Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Айналадағы әлем»



жүктеу 190.46 Kb.
Pdf просмотр
Дата28.12.2016
өлшемі190.46 Kb.

Қазақстан Республикасы  

Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 3 сәуірдегі 

№ 115 бұйрығына 164-қосымша   



 

 

 

Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған бастауыш білім беру 

деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Айналадағы әлем» пәнінен типтік оқу 

бағдарламасы

 

 



1. Түсінік хат 

 

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 

тамыздағы  №  1080  қаулысымен  бекітілген  Орта  білім  берудің  (бастауыш, 

негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 

сәйкес  және  жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  балаларды  оқытуға  қажетті  ерекше 

талаптарды қанағаттандыру мақсатымен құрастырылды. 

2.  «Айналадағы  әлем»  пәні  оқушыларда  бар  психофизикалық  дамудың 

бұзылыстарын, өмірде қажетті білімді, біліктілік және дағдыларды меңгерудегі 

қиындықтарын  түзету  немесе  деңгейлестіру  бағытталған,  коррекциялық 

пәндердің циклына кіреді.  

3.  Оқу  пәнінің  мақсаты  –  қоршаған  шынайы  орта  заттары  және 

құбылыстарымен таныстыру негізінде ауызекі сөйлеу тілін дамыту.  

4. Сабақтардың негізгі міндеттері: 

1) жалпы және сөйлеу тіл дамуының дефектілерін түзету; 

2) танымдық іс-әрекет қызметін дамыту; 

3) қоршаған әлем туралы түсініктерін кеңейту және толықтыру; 

4)  басқа  оқу  пәндерін  оқыту  кезінде  қажетті  жәй  ой-қалып  пен 

түсініктерін қалыптастыру; 

5)  болжам  жасау,  салыстыру,  жалпылау,  нақтылау,  жәй  қорытынды 

шығара  алу,  жәй  себеп-салдар  байланыстарын  қалыптастыру  қабілеттілігіне 

үйрету; 

6) оқушылардың сөздік қорын байыту; 

7) әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру. 

5.  «Айналадағы  әлем»  оқу  пәні  жеңіл  зиятының  зақымдалуы  бар 

балаларға  арналған  дайындық  сыныбынан  4  сыныпқа  дейін  аптасына  2 

сағаттан,  типтік  оқу  жоспарына  ендірілген.  Сағаттардың  көлемі  бір  жылда 

дайындық  және  1  сыныптарда  66  сағаттан,  2-4  сыныптарда  68  сағаттан 

құрайды. 

6.  «Айналадағы  әлем»  пәнінің  мазмұны  дамуында  зиятының 

мүмкіндіктері  шектелген  балалардың  өмірлік  тәжірибелерін  байытуға 

бағытталған, оқытудың коммуникативті-қызмет моделіне бағдарланған. 

7.  «Айналадағы  әлем»  пәні  әрі  қарай  «Жаратылыстану»,  «География» 

және  «Қазақстан  тарихы»  пәндерін  оқудың  пропедевтикалық  курсы  болып 


табылады,  сондықтан  бағдарлама  төрт  негізгі  бөлімдерден  тұрады  және 

концентрикалық  қағида  бойынша  құрастырылған.  Әр  жыл  өткен  сайын 

бөлімдердің мазмұны нақтылана, тереңдетіле, жалпылана түседі. 

8.  «Айналадағы  әлем»  бағдарламасының  мазмұны  тоқсандарға 

бөлінбейді. Мұғалім жергілікті жердің табиғат жағдайына қарай тақырыптарды 

оқыту дәйектілігін өзгертіп отырады.  

9.  Төртінші  тоқсанның  басым  уақытын  жыл  бойы  өткенді  бекітуге  және 

жеке  оқушылардың  білімдеріндегі  жетіспеушіліктерін  жоюға  арнау 

ұсынылады. 

10.  «Айналадағы  әлем»  пәнін  оқытудағы  маңызды  жағдай  ондағы  оқу 

материалын  балалардың  өнімді  қызметі  барысында  меңгеруі  болып  табылады. 

Заттық – іс тәжірибелік қызмет әрбір баланың қажеттілігі болып табылады деп 

есептеледі.  Осы  мақсатпен  мұғалім  тақырыптарды  жоспарлағанда  іс-

тәжірибелік  тапсырмаларды  анықтайды,  ал  сабақта  олардың  маңызын  ашып, 

олардың қажеттіліктерін басып көрсетеді. 

11.  «Айналадағы  әлем»  пәні  балалардың  қоршаған  әлем  туралы 

білімдерін  жүйелі  түрде  қалыптастырады  және  зияты  жеңіл  зақымдалған 

балалардың  біріншілік  әлеуметтенуіне  және  оқытудың  коррекциялық-

қалыптастырушы қызметін іске асыруға мүмкіндік береді. 

 

2. Оқу пәнінің дайындық сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

12. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер:  

1)  жыл  мезгілдерімен  танысу.  Табиғаттағы  күздік  өзгерістер.  Күздегі 

өсімдіктер  мен  жануарлар.  Адамдардың  күзде  киетін  киімдері.  Балалардың 

күзгі  ойындары.  Табиғаттағы  қыс  мезгілінде  болатын  өзгерістер.  Қыстағы 

өсімдіктер  мен  жануарлар.  Адамдардың  қыста  киетін  киімдері.  Балалардың 

қысқы ойындары. Табиғаттағы көктемдік өзгерістер. Көктемдегі өсімдіктер мен 

жануарлар.  Адамдардың  көктемде  киетін  киімдері.  Балалардың  көктемгі 

ойындары.  Жаз.  Табиғаттағы  жаздық  өзгерістер.  Жаздағы  сауықтыру 

шаралары.  Суда  жүзудің  ережелері.  Әр  түрлі  жыл  мезгілдерінде  табиғатқа 

саяхат.  Табиғи  материалды  жинау.  Табиғи  материалдардан  аппликациялар, 

жасанды заттар дайындау.  

13. Мектеп: 

1)  мектеп.  Сынып.  Сабақ.  Сыныппен,  сыныптастарымен,  жұмыс 

орнымен, оқушының міндеттерімен таныстыру. Сыныптағы, мектептегі, мектеп 

аумағының  тәртіп  ережелері.  Оқушының  күн  тәртібі.  Мектеппен  және  мектеп 

бөлмелерімен  танысу – сыныптар, дәліз, ас-бөлмесі, әжетхана, дәрігер бөлмесі 

және т.б. Әр заттың атқаратын қызметі және оларды қолдану; 

2) балалар ойын алаңы, дене шынықтыру алаңы, гараж, мектеп ауласы. 

14. Мен және менің отбасым: 

1)  оқушының  аты-жөні.  Отбасы  мүшелері  –  ата-ана,  ата-әже,  аға,  әпке. 

«Отбасы»  түсінігі.  Отбасының  мүшелеріне,  үлкендерге  құрметпен  қарау. 

Отбасының  кіші  мүшелеріне  қамқорлықпен  қарау.  Отбасындағы  балалардың 

міндеттері.  Отбасындағы  жалпы  мейрамдар  –  от  басының  туылған  күндері, 



жаңа-  жыл.  Отбасылық  альбом  –  отбасы  мүшелерінің  суреттері.  Тұрмыстық 

заттар  –  жиhаз,  ыдыс-аяқ,  тұрмыстық  құралдар  (холодильник,  шан  сорғыш 

және  т.б).  Ойыншықтар  мен  ойындар.  Ойыншықтар  мен  мектеп  құралдарын 

ажырату. 

15. Табиғат: 

1) мезгілдік түсініктер – күн және түн, олардың белгілері. Тірі және шық 

жел өзгерістерін жылдың әр түрлі мезгілінде және тәулігінде бақылау, олардың 

картинадағы, әңгімелердегі бейнеленуі. Табиғат дыбыстары – жаңбырдың шуы, 

жапырақтар  шықыры,  қардың  сықыры,  желдің  дыбысы.  Табиғаттағы  түстер  – 

қызыл,  сары,  жасыл,  көк,  ақ,  қоңыр  (күздің,  қыстың,  көктемнің  және  жаздың 

негізгі түстері); 

2) жыл мезгілдеріндегі тірі табиғат өзгерістерін бақылау: жапырақтардың, 

ағаштардың  және  бұтақтардың  бояулары;  жануарлар  (құстар,  шіркейлер  және 

т.б)  жүріс-тұрыстарын  бақылау.  Жабайы  және  үй  жануарларын  бақылау 

(жергілікті аймаққа тән  таралған)  – сыртқы көрініс, дене бөліктері, әрекеттері, 

өмір  сүру  ортасы.  Аквариум  –  аквариумда  мекен  ететін  балықтарды  бақылау. 

Жемістер  мен  көкөністер  бойынша  –  түстерін,  түрін,  иісін,  дәмін,  тамақта 

қолдану әдістерін қарастыру. Үй өсімдіктері, оларды күту. 

 

3. Оқу пәнінің 1 - сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

16. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер: 

1)  жыл  мезгілдері.  Жыл  уақытының  айлары.  Жыл  уақытының  негізгі 

белгілері.  Күз  –  ашық,  бұлтты,  суыту,  жапырақтардың  түсуі,  жаңбырдың 

жаууы. Қыс – суық, қардың жаууы. Көктем – ауа райының жылуы, қардың еруі, 

ағаштардың  бүр  жаруы,  алғашқы  шөптер.  Жаз  –  күн  жылынады,  ыстық.  сурет 

бойынша жыл мезгілін анықтай білу; 

2) ауа-райы. Ауа райын бақылау. Кешегі, бүгінгі ауа-райы; 

3) жылдың түрлі уақытында болатын өсімдіктер мен жануарлар. Жылдың 

әр  уақытындағы  жануарлар  түстерінің  өзгеруі  –  қоян,  тиын.  Жануарлардың 

қыстағы  өмірлері  –  аю,  қасқыр.  Түс  өсімдікер  жетілуінің  белгісі  ретінде  – 

қызанақ жасыл және қызыл, жапырақтар жасыл және сары; 

5)  бақылау.  Жапырақтар  бояуларының  өзгеруі,  шөптердің  шіруі, 

ағаштардың қыс мезгіліндегі қалпы, жапырақтардың жайылуы, сырғалар; 

6)  адамдардың  киім  киістері.  Жылдың  түрлі  мерзімдеріндегі  балалар 

ойындары.  

17. Менің Отаным – Қазақстан: 

1)  туған  жер  түсінігі.  Туылған  қаланың,  ауылдың  аталуы.  Мемлекеттің 

аталуы  –  Қазақсатан  Республикасы.  Қоғамдық  құрылымдар  және  олардың 

атқаратын  қызметтері  (мектеп,  дүкен,  пошта,  емханалар  және  т.б).  Туған 

қаланың, ауылдың мәдени орталықтары, ескерткіштері, саябақтар; 

2) мемлекеттік гимнді қолдану ережелері – оң қолды жүрекке қойып, тік 

тұру.  Туған  аумаққа  деген  сүйіспеншілігін  тәрбиелеу.  Қоршаған  табиғат 

әдемілігін бақылау. 

18. Өлі табиғат: 


1)  жылдың  түрлі  мезгілдерінде  өлі  табиғаттың  құбылыстары  мен 

қалыптары  туралы  түсініктерін  қалыптастыру:  суық,  жылы,  ыстық,  бұлтты, 

ашық,  жел,  жаңбыр,  қар,  мұз,  қардың  және  мұздың  еруі.  Тәулік  уақыты  – 

таңертең,  күндіз,  кеш,  олардың  белгілері.  Бір  күндік  адамның  іс-әрекеті. 

Оқушының күндік күн-тәртібі; 

2) күн, су, жер, от – олардың адам өміріндегі маңыздылығы. Күн – жылу 

және сәуленің көзі; су – өмір бұлағы (өзендегі, ыдыстағы су); жер – құм, тастар, 

саз балшық; от - май-шам, ошақ. 

19. Тірі табиғат: 

1)  өсімдіктердің  әр-түрлілігі:  ағаштар,  бұтақтар,  шөптер,  гүлдер.  Жерде 

өсетін,  жеміс-жидектер:  сәбіз,  қызылша,  пияз,  картоп.  Түсі,  пішіні,  дәмі, 

тамақтануда  қолданылуы.  Пияз:  пияздың  құрылымын  қарастыру.  Пиязды 

бақшада,  терезенің  алдына  қорапшаға  отырғызу.  Жемістер:алма,  алмұрт. 

Оларды  пішіндері,  түсі,  иісі,  көлемі  бойынша  ажырату.  Көкөніс  пен 

жемістердің бір-бірінен айырмашылықтары; 

2) жануарлар: үй жануарлары – ит, мысық, жабайы жануарлар – аю, қоян. 

Жануарларды сыртқы көріністері, көлемі, мекен ету ортасы бойынша, пайдасы 

және  зияндықтары  бойынша  салыстыру.  Мысық  немесе  иттің  іс-әрекетін 

бақылау; 

3)  құстар:  көгершін,  торғай  –  қайда  тұрады,  немен  қоректенеді,  адамға 

пайда немесе зиян әкелуі. Табиғатта құстарды бақылау; 

4)  жәндіктер:  көбелек,  қоңыздар.  Сыртқы  түрі.  Түрлердің  көп  түрлілігі. 

Айырмашылықтары. Табиғатта көбелек пен қоңыздарды бақылау. 

 

4. Оқу пәнінің 2 - сыныптағы базалық білім мазмұны 



 

20. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер: 

1) күннің жыл мерзімдерінің алмасуына тигізетін әсері. Жылдың әр-түрлі 

мерзімдеріне  қарай  күннің  және  түннің  ұзақтығы:  күзде  жарықтың  біртіндеп 

қысқаруы,  қыс  мерзіміндегі  күннің  қысқартылуы  және  түннің  ұзартылуы, 

көктемдегі күннің ұзартылуы, жаздағы түннің қысқаруы және күннің ұзаруы; 

2)  жыл  мезгілдерінің  негізгі  белгілері:  күз  –  түнерген  күндер,  жиі 

жауатын  суық  жаңбырлар,  бұлт,  клумбалардағы  гүлдердің  солуы,  құстардың 

жылы жаққа ұшуы, алғашқы қар. Қыс – аяз, боран, шуақ, қар жауу, мұздай, қар 

жабындының  қалындығы.  Көктем  –  жылыну,  мұз  және  қардың  еруі,  тамшы, 

шалшықтар,  ағаштардың  бүр  жаруы,  жапырақтардың  пайда  болуы,  құстардың 

оралуы,  алғашқы  көктемдік  гүлдер,  алғашқы  найзағай,  күннің  күркілі.  Жаз  – 

жайма-шуақ  ыстық  күндер,  жылы  жаңбырлар,  шөптердің  гүлдеуі,  жидектерді 

жинау; 


3)  адамдардың  жыл  мезгіліне  қарай  атқаратын  жұмыстары.  Бақшадағы, 

мектеп ішілік телімдерде маусымдық жұмыстар; 

4)  жыл  мезгілдерінің ауа-райын  бақылау,  қабырғалық  күнтізбеде  керекті 

белгімен белгілеу.  

21. Менің Отаным – Қазақстан:  

1) Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Қазақстан республикасының 



алғашқы президенті. «Кіші туған ел» түсінігі. Қалалардың (ауылдардың) негізгі 

көшелері.  Негізгі  ғимараттар.  Қаланың  ауылдан  айырмашылығы.  Қала  және 

ауылдардың  ғимараттарын  салыстыру.  Қала  және  ауыл  халқының  саны  (көп-

аз); 


2)  көлік  (транспорт).  Көліктің  атқаратын  қызметіне  қарай  бөлінуі  (жүк 

тасымалдаушы,  қоғамдық,  адам  тасымалдаушы).  Жол  жүру  ережелері. 

Бағдаршам  белгілері.  Көшеде  жүру  ережелері.  Жол  белгілері:  «Абайлаңыз, 

балалар!»,  «Жүргінші  жол  өткелі!»,  «Жол  асты  жолдан  өту  өткелі».  Қоғамдық 

көліктерде және қоғамдық жерлерде жүру ережелері. 

22. Өлі табиғат: 

1) су және оның қасиеттері: мөлдір, иісінің болмауы, сұйықтық, тұнба;  

2)  су  және  оның  қасиеттері:  температура  (суық-ыстық).  Судың  қызуын 

өлшеуге арналған термометр; 

3)  су  айдындары:  өзен,  тоған,  балшық.  Жылдың  әр  мезгілдерінде 

суайдындарындағы судың қалпы; 

4) су бетіндегі мұздың еруі;  

5) табиғаттағы су: жаңбыр, қар, мұз, булану; 

6) судың өсімдік, жануарлар, адам өміріндегі маңыздылығы. Суды қорғау. 

Суды үнемдеу. 

23.Тірі табиғат. 

24. Өсімдіктер: 

1) клумбадағы гүлдер  – петунья, алқалар тұқымдасы, настурция және  т.б 

гүлдер.  Бөлме  өсімдіктері  –  дымқылды  сүйгіш,  құрғақтылыққа  төзімді 

(традесканция,  кактус),  жарық  сүйгіш  және  көлеңкені  сүйгіш  гүлдер  (фиалка, 

традесканция). Бөлме өсімдіктерін күту; 

2)  бақша.  Бұтада,  жердің  үстінде  өсетін,  көкөністер  –  қызанақ,  қияр, 

баялд, тәтті бұрыш. Қызанақ, қияр, баклажан, тәтті бұрыш жемістерінің сыртқы 

көріністері. Берілген көкөністерді тамақтануда қолдану, оларды қыста сақтау; 

3) бау-бақша. Дәнекті өсімдіктер. Жемістер – өрік, шие, шабдалы. Пішін, 

түс,  дәм,  иісі,  көлемі  бойынша  ұқсастықтары  және  айырмашылықтары.  Өсіп 

жетілудің ерекшеліктері; 

4) бақша, бау-бақша өсімдіктерін күту. 

25. Жануарлар: 

1)  үй  жануарларын  олардың  жабайы  тұқымдастарымен  салыстыру. 

Мысық – сілеусін, ит – қасқыр. Сыртқы түрі, тамақтануы, төлдердің атаулары, 

іс-әрекеттері, өмір сүру қалпы, тұрақтану аясы. Жануарлардың өмір сүрулеріне 

қажетті жағдайлар – су, жылылық, ауа, тамақ. Адамның жануарларға деген көз-

қарасы; 


2) құстар. Торғай, сары шымшық. Құстардың пішіні, дене мүшелері, тері 

жабындысы.  Құстардың  адамға  пайдасы.  Қыстайтын  құстарды  бақылау, 

тамақтандыру; 

3)  балықтар.  Жергілікті  аймақта  таралған  2-3  атау.  Сыртқы  көрінісі, 

мекен ету аумағы, тамақтануы, өмір сүру салты.  Адамның балықты қолдануы. 

Балықтарды қорғау. 

 


5. Оқу пәнінің 3 - сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

26. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер: 

1)  жаз  мезгілімен  салыстырғанда  күздегі  ауа-  райының  өзгеруі  –  күннің 

қысқаруы,  күннің  сууы,  жаңбырдың  жиі  жаууы.  Күздің  ерте  және  кеш  түсуі. 

Күздің  айларының қазақ  тіліндегі  аталуы.  Күз  мезгілінің  белгілері.  Өсімдіктер 

мен жануарлардың өмірлеріндегі өзгерістер – жеміс және дәннің пісіп жетілуі, 

гүл  мен  шөптердің  солуы,  жапырақтар  түстерінің  өзгеруі,  жәндіктердің 

жоғалып  кетуі,  кұстардың  жылы  жаққа  ұшып  кетуі.  Мезгілдік  жұмыстар  – 

тұқым және егін жинау; 

2)  күз  мезгілімен  салыстырғандағы  қыс  мезгілі  кезіндегі  ауа-райының 

өзгеруі-  күннің  қысқаруы,  үсік  шалу,  алғашқы  қар,  боран,  су  қоймаларының 

қатуы.  Қыс  айларының  қазақ  тілінде  аталулары.  Қыс  мезгілінің  белгілері. 

Қыстағы ағаштар мен бұталар. Қыстайтын құстарды тамақтандыру; 

3)  қыс  мезгілімен  салыстырғандағы  көктем  мезгілі  кезіндегі  ауа  - 

райының өзгеруі  -  күннің  ұзаруы,  күннің жыли  түсуі,  тамшылар,  қардың  еруі, 

мұздың сырғуы. Көктем айларының қазақ тілінде аталулары. Көктем мезгілінің 

белгілері.  Бүр  жару,  жапырақтардың  шығуы,  ерте  гүлдейтін  гүлдер  – 

бәйшешек,  меруертгүл,  бақ-пақ,ана  және  өгей  шеше.  Құстардың  оралуы, 

балапандардың  шығуы.  Мектеп  ауласында  мерзімдік  жұмыстар  –  топырақты 

қопарысыту,  топыраққа  өсімдіктерді,  гүлдерді  егу.  Бақшадағы,  бақтағы 

жұмыстар; 

4)  көктем  мезгілімен  салыстырғандағы  жаз  мезігіліндегі  ауа-  райының 

өзгеруі  –  күннің  ұзаруы,  жылы  кұн,  ашық  аспан,  әдемі  бұлт,  ыстық  күн, 

бұлттар, жазғы жаңбырлар. Жаз мезгілі айларының қазақ тіліндігі аталуы. Жаз 

мезгілінің  белгілері.  Мектеп  ауласындағы  мерзімдік  жұмыстар  және 

өсімдіктерді күту – суару, түптеу, жемістерді жинау. 

27. Менің Отаным – Қазақстан: 

1)  Қазақстан  Республикасының  рәміздері  –  Қазақстан  Республикасының 

Мемлекеттік  ел  таңбасы,  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттің  туы, 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны; 

2)  қазақтардың  ұлттық  киімдері,  ұлттық  киімдер  құрамы  –  камзол, 

сәукеле,  тымақ,  кимешек,  тақия,  бөрік  және  т.б.  Ұлттық  орнамент.  «Наурыз» 

мерекесі.  Мерекелік  дастархан.  «Наурыз»  мерекесіндегі  басты  тағам  –  көже. 

Қазақ үй – көшпенді қазақтардың тұрағы, оның безендірілуі; 

3) балалардың ұлттық ойындары. 

28. Өлі табиғат: 

1) ауа, оның өсімдіктер, жануарлар, адамдар өмірлеріндегі маңыздылығы. 

Ауа  температурасын  өлшеу.  Ауаны  өлшеуге  арналған  термометр.  Тұрғын 

бөлмедегі,  көшедегі  ауаның  температурасы.  Бөлменің  ауасын  тазартып  тұру, 

Көше,  бөлменің  ауасының  тазалығы.  Жел  –  ауаның қимыл-қозғалысы.  Желдің 

бағыты, күші, желдің температурасы (суық, жылы). 

29. Тірі табиғат. 

30. Өсімдіктер: 

1)  ерте  гүлдейтін  өсімдіктер  –  бәйшешек,  бақ–бақ,  меруертгүл.  Олардың 



құрылымы  –  тамыры,  сабағы,  жапырақтары,  гүлдері.  Жалпы  және 

ажыратылмалы белгілері; 

2)  ағаштар  –  ақ–қайын,  жөке,  үйеңкі,  терек,  емен.  Жалпы  белгілері: 

тамыры, діңгегі, бұтақтары, жапырақтары. Ажыратылмалы белгілері: діңгегінің 

түсі,  жапырақтарының  пішіндері.  Бақ  ағаштары  (дәнекті  өсімдіктер)  –  өрік, 

шие, абрикос, шабдалы. Салыстыру және тани білу.  Ажыратылмалы белгілері: 

дінгегінің  түсі,  жапырақтардың  пішіні,  жемісінің  пішіні.  Жемістерді  олардың 

белгілері бойынша сипаттау– пішіні, түсі, иісі, дәмі. Түрлердің алуан түрлілігі. 

Адам  тамақтануындағы  жемістер.  Жемістерді  жеу  кезінде  гигиена  ережелері. 

Бақ ағаштарын күту ерекшеліктері; 

3)  бақша  –  көкөністер  (орам  жапырақ).  Орамжапырақ  түрлерінің 

түрлілігі–  түсті  және  т.б.  Орамжапырақтың  пайдалы  қасиеттері.  Адам 

тамақтануындағы  көкөністер.  Шикі  және  қайнатылған  көкөністер.  Шикі 

көкөністерді қолданудың гигиена ережелері; 

4)  бұталы  өсімдіктер  -  бөртегүл,  итмұрын.  Танылуы.  Аталуы. 

Ағаштармен  салыстыру.  Ажыратылмалы  белгілері 

–  көп  дінгекті, 

жапырақтарының  пішіні,  гүлдер.  Жалпы  белгілері  –  тамыр,  бұталар, 

жапырақтар.  Жеміс–жидекті  бұталы  өсімдіктер  –  смородина,таңқурай,тұшала. 

Салыстыру және танибілу; 

5) бақ және бақша өсімдіктерін күту. 

31. Жануарлар: 

1) үй жануарлары және олардың төлдері: мысық–марғау, ит–күшік, ешкі–

лақ,  қой–қозы  (таңдау  бойынша).  Сыртқы  көрінісі,  жүріс–тұрысы,  дауысы, 

қорегі, мекені. Мысық және иттердің түрлі тұқымдастары. Олардың адамдарға 

пайдасы. Адамның үй жануарларына қамқорлығы. Жабайы аңдар – түлкі, кірпі, 

және т.б. (таңдау бойынша). Сыртқы түрі, төлдері, қоректі табу тәсілдері; 

2)  үй  құстары:  тауық,  үйрек,  олардың  балапандары.  Олардан  адамға 

пайдасы.  Адамның  үй  құстарына  қамқорлығы.  Жабайы  құстар:  торғай,  қарға, 

қараторғай,  суықторғай,  сауысқан,  сарышымшық.  Сыртқы  түрлері,  көлемдері 

бойынша  салыстыру.  Қыстайтын  құстар  –  қарлығаш,  қарға,  суықторғай, 

сауысқан,  сарышымшық.Қыс  мезгілінде  құстарға  қамқорлық  көрсету.  Жылы 

жаққа  ұшып  кететін  құстар  –  қарлығаш,  көкқұтан,  қарлығаш,  қараторғай. 

Құстарды  бақылау.  Өмір  сүру  жағдайларын  салыстыру.  Адамның  жабайы 

құстарға қамқорлығы; 

3)  жәндіктер–  шыбындар,  масалар,  қоңыздар.  Таңдау  бойынша  3-4 

жәндіктерді  атау  және  көрсету.  Жануарлар  және  өсімдіктер  әлеміндегі 

жәндіктердің маңыздылығы. 



 

6. Оқу пәнінің 4 - сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

32. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер: 

1)  маусымдардың  аталуы  және  олардың  кезектілігі.  Маусым  айларының 

аталулары. «Ерте» және «Кеш» кезеңдер түсініктерін түсіндіру; 

2)  әр  мезгілдің  өзіне  тән  құбылыстары:  өзендердің  қатуы,  себелеп 

жауатын жаңбыр, қырау, ала қар, тасқын, шық және т.б.; 



3)  адамдардың  әр  мерзімде  атқаратын  еңбектері,  мерзімдік  жағдайларға 

байланысты қызмет түрлерінің алмасып тұруы; 

4) күз – өнім жинау, ағаштар мен бұталарға қамқорлық, жаңа өсімдіктерді 

отырғызу; 

5)  қыс  –  жануарларлаға  қамқорлық  көрсету,  қыстайтын  құстарға  көмек 

көрстеу, көктемдік егінге техника мен тұқымдарды дайындау; 

6)  көктем  –  бақ  ағаштарын  ақтау.  Ағаштар,  бұталар,  бақша  өсімдіктерін 

отырғызу; 

7)  жаз  –  бақ,  бақша  өсімдіктеріне  күтім  көрсету,  жидек,  көкөністердің 

ерте пісетін өнімін жинау, шөп шабу; 

8) мектеп ауласында түрлі жыл мезгілдеріне сай жұмыстар атқару, оларға 

балаларды атсалыстыру. 

33. Менің Отаным – Қазақстан: 

1)  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  мерекелері  –  Конституция 

күні, Республика күні, Қазақстан республикасының тәуелсіздік күні, Қазақстан 

– көп ұлтты Республика; 

2) Қазақстанның тарихи жерлері. Өлке тану мұражайы. Тарихи мұражай. 

Танымал  адамдардың  мұражайы.  Туған  қаладағы  (ауылдағы)  тарихи 

ескерткіштер. Қазақстан қаhармандары. Туған өлке тарихы;  

3) қазақтардың мәдениеті мен дәстүрлері. 

34. Өлі табиғат: 

1)  топырақ.  Топырақтың  құрамы  (құм,  саз–балшық,  тастар).  Құнарлы 

қабаты.  Топырақтың  жәй  қасиеттері.Өсімдіктерге  олардың  маңыздылығы. 

Топырақты  өңдеу  тәсілдері  –  қопсыту,  суғару  және  т.б.  Топырақтың  құнарлы 

қабатын қорғау және қайта қалпына келтіру;  

2)  жердің  беткі  қабатының  көрінісі  –  жазық  жерлер,  құздар,  бөктерлер, 

таулар. 

35. Тірі табиғат.  

36. Өсімдіктер:  

1)  орман  өсімдіктері.  Қылқанды  және  жапырақты  ағаштар  (қарағай, 

шырша,  қайың,  емен).  Саңырауқұлақтар  –  улы  және  жеуге  болатын.  Орман 

жидектері  –  бүлдірген,  қаражидек.  Улы  және  жеуге  қолдануға  болатын 

жидектер. Пайдалы және қауіпті шөптер. Орманда жүру ережелері; 

2)  дала,  өріс  өсімдіктері.  Бидай,  жүгері,  тары,  сұлы.  Адамның  дала 

өсімдіктерін күтуі, олардығ адам өміріндегі маңыздылығы. Дала өсімдіктерінің 

құрылымы – тамыр, сабақ–сабан, жапырақ, масақ. Мерзімдік өзгерістердің дала 

өсімдіктерінің өміріне тигізетін әсері; 

3)  емдік  қасиеттері  бар  өсімдіктер  –  қырмызы,  шайқурай  және  т.б. 

Таралуы аз өсімдіктер және оларды қорғау. Қызыл кітап. Сая бақ, бақ. Жасанды 

сая бақтар жасау. 

37. Жануарлар: 

1)  жабайы  жануарлар  –  қабан,  бұлан,  арқар,  киік,  қоян.  Сыртқы  көрінісі, 

жүріс-тұрысы,  қоректенуі,  өмір  сүру  салты,  төлдері.  Жабайы  жануарлардың 

табиғат жағдайларына бейімделулері; 

2)  үй  жануарлары  –  шошқа,  сиыр,  үй  қояны.  Сыртқы  түрі,  қоректенуі, 


өмір сүру салты, төлдері. Үй жануарларын күту; 

3)  жабайы  және  үй  жануарларын  салыстыру:  қабан  –  шошқа,  бұлан  – 

сиыр,  арқар  –  ешкі,  қоян  –  үй  қояны.  Ұқсастықтары  және  ажыратылатын 

белгілері; 

4)  құстар:  қыстайтын  және  жылы  жаққа  ұшып  кететін  (бозшымшық, 

тоқылдақ,  шауқарға);  жыртқыш  құстар  (қаршыға,  бүркіт,  кезқұйрық);  ән 

салғыш құстар (бұлбұл, қарлығаш); 

5)  жәндіктер.  Пайдалы  жәндіктер  –  ара,  қызыл  қоңыз,  көбелектер. 

Сыртқы түрі, өмір сүру салты, қоректенуі. Адаммен араны қолдануы және өсіп 

өндіруі. Бал арасының ұялары тұратын жер. Балдың пайдалы қасиеттері. 

6) адамның жануарлар өміріндегі рөлі. 

 

7. 1-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

38. Пәндік нәтижелер.Оқушылар: 

1) жыл мезгілдерін, жылдың маусымдық өзгерістерін;  

2) мемлекеттің, туған қаланың, ауылдың атауларын; ағаштар, бұталарды, 

шөптерді, гүлдерді;  

3)  жылдың  әр  мерзімінде  өлі  табиғаттың  көрінісі;  жылдың  әр 

маусымында және күнінде өлі табиғатта болатын өзрерістерді білуі керек. 

39. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылардың:  

1) жыл мерзіміне сәйкес киіне білуінен;  

2)  Қазақстан  Республикасында  тұратындарын  және  олардың  қаласы, 

ауылы Қазақстанда орналасқанын білуінен;  

3) күн тәртібін орындай білуінен көрініс табады. 

40. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер. Оқушылардың: 

1) табиғатта болып жатқан өзгерістерді бақылай білуімен;  

2)  Қазақстан  Республикасының  әнұраны  орындалғанда,  оң  қолын 

кеуденің жүрек тұсына қойып, тігінен тыныш тұруымен;  

3)  көкөністерді  түсі,  пішіні,  дәмі  бойынша  ажырата  білуімен;  суды 

үнемдеу, отты қолдануда қырағы болу; ашық су қоймаларында шомылу кезінде 

өзін дұрыс ұстай білуімен айқындалады. 

41.  Табиғат  құбылыстары  мен  заттарының  атауларын  дұрыс  атай  алуы; 

зат  есімді  анықтауышпен  және  етістікпен  үйлестіруі;  қойылған  сұрақтарға 

дұрыс жауап бере алуы. 



 

8. 2-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

42. Пәндік нәтижелер. Оқушылар:  

1)  жылдың  түрлі  мерзіміндегі  күн  мен  түннің  ұзақтығын;  күннің  жыл 

мерзімдерінің  алмасуына  тигізетін  әсерін;  жыл  мерзімінің  негізгі  белгілерін; 

Қазақстан Республикасының бірінші Президентінің аты-жөнін;  

2)  Қазақстан  Республикасының  астанасы  –  Астананы;  астананың  негізгі 

көшелерінің,  қиылыстардың,  алаңдарының  аттарын;  қалалар  мен  ауылдың 

арасындағы айырмашылықтарын;  



3) «Жас ел» түсінігін; бағдаршам белгілерін және көшені өту орындарын; 

жол жүру ережелерін;  

4) 

судың 


қасиетін: 

мөлдірлік, 

иісінің 

жоқтығы, 

сұйықтық, 

температурасын;  

5) жылдың әр мезгіліндегі су қоймаларындағы судың қалпын;  

6) судың өсімдіктер, жануарлар, адамдар өміріндегі маңыздылығын білуі 

керек. 

43. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылардың:  



1)  ауа-райын  бақылай  алулары  және  ол  бойынша  қабырға  күнтізбесінде 

керекті белгімен белгілей білуінен;  

2)  бөлме  өсімдіктерін  күте  білуінен;  тамаққа  көкөніс  пен  жемістерді 

қолдануынан;  

3) көкөністерді қысқа сақтауды дайындауға көмектесе білуінен; бақ және 

бақша өсімдіктерін күтуінен көрініс табады.  

44. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер. Оқушылардың: 

1) көшені дұрыс өтуімен;  

2) қоғамдық көлікте және қоғамдық жерлерде өзін ұстай білуімен;  

3) клумбадағы гүлдерді сыртқы көріністері бойынша ажырата білуімен;  

4) үй және жабайы аңдарды салыстыра білуімен айқындалады. 

45.  Қойылған  сұрақтарға  берілген  сұрақтың  сөздерін  қолданып,  толық 

жауап  бере  алуы;  жай  сөйлемдерді  құрастыра  білуі;  таныс  сөздердің  түрлерін 

дұрыс қолданып, сөйлемдерді сұрақтары бойынша бөле білуі. 



 

9. 3- сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

46. Пәндік нәтижелер. Оқушылар: 

1) ай атауларын;  

2)  жаз  мезгілімен  салыстырғанда  күз  мезгілінде  болатын  ауа  –райының 

өзгеруін;  

3)  күз  мезгілімен  салыстырғанда  қыс  мезгілінде  болатын  ауа  –райының 

өзгеруін;  

4)  қыс  мезгілімен  салыстырғанда  көктем  мезгілінде  болатын  ауа  –

райының өзгеруін;  

5)  көктеммен  салыстырғанда  жаз  мезгілінде  болатын  ауа  –райының 

өзгеруін; мемлекеттік нышандардың мағыналарын – ту, ән ұран, ел таңба;  

6)  қыздарға,  әйелдерге,  балалар  мен  ер  адамдарға  арналған  ұлттық 

киімдердің арасындағы айырмашылықты білу;  

7)  ұлттық  тағам  –  көжеге  кіретін  жеті  құрамының  маңыздылығын; 

өсімдіктер,  жануарлар,  адам  өміріндегі  ауаның  маңыздылығын;  ағаштардың 

аттарын – ақ қайын, қарағай, үйеңкі, емен, терек; 

8)  ағаштың  құрылымын  –  тамыр,  діңгек,  бұталар,  жапырақтар;  гүлдің 

құрылымын; 

жануарлар 

және 


өсімдіктер 

әлеміндегі 

жәндіктердің 

маңыздылығын білуі керек.  

47. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылардың: 

1) мемлекеттік нышандарға құрметпен қарауынан;  



2) ұлттық тағамды қолданып, мерекелік дастархан жая білуінен;  

3) мектеп ауласында мерзімдік жұмыстарды атқара білуінен, өсімдіктерді 

күтуінен;  жемістер  мен  шикі  көкөністерді  қолдануда  гигиена  ережелерін 

орындай алуынан;  

4) бөлме өсімдіктерін күтуінен көрініс табады.  

48. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер. Оқушылардың:  

1) біздің мемлекетіміздің рәміздерін - ел таңбаны, туды көрсете білуімен;  

2)  Республиканың  ән  ұранын  дұрыс  айтуымен;  ауа  температурасын 

өлшей алуымен;  

3) бөлменің ауасын тазарта білуімен; жергілікті жердің негізгі ағаштарын 

ажырата алуымен;  

6) жемістерді белгілері -пішіні, түсі, иісі, дәмі бойынша ажырата алуымен 

айқындалады. 

49.  Әңгімеге  қатысу,  қойылған  сұраққа  толық  және  дұрыс  жауап  бере 

білуі;  таныс  сөздер  түрлерін  қолданып,  жиі  таралған  жәй  сөйлемдерді 

құрастыра білуі; кейбір үстеулерді қолдана білуі.  



 

10. 4 –сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

50. Пәндік нәтижелер. Оқушылар: 

1)  әр  мезгілдің  өзіне  тән  құбылыстарын;  Қазақстан  Республикасының 

Мемлекеттік  мерекелерін  –  Конституция  күнін,  Қазақстан  Республикасының 

тәуелсіздік күнін; Қазақстанда тұратын бірнеше ұлттарды атай;  

2) туған қаланың, ауылдың тарихи ескерткіштерін; Қазақстанның тарихи 

жерлерін; топырақ құрамын білу (құм, саз балшық, тастар);  

3) орман өсімдіктерін; жапырақты және инелі ағаштарды; саңырауқұлақ –

улы және жеуге жарамды; орман жидектері – бүлдірген, қаражидек; жидектер; 

қауіпті  және  пайдалы  шөптер;  орманда  жүру  ережелері;  дала  өсімдіктерінің 

құрылымы – тамыр, сабақ, жапырақ, масақ;  

4)  өсімдіктердің  адам  өміріндегі  маңыздылығын;  сирек  кездесетін 

өсімдіктер және оларды қорғау;  

5) Қызыл кітап;  

6) жабайы жануарлардың табиғат жағдайларына бейімделулері;  

7) жануарлар өмірінде адамның рөлі туралы білуі тиіс. 

51. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылардың:  

1)  тарихи  жерлерге  ұқыптылықпен  қараудағы  қажеттілікті  және  оны 

сақтауды түсінуінен;  

2)  өздерінің  отандастарының  батырларының  әрекеттерін  есте  ұстап 

бағалай білуінен;  

3) тарихи және аймақтық және басқа да мұражайларға баруынан;  

4) республиканың құрылыстарына қамқорлықпен қарауынан; Қазақстанда 

тұратын  ұлттардың  мәдениеті  мен  салт-  дәстүрлерін  сыйлауынан  көрініс 

табады.  

52. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер. Оқушылардың: 

1)  табиғаттың  жыл  мезгілдері  кезеңдерінің  «ерте»  және  «кеш» 


түсініктерін түсіндіруімен;  

2)  Қазақстан  «көп  ұлтты  ел»  деген  не  екенін  түсіндіруімен;  орманда 

жүрудің ережелерін білуімен; өсімдіктерді күтуімен; 

3)  әңгімеге  қатысуымен;  сыныптастарының  ойларын  толықтырып, 

сұрақтарға жауап беруімен; көп таралған сөйлемдерді қолданып, таныс сөздер 

түрлерін  дұрыс  қолданып,  жоспар  бойынша  байланысты  сөйлем  құрап  ойын 



білдіре алуымен айқындалады. 

 

Каталог: sites -> default -> files
files -> Мұратбеков Сайын
files -> ҚазҰТУда «Ерлігі жүрегінде елінің» атты Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> БАҒдарламасын дамыту жолдары ақашева Ә. С г.ғ. к., доц., Дүйсебаева К. Ж. г.ғ. к., доц
files -> А. Т. Селкебаева
files -> Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) Түсінік хат
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет