Жеке бас гигиенасы



Дата31.12.2021
өлшемі1,43 Mb.
#21690

Жеке бас гигиенасы

  • Орындаған: Бағдатова М.Б.
  • Топ: 45

Гигиена – денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы. Гигиена сөзі грек тілінен hygienios, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді.

  • Гигиена – денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы. Гигиена сөзі грек тілінен hygienios, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді.

Жеке бас гигиенасы дегеніміз не?

  • ?
  • Жеке бас гигиенасы дегеніміз – ол күнделікті денсаулықты сақтап, оны нығайтуға бағытталған шаралары. Бұл – тән күтімі, ауыз қуысын, тісті тазалау, ыңғайлы аяқ-киім кию, үй ішінде тазалық сақтау.
  • Дұрыс
  • тамақтану.
  • Темекі,арақ,
  • нашақорлықтан аулақ болу.
  • Спортпен
  • айналысу.
  • Жеке бас
  • тазалығын сақтау
  • Табиғи шынығу.
  • Жұқпалы аурудан
  • сақтана білу .
  • Қайрымды болу.
  • Ауырып ем іздегенше,
  • Ауырмайтын жол ізде.
  • Күнделікті тері гигиенасы үшін қолданылатын шаралар: теріні тазалықта ұстау үшін денені, басты сабындап жуу жүйелі дағдыға айналуы қажет. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал жиірек кір алатын бет, қол, мойын қосымша күтімді қажет етеді.
  • Тіс пен ауыз қуысы күтіміне мыналар жатады: 1. Белгілі бір тәртіп бойынша тіс ысқышпен тіс тазарту.
  • 2. Күніне тіс екі рет тазартылып тұрса, ысқышты орта есеппен алғанда төрт айда бір рет, ал талшықтары синтетикалық болса, 6-8 айда 1 рет ауыстырып отыру керек. 
  • Қолдағы барлық микробтардың 90 % тырнақ астында орналасады және оларды тек шеткамен ғана тазартуға болатынын ескерту керек. Бет пен мойынды таңертең және ұйықтар алдында жуса болғаны.
  • Шаш күтімі
  • Әдемі және қалың шаш кісіні безендіріп қана қоймайды, оның денсаулығының жақсы екендігін де көрсетеді. Адам басында 80 мыңнан 150 мыңға дейін шаш болады. Олар бірыңғай болмайды. Күнделікті 100 тал шашқа дейін түсіп тұрады және сонша тал шаш жаңадан өседі. Әр жыл сайын олар 15 см шамасында ұзарады. Шаштың үш түрі болады: құрғақ, орташа майлы және майлы. Құрғақ шаш – шаштың аз дымқылдығы және май бездерінің майды аз шығаруына байланысты. Олар өте нәзік және сынғыш келеді. Орташа майлы шаш – майысқақ және жылтыр келеді, сирек сынады. Шашты уақытымен жуып тұру және бекіту шаштың майлылығы мен дымқылдығын сақтауға көмектеседі. Майлы шаш шаш тез тері майымен майланады, ол жұмсақ және күңгірт болады. Майлы шашты жиі жуып тұру қажет. Шашты түріне және кірлеуіне байланысты аптасына 1 - 2 рет жуып тұру қажет.
  •  Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жазда, күнде жуып тұру қажет. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, бармақ арасын аптасына екі рет 5% формалин ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Қол, қолтық асты және дененің басқа бір бөліктері терлесе, дезодарант қолдану ұсынылады, арнайы ұнтақшалар себіледі. 
  • 1. Аяқкиім табан пішіні мен өлшеміне сай болуы, аяқты қыспауы, қан айналымына кедергі келтірмейтіндей болуы тиіс.
  • 2. Аяқкиім қысып, қан айналымға кедергі келтіретін болса, аяқ ісіп кетеді.
  • 3. Аяқкиім жұмсақ, жеңіл, иілгіш болғаны дұрыс. 4. Тар және өте жіңішке туфлилерді сатып алмаған дұрыс. Әсіресе өкшесі тым биік аяқкиім зиян «табанының пішіні өзгереді, омыртқа қисаяды, ішкі органдар орнынан жылжиды».
  • Әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері ұшан-теңіз. Сондықтанда өмірлеріңіздегі ең жарқын жастық шақтарыңызда дендеріңіздің саулығына бүгінен бастап қамқор болыңыздар.
  • Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет