Жауап парағы Аты-жөні:Әндеш Қазақбай



Дата31.12.2021
өлшемі16,92 Kb.
#23070
түріБиография

Жауап парағы

Аты-жөні:Әндеш Қазақбай

Институт: Гуманитарлы-педагогикалық институт

Оқу-тобы:Фил-18-1

Пәні:Көркем шығарманы әдеби талдау

Күні:11.05.2020ж

Емтихан билеті:14(6ұяшық)

1.Әдеби талдаудағы биография

2.Шығармашылық даралық

3.Көркем шығарманың жазылу тарихы

1. Көркем мәтінді талдау кезінде биография мен шығырмашылық өмірбаян да ерекше маңызды. Мұны ескермеген жағдайда мәтін көркемдігінің кей қырлары ашылмауы мүмкін. Мысалы, З.Шүкіров шығармашылығы – образдар*, Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы – ұлттық бояу*, және т.б.

Әдеби талдау және әдеби байланыс дегенге өткен дәрісте тоқталдық. Бұл тұста айтылатыны – зерттеу әдістеріне қатысты, талдау әдістеріне қатысты өзге елдер әдебиеттануында бар тәжірибені алу мәселесі.

Талдау кезінде өзге елдер қаламгерлерінің шығармаларындағы оқиға қазақ даласында өтуі мүмкін. Міне, осыны назарда ұстау керек. Егер бұл назардан тыс қалса талдау ақсайды, пікір дұрыс болмайды. Мысалы: Ш.Айтматов «Боранды бекет». Көркем шындықтың өмір шындығынан алыстауы немесе жалғандық.

Г.Свиридов «Жанкешті сапар» романы – оқиға орнына қатысты ауытқушылық.

Бұл орайдағы келесі бағыт: өзге елдер әдебиетінен үйрену. А.Грин «Алқызыл желкендер» - Ш.Айтматов «Ақ кеме», М.Твен «Гек Финнің басынан кешкендері» - Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» және т.с.с.

Көркем мәтінді талдау кезінде қаламгер шығармашылығына қатысты зерттеу жасау бұл талдау құндылығын арттыра түседі. Бүл туралы біздің «Көркем аударма шеберлігі» атты монографиямыздан қарау керек.

2. Даралық (лат.індівідұұм- бөлінбейтін ) - тұлғаның өзіне тән, қайталанбайтын ерекшелігі, оған ғана тән жеке-психологиялык ерекшеліктері жиынтығы. Жеке мінездің, темпераменттің, мүдделердің, интелектінің, қабілеттер мен қажеттіліктердің ерекшеліктерінен көрінеді. Адамзаттың жеке калыптасуына, оның тәрбие процесінде толық ашылатын анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері ықпал етеді. Қазіргі өнертануда, әдебиеттануда қалыптасқан түсінік бойынша автор өнер туындысын жасаушы; қаламгер, өз шығармасы арқылы өзінің дара, көркемдік танымын әйгілейтін шығармашылық тұлға. Автор санаты шығармашылық қабілет, шығармашылық даралық, дара дүниетаным, этикалық, эстетикалық принцип, өмір тәжірибесі секілді ұғымдар ауқымында талданады. Әлемдік өнертануда автор санаты туралы ортақ тұжырымның жоқ екенін де ескерту қажет. ХЫХ ғасырда француз ақыны Стефан Малларме басталған («жазу деген жеке тұлға ретіндегі даралыққа қатысы жоқ әрекет») шығармашылық процестегі жеке «менің», автордың дербес тұлға екенін мойындамайтын, терістейтін идея қазіргі структурализм, семитика мектептеріндегі негізгі принциптердің бірі.

Көркемдік жүйе түзуші бірегей қабілет, ерік иесі автор шығармашылық процеске қатыстылығы байырғы мифтерден, фольклор туындыларынан да бажалайнады. Алайда ежелгі мәдениеттер кеңістігінде автор тұлғасының дара шығармашылық сипатынан гөрі, медиаторлық белгісі басым еді. Гегельдің айтуынша, мифология - өнердің, қайнар көзі, бірден-бір қойнауы болған көне дәуірде автор үшін дара өмірлік материалды, оны көркемдік тұрғыда қайта қорытудың дара тәсіл, құралдарын іздеудің, мүмкіндігін де, қажеттілігі де болмаған. Яғни, автор тіршілікті, әлем сырын мифтік канондар бойынша жырлайтын абыз-медиум, дәнекерші-түсіндірмеші рөлін орындаған

3. Көркем шығарманың жазылу тарихы – бұл шығармашылық психология саласына жақындайды. Дегенмен көркем мәтінді талдау жағдайында бұл да ерекше маңызға ие. Біз әдебиеттанудағы зерттеулерімізде бұған қатысты іргелі еңбектер жоқ екенін ашық айтуымыз керек.

Жеке зерттеуге болатын көркем мәтіндегі кеңістіктің мынадай түрлері мен сипаттарын бөліп көрсетуге болады:

а) жоғары, орта және төмен әлемдерден тұратын вертикаль кеңістіктер;

в) мәтін түрінде рәсімделуінің барысы сияқты сәттерге назар аударылды, осындай көзқарастар ауаны әдебиеттанудың дамуына біршама көмектескені аян. Бір қызығы жоғарыда аталған сәттер ондай ретпен емес, басқаша тәртіппен де жүруі әбден мүмкін, соңғы кезде шығармаға негіз болатын факторлардың саны күрт өсті, ол қоғам мен адамның болмысының тез өзгеруі мен техника мен ғылымның орасан дамуына тікелей байланысты болып отыр, сондықтан қазіргі кезде дүниеге келіп жатқан шығармалардың жазылу тарихына қатысты жайттардың саны көбейген. Қысқасы, әр к әдебиетіндегі мәтіндердің жазылу барысын зерттеуге сол кезеңге сай ғылыми түрғыдан келген дүрыс.

Қазақ жазушыларының шығармаларының көбінің жазылу тарихы туралы көпке мәлім обьективті мәлімет жоқтың қасы, болса да бірнеше сөйлемнен аса қоймайды. «Абай жолы» эпопеясы мен «Қан мен тер» трилогиясының жазылу тарихын» арнайы қарастырған жүйелі зерттеулерден көп нәрсе үйренуге болады. Т. Жұртбаевтың «Бейуақ» атты зерттеуінде М. Әуезовтің 20-30 жылдары жазылған сияқты бірнеше әңгімелерінің өмірге келуіне әсер-ықпал еткен жәйттар орнықты дәйектелген.

Оқытушы:Әбілов А

Студент:Әндеш Қ

Ассистент:Камишева Г



Балл:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет