Жасөспірім шақтағы бала қалыптасуында эмоция күйлері



бет1/10
Дата09.05.2022
өлшемі128,27 Kb.
#33125
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жасөспірім шақтағы бала қалыптасуында эмоция күйлері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І. ЭМОЦИЯ ҰҒЫМДАРЫН ҚАРАСТЫРАТЫН ТЕОРИЯЛАР МЕН БАҒЫТТАР
1.1. Көне дәуір заманындағы эмоция жайлы теориялар 10
1.2. Жас өспірім шақтағы жеке тұлғаның змоция күйлерінің аумағы 15
1.3 Эмоция – мінез – құлық негізіне жататын феномен 20
ІІ . ЖАСӨСПІРІМ ШАҚТАҒЫ БАЛА ҚАЛЫПТАСУЫНДА ЭМОЦИЯ КҮЙЛЕРІНІҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕЛІНУ
2.1. Эмоция күйлеріне арналған экспериментальдық тәжірибе. 30
2.2. Зерттеу мақсаты, міндеті, болжамы, зерттеу әдісіне сипаттама 35
2.3 Эмоционалдық күй-жағдайды зерттеу нәтижелері 40
2.4 Жасөспірімдердің эмоционалдық жағдайына байланысты мінез үйлеспеушіліктерін коррекциялау 45

ҚОРЫТЫНДЫ. 48

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 50
Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Жеке индивид адамның эмоциялық жағдайының тұрақтылығы оның өмір сүретін ортасына, ғылыми техникалық жетістіктеріне мен экономикасына байланысты екені жайлы Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында жасөспірімге салауатты өмір салтын үйретіп, «әр оқушының қабілеті мен білім деңгейінің тиімділігін» арттыру қажет екендігі көрсетілген

Жасөспірім балалардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктерін уақытылы зерттеу, олардың эмоционалдық жағдайында шамадан тыс ауытқуы байқалған жағдайда дер кезінде көмектесу маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында балардың эмоционалдық жағдайының ауытқулары қандай себептермен байланысты екенін осылай айтқан: «Біріншіден, елімізде тұрақсыздық пен діни экстремизм шырқауы. Екіншіден, Қазақстан ыңғайлы географикалық ортада орналасқандықтан осы өңір арқылы есірткі тарату тыйылмай отыруы» [2]. Эмоцияның теріс көріністері ерекше дамуымен байланысты өзгеге зорлық көрсету, токсикомания, нашақорлық адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің бой көрсетуіне алып келетіндігі психологияда дәлелденген.өскелең ұрпақты алдындағы міндеттерді өз бетінше шеше білуге қабілетті етіп тәрбиелеу.

Бұл тек өзін-өзі реттеудің деңгейінің жоғары болуында ғана мүмкін болады және ол өмір ағысында белсенді субьект ретінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Өзін - өзі реттеудің ядросы болып эмоция түрлерінің реттелуі болады.

Кеңістік және шетелдік психология ғылымдарының шеңберінде эмоция түрлерінің мәселелері, құрылымдары мен қызметтері, факторлары мен қалыптасулары зерттелген (П.В.Симонов, К.Обуховский, Б.И.Додонов, М.В.Матюхина, К.Т.Патрина т.б.)

Қазіргі таңда жас өспірімдердің әртүрлі эмоциялық ерекшеліктерін зерттеу өзекті мәселе болып табылады. Өйткені эмоция түрлеріне жасөспірімнің тұлғасын толыққанды қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Эмоция түрлерінің қалыптасуы өте күрделі мәселе болғандықтан, ол терең де арнайы кешенде зерттеуді талап етеді. Сонымен біздің бұл дипломдық жұмысымызда жеке адамның қалыптасуына зор үлес қосқан табиғи эмоция түрлеріне қосқан байланысты қарастыруға қадам жасалып отыр.

Зерттеу объектісі: Жасөспірім балалардың эмоциялық күйлері, танымдық іс-әрекет және ерік-жігер сапалары негізінде бағалау.

Зерттеу пәні: мектеп психологінің жасөспірімдерге психологиялық қызмет көрсету мазмұны.


Зерттеудің мақсаты: Жасөспірімдік кезеңдегі эмоциялық күйдің психологиялық табиғатын анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

Табиғи эмоциялық күйлерінің мәселесіне қатынасты отандық әдебиеттерге теориялық талдау жасау.

Жасөспірім жастағы балалардың әртүрлі эмоциялық күйлерінің дамуын бағалау.

Жасөспірімдік кезеңдегі балалардың эмоциялық күйлерін анықтауға

арналған әдістемелерді іріктеп таңдау.

Бұл әдістемелерді қазақ тобы балаларына лайықтап өңдеу, бейімдеп аудару. Негізгі болжам төменгі болжамдармен нақтыланады.

Егер жасөспірім оқушылардың эмоциялық қатынасқа деген қажеттіліктері қанағаттандырылса, аффективтілік сапалары жоғары дамиды.

Жағымсыз эмоциялық күйлер жасөспірім оқушылардың психологиялық жігерін тежеуі мүмкін.

Жеке адамдардың қалыптасуында тұлғаның өзін-өзі жоғары бағалауы бірқалыпты деңгейде қалыптасуына жағымды әсер етеді.

Тұлға қалыптасуындағы табиғи эмоциялық күйлердің қарым-қатынасына тәуелді болуы мүмкін.

Зерттеу әдіснамалық және теориялық негіздері реттеуде Ч.Дарвиннің ұсынған «Эмоцияның биологиялық теориясы», П.В. Симоновтың «Эмоцияның ақпараттық теориялары»; Д.Додонавтың «Эмоцияны бағалау»; Л.С.Выготскийдің «Мәдени-тарихи даму теориясындағы эмоцияның табиғаты»; Л.С.Рубенштейннің «Тұлға теориясындағы эмоция күйі» алынады.

Зерттеудің ғылыми болжамы: жеткіншектердің эмоционалдық үйлеспеушілігінің себептерін анықтап, одан шығару амалдарын өз уақытында жүргізу арқылы балалардың психоэмоционалдық жағдайын жақсартуға және тұрақтандыруға мүмкіндік туады.

Практикалық маңыздылығы: Біздің дипломдық зерттеу жұмысымызда пайдаланған табиғи эксперимент жасөспірім оқушылардың әртүрлі табиғи эмоциялық күйлер аумағын зерттеуге мүмкіндік береді. Жас ерекшелік психология курсын қосымша құрал ретінде, мектеп мұғалімдері, психологтар үшін жас өспірімдерді оқытып-тәрбиелеуге көмекші құрал бола алады.

Зерттеу базасы: Зерттеу жұмысының базасы ретінде Астана қаласы №1 жасөспірім үйінің жоғары сынып оқушылары, Астана қаласындағы Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы алынды.

Ғылыми зерттеу әдістері: Зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми зерттеу әдістері пайдаланылды: психологиялық ғылыми еңбектерді теориялық талдау арқылы бастауыш сынып оқушыларының эмоциясына сипаттама жасау, оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеуге Леонгард-Шмишек тестін, «М және Д», Басса-Дарки әдістемесін, пиктограмма, «Әлеуметтік мазасыздану шкаласы» т.б. әдістемелер көмегімен балалардың акцентуациясын, мазасыздануын, депрессиясын анықтау, жиналған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша психокоррекциялық жұмыстар жүргізу.

Зерттеу кезеңдері: Жоспарланған зерттеу жұмысы екі кезеңде ұйымдастырылады. Бірінші кезеңде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты психоэмоционалдық жағдайларын зерттеідің теориялық негіздері талданып, оларды анықтауға арналған психодиагностикалық әдістемелер жинақталды. Екінші кезеңде Астана қаласындағы Ж.Жабаев атындағы № 4мектеп-гимназиясының психологиялық қызмет көрсету жүйесі арқылы мектеп оқушыларының эмоционалдық жағдайлары зерттелінді. Барлық психодиагностикалық зерттеу нәтижелері ережелерге сай талданып келесі кезеңдегі психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізілді.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан, 2 кесте, 1 сызбадан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет