Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы: дислексия, дисграфия, дизорфография



Дата06.04.2023
өлшемі13,65 Kb.
#80047

Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы: дислексия, дисграфия, дизорфография
Дислексия- оқу процесінің спецификалық жартылай бұзылуы.
Дисграфия –жазу процесінің спецификалық жартылай бұзылуы.
Дизорфография - «Қажетті ережелерді білуіне қарамастан, орфографиялық дағдыларды қалыптасып, меңгере алмаудың салдарынан жазуда байқалатын тұрақты, ерекше қателердің түрлерін дизорфография деп атауға болады» (А.Н. Корнев).
«Дизорфография әр түрлі қателермен сипатталатын орфографиялық морфологиялық және дәстүрлі принциптерін менгеру мен пайдаланудың тұрақты және ерекше бұзылуы» (Р.И. Лалаева)
Негізгі қиыншылықтар – балалар керек орфограмманы жаза алмайды және орфографиялық тапсырмаларды орындай алмайды. Сонымен, логопедияда әр түрлі тіл кемістіктердің бірнеше түрін ажыратады. Оның ауызша сөйлеу тілінің бұзылыстары (дисфония (афония), тахилалия, брадилалия, тұтықпа, дислалия, ринолалия, дизартрия (анартрия), алалия, афазия), ал жазбаша сөйлеу тілінің бұзылысы (дислексия (алексия), дисграфия (аграфия) және дизорфография.
Қорытынды: клиникалық–педагогикалық классификация медицина мен логопедияның әрекеттестігіне негізделген. Бұл классификацияда психологиялық –лингвистикалық критерийлер бастапқы роль атқарады. Солардың негізінде негізгі топтар, тіл кемістіктерінің түрлері, формалары ажыратылады. Осы критерийлер тіл кемістіктер жайында толық көрініс береді.
Қазір ғылымның қарқынды дамуына байланысты сөйлеу тілі, психикалық, физиологиялық механизмдері туралы білімнің нығаюына және логопедиядағы жаңа зерттеулерге байланысты сөйлеу тілі бұзылыстарын топтастыруда өзгерістер еңгізілді.
Қазіргі таңда логопедиялық мекемелерді құру негізі ретінде және түзету жұмысының фронтальды әдістерін қолдану үшін сөйлеу тілі бұзылыстарының психологиялық-педагогикалық классификациясы пайдаланылады. Оны Р. Е. Левина құрастырған.
Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы (дисграфия, дислексия, дизорфография) бұл топтастыру бойынша фонетика-фонематикалық жетіспеушіліктің немесе жалпы сөйлеу тілі дамымауының құрамында қарастырылады.
Сонымен, психологиялық-педагогикалық классификация логопедиялық тәжірибеде ғылыми тұрғыдан негізделген мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарына және басқа да психикалық функцияларына әсер ететін коррекциялық фронтальды әдістерін кеңінен пайдалануға мүмкіндік ашты. Психологиялық-педагогикалық классификация бойынша ең маңызды мәселе - сөйлеу тілі жүйесінің дәл қай компоненті бұзылған немесе жетілмегенін ескеру болып табылады. Осы қағиданы ұстанып, педагог ауытқудың әр түрінде түзету жұмысының дұрыс және тиімді бағытын анықтай алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет