«Жаскілен Қалиев шығармаларындағы ұлтжандылық сезім» Мазмұны Кіріспе



бет2/3
Дата15.01.2023
өлшемі32,98 Kb.
#61321
1   2   3
Зерттеудің мақсаты–Қазақ поэзисына өзіндік үлесін қосқан Жетісу өңірінің ақыны Жаскілен Қалиев шығармашылығын насихаттау. Өлеңдеріне талдау жасай отырып, ақынның ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін дәріптей отырып,ақын шығармаларын үлгі етіп жас ұрпақтың еліне деген сүйіспеншілігін нығайтуға үлес қосу.Ақын сөзімен айтсақ:
Өзіңе сен,өзің қайрат еткейсің.
Надан болмай,адам болып өткейсің.
Өзге жұрттың өз ұлдары бар шығар,
Сен қазақты қазақ етіп кеткейсің!
Зерттеудің объектісі –ақын шығармаларындағы ұлтжандылық сезім.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша әдебиеттерді (ақын шығармаларын) оқу, талдау,оқушылар арасында әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу, алынған нәтижелерді зерделеу.
Зерттеудің жұмысының мазмұны: Ж.Қалиев кейінгі жас ұрпақты туған жерге,туған елге шынайы берілгендік рухында тәрбиелеуге атсалысатын тамаша шығармалар жазды. Ол қазақ халқының ұлылығына, дархандығына, тәкаппарлығына, мейірімділігіне көз жеткізді. Өз ұлтын өзгелермен салыстыра келе,басқалар күнделікті өмірде көп мән бере бермейтін көптеген ұлттық құндылықтардың қадір-қасиетін ішкі жан-дүниесімен сезініп,
Жұлуға жоқ ешкімнің қолдағысын.
Тату-тәтті тек жүру-сондағысы.
Айдай әлем астында жоқ-ақ шығар
Қазағымның тимеген қолғабысы,-деп жырлады.
Қорытынды:Ж.Қалиев тек Жетісу өңіріне ғана емес,барша қазақ оқырманына танымал ақын. Бұл зерттеу жұмысын факультативтік сабақта және оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу жұмыстарын жүргізгенде пайдалануға болады.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жаскілен Қалиев 1934 жылы Алматы облысы Бөрілтөбе ауданындағы «Көкжиде»ауылында дүниеге келді. «Үлгі» балық колхозындағы орта мектепті бітіріп,әркімнің қолы жете бермейтін сол кездегі қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің философия-тарих факультетін ойдағыдай бітіріп шығады.
Жаскілен Қалиевтің философия факультетінде оқуы да тегін емес еді.Оның бойында өмірге деген құштарлығымен қатар айналадағы құбылысты философиялық тұрғыдан тануы және ақынға тән албырттығы да әрдайым көзге ұрып тұратын.Содан болар Жаскілен университет қабырғасында жүріп-ақ жыр сайысына қатысып,өлең өлкесіне бет бұра бастаған. Сол кезде жас ақындар елгетанылып қалған әріптестері Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, Ш.Мұхамеджановтармен үзеңгілес қатар шыққан.
Университетті ойдағыдай аяқтап,сол білім шаңырағында қалып еңбек етуге толық мүмкіндік туып тұрса да туған ауылдың туын көтеру үшін шалғайдағы елді-мекенге жолдама алады.50-жылдың ортасы,60-жылдардың бас кезі соғыстан кейінгі ауыр кезең екені белгілі.Ел ішінің енді-енді еңселері көтеріліп,ауыл тұрмысының ақырындап аяқтанып келе жатқан шағы.Сондықтан Жаскілен сияқты оқыған,білімді жас мамандар ауылға қажет болатын.Ж.Қалиев туған ауылында еңбек ете жүріп өзінің білімді де азаматтық парасаттылығының арқасында қызметі жоғарлап,аудан,облыс деңгейіндегі басшылықтардың тізгінін ұстады. Мемлекеттің жоғарғы наградаларына ие болды.
Сан ғасырдан бері қазақ халқының тәрбие жөніндегі өнегелі сөздері мен істері, тұрмысы, мәдениеті, өнері, өмір тәжірибесі отансүйгіштік сезімнен бастау алады. Әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын өскелең ұрпақты тәрбиелеуде халқымыздың ғасырлар бойғы жинақталған тәрбие әдістерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қабілеттерді олардың бойына дарытты. Қазақ халқы қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен елдігін сақтап қалу үшін күресе отырып, туған елге, кіндік қаны тамған қасиетті жерге деген махаббатын ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп беріп отырды. “Туған жер” ұғымын бала бойына ерте сіңіруге тырысып, оны Отан, ел-жұрт ұғымдарымен байланыстырып отырған. “Отан от басынан басталады”, “Отан оттан да ыстық”, “Елің үшін отқа түс күймейсің” деп тәрбиеленетін қазақ баласы үшін Отан - отбасынан, ата-жұртынан, туып өскен топырағынан басталады десек, Жетісу өңірінің ақыны Жаскілен Қалиевтің шығармаларына талдау жасай отырып,ақынның ұлтына,туған жеріне деген сүйіспеншілігін дәріптеу,ақын шығармаларын үлгі ете отырып жас ұрпақтың еліне деген сүйіспеншілігін нығайтуға үлес қосу мақсатында осы зерттеу еңбегін жүргіздік.
“Екі түрлі ұғым бар: ұлттық рух – бұл асыл қасиет, ұлтшылдық – бұл ұлт ішіндегі жеке адам бойындағы көркеуделік. Бұл мәселені дұрыс түсіне білу керек” – деген Бауыржан Момышұлының ұлтжандылық пен ұлтшылдық туралы пікірін келтіру арқылы зерттеу жұмысының тақырыбына түсінік бердік деп ойлаймыз.
Ж.Қалиев –ұлттық рухы биік,патриот ақын.Қазақ кеңес энциклопедиясында “патриотизм” – дегеніміз (грекше patris – Отан, туған жер) Отанға деген сүйіспеншілік. Бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды” – деп көрсеткен. Ал философиялық түсіндірмеде: “патриотизм (грекше patris – Отан) мазмұны Отанға сүйіспеншілік, оған шынайы берілгендік, оның өткені мен бүгінгісі үшін мақтаныш, Отан мүдделерін қорғауға ұмтылу болып табылатын адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім” деп қарастырылады. Патриотизм ұғымын әскери-жазушы, халық батыры Бауыржан Момышұлы “патриотизм – Отанға (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз – мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан: өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді”,- дей отырып, “Ұлттық мақтаныш сезімі дегеніміз белгілі бір немесе басқа ұлт адамының көптеген жеке мақтаныш сезімінің жиынтығы болып табылады, ұлттық мақтаныш сезімі әрбір ұлт адамы үшін бұзылмас заң” – дейді.
Ж.Қалиевтің патриот азамат ретінде қалыптасуы, қоғамдық-саяси істерге араласуы мен белгілі ақын-жазушылармен қарым-қатынасының жемісі. Жас ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеуде Ж.Қалиев шығармаларының мүмкіндіктері кең. Өйткені ол біріншіден, жас ұрпақты тәрбиелеуде адамгершілікке баулудың басты құралы, оқығанда рухани дүниесі байиды, ниет-танымы, өмірлік көзқарасы қалыптасады; екіншіден, ұлттық тәлім-тәрбие, отбасы тәрбиесі мен салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптарға бай мұра.
Ж.Қалив шығармаларында ұлттық рухтың жоғары болуына айрықша назар аударды. Осыған орай «Қазақ азаматына», «Қазағым,халқым», «Қазақпыз ғой,бауырым», «Біз осы момынбыз ба?», «Ұлы болып қала берме атаның», «Арды берме», «Шын қыран шыңға құлар», «Мен қазақпын», «Қазақтық келбеті бар», «Отандастар туралы жыр», «Қазақтың кең даласы», «Оқып келем ізгілік мектебіңнен», «О,туған жер» т.с.с өлеңдер топтамасын жазды.
Ж.Қалиев өлеңдеріндегі ең басты тақырып – ел мен жер тақырыбы.. О бастан-ақ халқының қамын ойлаған,бақытты өмір тілеген ақын туған елінің өткен тарихына үнемі көз жіберіп отырады. Сол арқылы тарихи шындықтың бетін ашады.Атап айтқанда, "«Қазағым,халқым» " атты өлеңінде қазақтың бір кездегі жайнаған даласы мен көкорай шалғынды жайлауын, айна көлдері мен алаңсыз күн кешкен тұрмысын мақтан ете отырып,кеңестік дәуір орнағаннан кейінгі қазақтың басындағы халді:
«Жұрт басып қап майсасын ,өзі құмда,
Біздің қазақ сыпиып шығатын да.
Жұмағында қаланың сырт қыдырса
Тыстан қарап, кіре алмай тұратын да»,-деп суреттейді. Одан кейінгі:
«Қорлауға бар: «Ежелгі, жабайы»,-деп,
«Құдай-құдай,түйсігі анайы»,-деп.
Айтар еді не бетін тұра қалса
Қарсы алдынан ғұлама Абайым кеп? «
...
« Не дер еді Махамбет шыға келсе,
«Аз кешпедік азаттық соғысын»,-деп»-деген шумақтарда бұрынғы ата-бабаларымыздың елдік үшін еткен еңбектерін мысалға келтіре отырып қазақ жастарының желтоқсан оқиғасын ұйымдастыруы елдің ішке бүккен ашу-ызасының ақтарылуы дейді.
«Біз осы, ақ жарылшы момынбыз ба?
Момын болсақ жүрген кім соңымызда?
Біреу болса бір сәрі,неше Қодар
Тап келе ме тірлікте сорымызға?»,-деп басталатын «Біз осы момынбыз ба?» өлеңінде ел намысын аяққа таптап жүрген пасықтау,опасыздау ,мәнсапқұмар,бір күні үшін өмір сүретіндер туралы айта келіп, өзге жұрттың алдында жотасыз болмауға,елдік пен өрлік сөз болғанда ұсақ шықпай, ар үшін жан қиюға әзір болуға өз замандастарын шақырады.
«Ұлы болып қала берме атаңның»өлеңінде ақын қазақтардың рушылдығын сынай отырып, руға бөлініп алып айтысқанша елге,Отанға пайда әкелер іспен айналысу керектігін жырлап, «қазақтың күні болып лаулайық» дейді.
«Мейірім, ізгілікте шаруасы жоқ.
Күндестік,күншілдіктен қармасы көп
... Жігіттер көкірегіңе алмашы кек,
Ес жиып,жесеңдерші жұрттың қамын,
Замана жүрмісіңдер қарғасын деп?»-деп бірін –бірі аңдығанша болашақ үшін еңбек ету керектігін айтады. «Мен қазақпын» өлеңін алдыңғы өлеңдегі айтқандарына қойылған нүкте деп қарауға болады.Мұнда тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін былай келтіреді:
«Үйсін де,Арғын да емен,Найман да емен.
Қазақпын,ондығы жоқ хайуан емен.
Мен қазақпын,қазақтың азаматы,
Бұл ұлы тұғырымнан тайған емен.
...Шығарда халқымменен жаным бірге.
Қазағым,мақтанышым,тәңірім де.
Пысқырман шен-шекпенді надандарға
Руын медет тұтқан әлі күнге!»
« Адам біткен тең емес» деп аталатын өлеңінде:
« Жетпіс жылда аузың асқа жарымай,
Ал оларды қарап тұрсаң бәрі бай.
Бек те солар,солардікі билік те
Сықияды мініп бір-бір жүйрікке.
Теңдік болса жүремісің кемдікте,
Шықпаймысың молшылық пен кеңдікке»,- дей келіп, қазақ арасында ұмтылыстың әлі де жоқ екеніне өзегі өртенеді. Қолында дәулеті бар дегендер, азын-аулақ оқығандар өз басының қамын ойлаумен жүр. Халықтың жайына алаңдайтын ешкім жоқ.Өзара дау-жанжал, айтыс-тартыс көп. Міне, ақынның өкініші – осылар.
Ақын туған елін сүйді, туған жерінің әрбір пұшпағын жүрегіне жақын тұтты. Ол «қазақ» тақырыбына жазған шығармаларынан бөлек, туған жеріне, жайлауына арнап «Талдықорған», «Сайымбөлек жайлауы», «Көқжиде» , «Балқаш», «Балқаш кеші», «Қарасырық» сияқты өлеңдерін жазды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет