Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Танымдық әрекеттерін түзету» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы



бет1/4
Дата07.01.2022
өлшемі146,74 Kb.
#20504
  1   2   3   4

1

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2020 жылғы «5» ақпандағы

№ 51 бұйрығына 17-қосымша

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі

№ 115 бұйрығына 562 -қосымша

Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Танымдық әрекеттерін түзету» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

1 - тарау. Жалпы ережелер

1. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Танымдық әрекеттерін түзету» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2. Бағдарлама мақсаты – танымдық білік пен танымдық үдерістерді құрайтын, танымдық дағдылар мен біліктіліктердің негізгі кешенін қалыптастыру.

3. Бағдарлама міндеттері:

1) білім алушыларда перцептивті іс-әрекеттерді орындауға қажетті біліктілікті қалыптастыру арқылы қоршаған болмыстың нақты толыққанды бейнесін қалыптастыру;

2) мнемикалық операцияларды орындау дағдыларын қалыптастыру арқылы қоршаған әлем туралы әсерлерді жинақтауға және тәжірибені сақтауға ықпал жасау;

3) ақпаратты өңдеу және түсіну процесін, тиісті жағдайда білімді, іскерлікті және дағдыларды жалпылау және қолдану процестерін, талдаудың ақыл-ой іс-әрекеттерін, елеулі белгілерді, салыстыруды, топтастыруды, қорытуды, сериалауды, нысандар арасындағы өзара байланыс пен өзара қарым-қатынасты орнату арқылы қалыптастыру;

4) әртүрлі ақпаратты өңдеу және сақтау тетіктерін және басқа адамдармен алмасу процестерін қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру арқылы дамыту; 5) сабақтарына қызығушылықты, басқа білім алушылар мен ересектермен өзара іс-қимыл жасай білуді дамыту.

2



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет