Жастық шақ (20-23 жастан 30 жасқа дейін) Жастық шаққа жалпы сипаттама мен танымдық ерекшеліктер



бет1/3
Дата24.06.2022
өлшемі20,44 Kb.
#37264
  1   2   3

Жастық шақ (20-23 жастан 30 жасқа дейін)
Жастық шаққа жалпы сипаттама мен танымдық ерекшеліктер. Жастық шақ ерте жастық шақтың аяқталуы мен шамамен 30 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Кейбір авторлар мұны 35 жасқа дейін созады. Жастық шақ біріншіден – бұл отбасы құру, таңдалған мамандықты меңгеру, қоғамдық өмірге деген өзінің қатынасы мен ондағы ролін анықтау кезеңі болып табылады.
Жастық шаққа оптимизм тән. Мұндай жаста адамның күші мен энергиясы көп, өзінің мақсаты мен идеалын іске асыруға кіріседі.
Осы жас кезеңде танымдық психикалық үрдістер біркелкі дамымайды. Адамның интеллектуалдық дамуы тұлғаның қалыптасуымен өзара әрекетте іске асады. Психофизикалық функциялардың дамуы 20 жаста тоқтағанмен де, интеллектуалдық даму көптеген жылдарға жалғаса береді.
Адам өзінің интеллектуалдық дамуының барысын өзбетімен басқара біліп, еңбек және шығармашылықпен байланысты үлкен нәтижелерге қол жеткізеді. Адамның жетістігі оның дарындылығының, білімінің деңгейіне, іс-әрекетті дұрыс таңдауына байланысты. Яғни адамның когнитивті сферасының дамуы ерекше дербес сипатқа ие.
Эмоциялық сферадағы ең басты мәселе өз шешімін табуды талап ететін идентивтілік пен жақындыққа қол жеткізу.
Адамдар арасындағы эмоциялық жақындық махаббат негізі ретінде көрініс береді. Негізінен бұл жастағы адамдардың эмоциялық сферасы қалыптасқан және тұрақты болып табылады.
Мотивациялық сфераның ролі ерекше, себебі осы кезеңде адам ересектік өмірге араласып, отбасы құру, дүниеге сәби әкелу, мамандық таңдау сияқты мәселелерді шешуіне тура келеді.
Өзіндік санаға, өзін-өзі бағалауға, ңМен-концепциясынаң келесідей факторлар әсер етеді: тұлғаның сексуалды серіктес, жар, ата-ана, маман және азамат ретінде өзін анықтауы.
Осы кезеңде 30-33 жастағы нормативті дағдарыс басталады. Ол адамның өмірлік жоспарлары мен шынайы мүмкіндіктері арасындағы сәйкессіздіктен пайда болады. Бұл жаста өмірлік құндылықтар қайта қаралып, мәнсіздері артта қалады.
Жастық шақ кәсіби іс-әрекетті меңгерумен, өзін дамытумен, отбасы құрумен, бала тәрбиелеумен, бос уақытын ұйымдастыру ерекшелігімен ерекшеленеді.
Сонымен, адам белсенділігінің әрбір сферасы іс-әрекет пен қарым-қатынастың ерекше сипаттарымен ерекшеленеді: еңбек – қоғамдық-пайдалы іс-әрекет, отбасы – тұлғааралық қатынастардың концентрациясы, бос уақыт – тұлғалық потенциалды іске асыру.
Бұл жас кезеңіндегі жетекші фактор еңбек іс-әрекеті болса, ал басты міндет өзін өзі анықтау мен отбасы құру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет