Жастық шақ- адамның үлкен өмірге қадам басып келе жатқан кезі. Енді өсіп келе жатқан жасөспірімдерге ата-анасы,туған-туысқаны тіпті халқы үміт артып отыр. Жас болу оңай ма деген сұраққа жауап беру өте қиын



Дата15.09.2022
өлшемі14,84 Kb.
#39247

« Жас болу оңай ма?»
Жастық шақ- адамның үлкен өмірге қадам басып келе жатқан кезі.Енді өсіп келе жатқан жасөспірімдерге ата-анасы,туған-туысқаны тіпті халқы үміт артып отыр.Жас болу оңай ма деген сұраққа жауап беру өте қиын.Мен бұл сұраққа өз тұжырымдамаммен жауап бердім.
Жас болу тек бақыт,қуаныш,шаттық сияқты сезімдерді сезіну деп ойлайды.Бұндай жауаптарды 14-29 жас аралығына кірмейтін ересектерден алуға болады.Алайда өмірлік тәжірибесі аз адамға ендігі кезекте үлкен мәселелерді шешіп,білім алумен қатар жұмыс істеп,ата-ананың үмітін ақтау сияқты жауапкершіліктерді еңсеру қажет болады.
Меніңше әрбір адам өмірдегі орнын табу үшін біраз қиналады. Әр ересек адамның өмірінде жастық шағында жасаған бір теріс ісі болады.Неліктен жастарға қозғалыс бағытын табу қиын?Ата-ана,туыстар мейлі мұғалімің саған көмек қолын созғысы келсе де,олар сені түсіне алмауы мүмкін.Себебі олар тура сенің уақытыңмен өмір сүрмейді.Бірін бірі түсіне алмағаннан кейін,жас буынға жақын адамы одан теріс айналғандай көрінеді.Тек моральдық қиыншылықтар емес,материалдық қиыншылықтар да жетерлік.Баспана жетіспеушілігі,ақылы оқудың өз бағасына сай болмауы,жұмыс тапшылығы айта берсең жетерлік.
Бір жағынан алып қарасақ,жастық шақ-мүмкіндіктер кезеңі.Заманауи әлемде қай сала болсын мүмкіндіктер қарастырылған.Жасөспірім кезең тұла бойың күш-қуатқа толып,энергияң тасып,нағыз еркіндіктің дәмін сезінетін кезең.Өзіміз үлгі тұтатын ересектер де біз сияқты жас болған.Өзіңді қай жағыңнан көрсетсең,өмір де саған сондай тосын сыйлар жібереді.
Өз тұжырымдамаларымды салмақтай келе жас болудың қиын да оңай да жақтары бар.Әрбір адамның өмірге икемдене алуына байланысты жастық шағы оңай әрі қызықты немесе қиын әрі тәжірибеге толы болады.

Қолданылған әдебиеттер: https://stud.kz/referat/show/80987 Таймуратова А.К мақаласы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет