Жас отбасыларды әлеуметтік қОРҒАУ


 ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК-



жүктеу 5.84 Mb.
Pdf просмотр
бет5/8
Дата22.12.2016
өлшемі5.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

3. ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК-

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 

ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН 

ҚОЛДАНУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

Жас отбасы түсінігі ғылыми әдебиет пен ресми 

құжаттарда  1980  жылдардың  басынан  бастап 

пайда  болып,  қарқынды  қолданыла  бастады. 

Өндіру  режимінің  трансформациясы  және 

оның  салдары  қоғамның  отбасылық  саясатты 

жүргізу басымдықтарын өзгертуге мәжбүрледі. 

Қазіргі  таңдағы  ең  өзекті  қажеттілік  әр 

мемлекеттің тиісті әлеуметтік-демографиялық 

ерекшеліктерін  ескере  отырып,  жүргізіліп 

жатқан  шараларды  талдау  негізінде  отбасы 

жағдайын  жақсартуға  бағытталған  отбасы 

саясатының  бағыттарын  жүйелендіру  болып 

табылады. 

Бүгінгі  күні  жалпы  адамзаттық  мәселелер 

әлем  елдерінің  әлеуметтік  тәжірибесін 

біріктіруші  негізге  айналды,  ал  әлеуметтік 

жұмыс дәл осы жалпы және жеке мәселелерді 

шешуге  бағдарланған.  Отбасылық  саясаттың 

бағыттары баланың туылуы мен тәрбиеленуіне 

қатысты әлеуметтік қорғау жүйелерінің негізгі 

бөлігі болып табылады. Отбасылық саясаттың 

бағыттары  әлеуметтік  қорғау  жүйесінің  басқа 

бағыттарына  да  ендірілген  сақтандырудың 

түрлі жүйелерінен қолдау тауып отырады. 

Барлық  қоғамдарда  түрлі  көріністегі 

әлеуметтік  мәселелер  пайда  болып  отырады. 

Қоғамдардың өзі де бұл мәселелерге әртүрліше 

шара  қолданып,  әлеуметтік  саясаттың 

шеңберіндегі  қандай  да  бір  әлеуметтік 

бағдарламаларды  іске  асырады;  әлеуметтік 

жұмысшылар  да  белгілі  бір  әлеуметтік  және 

тұлғалық  мәселелерді  шешуде  өздерінің 

орасан  зор  теориялық  білімдерін  әртүрліше 

пайдаланады.  Бұл  тәжірибенің  басқа  елдерде 

қалай  жүзеге  асырылатынын  білу  әлеуметтік 

қажеттіліктерге  жұмсалатын  шығындарды 

еңсеруге,  жаңа  мәселелердің  пайда  болуын 

болжауға  және  орынды  шешім  қабылдауға 

мүмкіндік  береді.  Әлеуметтік  қызметтің 

халықаралық  тәжірибесі  мен  оны  әлеуметтік 

және  мәдени  тұрғыдан  ерекшеленетін  түрлі 

мемлекеттерде  қолданудың  мүмкіндіктерін 


ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

26

мемлекет нағыз «бэби бумды» басынан кешіріп 



жатыр.  Демографиялық  өсім  күн  сайын  емес, 

ал  сағат  сайын  өсіп  келеді.  Демографиялық 

жарылыстың  себептері  фин  азаматтарының 

материалды  және  қаржылық  ауқаттылығына 

ғана  емес,  ал  оларды  жайлы  әлеуметтік 

қамсыздандыруға байланысты болып келеді. 

Бұл бөлімнің мақсаты скандинавия елдерінің 

жас  отбасыға,  ана  болуға  деген  қатынасын 

және  отбасылық  дәстүрлерді  сақтап  қалуға 

қатысты саясатты зерттеу болып табылды. 

Скандинавия 

елдерінің 

тәжірибесін 

салыстыра  отырып,  Қазақстанда  да  ақырғы 

уақытта демографиялық өсімнің байқалатынын 

атап өту керек. Қазақстан Республикасы Ұлттық 

экономика министрлігінің Статистика комитеті 

мәліметтері  бойынша  2000-2015  жылдар 

арасында  жыл  сайынғы  бала  туудың  сан 

көрсеткіші  екі  есеге  ұлғайған,  ал  проценттік 

қатынаста  бала  туу  үлесі  42%  жеткен  [15]. 

Мысалы,  2015  жылы  еліміздің  аймағында 

396600  бала  дүниеге  келген.  Сонымен  қоса 

Америка  Құрама  Штаттары  Орталық  барлау 

басқармасының  фактілердің  Дүниежүзілік 

кітабында тұрғындардың табиғи өсімі бойынша 

мемлекеттер  тізімінде  Қазақстан  шетелдік 

мемлекеттерді,  соның  ішінде  Финляндияны 

да  озып  110  орынды  алады.  Осылайша, 

демографиялық 

үрдістердің 

оңтайлы 


динамикасы мемлекет жүргізіп отырған тиімді 

әлеуметтік саясаттың арқасы болып табылады. 

Қазіргі таңда Финляндия жастары арасында 

отбасы  құрып,  бала  туып,  ата-ана  атану 

ұстанымдары  жоғарылаған.  Көп  жағдайда 

бұл  жас  отбасылар  мен  ата-аналарға  түрлі 

жәрдемақылар  беріп  отырған  мемлекет 

еңбегінің  жемісі.  Мәселен,  Финляндияда 

жас  ата-ана  болу  өте  ыңғайлы.  Финдік  заң 

бойынша  декреттік  демалысқа  тек  ана  ғана, 

емес  сонымен  қатар  әкенің  де  құқығы  бар. 

Мемлекеттің  жергілікті  билік  органдары 

алғашқы  көмек  пен  ауруханалар  қызметін 

қамтамасыз  етеді.  Олар  өз  кезегінде  салық 

төлемдерінен қаржыландырылады. Денсаулық 

сақтау  орталықтары  жанында  терапевтер, 

ана  мен  бала  клиникалары,  баланың 

денсаулығын сақтау қызметтері жұмыс істейді. 

Денсаулық сақтау орталықтарының қызметтері 

орталыққа  қарайтын  аудандарда  тұратын 

азаматтардың барлығына да қолжетімді болып 

келеді.  денсаулық  сақтаудың  мемлекеттік 

жүйесімен  қатар  қоғамда  жеке  медициналық 

практикалар  іске  асырылады.  Денсаулық 

сақтаудың  мемлекеттік  жүйесінің  қызметтерін 

барлық  азаматтар  қолдана  алады.  Алдын-алу 

шаралары, кеңес беру және ақпараттық қызмет 

көрсету тегін болып табылады. 

Қазіргі  таңда  Финляндия  мемлекеттегі 

отбасылар 

мен 

балалар 


жағдайын 

жақсартудың  жаңа  бағдарламасын  әзірлеуде. 

Мемлекет  әлеуметтік  қызметтің  адамдардың 

қажеттіліктеріне  қарай  дамуын,  бала  тууды 

ынталандыруға  бағытталған  шаралардың 

көбеюі  және  бедеулікті  емдеу,  оның  алдын 

алу  жүйесін  құру;  ер  адамдарды  отбасы 

құру  жоспары  үрдісіне  көбірек  тарту;  отбасы 

жоспарлау 

мәселелеріне 

қызығушылық 

білдіретін  мамандар  үшін  ұлттық  ақпараттық 

жүйені  құру  сияқты  сұрақтарды  қарастырады. 

Сонымен  қатар  Финляндияны  отбасылық 

сұрақтарға 

ұқыптылықпен 

қарайтын 

мемлекеттердің  бірі  деп  есептеуге  болады, 

ол  өз  кезегінде  ел  демографиясында  көп 

жетістіктерге  жетуге  мүмкіндік  берді.  Осыдан 

Финляндияның  үкіметі  жас  отбасыларға, 

отбасы  құруға,  балалардың  туылуына  және 

түрлі  дәстүрлерді  сақтауға  шын  көңіл  бөліп 

қарайтынын  байқауға  болады.  Финляндия 

өзінің салттарын ұстанып қалған консервативті 

мемлекет  болып  табылады,  дегенмен  де, 

мемлекет пен әлем дамуының есебінен кейбір 

өзгерістерді басынан кешіруде. Бұл тағы да бір 

артықшылық болып табылады, өйткені, үкімет 

жас  отбасылар,  жас  ата-аналар  мен  отбасыға 

қатысты  саясатқа  инновациялық  идеяларды 

енгізе алады [16].

Финляндияны  жас  аналарға  арналған  ең 

ыңғайлы мемлекет деп атайды. Перзентханадан 

шығу  барысында  сәбиге  алғашқы  айлары 

керек болатын заттың бәрін сыйлап, жас ата-

ананың  материалды  мәселелерге  бастарын 

ауыртпайтындай  қылады.  Барлық  қоғамдық 

орындар  бесік  арбалар  кіретіндей  қылып 

жасалған, арнайы балалар бөлмесімен, кейбір 

кезде  күтушілермен  қамдандырылған.  Әдетте 

балаларды  бірнеше  сағатқа  тегін  күтушіге 

тастап та кете береді [17].

Финляндия  мен  Қазақстанның  тәжірибесін 

салыстыра  отырып,  елімізде  декреттік 

демалысқа  әкелердің  де  шыға  алатынын 

негіздеуге  болады.  Денсаулық  сақтаудың 

мемлекеттік  жүйесінің  қызметтерін  барлық 

азаматтар 

қолдана 


алады. 

Алдын-алу 

шаралары, кеңес беру және ақпараттық қызмет 

көрсету  тегін  болып  табылады.  Денсаулық 

сақтау орталықтары жанында терапевтер, ана 

мен бала клиникалары, баланың денсаулығын 

сақтау  қызметтері  жұмыс  істейді.  Денсаулық 

сақтау орталықтарының қызметтері орталыққа 

қарайтын  аудандарда  тұратын  азаматтардың 

барлығына  да  қолжетімді  болып  келетіндігін 

атап өту керек. 


ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

27

           ШВЕЦИЯ ПАТШАЛЫҒЫ



Солтүстіктегі  мемлекеттер  халыққа,  оның 

ішінде  жас  отбасыларға  әлеуметтік  көмек 

көрсетудің үздік үлгілерінің біріне ие. Мысалға, 

Швеция  әлем  бойынша  өмір  сүрудің  жоғары 

көрсеткіштерін  иеленіп  келеді.  Халықты 

әлеуметтік  қамсыздандырудың  қуатты  жүйесі, 

тегін білім беру, денсаулық сақтау мен зейнетақы 

төлеудің  жоғары  деңгейі,  мүгедектерге  түрлі 

көмек көрсету және балалары бар отбасыларға 

айтарлықтай материалды көмек көрсету «Швед 

үлгісінің»  ажырамас  бөлігі  болып  табылады. 

Әл-ауқаттылықтың  скандинавиялық  үлгісі  әр 

адамның тұрғылықты жері мен экономикалық 

статусына  қарамастан  әлеуметтік  тұрғыдан 

қорғалу  құқығы,  бюджеттік  қаржыландыру; 

әлеуметтік қамсыздандырудың үкіметтік жүйесі; 

қоғамдық  жауапкершілік  пен  медициналық 

қызмет  көрсетулерге  қолжетімділік  сияқты 

әмбебап  қағидаларға  негізделеді.  Әлеуметтік 

жұмыстағы негізгі қағидалардың бірі әлеуметтік 

сектордағы  мемлекеттік  және  мемлекеттік 

емес  құрылымдардың  өзара  әрекеттесуін 

заңды  түрде  реттейтін,  қаржыландыру 

жағдайында  мемлекеттік  құрылымдардан 

гөрі  әлеуметтік  бағдарламалар  шеңберіндегі 

азаматтық (қоғамдық) және жеке бастамаларға 

артықшылық  беретін  субсидиарлық  қағидасы 

болып  табылады.  Солтүстік  мемлекеттерде 

халыққа деген қызметті бюджеттің тарапынан 

қаржыландырылатын 

мемлекеттік 

және 


қоғамдық  коммерциялық  емес,  үкіметтік  емес 

мекемелер көрсетеді. 

Швецияда отбасы институтының дағдарысы 

басталды. Швеция ауқатты қоғам болғанымен, 

өкінішке орай, ондағы жалғыз басты адамдар 

өте  көп.  Мемлекет  қоғамның  қорғалмаған 

әлеуметтік  топтарын  қолдауға  бағытталған 

кең  ауқымды  әлеуметтік  бағдарламаларды 

іске  асырып  келеді.  Мысалға,  бұл  елде 

тегін  медициналық  қызмет  көрсету  қызмет 

етеді.  Табысқа  қарай  алынатын  салықтың 

шамамен  80  пайызы  денсаулық  сақтау 

саласына жұмсалады. Швеция, Норвегия және 

Финляндия елдері сияқты қарым-қатынастағы, 

жанұядағы  ер  азамат  пен  әйел  адамның 

теңдігін қолдай отырып, отбасы институтының 

маңызын  жоққа  шығарып  отыр.  Дегенмен, 

олардың  балаға  қатысты  әлеуметтік  саясаты 

әлемдегі ең үздіктердің бірі болып табылады. 

Күллі  әлеуметтік  жүйе  баланың  игілігіне 

қарай  құрылған.  Балалар  мен  аналарға 

түрлі  әлеуметтік  жәрдемақылар  беріледі. 

Швед  азаматшыларының  ана  атануына  түрлі 

қаржылық  жәрдемақылар  ынталандырады. 

Оған қоса көп балалы болу мансаптық өсімге, 

қарапайым  белсенділікке  кедергі  келтірмеу 

үшін  жағдай  жасалған.  Мәселен,  кез  келген 

жанармай  құю  станцияларында  балаларды 

жөргектеуге арналған орындар бар, кез келген 

іскерлік  жерде  балалар  ойнайтын  бөлме 

даярланған,  кез  келген  ресторанда  балалар 

мәзірі  беріледі.  Демографиялық  өсімге  тек 

перзентханалар  ғана  емес,  барлықтары 

бағдарлана бастады. 

Швецияда  төрт  құрылымнан  тұратын 

«Отбасылық  үй»  әлеуметтік  мекемесі  қызмет 

етеді:  Аналар  орталығы,  Медициналық 

поликлиникалық  орталық,  Әлеуметтік  қызмет 

орталығы және Ашық балабақша. 

Мұндай  ұйымдар  аналарға,  балалар  мен 

отбасыларға көмектесетін түрлі мамандардың 

жұмысын  реттестіруге  мүмкіндік  береді. 

Швеция  баланы  қорғау  саясатына  басымдық 

беріп, даму үрдісіне септігін тигізіп отыр. 

Әлемдік  тәжірибені  зерттей  отырып, 

отбасыны қолдаудың шведтік үлгісін келтіруге 

болады.

           НОРВЕГИЯ ПАТШАЛЫҒЫ



Норвегиядағы  некелер  ұзақмерзімді  болып 

келеді.  Бүгінгі  күні  Еуропа  мемлекеттерінің 

ішінде  Норвегияда  демографиялық  өсімнің 

ең жоғары индекстерінің бірі тіркелген. Ол 1,9 

құрайды.  Осы  көрсеткіш  бойынша  Норвегия 

Италия және Испания сияқты мемлекеттерден 

озып  түсті,  және  де  ол  теңдестірілген 

мемлекеттік  саясаттың  арқасында  іске 

асырылып отыр. 

Ақырғы  таңда  Норвегия  консервативті 

отбасы  институтының  өзгеруіне  және  ел 

азаматтарының  мансаптық  өсімін  қолдауға 

бағытталған  саясатты  жүргізіп  отыр.  Мұндай 

саясат  отбасыға  және  бала  тәрбиесіне  өз 

зардабын тигізбей қоймайды. 

Солтүстік 

мемлекеттерінің 

әлеуметтік 

стратегиясының негізгі қағидалары:

•  Халықтың  түрлі  топтарына  қатысты 

қолданылатын 

әртарапты 

әдісті 

әмбебаптылықпен 



үйлестіру, 

әлеуметтік 

мәселелерді (баспана, коммуналды-тұрмыстық, 

көліктік қызметтер) шешудегі отбасылық және 

мемлекеттік бюджеттің өзара байланысындағы 

теңдік. 


• 

Әлеуметтік 

мәселелерді 

шешудегі 

мақсаттылы  және  мекен  жайлық  әдісті 

кешендікпен  үйлестіру,  минималды  өмірлік 

стандарттарды,  оның  ішінде  әлеуметтік 


ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

28

маңызды  қызмет  көрсетулерді  мақсаттылы, 



мекен 

жайлық 


әдістермен 

үйлестіруді 

қамтамасыз  етудің  қоғамдық  қолайлы 

нормаларын қалыптастыру 

• Елдің әлеуметтік қалпы мен қажеттіліктерін 

көрсететін  әлеуметтік  индикаторлар  талдауы 

мен 

әлеуметтік 



мониторингті 

қолдану 


көмегімен  әлеуметтік  саясаттың  күшейтілген 

мекен-жайлық сипаты

Қазіргі  әлеуметтік  жағдайға  талдау  жүргізе 

отырып,  аталмыш  елдердің  өз  азаматтарына 

көмек  көрсету  мен  демографиялық  өсімді 

ынталандырудың  дұрыс  тактикасын  таңдады 

деген қорытынды жасауға болады. 

Мемлекет  адамның,  отбасының  дамуы,  өз 

халқының  мәдени  дәстүрлерін  қолдау  үшін 

жағдайлар жасау керек. Скандинавия әлеуметтік 

саясатының  тетігі  барлық  тұрғындардың  әл-

ауқатын,  әлеуметтік  үрдістерді  қамтамасыз 

етудегі  мемлекеттік  реттестіру  жұмыстарын 

жүргізіп,  әлеуметтік  тежеулерді  төмендетуге 

бағытталған  әлеуметтік  саясатты  жүргізуге 

бағдарланған. 

Әлеуметтік  саясаттың  негізгі  бағыттары 

келесілерге бағытталған: 

  Скандинавия  өз  азаматтарына  күтіммен 

қарайтын,  өмір  деңгейін  көтеру  үшін  мүмкін 

нәрсенің бәрін жасайтын елдер ретінде Еуропа 

арасындағы 

мемлекеттердің 

эталонына 

айналды.  Бұл  мемлекеттерде  жас  отбасының 

жағдайын жақсарту мен олардың құқықтарын 

қорғау толықтай іске асырылуда, ал әлеуметтік 

қызметтер  елдің  демографиясын  дамыту 

және  әлемде  отбасын  құру  және  бала  туу 

тәжірибесіне  қарсы  үрдістермен  күресу  үшін 

қалыптасқан болатын.

           БІРІККЕН ҰЛЫБРИТАНИЯ ПАТШАЛЫҒЫ

Мемлекеттік  отбасылық  саясатты  зерттеу 

барысында 

біз 

бірнеше 


мемлекеттің 

тәжірибесін,  соның  ішінде  Ұлыбританияның 

тәжірибесін қарастырған болатынбыз. 

Ұлыбританияда  «мемлекетке  масылдықтан 

айырылу»  ұранымен  Тэтчер  және  оның 

неоконсерватизмді  ұстанушы  жақтастары 

мемлекеттің 

қатысуынсыз 

әлеуметтік 

мәселелердің  шешімін  отбасының  мойнына 

жүктегісі келді. Бұл саясаттың нәтижесі ретінде 

әлеуметтік  мәселелерді  шешудегі  мемлекет 

рөлінің  төмендеуі,  мемлекеттің  әлеуметтік 

бюджетінің қысқаруы орын алды [18].

  2000  жылдардың  басында  Ұлыбританияда 

сәбилердің  саны  ақырғы  80  жыл  ішінде  ең 

төменгі деңгейді көрсетті. Бұл елде балаларды 

қолдау  бойынша  Мемлекеттік  агенттік 

қарқынды жұмыс істей бастады. 

Осындай  саясаттың  арқасында  мемлекет 

халқы  мигранттардың  есебінен  емес,  ал 

дүниеге  жаңа  ұлыбритандық  азаматтардың 

келуінен өсуде [19].

           ФРАНЦИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ

Франциядағы 

әлеуметтік-құқықтық 

қорғаудың  тәжірибесі  де  үлкен  қызығушылық 

тудыруда. 

Франциядағы отбасылық жәрдемақылардың 

әртарапты  жүйесі  отбасылық  саясаттың 

құрамдас  бөлігі  болып  табылады.  Отбасылық 

жәрдемақыларға қаржы бөлу кәсіпорындардың 

есебінен жүреді. 1990 жылдан бастап олардың 

салымдары  төленген  еңбекақы  қорынан 

есептеліп  жүреді.  Бұл  салымдар  және 

мемлекеттен  түсетін  қаржы  көздері  түрлі 

отбасылық  жәрдемақыларды,  сонымен  қатар 

баспана  мен  жұмыспен  қамтылуға  жұмсалған 

шығындарды  өтейтін  мақсаттылы  сипаттағы 

отбасылық  жәрдемақыларды  беретін  Ұлттық 

отбасылық 

жәрдемақылар 

кассасымен 

есептеліп  шығарылады.  Франция  халықтың 

жұмыспен қамтылу деңгейін көтеру сұрақтарын 

шешу  бойынша  бірнеше  стратегиялық 

бағыттарды  ұсынып  отыр.  Бұл  стратегияда 

жас  отбасыларға  жәрдемақылар  мен  оларға 

баспана бөліп беру белгілі бір орын алып отыр.

            АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ

АҚШ-тағы  халықты  әлеуметтік  қорғау 

жүйесінің басты ерекшелігі орталықсыздандыру 

Халықтың өмір сүру сапасы мен 

деңгейіне қол жеткізу , оның 

ішінде  білім беру, денсаулық 

сақтау, балаларды тәрбиелеу, 

экологияны жақсарту, 

азаматтардың экономикалық 

құқықтары мен еркіндіктерін 

қамтамасыз ету, олар мен 

олардың мүлкін 

қылмыскерліктен сақтау  

Адам әлеуетінің дамуы, 

әлеуметтік игіліктердің 

үйлесімділігі, әлеуметтік 

поляризацияның әлсіреуі, қоғам 

дезинтеграциясына жол бермеу  


ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

29

болып  табылады.  Бұл  өз  кезегінде  түрлі 



деңгейлердегі,  яғни  федералды,  штаттық 

және  жергілікті  деңгейлерде  түрлі  әлеуметтік 

бағдарламаларды  іске  асырудан  көрініс 

табады.  Аталмыш  жүйенің  артықшылықтары 

оның әрбір аймақтағы адамдардың әлеуметтік 

қажеттіліктерін  уақытылы  және  толығымен 

қанағаттандыруға негізделеді. 

АҚШ-ғы  баспаналық  субсидиялар  табысы 

төмен  отбасыларға  беріледі,  олардың  көлемі 

жылына 2000 долларды құрайды. Табысы төмен 

аналардың  өз  балаларын  бірнеше  сағатқа 

қалдырып  кете  алатын  орталықтар  да  жұмыс 

істейді.  Дегенмен  де,  АҚШ  демографиялық 

өсімнің  жақсы  деңгейімен  мақтана  алмайды, 

ол ақырғы жылдар ішінде едәуір төмендеген.

           ГЕРМАН ФЕДЕРАТИВТІК РЕСПУБЛИКАСЫ

Германияда 

жас 


отбасыларға 

жеке 


баспана  беру,  балабақшаларды  көбейту, 

бастауыш  мектептердің  қарамағында  уақыты 

ұзартылған  топтарын  ашу,  балалар  және 

жастар  демалысын,  жаздық  балалар  лагерін 

ұйымдастыру  тәжірибесі  кеңінен  таралған. 

Жастарды, оның ішінде студенттік отбасыларды 

қолдауға бағытталған мемлекеттік шаралар жас 

әйелдерге өз кәсібінің маманы және лайықты 

ана болуына септігін тигізбей қоймайды [20].

Ана  баласы  үш  жасқа  толғанша  декреттік 

демалыста қалғысы келсе, жұмыс беруші оның 

жұмыс  орнын  сақтап  қалуға  міндетті  болып 

келеді. Тұрмысы нашар адамдар екіқабаттарға 

арналған  киімді,  балаға  ең  қажетті  заттарды 

сатып  алу  үшін  бір  реттік  көмек  ала  алады. 

Көбісі  балалары  бір  жасқа  толмайынша 

жөргектерді тегін ала алады. 

1970  жылдары  аналықты  сақтап  қалу, 

балалары бар отбасыларға жәрдемақылар мен 

төлемақыларды  беру  жүйесі  көптеген  Батыс 

елдерінде іске қосылған болатын. Қазіргі таңда 

әлеуметтік көмек шеңберінде келесі іс-шаралар 

жүргізіліп  келеді:  екіқабат  және  бала  туу 

жағдайында  әйелдерге  медициналық  қызмет 

көрсету, декреттік демалыстарды ұйымдастыру 

және  қаржыландыру,  сәбилер  мен  кішкентай 

балалардың 

денсаулықтарын 

бақылау, 

балаларды  тәрбиелеуге  арналған  демалысты 

рәсімдеу  (ата-аналық  демалыс),  балаларға 

арналған  отбасылық  жәрдемақыларды  беру, 

салықты төлеуде жеңілдіктер жасау, баспананы 

сатып алу немесе жалға алу үшін аз пайыздық 

несие беру.

           РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ

Ресейде  «Ресей  жастары»  федералды 

мақсаттағы бағдарламаға сәйкес жас отбасыны 

қолдау  мақсатында  келесі  міндеттерді  шешу 

көзделіп отыр:

Жас  отбасыларды  қолдауға  бағытталған 

міндеттердің  бір  бөлігі  «Ресей  балалары», 

«Баспана»,  «Халықтың  жұмыспен  қамтылуы» 

және басқа да аймақтық бағдарламаларда іске 

асырылып отыр. 

Қабылданған  бағдарламада  жас  отбасыны 

әртарапты  қолдау  бойынша  қолданбалы 

шаралар  айқын  даярланған.  Аталмыш 

бағдарлама 

репродуктивті 

денсаулықты 

сақтау  саласында  жұбайлардың  және  басқа 

да  тұлғалардың  балаларды  жоспарлау 

сұрағын  өздігінен  шеше  алу  қағидасына,  ол 

туралы  қажетті  ақпарат,  білім  және  қаржы 

алуға,  жас  жұбайларға  психологиялық  және 

заңгерлік  көмек  көрсетудің  жағдайларын 

қалыптастыруға  негізделген  шаралардың 

кешенін ұйғарып отыр. Бұл жұмыс ең алдымен 

«Жастар  және  отбасы»,  «Жас  отбасы» 

және  әлеуметтік  қызмет  көрсетудің  басқа 

да  түрлерін  ұйымдастырумен,  әлеуметтік 

тұрғыдан  қамқорлыққа  мәжбүр  отбасыларды 

қолдау  бойынша  аймақтық  бағдарламаларды 

әзірлеумен  және  қабылдаумен  байланысты 

болып келеді. 

«Жас  отбасы»  қызметінің  ақпараттық  және 

әдістемелік  қызметтерінен  бөлек  негізгі 

жұмысы  қолайсыз  әлеуметтік-психологиялық 

Жас балалары бар отбасыларды 

қолдауға бағытталған тетіктерді 

дамыту 


Жас отбасылар үшін кеңес беру 

және ақпарат желісін дамыту  

Балалары бар жас аналардың 

жұмыспен қамтылу және 

олардың баспаналық мәселесін 

шешуге септігін тигізу 

Жас отбасылардың ұзақ 

қолданыстағы тауарларды сатып 

алуына, сонымен қатар білім 

алуына септігін тигізу 



ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

30

жағдайларда  өмір  сүріп  жатқан  жас 



отбасыларды  әлеуметтік  қамқорлыққа  алу, 

кәмелетке толмаған, екі қабат және бала емізіп 

жүрген  аналарды  медициналық  қамқорлыққа 

алу, үздіксіз күтімді талап ететін тұлғалар мен 

жас  отбасыларды  қамқорлыққа  алу  болып 

табылады [21].

Қазіргі 

таңда 


Ресейде 

2006 


жылы 

қабылданған  және  2007  жылы  іске  қосылған 

«Аналық  капитал»  федералды  бағдарламасы 

қызмет етеді. Бұл жоба елдегі демографиялық 

өсімді жоғарылатып, отбасыларға тиісті көмек 

көрсетуге арналған [22]. 

Батыстың  барлық  елдерінде  отбасыны 

жоспарлау  қызметтері  істейді,  ал  әйелдер 

жүктілікке  қарсы  дәрі  қолдану  құқығына  ие. 

Аборттарға деген қатынас толықтай еркіндіктен 

қатал шектеулерге дейін өзгере алады.

Әлеуметтік баспананы салудың халықаралық 

тәжірибесі  төрт  негізгі  үрдістерді  түйіндеп 

отыр. 


Біріншісі. 

Әлеуметтік 

баспананы 

жабдықтаушыларға  көрсетілетін  мемлекеттік 

қолдаудың 

қысқаруы 

және 

кедей 


тұтынушыларды  тікелей  қолдауды  күшейту. 

Ұсыныстарды 

ынталандыру 

әлеуметтік 

баспананы  салу  үшін  мемлекеттік  бюджеттен 

қаржы  бөлу  арқылы  іске  асырылады,  ал 

сұранысты  ынталандыру  жеке  тұрмыстық 

жәрдемақыларға  бюджеттен  қаржы  бөлу 

есебінен жүзеге асырылады. 

Екіншісі.  Мемлекеттік  жалдамалы  баспана 

тіркелген  әлеуметтік  үй  қожайындарына, 

ең  алдымен  баспаналық  қауымдастықтарға 

беріледі.  Тіркелген  әлеуметтік  үй  қожайыны 

статусы жеке бизнеске айтарлықтай жеңілдіктер 

жасайды.  Көптеген  мемлекеттерде  барлық 

әлеуметтік  баспана  әлеуметтік  агенттіктердің 

қолына берілген. 

Үшінші.  Әлеуметтік  баспананы  дамыту 

бағдарламаларында  жеке  ойыншылар  мен 

жеке бизнес рөлін жоғарылату. 

Төртінші. 

Баспаналық 

қауымдастықтар 

қызметіне  мемлекеттік  бақылауды  күшейту 

–  баспаналық  стандарттарды,  жалға  алу 

шарттарын,  баспаналық  демократия  деңгейін 

сақтау және т.б. 

Сонымен, жоғарыда аталғандардың барлығы 

әлеуметтік  баспананы  салудың  оңтайлы  және 

қолайсыз  жақтарын  көрсетуге  мүмкіндік 

береді.  Оңтайлы  жақтарына  қамқорлыққа 

мәжбүр  жандарды  баспанамен  қамту,  жалға 

алушылардың  тұрақты  тұруын  қамтамасыз 

ету, 


қоғамдық 

байлықтың 

ұлғаюына 

септігін  тигізеді,  аралас  микроаудандарды 

қалыптастыру  мүмкіндігі  жатады.  Шетелдік 

сарапшылар  қолайсыз  жақтарына  баспананы 

таңдау  құқығының  шектелуі,  тұрғындардың 

жеке  қажеттіліктеріне  сай  болмауы,  геттоның 

қалыптасуы, 

көптеген 

бюрократиялық 

кедергілердің кесірінен әлеуметтік баспананы 

төмен  деңгейде  қолдап  отыру  және  нашар 

басқару. 

Жалпы  алғанда  әлеуметтік  баспананы 

салудың  шетелдік  тәжірибесін  Қазақстандағы 

баспаналық  мәселенің  ушыққан  күйін 

бәсеңдету, қалалық ортаның сапасын жақсарту, 

әлеуметтік  баспана  менеджментін  жақсарту 

және  әлеуметтік  баспананы  басқарудың  кең 

баспаналық демократиясын дамыту үшін біздің 

қоғамымыздың  шарттарына  бейімдендіруге 

болады. 

Сонымен,  жас  отбасыларды  әлеуметтік-

құқықтық  қорғау  саласындағы  шетелдердің 

тәжірибесі 

субсидиялар, 

жәрдемақылар, 

аналар  мен  балаларға  мемлекеттік  тұрғыдан 

күтім  көрсету  шаралары  басым  орын  алатын 

әлеуметтік  көмектің  негізгі  формаларын 

анықтауға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған 

барлық мемлекеттер Қазақстан үшін отбасылық 

саясат саласында үлгі бола алады. 


1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет