Жедел медициналық жәрдем беру кафедрасы



Дата16.07.2023
өлшемі106 Kb.
#104413
Байланысты:
ОКС алгоритм каз








«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ
С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»

Жедел медициналық жәрдем беру кафедрасы



Практикалық машықтануды қабылдау





Редакциясы: 1

бетттің беті




ЖКС кезіндегі ауыру сезімді басу
Анамнез жинап және пациенті қарап тексеру және ST сегменті жоғарлауынсыз жіті коронарлы синдром болжама диагнозы дәлелденген науқасқа жедел жәрдем көрсету





Қадамдар

Әрекет алгоритмі

1

Науқаспен алғашқы қарым-қатынасқа түсті. Ақыл-кеңес алу себебін анықтады.

Науқаспен сәлемдесті. Өзін таныстырды және науқастан аты-жөні тегін сұрады. Шаралар жүргізу барысында науқастың аты-жөнімен атап қатынас орнатты.

2

Ауырудың сипатын, орналасуы сипатын, ұзақтығын, иррадициясын анықтады.

Ауырудың сипатын анықтады. Ол үшін төмендегі сұрақтарды қойылды.

  • Қай жеріңіз ауырады? (көкірек тұсында, сол жақ кеуде тұсында);

  • Қалай ауырады? (ауыру сипаты: күйдірген, қысқан, түйілген);

  • Ауыру сезімі немен байланысты? (физикалық күштеме, сирек күйзеліс);

  • Иррадиациясы? (сол және жоғары);

  • Ауыру сезімі немен қосарланады, басқадай қандай белгілер мазалайды? (суық жабысқақ тері, өлімге деген қорқыныш сезім, ауа жетіспеуі сезімі, жүрегінің қатты қағуы);

  • Ауыру сезімі қанша уақытқа созылады және бұрын бұндай жағдай болды ма? (>20 мин);

  • Немен басылады? (тыныштық күйде азаяды немесе 2-3 таблетка нитроглицериннен кейін, бірақ толық ауыру сезімі басылмайды);

3

Өмір тарихын нақтылап сұрады

Өмір тарихын нақтылап сұрады:

  • Басқада созылмалы аурулар;

  • Зиянды әрекеттері;

  • Аллергоанамнезі;

Жұмыс сипаты және т.б

4

Ишемия өршітуге себеп болатын айқын факторларды бағалау

Ишемия өршітуге себеп болатын айқын факторларды бағалау: гипертония, жүрек жеткіліксіздігі, аритмия.

5

АҚҚ өлшеді

Науқасқа өлшеу процедураларын айтып түсіндіріп, барлық сұрақтарға кейін жауап беретінін ескертті.
АҚҚ өлшеу кезінде сөйлемеуін өтінді, себебі АҚҚ әсер етеді. Қысымды екі жақ қолда өлшеу қажет.
АҚҚ өлшеу техникасы мен ережелері:

    • АҚҚ иық артериясында науқас арқасымен жатқан қалыпта немесе ыңғайлы отырған тұрықта өлшейді.

    • Манжет иыққа жүрек орналасқан деңгейде, төменгі шеті оның шынтақ буыны бүгілетін жерден 2 см жоғары қойылады.

    • Манжеттің размері бицепс бұлшық етінің 2/3 бөлігін жауып тұратындай болу қажет.

    • Манжетті кигізгеннен кейін, арнайы грушаны басу арқылы қысымды қажетті систолалық қысым деңгейінен жоғары етіп монометрде көтереміз.

    • Кейін қысым біртіндеп төмендейді (2 мм рт.ст./сек жылдамдықпен), және фонендоскоп көмегімен өлшенетін қолдың иық артериясында жүрек тондары естіледі.

    • Пальпаторлы иық артериясынан максимальды пульсация анықталатын нүктесі иықтың беткей ішкі бөлігінде шынтақ бүгілетін шұңқырда анықталады. Стетоскоп мембаранасы иық беткейіне толық жанасуы қажет. Бірақ стетоскопты қатты қысыммен басуға болмайды, ол иық артериясында қосымша компрессия шақыруы мүмкін. Стетоскоп басы манжет немесе түтікке тимеу керек, егер ол жанасқан жағдайда Короткова тондары қабылдауы бұзылуы мүмкін.

Бірінші естілген жүрек тондары систолалық АҚҚ болады. Қысым жүрек тондары толық естілмей тоқтағана жері диастолалық АҚҚ болады.

6

Артериальды пульсті өлшеді

Артериальды пульсті екі қолда өлшеді:

  1. Артериальды пульсті ірі артерия аймағында (үлкен саусақ жағындағы шыбықшынтақ буыны маңындағы білезіктің төменгі үштен бір бөлігіндегі орналасқан өте жиі шыбық артериясында) науқастың жатқан немесе еркін жатқан күйінде анықтайды.

  2. Науқас саусақтары оң қолымен кәрі жілік-білезік буынын еркін қамтып ұстай алады.

  3. Үлкен саусағы шынтаққа қарай орналасады, ал қалған төртеуі білезік артериясына қараған. Қалыпты жағдайда өте жұмсақ, жіңішке, бердей және серпімді түтікте саусақ астында пульсацияланатын тон.

  4. Артерияны білезік сүйегінің ішкі жағында орташа күшпен басады. Қатты басуға болмайды, өйткені қатты қысымнан пульстік толқын жоғалып кетуі мүмкін.

  5. Негізгі пульс қасиетін бағалайды: жиілігі, ырғақтығы, күштемелігі (тамыр басылудан қарсыластығы), биіктілігі және толымдылығы. Пульс жиілігін дұрыс ырғақты кезде жарты минуттағы пульстік соққымен есептейді және оны екі есеге көбейтеді. Аритмия кезінде пульстік соққыны бір минут ішінде есептейді.

7

Жүрек аускультациясын жүргізу

Жүрек аускультациясын жүргізу тәртібі:

  1. Аускультация нүктесі жүрек ұшында қолтық сызығы орналасқан және 5-ші қабырғааралығында жүрек ұшында– митральды қақпақша нүктесі (ер адамда еміздікшеге бағытталады).

  2. Аускультация нүктесі көкіректен оңға қарай II қабырғааралығында аускультация – аортальды қақпақша нүктесі (бұғана сызығымен бір қабырға төмен)

  3. Аускультация нүктесі көкіректен солға қарай II қабырғааралығында өкпе артерия сабауы (бұғана сызығымен бір қабырға төмен)

  4. Аускультация нүктесі семсер тәрізді өсінді негізінде оң жақ қырынан көкіректің үштен бірінде –үшжармалы қақпақша;

5) Аускультация нүктесі IV қабырғааралығы – Боткин-Эрб нүктесі – қосымша аортальды қақпақша нүктесі. Көкіректің сол жақ қыры III қабырғааралығы.

8

Инструментальды және лабораторлы зерттеу әдісіне интерпретация жүргізді

Науқасқа инструментальды және лабораторлы зерттеу әдісі мәліметтерімен таныстырды (ЭКГ және Троп-Т) және үрдіс барысында туындаған сұрақтарға жауап берді.

9

Дәрілік заттарды таңдап алды

Таза ауаны қамтамасыз етіп, ингаляциялық оттегін жүргізді.
Нитроглицерин 0,0005 г таблеткасын сублингвальды немесе 0,4 мг/дозада нитроглицерин аэрозолін АҚҚ бақылай отырып берді.
Ацетилсалицил қышқылын 100-300 мг дозада шайнауға беріп, су ішкізді.
Клопидогрельді 300 мг (4 табл) ішке қабылдауға берді
Шынтақ венасына венозды жетімділікке қол жеткізу, дайын тамшылататын ертінділерді физиологиялық ертінділермен қосу.
Жансыздандыру үшін морфин ертіндісін 1%-1,0 натрий хлориді 0,9%- 20,0-ге дейін ертіндісімен араластырып көктамырға 3 мг ертіндіден бөлшектеп енгізу (тамшылату инесі ұшындағы резинкеге).
Гепарин 5000 МБ көктамырға немесе эноксапарин (Клексан) т/а 1 мг/кг енгізу.
Метопролол 0,1%-5,0 к/т болюсті енгізді (тахикардия кезінде).
АҚҚ 90 мм. сб. төмен болмағанда к/т енгізетін системаға алдын ала натрий хлориді 0,9%- 100,0 ертіндісімен араластырған изосорбид динитрат (изокет) 0,1%-10,0 мл АҚҚ өлшей отырып, ертіндісін бастапқы жылдамдығы 3-4 тамшысын 1 минутқа тамшылатты.

10

Тасымалдау шарасын жүргізді

Науқасты тасымалдау кезінде басын көтеріп жатқан қалыпта АҚҚ, ЖСЖ және ырғағын бақылай отырып зеңбілмен тасымалдады
Науқасты тасымалдап әкеле жатқаны туралы телефонмен немесе рациямен диспетчер арқылы қабылдау бөлімін ақпараттандырды.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет