Жеке еңбек шартын бұзудың белгілі тәртібі болады. Шартты бұзу жөніндегі бастаманың қызметкерлерден де, жұмыс берушіден де және жауапты тұлғалардан да (сот, әскери комиссариат, кәсіподақ, т б.) шығуы мүмкін



Дата31.12.2021
өлшемі48,96 Kb.
#21908

  1. Жеке еңбек шартын бұзудың белгілі тәртібі болады. Шартты бұзу жөніндегі бастаманың қызметкерлерден. де, жұмыс берушіден де және жауапты тұлғалардан да (сот, әскери комиссариат, кәсіподақ, т.б.) шығуы мүмкін. Өз ұсынысымен бастама көтеріп, еңбек шартын бұл туралы екінші жақты жеке еңбек шартында келісілген мерзімде жазбаша ескертуі керек. Жалпы ереже бойынша бір жақтың (шартты бұзудың бастамашысы) екінші жақты ескерту мерзімі жеке еңбек шартын бұзған сәттен бір айдан кем болмауы қажет.

  2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКСЫНЫҢ «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА КЕЛЕСІДЕЙ ҰҒЫМ БЕРІЛГЕН: Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады. «Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасы этимологиялық қарау мұны, «параға сатып алу», «пара» ретінде «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік берген де, құқыққақарсы іс-әрекетті білдірген.

Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған мезеттен бастап бұл аса ауыр қылмыстарға қатысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты. Еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заңын қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияларын және басқада жалпы жұртта халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік қоғамдастықтың тең мүшесіне айналды.

Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі мәселелерді шешу қажет: 1. Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіру; 2. Сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру; 3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты жоғарылату; 4. Көлеңкелі экономика деңгейін төмендету

Мәміле дегеніміз – азаматтық құқықтар мен міндеттердің белгіленуіне, өзгеруіне және тоқтатылуына бағытталған әрекет. Мәміленің, мейлінше көп тараған түрі – шарт (яғни екі жақты немесе көп жақты мәміле). Бір адамның еркін білдіретін бір жақты мәмілелер де болады (мысалы, өсиет). «Азаматтар мен заңды тұлғалардың, - делінген АК-тің 147 бабында, - азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады». Мәміле дегеніміз – заңды дерек, әрекет. Заңға сәйкес мәміле – азаматтық құқық субъектісінің заңды әрекет (заңға қайшы жасалатын азаматтық құқық бұзушылықтан ажыратқан абзал).

Мәміленің түрлері

Мәмілелер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар);

2) ақылы және ақысыз;

3) нақты және консенсуалды;

4) казуалды және абстрактылы;

5) шартпен жасалған;

6) биржалық.

Біржақты мәміле дегеніміз Заңдарға немесе талаптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәміле. Біржақты мәмілелердің анағұрлым жиі кездесетін түрі өсиет қалдыру. Әдетте біржақты мәмілелер тым коп бола бермейді. Азаматтық айналым көбінесе өзара мәмілелерден құралады. Шарт жасасу үшін екі тараптың (екі жакты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.

Тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алса немесе тараптар бір-біріне бір нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы мәміле болып табылады (мәселен, оған затты, ақшаны тапсыру жатады). Ал, бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған мәміле ақысыз болып есептеледі.

Консенсуалды мәмілелер (латынша concensus — келісім) — келісімге келген сәттен бастап азаматтардың құқықтары мен міндеттері туындайтын мәмілелер. Нақты мәмілені жүзеге асыру үшін (латынша res — зат) келісімнің бір өзі жеткіліксіз, оған қоса затты тапсыру қажет.

Мәмілелерді азамат құқықтану ілімінде каузальдық (себепті) және абстракциялық деп те бөледі. Әрбір мәміле жақтардың алға қойған мақсатына орай құқықтық негіз бен құқықтық мақсатты (causa) еншілейді. Бірақта бір жағдайда мәміленің жарамдығы оның негізіне байланысты болса, екінші жағдайда оған байланысты болмайды (абстракциялық). Абстракциялық мәмілелер өзінің негізінен қол үзгендей көрінеді (abstrahere — қол үзу, бөліну), (мысалы, вексельді тапсыру).

Шартпен жасалған мәмілелер қаңдай да бір нәрсеге тәуелді болып келеді (оқиға немесе үшінші жақтың әрекеті), ондай жағдай болуы да, болмауы да мүмкін. Мәселен, егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейінге қалдырылатын шартпен жасалды деп есептеледі. (АК-тің 150-бабының 1-тармағы). Азаматтық кодекстің 150-бабының 2-тармағына сәйкес, егер тараптар құқықтар мен міндеттемелердің тоқтатылуын, басталу-басталмауын белгісіз мән-жайға байла­нысты етіп қойса, мәміле кейін күші жойылатын шартпен жа­салды деп есептеледі.

Егер шарттың басталуы өзіне тиімсіз деп есептейтін тарап Шарттың басталуына теріс пиғылмен кедергі жасаса, шарт басталды деп танылады, ал шарттың басталуы тиімді болатын тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен ықпал етсе, онда шарт басталмаған деп танылады.

Азаматтық кодексте (156бап) биржалық мәмілелер қаралған. Биржада айналысқа жіберілген тауарларға, бағалы қағаздар мен басқа мүлікке қатысты құқықтары мен міндеттемелерді өзара беру туралы келісімдерді (биржалық мәмілелер) биржаға қатысушылар тауар, кор және басқа биржалар туралы Заңдарда және биржа жарғыларында белгіленген тәртіп бойынша жасасады. Биржалық мәмілелер делдалдык, жазбалармен рәсімделуі мүмкін және биржада тіркелуге тиіс.

Биржалық мәмілелер жасауға байланысты даулар тиісті биржа жанындағы биржа төрелігінде қаралады, оның шешіміне сотта дау айтылуы мүмкін

4. Жер пайдалану құқығының субъектілері болып азаматтар мен заңды тұлғалар есептеледі. Қазақстан Республикасының “Жер туралы” Заңына (2001) сәйкес олар төмендегі топтарға бөлінеді:

1) мемлекеттік және мемлекеттік емес жер пайдаланушылар;

2) осы елдің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар;

3) тұрақты және уақытша жер пайдаланушылар;

4) бастапқы және кейінгі жер пайдаланушылар;

5) жеке және заңды тұлғалар.

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ

1. Жер қоры – бұл жер құқығы қатынастарының аса маңызды объектісі

2. Жерге меншік

3. Жер құқығы қатынастары саласындағы мемлекеттік басқару

4. Жер пайдалану құқығы

5. Сервитут

6. Меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау және зияндарды өтеу

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚАТЫНАСТАРЫ СУБЪЕКТЛЕРІНІҢ

АНЫҚТАМАСЫ:

Ол жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылатын

және соған орай құқықтары бар әрі осы құқық қатынасында

міндеттер атқаратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ

мемлекеттер (ҚР ЖК 12-бабының 38-тармағы)

5. Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз – жалпыға міндетті әкімшілік құқықтық нормаларды бұзғандығы үшін әкімшілік жауаптылық пен жазаға тартылатын заңға қайшы, қоғамға қауіпті кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.

Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы дегеніміз – қоғамға қауіпті әрекеті үшін әкімшілік жауаптылыққа тартуға толық негіз беретін белгілердің жиынтығы.

Құқық бұзушылықтың құрамы мына 4 элементтен тұрады:

1)Объект


2) Объективтік жағы

3) Субъект

4) Субъективтік жағы.

Объект – топтық, жалпы, тікелей, түрлік болып бөлінеді. Объективтік жағы - әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы жағын сипаттайды.

Субъектісі – 16-жасқа толған, есі дұрыс, кінәлі адам, арнаулы субъект болуы да мүмкін. Субъективтік жағы – қасақана немесе абайсызда болуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы толық болғанда ғана, оны жасаған адам әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

920бап бар,2014ж 5 шілде енгізілген

6. Жаза — бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Жаза — соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды қылмыстық заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады.

Жазаның белгілері:

жаза — бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы,

жаза жеке сипатта болады. Ол тек қылмыскерге ғана қолданылады және ешқандай жағдайда да басқа адамдарға жүктелмейді (мысалы, кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскердің ата-анасына);

жаза әрқашан қылмыс жасаған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге байланысты оған белгілі бір моральдық қасірет әкеледі және белгілі бір құндылықтардан айырады.

XV—XVII ғасырларда қазақтың әдет-ғұрып заңында жазалардың мынадай түрлері болған:

а) рудан қуып жіберу;

ә) кінәліні жәбірленушінің туыстарына беру;

б) адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар мүліктік қылмыстар үшін айыппұл тағайындау;

в) денеге ауыр жарақат салғаны үшін, кісі өлтіргені үшін құң тағайындау;

г) өлім жазасы — жазаның бұл түрі өте сирек қолданылды;

ғ) әке-шешесін сыйламаған, құрметтемеген балаларға және антты бұзғандарға тен жазасы мен масқаралау жазалары қолданылды.

Жазаның мақсаты деп түпкілікті әлеуметтік нәтижелерді айтады, оған жазаны қолдану мен жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Жазаның мақсаттары мынадай:

а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Ол кінәлі адамға жазаны қолдану қылмыстық әрекет жасау нәтижерінде бұзылған жеке және қоғамдық мүдделерді қалпына келтіруді және қол сұғу объектісіне келтірілген зиянды өтеуді білдіреді;

ә) сотталушыны түзеу. Бұл мақсат кінәлінің теріс бағдарын өзгертуге бағытталған. Егер адам басқа жаңа қылмыстаp жасамаса және қылмыстық заңның сақталуының қажеттілігін сезіне бастаса, түзеуге қол жеткізеді;

б) жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алу. Бұл мақсатты әрбір нақты қылмыс үшін қылмыстың жауапты бекітуді және жаза тағайындау мен оның орындалуын бұлтартпауды қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі. Жазамен сескендіру адамдардың санасы мен әрекетіне әсер етеді.

7. Салық — бүгінгі күннің өте өзекті мәселесі. Еліміздің экономиксының өркендеп , халық тұрмысының жақсару негізінен салық үлкен роль атқарады.

Тұрақты прапорционалдық прогрессивтік салық ставкалары болды. Тұрақты ставкалар табыстар көлемінің мөлшеріне байланысыты емес, салым бірлігіне абсалюттік сомада белгіленеді.

Прапорционалдықтар — салық объектісіне, оның жіктелінуіне байланысты болмай, біркелкі проценттік қатынаста салынады.

Прогресивтік ставкалар — табыстың өсіп отыруына байланыты прогресивттік салықтың орташа ставкас өсіп отырады. Салық салуда прогресивттік ставкасы бойынша салық төлеуші табысының үлкен үлесін төлейді. Прогресивтік салықтардың зардабының үлкен табысы бар адамдар тартады.

Регрессивтік — табыстың өсіп отыруына сәйкес. Регрессивтік салықтардың үлкен табыстары барларға пайданы, ал табыстары көп емес физикалық және заңды тұлғалар үшін өте ауыр келеді.

Салық салу — бұл табысты және қайнар көздері мемлекеттік құралдарды толтыру үшін реттеуші құрал. Мемлекет пайда болысымен тарихи салық та пайда болды. Салық неше ғасыр бойы өмір сүреді, соншама экономикалық теория оптималды салық салу қағидасын іздеуді алғаш рет Адам Смит қалыптастырған.

Қазақстанда салық республикалық және жергілікті деп екі топқа бөлінеді:

Республикалық — бұл міндетті. Төлем сомасы тең үлесі республикалық бюджетке және салық төлеуші қала немесе аудан бюджетіне түседі.

Жергілікті — салықтың мөлшері жергілікті үкіметтің шешімінен анықталады.

8. «Бюджет» терминін ғылыми-құқықтық тұрғыдан алып қарасақ, оның өзіне

Бюджеттік құқық қаржылық құқықтың маңызды бөлімі болып табылады.

Бюджеттік құқық деп мемлекет аумағындағы бюджеттерді қалыптастыру және

Мақсаты - мемлекетіміздегі бюджетті қалыптастырып, бөлу және

Міндеті -- бюджет кірістерінің құрамын анықтау,бюджеттің шығыстарының бағытын

Құрылымы – курстық жұмыс құрылымы кіріспеден,екі бөлімнен,қортындыдан және

Бюджет құқығының ұғымы

1.1 Бюджеттік құқықтың пәні және бюджеттік құқықтық нормалар

Бюджеттік құқықтың пәніне Қазақстан Республикасының бюджеттік құрылысын ұйымдастыру

Бюджеттік-құқықтық реттеу аясындағы бюджеттік (қаржылық) қатынастар:

- республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің кірісі мен

- әрқашанда бөлу және қайта бөлу сипатында көрініс

- әрдайым республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ

- мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры және жергілікті әкімшілік-аумақтық

- әрдайым Қазақстан Республикасының және оның әкімшілік-аумақтық бірліктерінің

Бюджеттік құқықтың мемлекеттің бюджеттік қызметі, республикалық және жергілікті

1) Қазақстан Республикасының бюджеттік құрылысының негізін құрайтын бюджетгік

2) бюджеттік құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастардың және

3) негізгі ұғымдар мен категориялардың айрықша жүйесінің, сондай-ақ

4) бюджеттік құқықтың арнайы қайнар көздері жүйесінің болуына

Бюджеттік құқықтық нормалар өздеріне тән мынадай белгілермен ерекшеленеді:

1) олар бюджеттік заңнамалық актілер қабылдау жолымен белгіленеді;

2) олар уәкілетті (бюджеттік қүзыретке ие) мемлекеттік органдар

3) олар реттелінетін бюджеттік қатынастар ауқымында заң-дық режимін

4) олар республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару мән-жайларына

5) олар мемлекеттің бюджеттік кызметінің (мемлекеттік шаруашылық жүргізу)

6) олар тек материалдық және ұйымдастыру бюджетгік қаты-настарына

7) олар Қазақстан Республикасының қүкық жүйесіндегі баска құқықтық

8) олар республикалық және жергілікті бюджеттердің кірісі мен

9) олар материалдық бюджеттік қатынастардың тиісті субъек-тілерінің республикалық

10) материалдық бюджеттік құқықтық нормалар көбінесе тиісті қаржылық

Қазақстан Республикасының Бюджеттік құқығы:

1) Қазақстан Республикасы бюджеттік құрылысының ірге тасын және

2) Республикалық деңгейде және жергілікті ауқымдарда бюджеттік жоспарлау

3) Республикалық бюджеттің салықтық түсімдері мен салыққа жатпайтын

4) Қазақстан Республикасы Үлттық қорының салыктық және өзге

5) Жергілікті бюджеттердің салықтық түсімдері мен салыққа жатпайтын

6) Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер шығысының нақтылы

7) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры шығысының басымды бағыттарын

8) Қазақстан Республикасының бюджеттік құзыретін айқындауға әрі белгілеуге;

9) Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық құрылыстарының бюджеттік құзыретін

10) Қазақстан Республикасы бюджеттік жүйесінің ауқымын-да жүзеге асырылатын

Бюджеттік қүқықтың қүрамында өзара тығыз қарым-қатынаста болатын қаржылық

Бюджеттік құқықтың нормалары көбінесе бюджеттік құрылыс пен бюджеттік

Сонымен, Бюджеттік құқық ұғымын Қазақстан Республикасының бюджеттік құрылысын

Бюджеттік құқық республикалық және жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы

Бюджеттік құқық өзіне тән реттеуші функцияны жүзеге асыру

9. Шартпен ресімделген азаматтық-құқықтық қатынас. Міндеттеме бойынша бір тұлға (борышқор) екінші тұлғаның (несиегердің) пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасауға не оны жасаудан тартынуға міндетті, ал несиегер борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Міндеттеменің пайда болу негіздемесі – заңи фактілер, бір жақты мәмілелер, әкімш. актілер, заңсыз әрекеттер, оқиғалар. Міндеттемеде әрқашан да белгілі бір субъективтік құрам (міндеттеме тараптары) болады. Тараптардың бірі – борышқор, яғни тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге, мүлікті табыстауға, ақшалай қаражат аударуға, өзге де әрекеттерді жасауға міндетті тұлға. Екінші тарап – несиегер, яғни борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы тұлға. Жалпы мағынада алғанда міндеттеме бір тұлғаның (борышқордың) екінші тұлғаға (несиегерге) борышы деген ұғымды білдіреді, яки міндеттеме дегеніміз тұлғалардың міндеттемелік құқық нормаларымен реттелген өзара қарым-қатынасы. Міндеттеме мүліктік қатынастар тобына жатады, өйткені қоғамдағы айырбас үдерісін ресімдейді. Екі тарапты; көп тұлғалар қатысатын; үшінші тұлға қатысатын; тараптары ауыстырылатын міндеттеме түрлері болады. Басқа да жіктелімдері бар. Міндеттемелер заңның, өзге де құқықтық актілердің шарттары мен талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға, ал мұндай талаптар болмаған жағдайда іс қағаз айналымының ғұрыптарына және ғұрып бойынша қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс. Міндеттеменің орындалуы несиегер мен борышқордың өз құқықтары мен міндеттерінен құралатын әрекеттерді жасауы. Міндеттемені тиісінше орындау қағидатынан басқа міндеттемені нақты орындау қағидаты да қолданылады, мұндағы міндеттемеде көзделген әрекеттердің орнына залалды өтеу және тұрақсыздық айыбын төлеу түрінде ақшалай қолданбай заттай орындау міндеттілігі өкім етіледі.

10. [18:54, 18.10.2021] Оразгуль: Адвокатура – құқықтық институт болып, ол адвокаттық қызметпен шұғылданушы адамдар және жеке адвокаттық операциямен шұғылданушы бөлек кісілердің кәсіптік бірлесулерін өз ішіне алады.

Адвокатура функциялары Өңдеу

Адвокатураның атқаратын функциялары: Өңдеу

адвокаттар қылмыс процессінде қорғаушы өкіл болып қатыса алады.

адвокаттар коллегиясының қызметкерлері халыққа заңи кеңес береді.

адвокаттар арыз, сенімхат, мирасқорлық бланкасын т. б. құқықтық құжаттарды толтырып береді.

Адвокатураның басқа мақсаттары: Өңдеу

мекемелерге, қарттар үйіне, қарапайым халыққа жоғарғы дәрежелі жәрдем беру;

Азаматтық құқықтарының сақталуына жәрдем беріу;

Халықты құқықтық нормативтерге тәрбиелеуге жәрдем беру болып табылады

[18:55, 18.10.2021] Оразгуль: Нотариат — даусыз азаматтық құқықтар мен заңдық нысандарды куәландыру жолымен жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін заң жүзінде бекітуге бағытталған нотариалдық іс-әрекеттерді орындайтын, заңдық тұрғыда бекітілген органдар жүйесі.

Нотариат қызметі Өңдеу

мәмілелерді куәландыру;

мұрагерлік туралы куәлік, құжаттар көшірмесін және олардан алынған үзінділердің дұрыстығы туралы куәлік;

азаматтың тірі екендігін куәландыру;

құжаттардың түсіру уақытын куәландыру;

жеке және заңды тұлғалардың арыздарын басқа жеке және заңды тұлғаларға табыс ету;

атқарушы жазбалар жасау;

құжаттарды сақтауға қабылдау сияқты іс-әрекеттер кіреді

11. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары (бұдан әрi – ұлттық қауiпсiздiк органдары) – Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын және өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде:

жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттiк егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз етуге;

Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасын, Қазақстан Республикасының Үкіметін және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарды шешімдер қабылдау үшін барлау ақпаратымен қамтамасыз ету мақсатында барлау қызметін жүзеге асыруға және үйлестіруге, сондай-ақ мемлекет басшылығының саяси, қаржы-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстанның ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салалардағы саясатын іске асыруға жәрдемдесуге арналған арнаулы мемлекеттiк органдар.

12. Қылмыстың iс жүргізу сатыларын төмендегідей сипаттайды:

Қылмыстық iстегі негізгі мiндет;

мемлекеттiк органдардың, т.б. тұлғалардың iстi шешуi;

процессуалдык форма тәртiбi;

iске байланысты шешiмнiң сипатталуы;

әрбiр сатының заңға сәйкес мерзiмнiң белгіленуі .

13. Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде

мемлекеттiлiк құра отырып,өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық

мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық

қоғам деп ұғына отырып,

дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып

осы Конституцияны қабылдаймыз.



Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды.

14. Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары). Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады. Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы мінеушілігін (айыптаушылығын) айтамыз. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе немесе қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысты қоспағанда, қылмыс жасаған адам болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмысқа басқада қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату. Қоғамдық қауіпті қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен асқан адамның сот үстін мән-жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Ауыр емес қылмыс жасаған немесе адамның қайтыс болуымен немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес орташа ауыр қылмысты бірнеше рет жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатуға жатады. Орташа ауыр қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылу мүмкін. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Қылмыс белгілері бар әрекет жасаған адамды, егер істі сот қараған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін. Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды, егер ол адамның содан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босату. Егер сот түзеу жұмыстарын, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам өзінің түзелуі үшін сот тағайындаған жазаны толық өтуді қажет етпейді деп танылса, ол мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылуы мүмкін. Бұл орайда адам қосымша жаза түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін. Жазадан шартты түрде - мерзімінен бұрын босату сотталған адам: - кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін; - ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын; - аса ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін, сондай-ақ бұрын жазадан мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамға, егер мерзімінен бұрын-шартты түрде босату тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін нақты өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін. - Бас бостандығынан айыруға сотталушының нақты өтеу мерзімі алты айдан кем болмауы керек. - Сот тағайындаған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот ол бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылуы мүмкін. - Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның мінез-құлқына бақылау жасауды оған босатылған адамның тұрғылықты жері бойынша - әскери бөлімдер мен мекемелердің командованиесі жүзеге асырады. - Мерзімінен бұрын-шартты түрде босату қолданылған адам, егер жазаның қалған өтелмеген бөлігі ішінде: ·      өзіне әкімшілік жазасы салынған қоғамдық тәртіпті бұзса немесе оған мерзімінен бұрын-шартты түрде босатуды қолдану кезінде сот жүктеген міндеттерді орындаудан әдейі жалтарса, сот мерзімінен бұрын-шартты түрде босатудың күшін жою және жазаның өтелмей қалған бөлігін орындау туралы қаулы ете алады; ·      қылмыс абайсызда жасалса, жаңа қылмысқа жаза тағайындау кезінде мерзімінен бұрын-шартты түрде босатудың күшін жою немесе оны сақтау туралы мәселені сот шешеді; ·      қылмыс қасақана жасалса, сот оған Қылмыстық кодексте көзделген ережелер бойынша жаза тағайындайды. Егер сот мерзімінен бұрын-шартты түрде босатудың күшін жойса, абайсызда қылмыс жасаған жағдайда да жаза осы ережелер бойынша тағайындалады. Өлім жазасы түріндегі жаза кешірім жасау тәртібі бойынша бас бостандығынан айырумен ауыстырылған адамға мерзімінен бұрын-шартты түрде босату қолданылмайды. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру. Кішігірім, орташа ауыр және ауыр қылмыс үшін бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адамға сот оның жазасын өтеу кезіндегі мінез-құлқын ескере отырып жазаның өтелмей қалған бөлігін оның жеңіл түрімен ауыстыра алады. Бұл орайда адам жазаның қосымша түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін. Жазаның өтелмеген бөлігі, сотталған адам ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасағаны үшін жаза мерзімінің кем дегенде үштен бір бөлігін, ауыр қылмысы үшін немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен ерте босатылған және жазаның өтелмей қалған бөлігі кезеңінде жаңа қылмыс жасаған адам жаза мерзімінің жартысын нақты өтегеннен кейін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін. Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру. Жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмысы үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған әйелдерді қоспағанда, сотталған жүкті әйелдерді және он төрт жасқа толмаған баласы бар әйелдерді сот тиісінше бір жылға дейінгі немесе бала он төрт жасқа толғанға дейінгі мерзімге жазасын өтеуден босатуы мүмкін. Бала он төрт жасқа толғаннан кейін немесе ол шетінеген жағдайда не жүктілігі үзілген жағдайда сот сотталған әйелдің мінез-құлқына қарай оны жазаны өтеуден босатуы немесе оны неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыруы, немесе сотталған әйелді жазаны өтеу үшін тиісті мекемеге жіберу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату. Қылмыс жасағаннан кейін оның өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғадық қауіптілігін ұғыну не оған ие болу мүмкіндігінен айыратын психикасы бұзылу пайда болған адамды сот жазадан босатады, ал жазасын өтеп жүрген адамды сот оны одан әрі өтеуден босатады. Мұндай адамдарға сот Қылмыстық Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкін. Жазаны өтеуден кедергі жасайтын өзге де ауыр науқастан зардап шегуші адамды сот жазаны өтеуден босатуы мүмкін немесе бұл жаза неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстырылуы мүмкін. Бұл орайда жасалған қылмыстың ауырлығы, сотталған адамның жеке басы, науқасының сипаты және басқа мән-жайлар ескеріледі. Қамауға не тәртіптік әскери бөлімде ұстауға сотталған әскери қызметшілер өздерін әскери қызметте жарамсыз ететін жағдайында жазадан немесе жазасын одан әрі өтеуден босатылады. Оларға жазаның өтелмеген бөлігі де неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстырылуы мүмкін. Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру. Кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталған адамды, егер жазаны өтеу өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесінің ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше мән-жайлардың салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшін жазасын өтеуі аса ауыр зардапқа әкеліп соқтыруы мүмкін болса, сот жазадан босатуы мүмкін.

15. Қаржылық бақылау-қаржы жүйесінің барлық звеноларының ресурстарды құру, бөлу, пайдалану негізін тексеруге бағытталған ерекше қызметі.

Қаржылық бақылаудың мақсаты мемлекеттің қаржы саясатын ұтымды жүргізуге, қаржы ресурстарын құру мен тиімді бөлу үдерісін қамтамасыз етуге бағытталған. Қаржылық бақылаудың құн катигориясын пайдаланумен байланысты бақылаудың ерекше саласы ретінде мақсаты және белгілі бір қолдану аясы бар.

Қаржылық бақылаудың объектісі болып қаржы ресурстарын, оның оның ішінде ұлттық шаруашылықтың барлық звенолары мен деңгейлерінің ақша қаражаттары қоры нысанында, құру және пайдалану барысындағы ақшалай, бөлу үдерістері танылады.

Қаржылық бақылау мынадай тексерулерді қамтиды: экономикалық заңдардың талаптарын сақтау; жалпы қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлудің оңтайлы пропорциясы; бюджетті құру және орындау (бюджеттік бақылау);шаруашылық жүргізуші субъектілердің, бюджеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа да заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы мен еңбек, материалдық, қаржы ресурстарын тиімді пайдалану; салықтық бақылау.

Қаржылық бақылаудың міндеттері:

-ұлттық шаруашылықтың қорлары мен ақшалай табыстарының мөлшері мен қаржы ресурстарын қажетсінуі арасын баланстауға ықпал ету;

-мемлекеттік бюджет алдындағы қаржы міндеттемесінің толық әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;

-қаржы ресурстарының өсуі, оның ішінде өзіндік құнды төмендету және өнімнің рентабельділігін арттыру бойынша өндірісшілік резервтерді анықтау;

-кәсіпорындар мен ұйымдарда және бюджеттік мекемелерде ақша ресурстары мен материалдық құндылықтардың рационалды жұмсалуына, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен есеп-қисаптың дұрыс жүргізулуіне ықпал ету;

-қолданыстағы заңнамалардың, нормативтік актілердің, оның ішінде әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындарға салық салу саласы бойынша сақталуын қамтамасыз ету;

-кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметіне, оның ішінде валюталық операциалар бойынша белсенді қатынасуына ықпал ету,т.б.

Қаржылық бақылаудың функциялары:

1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру( алынған соманың шығындарға сәйкестігін және мемлекеттік қаражаттардың пайдалану тиімділігін);



2) қаржы жүйесінің звенолары бойынша мемлекеттік ресурстардың толық әрі уақтылы жұмылдырылуын тексеру;

3) есеп пен есеп-қисап тәртібінің сақталуын тексеру.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет