 

төлемдердің  мөлшеріне  байланысты  болып 

келеді.  Жәрдемақы  75  минималды  жалақыға 

тең, табысты алмастырудың 4,2 коэфициентіне 

көбейтілген сомадан асып түспеу керек. 

Бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлемдер 

қарастырылған.  Баланың  бір  жасқа  дейінгі 

күтіміне  берілетін  ай  сайынғы  әлеуметтік 

төлем  бала  туылғанға  дейінгі  ақырғы  24  ай 

ішінде Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік 

қорына  түскен  ай  сайынғы  әлеуметтік 

аударымдардың  негізінде  анықталады.  Бұл 

жағдайда бала туылғанға дейінгі 24 ай ішінде 

әлеуметтік  аударымдар  жасаудың  негізінде 

орташа  айлық  табыстың  40  пайызы  беріледі. 

Табысты  алмастырудың  0,4  коэффициенті 

орташа айлық табыстың 40% болып табылады. 

Әлеуметтік  аударымдар  жүрген  жалақының 

сомасы жұмыс істеген айлар санына бөлініп, 0,4 

көбейтіледі. Бір жасқа толғанғанға дейінгі бала 

күтіміне берілетін жәрдемақының минималды 

мөлшері  жұмыс  істемейтін  әйелдердің  бір 

жасқа толғанғанға дейінгі бала күтіміне алатын 

мемлекеттік  жәрдемақысынан  төмен  болмауы 

тиіс.  Бала  күтіміне  берілетін  жәрдемақының 

максималды мөлшері минималды жалақының 

10 еселік мөлшерінен 40 пайызды құрап, одан 

асып  түспеу  керек  (10*21364=213640  тг,  40%  = 

85456 тг.) [5].

Барлық  құжаттарды  –  түпнұсқалар  мен 

көшірмелерді  қалалық  ЗТМО  береді.  Заң 

бойынша  тиісті  жәрдемақылардан  10% 

міндетті  зейнетақылық  салымдар  ұсталынып, 

олар  жәрдемақы  алушының  жинақтық 

зейнетақылық қорына аударылады. 

Жалғыз басты ана болған жағдайда.

Жалғыз 

басты 


аналарға 

әлеуметтік 

жәрдемақыларды  беру  жалпы  негіздерге 

сүйеніп  қарастырылған.  Жалғыз  басты 

аналарға республикандық бюджеттен қосымша 

төлемдер  мен  әлеуметтік  жәрдемақылар 

қарастырылмаған.  Қалыптасқан  жағдайды 

жеке дара талқылап, қарастыру үшін Жұмыспен 

қамтылу  мен  әлеуметтік  бағдарламалардың 

қалалық басқармасына жүгінуне болады.

Қазақстандағы жәрдемақыларды тағайындау 

және алу туралы нақты ақпаратты мына мекен-

жайдан білуге болады http://egov.kz/wps/. 

Жаңадан  туылған  сәбині  асырап  алған 

Куәлік

Жеке сәйкестендіру 



номері (ЖСН)

Банктегі карточкалық 

есеп шот пен дербес 

шоттың номері 

Отбасы құрамы 

туралы анықтама   

(толтырылады )

Үй кітабы мен мекен 

жайлық анықтама 

6 сурет. Бала күтіміне арналған жәрдемақыларды алу үшін қажетті құжаттар тізімі

Балалардың туылуы 

туралы куәлігі 



БАЛА КҮТІМІНЕ 

АРНАЛҒАН 

ЖӘРДЕМАҚЫЛАРДЫ 

АЛУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ 

ҚҰЖАТТАР 

ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

11

бала туылғанына жәрдемақы



(жаңадан туылған нәресте болса) алуға; 

Келесі жағдайларда бала күтіміне 

жәрдемақы алуға құқылы: 

 

   Баланың күтімімен айналысатын адам міндетті  



   әлеуметтік сақтандырудың қатысушы болмаса;

   2008 жылдың 1 қаңтарына дейін туылған баланың 

  күтімімен айналысатын адам міндеттік әлеуметтік 

  сақтандыру жүйесінің қатысушы болып табылады; 

Отбасының бір жанға шаққандағы табысы азықтық 

қоржыннан төмен болған жағдайда отбасыдағы 

балаларға;

Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған

адамға жәрдемақы.

БАЛАЛАРЫ БАР ОТБАСЫЛАРҒА БЕРІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК 

ЖӘРДЕМАҚЫЛАР ТУРАЛЫ» ЗАҢНЫҢ 4 БАБЫНА СӘЙКЕС 

ТУЫЛҒАН, АСЫРАП АЛЫНҒАН, ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛҒАН 

БАЛАЛАРЫ БАР ОТБАСЫЛАР ТӨИЕНДЕГІЛЕРГЕ ҚҰҚЫЛЫ: 

жағдайда  сіз  тиісті  төлемдері  берілетін 

декреттік демалысқа шыға аласыз. 

Балаларға  жәрдемақы  алу  құқығы  тоқсан 

сайын  табысты  көрсететін  анықтамамен 

расталады. 

Қазақстанда  бала  асырап  алушылар  айына 

бір  балаға  10  АЕК  мөлшерінде  жәрдемақы 

алатынын  атап  өтейік  (1  АЕК  -1731  теңге). 

Балаларды патронаттық тәрбиелеуге алғандар 

ай  сайынғы  жәрдемақыдан  бөлек  60-70  мың 

шамасында (арнайы білімі бар адамдар) [6]. 

Балалары бар отбасыларға тағайындалатын 

мемлекеттік 

жәрдемақы 

Қазақстан 

Республикасының 2005 жылғы 28 маусымында 

бекітілген № 63-III Заңының негізінде беріледі. 

18  жасқа  толмаған  балаларға  берілетін 

жәрдемақы отбасының бір жанға шаққандағы 

табысы  азық  түлік  қоржыннан  төмен  болған 

жағдайда 

тағайындалады. 

Азық 


түлік 

қоржынның құны өмір сүрудің шектік белгісінің 

60  пайызын  құрайды.  Қазақстанда  ол  2016 

жылдың 1 тоқсанына 21364 теңгені құрады. 2016 

жылдың  1  тоқсанына  азық  түлік  қоржынның 

мөлшері 12818 теңгені құрады. Жәрдемақының 

мөлшері  –  айлық  есептік  көрсеткіштің  1,05 

немесе әр балаға тиісті 2227 теңгені құрайды. 



18 жасқа толмаған балаларға 

жәрдемақы алу үшін арыз беруші елдің 

мекеннің тіркелген жері бойынша 

Басқарманың аудандық бөліміне 

немесе Халыққа қызмет көрсету 

орталығына келесі құжаттарын 

тапсыру керек:

балаларға жәрдемақы тағайындау 

туралы өтініш;

баланың (балалардың) туылу 

куәлігінің көшірмесі (көшірмелері);

өтініш берушінің жеке куәлігі; 

отбасының тұрғылықты жерін 

анықтайтын құжаттың 

(азаматтарды тіркеу кітабы немесе 

мекен-жайлық бюроның 

анықтамасы, немесе ауыл әкімінің 

анықтамасы) көшірмесі; 

отбасы құрамы туралы ақпарат; 

отбасы мүшелерінің өткен 

тоқсандағы табыстары туралы 

ақпарат. 



1

2

3

4

5

6

ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

12

Отбасында  қиындықтар  туған  жағдайда 

қайда жүгінуге болады? 

Жастарға  арналған  әлеуметтік  қызметтер 

жастардың  интеллектуалды,  физиологиялық, 

рухани,  шығармашылық  дамуы  мен  кәсіби 

даярлануы мен кәсіпкерлік әлеуетін іске асыру 

мақсатында қызмет етіп келеді. 

Тұрақты  жайлылығымен  ерекшелінетін 

отбасы жастарды бірлескен отбасылық өмірге 



2. ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК-

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ, ҚҰҚЫҚТЫҚ, 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ 

МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕКЕМЕЛЕР

7 сурет. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтердің негізгі 

бағыттары

Қиын өмірлік жағдайды басынан кешіріп жүрген, білім берудің арнайы 

мекемелерінен, ерекше режимдегі білім беру орындарынан қайтып 

келген, алкоголизм, нашақорлық, токсикоманиядан емделген 

жастарға және мүгедектер қатарындағы жастарға 

психологиялық-педагогикалық, медициналық, әлеуметтік, заңгерлік 

көмек пен кеңес беру 

Жастардың заңға қайшы әрекеттерінің алдын алу

Тұрғылықты мекен бойынша жастардың демалысын ұйымдастыру 

Жастардың кәсіпкерлік қызметін қолдау және дамыту 

Жастардың өзін өзі басқаруын дамытуға үлес қосу 

Қазақстан Республикасының заңына қайшы келмейтін басқа да 

әлеуметтік маңызды бағыттар

8 сурет. Тегін қызмет көрсетулер

Орташа, 

арнайы білім

Мәдениет 

мекемелерінің 

қызметтері 

Медициналық 

көмек және 

емделу


Азаматтардың түрлі 

санаттарына 

арналған жеңілдіктер 

Зейнетақы мен 

жәрдемақылардың 

барлық түрлері

Дене 

шынықтыру 



және спорт

ТЕГІН ҚЫЗМЕТ 

КӨРСЕТУЛЕР

ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

13

Жас  отбасы  –  халықтың  неғұрлым 



қорғалмаған топтарының бірі. 

Бірлесіп  өмір  сүрудің  алғашқы  бес  жылы  – 

отбасы  келешегінің  негізі  болып  табылады. 

Белгілі  бір  кезеңде  некелік  қатынасқа  түскен 

адамдардың  тағдыры  шешілуіне  ықпалын 

тигізетін отбасының негізгі белгілері анықтала 

бастайды.  Бұзылып  жатқан  некелердің 

орташа өтілі – бес жыл. Бұл кезеңде жұбайлар 

әсіресе  көмекке  мұқтаж  болады.  Бұл  уақытта 

жұбайлардың  үйлесімділігі,  яғни  отбасының 

психологиялық  негізі,  оның  материалдық 

базасы,  экономикалық  негізі  және  тәрбиелік 

ұстанымдары  пайда  болады.  Бұл  жылдары 

отбасылық өмірдің барлық бірінші деңгейдегі 

қырлары  үшін  психологиялық,  сексуалды, 

материалды  және  тәрбиелілік  негіздер 

қалыптасады. Олардың бірлескен өмірлерінде 

жеке  өмір  еркіндігі  аз  болса,  өз  өміріңді 

басқа  адаммен  үйлестіру,  ішкі  дүниеңді 

жұбайыңмен  сәйкестендіру  міндеттері  көбейе 

бастайды. Олардың бойында ортақ мүдделер, 

қызығушылықтар, 

көзқарастар, 

әдеттер 


пайда  болып,  әрекет  етудің  ұқсас  жүйесі, 

достық  қатынастар  өсе  келе,  үйлесімділік 

қалыптасады. 

Көптеген 

мамандардың 

айтуынша,  ажырасулардың  жоғары  емес 

деңгейіне  қарамастан,  некенің  бірінші  жылы 

тұрақты  болып  табылмайды  деп  есептеуге 

болады.  Жастардың  некеге  тұрған  кездегі 

отбасылық өмір туралы түсініктері мен үміттері 

әр түрлі болады. 

Психологиялық  мәселелер.  Оларға  ортақ 

эмоционалдық  қатынастар,  психологиялық 

үйлесімділік,  жұбайлардың  өзгертілген  өмір 

салтына үйренуін жатқызуға болады. Жұбайлар 

бір бірінің қызығушылықтары мен мінездеріне 

үйрене бастайды [6]. 

Некенің  алғашқы  айлары  жас  отбасы  үшін 

бақытқа  толы  кезең  болып  көрінеді.  Уақыт 

өте  келе  материалды  және  психологиялық 

мәселелерді  шешу,  қатынастардың  рөлдік 

құрылымын, үй міндеттерін бөлісу барысында 

алғашқы конфликтілер пайда бола бастайды. 

Жас  отбасылар  некелік  өмірлерінде  бірінші 

орынға өзара түсінісуді, мейірімділікті, екінші 

орынға  эмоционалдық  қатынастарды,  үшінші 

дайындап  шығару  жағдайында  ғана  мүмкін 

бола  алады.  Жас  отбасыда  пайда  болатын 

әлеуметтік  мәселелерді  шешу  әлеуметтік 

жұмысты  ұйымдастырусыз  және  жастарға 

арналған  әлеуметтік  қызметтердің  жұмысын 

кеңейтусіз іске асырылмайды. 

Әлеуметтік 

қызмет: 


психологиялық-

педагогикалық,  заңгерлік  көмек  көрсетеді, 

кәмелетке  толмаған  және  жас  азаматтарға 

кеңес  береді,  жас  отбасылар  мен  студент 

жастарға  әлеуметтік  көмек  көрсетеді,  еңбек 

және  білім  беру  ұжымдарында  жастардың 

құқығын  қорғайды,  жастардың  заңға  қарсы 

әрекеттерін  алдын  алады;  бостандықтан 

айырылу  орындары  мен  арнайы  тәрбиелеу 

мекемелерінен  оралған  жас  азаматтардың 

әлеуметтік  қалыпқа  келуін  қамтамасыз  етеді, 

жастардың  кәсіпкерлік  қызметін  қолдап, 

дамытады,  жастардың  өзін  өзі  басқаруын 

дамытуға үлес қосады, жастардың демалысын 

ұйымдастырады. 

Әлеуметтік  қызмет  көрсететін  орталықтар 

жастар мәселелерімен айналысатын келесідей 

ұйымдармен бірге жұмыс жасай алады:

Жастарға арналған ақпарат орталықтары

Жұмыспен қамту орталығы

Әлеуметтік-психологиялық 

көмектің пункттары

Жастардың спорттық, демалыстық 

және мәдени бірлестіктері 

Жастардың бастамашыл 

орталықтары

Жанжалдық жағдайды басынан 

кешіріп жатқан және тұрақты 

баспанасы жоқ  жасөспірімдер мен 

жастарға жатақхана беру

Мүгедектерге арналған 

психологиялық қолдау мен қайта 

қалыпқа келтіру орталықтары 

Жасөспірімдерді дағдыландыру 

орталықтары

Дағдарыс орталықтары

Бостандықтан айырылу орындарынан 

оралған жастарға арналған қайта қалыпқа 

келтіру орталықтары 

Жастарға арналған ақпарат орталықтары

Жұмыспен қамту орталығы

Әлеуметтік-психологиялық 

көмектің пункттары

Жастардың спорттық, демалыстық 

және мәдени бірлестіктері 

Жастардың бастамашыл 

орталықтары

Жанжалдық жағдайды басынан 

кешіріп жатқан және тұрақты 

баспанасы жоқ  жасөспірімдер мен 

жастарға жатақхана беру

Мүгедектерге арналған 

психологиялық қолдау мен қайта 

қалыпқа келтіру орталықтары 

Жасөспірімдерді дағдыландыру 

орталықтары

Дағдарыс орталықтары

Бостандықтан айырылу орындарынан 

оралған жастарға арналған қайта қалыпқа 

келтіру орталықтары 



ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

14

орынға  материалды  игілікті,  тек  төртінші 



орынға балаларды қояды. 

Некені  ерте  құрған  шақта  отбасының  ортақ 

құндылықтық  жүйесі  қалыптасады.  Ондағы 

бірлесіп  өткізген  демалыстың  маңызы  зор. 

Жас  отбасы  бірге  қонаққа  барып,  демалысын 

өткізіп,  теледидар  көріп,  кітап  оқуды  жөн 

көреді. Көптеген отбасылар үшін спорт, туризм 

ақырғы  орында  тұрады,  оны  өз  кезегінде 

объективті  себептермен  (ақылы  қызмет 

көрсетулер) түсіндіруге болады. Жас отбасылар 

әдетте  қаладан  тыс  саябақтарда  еңбек  етуді 

таңдай бермейді. 

Жоғарыда  аталып  өткендей,  ерте  шақтағы 

некелер  материалды  қиыншылықтармен, 

баспаналық  мәселелермен,  ата-анаға  деген 

жоғары тәуелділікпен сипатталады. Бірақ, бұл 

мәселелер  де  соншалықты  маңызды  емес, 

қалаған  жағдайда  қосымша  табыс  көзін  де 

табуға болады. Мәселе жас жұбайлардың тұлға 

ретінде  дамып,  жыл  сайын  өзгеріп,  соның 

есебінен  құндылықтары  мен  қажеттіліктері 

әр түрлі адамдар үйленді деген қорытындыға 

негізделеді. 

Отбасыдағы  еркек  пен  әйелдің  әрекетіне 

қатысты кез-келген орынды көзқарасты білдіре 

беруге болатыны айдан анық. 

Бірлесіп  өмір  сүру  жағдайында  жас 

жұбайлар  ортақ  мүдделер,  қажеттіліктер  мен 

ұстанымдарға  әрдайым  бейімделуге  мәжбүр 

болып  келеді.  Әлеуметтік-психологиялық 

бейімделу 

жүйесінде 

некелік-отбасылық 

бейімделуді  адамның  некеде  және  отбасыда 

өмір сүре білу қабілеті деп қарастыруға болады. 

Некелік  бейімделу–бұл  жұбайлардың  өзара 

қалыпты  қызығушылықтар  мен  сезімдерге 

негізделген  үйлесуінің  үздіксіз  үрдісі.  Бірақ, 

сүйіспеншілік  пен  махаббат  сезімдері  некелік 

бейімделудің сәтті аяқталатынын білдірмейді. 

Жас  отбасының  табысты  бейімделуі  үшін 

бір  біріне  тәуелді  болмаған  екі  жақтың 

қажеттіліктері 

мен 


қызығушылықтары 

өзара  келісуі  керек.  Неке  тараптары 

алдында  қалыптасқан  қандай  да  бір  өмірлік 

жағдайды  өзара  келісіп  шешудің  тетігі  жасап 

шығарылады.  Отбасылық  келісімнің  дәрежесі 

көп  жағдайда  бір  жұбайдың  екіншісінің  көңіл 

күйін  сезінуге  тырысу  немесе  қандай  да  бір 

жағдайды  түсінуге  тырысуына  негізделеді. 

Жұбайлардың  әрбіреуі  қарым  қатынастың 

ерекше,  жеке  стилін  жасап  шығарады.  Дәл 

осы  жолмен  жұбайларда  бір  біріне  қатысты 

тұрақты бағдарлар, яғни әрекет етудің белгілі 

бір  типтері  қалыптаса  бастайды.  Жас  некенің 

өміршеңдігі  некелік  бейімделу  үрдістерімен 

анықталады.  Бұл  үрдістер  бірлескен  өмірдің 

алғашқы  екі  жылында  әсіресе  қарқынды 

жүреді.  Жас  отбасылармен  жұмыс  істейтін 

психологтардың ойынша, некелік бейімделудің 

келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады: 

• некенің негізгі құндылықтарына бейімделу

• Жұбайының қызығушылықтарына, әдеттері 

мен өмір сүру салтына, оның темпераменті мен 

мінезіне бейімделу; 

• Жас жұбайлардың кәсіби қызметіне. 

• Физиологиялық (оның ішінде сексуалды).

Некелік-отбасылық  қатынастарға  түскен 

жастарға берік неке құру үшін барлық жағдайлар 

жасалады:  бір  біріне  деген  берік  сезімдер, 

оңды  материалды  және  баспаналық  жағдай. 

Бірақ,  көп  жағдайда  отбасыдағы  мәселелер 

жұбайлардың  бір  біріне  үйренісе  алмауынан 

болады.  Нәтижесінде  олардың  некелік  өмірі 

шыдауға төзгісіз бола бастайды. Сол себептен 

жас  отбасыдағы  жақсы  қатынастардың  кепілі 

некелік бейімделу болып табылады. 

Жас 


отбасыны 

тұрақтандыру 

(жас 

отбасылардың  көбісі  халықтың  аз  қамтылған 



топтарының қатарына кіреді) үшін әлеуметтік, 

экономикалық,  құқықтық  қорғаудың  кешенді 

шаралары жасалынып, оларға басқа отбасылар 

сияқты  дамуына  тең  мүмкіндіктер  жасау 

керек.  Жас  отбасыны  құрылымы  бойынша 

шартты  түрде  екіге  бөлуге  болады:  жайлы 

отбасы  және  әлеуметтік  қатерге  иеленетін 

отбасы. Ақырғысына жалғыз басты аналардың 

отбасын,  студенттік,  кәмелетке  толмаған 

аналар  мен  әкелердің,  жұмыссыздардың 

отбасын  жатқызуға  болады.  Біздің  елімізде 

ақырғы  онжылдықта  ажырасқан  адамдар 

саны  ұлғая  түсті.  Жыл  сайын  бұзылатын 

некелердің  арасында  жас  отбасылардың 

ажырасу  үлесі  үлкен  көрсеткішті  құрайды. 

Дегенмен, жас отбасы ажырасуға душар деген 

ой  туындамауы  керек.  Кейбір  отбасылардың 

сәтсіздігін  тіркелу  кезінде  ақ  көруге  болады. 

Бүгінгі таңда отбасы құру үшін емес, ал басқа 

мақсаттарда  құрылатын  «жалған  некелер» 

көбейіп  кетті.  Әлеуметтанушылар  «жеңіл 

ойлы»  атағына  иеленген  некелердің  ерекше 

санатын  бөліп  көрсетеді.  Отбасылық-некелік 

қатынастардың  бұл  санатын  қандай  да  бір 

өмірлік  жағдайлар  құрайды:  отбасылық  жұп 

неке құрғанға дейін бір бірін дұрыс біліспеген, 

қандай  қаржыға  өмір  сүру  керектігін 

ойластырмаған адамдар құрайды. Жастар неке 

құруға  ғана  емес,  сонымен  қатар  ажырасуға 

да  көз  жұма  қарайды.  Әлеуметтанушылардың 

мәліметтері  бойынша,  ажырасқан  жұптардың 

үштен 


біреуінде 

жұбайлар 

арасында 


ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

15

эмоционалдық 



байланыстар 

толығымен 

бұзылған. Ал олар бірлескен өмірдің бастапқы 

кезеңінің  қиындықтарын  шешіп,  жұбайлық 

қатынастардың  дамуындағы  дағдарыстық 

жағдайларды  еңсере  білген  жағдайда  жас 

некелердің негізгі бөлігі сақталынып қалар еді 

[7]. 


Бақытты некелік өмір отбасы конфликтерінің 

болмауымен  сипатталмайды.  Жас  отбасыдағы 

конфликтінің  бірден  бір  қайнар  көзі 

ұрпақтар  сабақтастығының  жойылуы  болып 

табылады.  Біздің  елімізде  бұл  құбылыстың 

өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Мәселен,  жас 

отбасылардың  экономикалық  тәуелділіктері 

жағдайында  жастардың  ата-анасымен  рухани 

байланыс  орнатуы  әлсірей  бастайды.  Қазіргі 

таңда некелік қатынасқа ерте түсу отбасының 

экономикалық жетілу кезеңінің ұлғаюы аясында 

жүріп, ата-анаға деген материалды тәуелділікті 

жоғарылата  бастайды.  Қазіргі  жас  отбасының 

отбасылық  бюджеті  жалақыдан  немесе 

мемлекеттік балаға беретін жәрдемақысынан, 

жұбайлардың  қосымша  табысынан  құралады. 

Алайда,  жас  отбасы  бюджетінің  негізгі  үлесін 

ата-ананың көмегі құрайды.

Әр  адамның  денсаулығы  күллі  халық 

денсаулығының  құрамдас  бөлігі  ретінде 

оның  өмірінің  толыққандылығын  ғана 

емес,  сонымен  қатар  оның  мүмкіндіктерінің 

әлеуетін  анықтаушы  факторға  айналады. 

Халық  денсаулығының  жағдайы  өз  кезегінде 

елдің 

әлеуметтік-экономикалық, 



мәдени 

және  индустриалды  дамуының  шамасын 

анықтайды. Халық әл-ауқатының тұрақты өсуі 

ұстанымы  бойынша  медициналық  көмектің 

қолжетімділігін,  сапасы  мен  сабақтастығын 

қамтамасыз  етуге  арналған  ортақ  дамыған, 

әлеуметтік  бағдарланған  жүйені  білдіретін 

денсаулық  сақтау  саласы  республикадағы 

негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет