Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата18.01.2017
өлшемі7,15 Mb.
#2182
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Баспасөз – 2016

«Ана тіліне» жазылыңыз, ағайын!



Қазпошта

Индекс


Мерзімі

алматы


аймақ/қала

аудан/ауыл



Жеке жазылушылар үшін

65367

1 жылға


3083,04

3274,80


3427,68

Мекемелер мен ұйымдар үшін

15367

1 жылға


5991,84

6183,60


6336,48

www.anatili.kz

e-mail: anatili_gazetі@mail.ru

www.twitter.com/anatilikz

www.facebook.com/anatilikaz

8-бет

12-бет

4-бет

тұрсынкүл апа

«театр – менің 

екінші үйім»

жыр жолдарынан

құрМет

Бет қатталып жатқанда:



дәуір дауысы

 Мемлекеттік тілді дамыту 

қоры астана қаласы №48 мектеп-

лицейінің кітапханасына қазақ 

ті лін дегі 300-ге жуық әдеби шығар-

ма лар мен сөздіктерді тарту етті.

 Қарағандыдағы Достық 

үйінде Қазақстан Республикасы 

тәуелсіз дігінің 25 жылдығына ар-

налған «Біз мәңгілік жасаймыз!» 

форумы өтті.

 оңтүстік Қазақстанда облыс-

тық «арай – 2016» байқауы өз мә-

ресіне жетті.

 Бурабайдағы «Балдәурен» 

республикалық оқыту сауықтыру 

орталығында жасөспірімдер ара-

сында патриоттық бағыттағы кеш 

өткізілді.

  п а в л о д а р д а   ж а с т а р ғ а 

қызмет көрсету орталығында 

Қазақстан Республикасы тәуел-

сіздігінің 25 жылдығына арналған 

байқау болды.  

 Маңғыстау облысы, Қа-

рақия ауданы, Құ рық ау-

ылында даму мүм кіндігі 

шектеулі балаларға 

ар налған орталық са-

лынды.

Мерекелік леБіз



6-7

көрМе


ҚазаҚ Қызы –

ұлттың ұяты

Мектепте  оқып жүргенде  газет 

беттеріндегі «Қазақ КСР Жоғарғы 

Кеңесі Төралқасының хатшысы  

Б.Рамазанова»  деген аты-жөн көзімізге 

жиі шалынатын. Есімі елге танымал сол 

кісімен  арада қырық жылдай өткенде 

бетпе-бет  жүздесіп, сыр бөлісерміз де-

ген ой өң түгілі, түске кірген бе? Алайда 

өмірде  бәрі де болады екен. Міне, атына   

сырттай  жақсы қанық қайраткер  апа-

мызбен таяуда атап өтілер Аналар мен 

арулар  мерекесі қарсаңында кездесіп,  

әңгімелесудің  сәті түсті. 

Жоғарыда  Бижамал Рамазанқызының 

Қазақ КСР Жоғарғы  Кеңесі  

Төралқасының хатшысы болғанын 

тілге тиек еттік. Ел  құрметіне  бөленген 

ардақты жанның өмір  жолдары-

нан  аңғарғанымыз, Бижамал  апа 

биліктің бұл баспалдағына жетерге  

дейін бірқатар жауапты қызметтерді  

атқарған. 

шуақты көктемнің көңілге 

шаттық, жүректерге қуаныш 

сыйлайтын 8 нау рыз 

мерекесіне де санаулы күндер 

қалды. 

Әйел – өмірдің өзі. тіршіліктің 

бастауы. Ұрпақтар 

сабақтастығының алтын 

арқауы. Мейірімділік нұры. 

Дүниеде ананың аялы 

алақанынан, саялы құшағынан 

ыстық не бар дейсіз.  анаға 

тең келетін жаратылыс та 

жер бетінде, сірә, жоқ шығар. 

Өйткені «ана» деген бір сөз 

ана туралы мың сөзден де 

қадірлі! Сәбидің тәтті былдыры 

да «ана» деп тіл қатады. 

анаға арналған ән де, өлең де 

жетерлік. Біз сый-құрметтің 

қаншасын жасағанымызбен, 

ана алдындағы парызымызды 

өтей алмас едік.  осыдан-ақ 

ананың өмірімізде алар орнын 

анық сезінуге болады. ана – 

күннің нұры, өмірдің гүлі. ана 

– тіршілік бастауы.   

Нәзік жанды аруларымыз-

дың гүлдей нәзік болмысы, 

қыз-келіншектердің күмістей 

сыңғырлаған күлкісі барша 

ерлер қауымы асыға күтетін 

осынау мейрам қарсаңын да 

ерекше сезіле түсері анық. 

Иә, ананы ардақтау – парыз! 

Қарындасты сыйлау – 

жазылмаған заңдылық! Әйел 

затын құрметтеу – адамшылық 

белгісі! 

Мерекеден мерекеге аман-

есен жете берулеріңізге 

тілектеспіз, аяулы да, асыл 

жандар! 

№9 (1319) 

3 – 9 наурыз

2016 жыл


1990 жылғы 

наурыздың 22-сiнен 

бастап шығады

Сөзi жоғалған 

жұрттың 

өзi де жоғалады

Ілеспе аударма 

қашан қолға 

алынады? 

Үйде ана, т үзде батырлыққа 

тәрбиеленіп, жаугершілікте ер-

лермен бірге атқа қонып, бейбіт 

кезде бесік тербетіп, ұл-қызын 

даналыққа баулыған Гүлбаршын 

мен Қ ұ р т қ а, А қ ж ү н іс пен На-

зым, Домалақ Ана мен Айша бибі, 

таңбалы тарихтағы Қасым ханның 

анасы – Жаған бике, Есім ханның 

анасы – Жақсы бике, қол бастаған 

Т ұ мар мен Б опа й, е л би лег ен 

Айғаным, есімі аңызға айналған 

Қабанбай батырдың жары Гауһар, 

өз жұртындағы бірліктің ұйытқысы 

бола білген Ұлпан ана, Ұлы Отан 

соғысы ж ы л дарын да ерлігімен 

ә л е м г е  т а н ы л ғ а н  Ш ы ғ ы с т ы ң 

қос шынары – Кеңес Одағының 

Батырлары Әли я мен Мәнш үк, 

Отан соғысы орденінің үш мәрте 

иегері Зоя Досбергенова, қаһарман 

ұшқыш Хиуаз Доспанова, оқ асты-

нан сегіз жүз жауынгерді арқалап 

алып шығып, өзі де мерт болған 

медбике Ғазиза Өмірбаева лар...

Бұлардың бейнелері халық жадын-

да жаңғырып, істері өнеге болып 

келеді.

Анушируан Әділ патшаның: 



«Алланың көңілінен қалай шығуға 

болады?»  деген сұрағына дана уәзірі 

Бұзұхмехр: «Анаңды қуанту арқылы» 

деп жауап берген екен.

Бұл арада тарихқа барлау жа-

сап, ойымызды шашыратпай-ақ 

ұлы Абайды өмірге әкеліп, бүкіл 

адамзатқа ортақ данышпанның 

болмыс-бітімін қалыптастыруға 

ү л е с қ о с қ а н З е р е м ен Ұл ж а н 

аналарымыздың өзі дара тұлғалар 

емес пе! Кім біледі, жүрегі жұмсақ, 

көкірегі зерделі, білім-білігі мол 

осын дай ана ларымыз болмаса, 

данышпан Абай дай ұ л д үниеге 

келер ме еді, келмес пе еді. Келген 

күнде де рухани болмысы, бәлкім, 

Жақсылықтың шырағы боп жағылар...

осы деңгейіне жетер ме еді, жет-

пес пе еді? Демек, текті ана барша 

тіршіліктің бастауы, қуаныш пен 

жақсылық көзі, мейірімнің бесігі 

деу әбден орынды. Тәубе, ұрпағына 

ғана емес, ұлтына ұлағат болар із 

қалдырған мұндай аналар кеше де 

бүгін де ел ішінде баршылық.

Абай атамыз екі анаға тел өсіпті. 

Әжесі бауырына басып, бар мейір-

шапағатын төгіпті. Абайдың аты әу 

баста Ибраһим болса, кейін келе 

оны әжесі мен анасы еркелетіп, әрі 

біреу жанын жаралап алмасын деп 

қорғаштап, «Әй, осыған абайлап 

сөйлеңдерші» деп жүріп Абай ата-

нып кеткені ғой. 

Бүгінде Қазақстанда әйелдер 

саясатта, бизнесте және экономи-

ка ның барлық секторында, шаруа-

шылықтың әртүрлі салаларында ер-

азаматтармен қатар еңбекке белсене 

араласып, өздерінің біліктілігін, 

қабілет-дарынын, іскерліктерін 

көрсетіп келеді. 

(Жалғасы 3-бетте)

Көктем және әйел-ана! Бірін-бірі толықтырған қандай үйлесім десеңізші! Иә, 

әйелдер мерекесінде адам жанын ғажайып сезімге бөлейтін ерекше күй де осын-

дай керемет екі ұғымның ұштасқандығынан туындаса керек. Ендеше, қар астынан 

қылтиып бәйшешек бой көтергенде жер-дүниені бусандырған көктемнің алғашқы 

хабаршысындай аналар мерекесі басталатыны да бекер болмас. Күннің көзі нұрын 

төгіп, ақ қар – көк мұз еріп, тал-шыбықтар бүрленіп, дала біткен түрленіп жатқан 

шақтың құдіреті де сол көктемнің шуақты нұрынан нәр алады емес пе?

Әйел – отбасының ұйытқысы, 

алтын бесіктің иесі. 

Иә, анаға бас имейтін, оның 

алдына тізе бүкпейтін жан сирек. 

Ұлы жазушы М.Әуезов «Ел бола-

мын десең, бесігіңді түзе» дейді. 

Сол бесік иесі – ана. Ондай ана 

үлгілі, көргенді, көрікті, ақылды 

болуы тиіс. Осы асыл қасиеттер 

ана санасында сайрап тұруы тиіс. 

«Дүниедегі барлық жақсылық 

– күннің нұры және ананың ақ 

сүтінен жаралған», деген қанатты 

сөз бар. Ықылым заманнан бері 

ана – тыныштық пен игіліктің

отбасындағы береке-бірліктің 

ұйытқысы. Ана алақанының жылуы 

мен оның махаббаты – дүниедегі 

ізгілік пен жақсылықтың жаршысы.

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында ел Тәуелсіздігінің  

25 жылдығына арналған «Қазақстан – Ұлы дала елі» 

фотокөрмесі өз жұмысын бастады. 

Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және 

құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткізіліп 

жатқан фотокөрмеге Астана мен Шығыс Қазақстан 

облысы фотосуретшілердің қырыққа жуық еңбегі 

қойылды. Фотокөрмеде еліміздің көрікті жерлері бей-

неленген. Қазақ даласының табиғаты мен кеңдігінен 

шабыт алған қазақстандық фотосуретшілер ерекше 

пейзаждарды бейнелеген суреттері көрермендер 

назарына ұсынылып отыр. Олардың арасында 

А.Байсыдықов, Г.Куприянов және С.Аязбай және т.б. 

суретшілердің туындылары бар. 

«Қазақстан – Ұлы дала елі»

Көктем қуанышы



Құлақты алабөтен күйге түріп, 

Мүлде бір қалғың келмес үйде отырып. 

Дертінен айықпаған жандай ілбіп, 

Қыс кетіп бара жатыр сүйретіліп. 

Жүрегің табиғатты сүйіп ұлы, 

Кербез күн сұлу қыздай жиі күліп. 

Көңілдің құрты маңып әлдеқайда, 

Серпілер басып келген бұйығылық. 

Бойыңа рахман нұрдың сауабы еніп, 

Желпиді жайлы самал ауа кеңіп. 

Құрсағы көк Аспанның жиі толғап, 

Тамшылар Жер – Анаға жауады еніп. 

Сезініп сергектікті өктем бой бір, 

Мал келіп, жасап жатыр тепсең той дүр. 

Беу, дүние, не жетеді қыз-ғұмырға, 

Дариға, келіп қалған көктем ғой бұл. 

Сабыр аз, шыққанымен ақыл алға, 

Бойына желік біткен басылар ма? 

Шабытты шағына енген ақындарша, 

Сең тулап, шамырқанып жатыр арна. 

Шынымен, ғашық болып тысқа жаның, 

Көңілдің күйін тежеп ұстамадың. 

Сыңғыры қанаттардың сызылғанда, 

Аңсайсың алабөтен құстар әнін. 

Әр сәті, әр мезеті қалар ұнап, 

Қанатын кереді аққу таранып ақ. 

Көгілжім күннен-күнге тарта түсер, 

Тапжылмай жатқан анау дана қырат. 

Еңбек те қыза түскен дуылдап бар, 

Көтеріп көк жүзіне туыңды асқар. 

Балалар бейбіт елдің базар-бағы, 

Алысып, жұлысады шуылдақтар. 

Тып-тыныш атса екен деп әрбір таң, 

Естелік-елестердің шалығы ұрған. 

Шуаққа мейірімі түгел ауып, 

Бас қосар жиі-жиі кәрі-құртаң. 

Самалмен бірге желпір айналып ән, 

Күй тапсын жаңашалау кей налыған. 

Тәуелсіз ел мүддесін еске салар, 

Қырағым, құр қалма деп пайдалыдан. 

Басты де, өкінішті, өткенді іңір

Үлес ал, қалып қойма көппен жүгір. 

Оян ой, сілкін қанат деп тұрғаны, 

Салған сәт туған жерге көктем дүбір. 

Таңатар ДӘРЕЛҰЛЫ 

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы 

Алматы қаласындағы 

М.Әуезов атындағы №128 жалпы 

орта мектептің бастауыш сынып 

мұғалімі Нұржәмилә Тазабекованы 

шәкірттерінің мерекемен 

құттықтау сәті

Күннің нұры, 

өмірдің гүлі


2

№9 (1319) 

3 – 9 наурыз

2016 жыл


АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

3

№9 (1319) 



3 – 9 наурыз

2016 жыл


ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының қысқы 

сессиясы аясында Сенат Төрағасы Қасым-

Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстан делегациясы 

бірқатар кездесулер өткізді.

Сенат Төрағасының ЕҚЫҰ Демократиялық 

институттардың адам құқықтары жөніндегі 

бюросының директоры Михаэл Линкпен 

кездесуінде ұйымның Қазақстандағы жобала-

ры, сондай-ақ еліміздегі сайлауалды науқан 

туралы сөз болды. Қ.Тоқаев сайлау үдерістеріне 

шынайы мониторинг жүргізуге барлық қажетті 

жағдай жасалғанын атап өтті. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым 

Мұтанов дипломатиялық өкілеттілігі аяқталған Жапонияның Қазақ-

стандағы төтенше және өкілетті елшісі Камохара Масаёсимен кездесті. 

Елші ҚазҰУ мен Жапон университеттері арасында ғылым мен 

білім саласында тығыз қарым-қатынас орнатуға тікелей өзі атсалысып, 

екі оқу орны арасында жаңа жобалар, келісім-шарттар орнатылған 

болатын. Солардың бірі – халықаралық МАГАТЭ желісі бойынша 

«Ядролық реакциялардың компьютерлік ақпараттық базасын құру мен 

дайындау». Кездесу барысында ынтымақтастық мәселелері көтеріліп, 

бірлесіп әзірленген жоба нәтижелері айтылды. Мәселен, Жапонияның 

Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған жапон тілі 

байқауын атап өтуге болады. Japan Foundation қорымен де қыруар 

жұмыстар атқарылуда. 

Елордадағы Назарбаев Интеллектуалдық мектебінде «Астана жаста-

ры» жастар ресурстық орталығы «Аула жұлдыздары» атты фестивалін 

өткізді. 

Фестивальға 11 аула клубы қатысты. Жастар ән салу, хореография, 

аспаптық музыка, бейнелеу-қолданбалы өнер бағыттары бойын-

ша сайысқа түсті. Байқауға Азия чемпионы Қайрат Барсаев, әнші 

Ринат Малцагов, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР 

Суретшілер одағының мүшесі Әсемгүл Бейбіт және Әнуар Нұрпейісов 

қазылық жасады. Байқау қорытындысы бойынша «Хореография» ата-

лымында «Замандас» ансамблі топ жарды. «Вокал» аталымында «Есіл» 

өнерпаздары бірінші орынды еншіледі. «Спорт» аталымында «Арман-

дастар» тобы үздік шықты. 

тағзыМ

Мерекелік леБіз



елбасы және ел мұраты

(Басы 1-бетте)

Денсаулық сақтау саласында 

олардың үлесі 75 пайызға, білім 

беру саласында 65 пайызға дейін 

жетеді. Бизнестегі басшылардың 

да 40 пайызы – нәзік жанды 

арулар.Мемлекетіміздің өсіп-

өркендеуіне азаматтармен қатар 

сүбелі үлестерін қосып жүр. 

Биыл ел тәуелсіздігінің 25 жыл-

дығы, ұлт-азаттық көтерілістің 

1 0 0   ж ы л д ы ғ ы ,   ж е л т о қ с а н 

оқиғасының 30 жылдығы, Брази-

лия қаласында өтетін Олимпиа-

да ойындары биылғы әйелдер 

мерекесімен тұстас келіп тұр.

Бұл даталы күндер әрбір әйел 

аналарымыз үшін  маңызды – 

оның астарында бейбітшілік пен 

келісім, болашаққа деген зор 

сенім жатыр. Бейбітшілік алды-

мен, ата-ана болудың қуанышы, 

әке-шешелеріміздің денсаулығы 

мен балалардың бақыты. 

А д а м   ө м і р і н і ң   м ә н і   м е н 

сұлулығы, келешегіне сенімділігі 

– баланың ата-анасын ардақ 

тұтып, өзінің перзенттік қары-

зын бір сәтке де есінен шығар-

мауында жатыр. Бұл жас ұр-

пақтың мәдениеттілігінің, әдеп-

тілігінің ғана емес, ең алдымен 

адамшылығының белгісі.

Табиғат – ананың жаңарып, 

мейірім шуағын ала келетін көк-

тем нің алғашқы мерекесі құтты 

болсын! Ана – бұл өмірге тек із-

гілік пен жылылық, мейірім мен 

шуақ сыйлаушы жан ғана емес, 

тіршілік атаулының ең асыл қа-

зынасы деген құрметке лайық. 

Жақсылықтың шырағы 

боп жағылар,

Жанарында ізгіліктің табы бар.

Қасиеттің қызыр қонған қиясы –

Ана деген құдіретті танып ал!

Ақ теңізге теңер едім пейілін,

Жанарында тұнып тұрар мейірім.

Адамзатқа әркез нұсқап тұрады ол,

Бейбіт өмір, амандығын елінің.

Табындырған тылсым күшпен 

бар елді,

Айтқан сөзі бата дерсіз, дәлелді.

Бір қолымен тербетеді бесікті,

Бір қолымен тербетеді әлемді.

Ұлылығын барлық әлем ұғынған,

Ақылына абыздар да жығылған.

Оны көрсе кері кеткен кесірлік,

Жәдігөйлік жар астына тығылған.

«Бұл өмірде ізгі ниет, ақ арман,

Аналардың ақ сүтінен жаралған.

Аналардың күлкісінен нәр алған,

Аналардың бақытынан 

таралған...» 

деген өлең жолдары Ұлы дала 

елінің құдіретті ана бейнесін 

айқындап көрсетіп тұрғандай.

Райхан СҰЛТАНБЕКОВА, 

Халық ағарту ісінің үздігі,

ҚР-дың Құрметті спорт ардагері

Жақсылықтың 

шырағы боп жағылар...

Жамбыл мұрасы – мәңгі өшпес өнеге 



1 наурыз – алғыс айту күні  болып биыл 

алғаш рет атап өтілді. Еліміздің түкпір-

түкпірінде әртүрлі мәдени-рухани шаралар 

ұйымдастырылып, бұл күннің маңызына 

ерекше мән берілді. 

Қазақстан Республикасының тұңғыш 

президенті – Елбасының кітапханасында 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың қатысуымен алғыс айту 

күніне арналған іс-шара өтті. шараға  

Қазақстан халқы ассамблеясының, 

«Нұр отан» партиясының, этномәдени 

бірлестіктердің мүшелері, ғылыми және 

шығармашылық зиялы қауым өкілдері, 

жас тар  қатысты.

серпін


сайлау – 2016

күй-ғұмыр

А

қпараттар ағыны



А

қпараттар ағыны



 Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР

Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы мұражай алдындағы 

ескерткіш жанында Алаш арысын еске алуға арналған шара өтті. 

Музей директоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын 

Несіпбек Айтұлы сөз сөйлеп, сол сұрапыл жылдары қатыгездіктің 

құрбанына айналған Алаш арыстарының қилы тағдырына тоқталды. 

Белгілі қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов қазақ тарихында 

қасіретті жылдар өшпейтінін, одан сабақ алу керектігін тебірене 

қозғап, Сәкен ақын өз анасының қолынан дәм татқанын, бұл 

жөнінде «Тар жол, тайғақ кешу» романында жазылғанын жеткізді. 

Музейдің тұңғыш директоры Роза Асылбекова киелі орынның 

ұрпақ тәрбиесіне қосып жатқан үлесін тілге тиек етті. Сәкенге 

арналған өлеңін оқыды. Елордадағы №54 мектеп-лицейдің 9-сы-

нып оқушысы М.Тілеубергенова Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың 

айырылуы» поэ масынан үзінді оқыса, №67 гимназияның 9-сынып 

оқушысы Ф.Қали «Ақсақ киік» әнін әуелетті. Ақынды еске алу 

рәсімінің соңында рухына құран бағыштады. Шара аясында «Сыр 

сандық» деген атпен жарық көрген көлемді танымдық кітаптың 

тұсаукесері өтті. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти 

Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен Алатау ауданы «Бекет ата» 

мешітінде имамдардың білімін жетілдіру орталығы ашылды. 

Орталықтың ашылу салтанатына Бас мүфти Ержан қажы 

Малғажыұлы, ҚМДБ іс басқарушысы Ербосын Орын, ҚМДБ шариғат 

және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы, 

сондай-ақ, Алматы орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Есмағанбет, 

қала имамдары мен Алатау ауданының тұрғындары қатысты.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы діни білім беру саласының 

одан әрі дамуы маңызды екеніне, бұл имамдардың білім сапасы-

на оң әсерін тигізетініне тоқталды. Орталық бір ауысымда 30 адам 

қабылдайды. Екі қабатты ғимаратта озық техникалармен жабдықталған 

дәріс бөлмесі, асхана мен кітапхана бар. 

Топ жарған үздіктер 

Алаш арысын еске алды 

МәденИет


тағзыМ

Оралдағы Достық үйінде 1 наурыз – Алғыс айту 

күніне орай «Көп ұлттың ортақ үйі – Қазақстан» 

атты танымдық кеш ұйымдастырылды. 

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы 

Айдарбек Жұманиязов, ардагерлер кеңесінің 

төрағасы Амангелді Уәлиев және аудандағы 

қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев 

жиналған жұртшылықты Алғыс айту күнімен 

құттықтады. Жиында сөз алған әзербайжан, татар, орыс және ұлт 

өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп отырған, ынтымағы 

жарасқан тіршілігі бар барша Қазақстан азаматтарын құттықтап, 

 толайым табыс пен жақсылық тіледі. Басқосу барысында өнер 

ұжымдары ән мен жырдан шашу шашып, мереке мерейін тасытты. 

 «Қазақстан» ұлттық телеарнасында бастау алған «Наурыз жұлдызы» 

байқауының мақсаты қазақ халқының салт-дәстүрлерін кеңінен насихат-

тап, оларды жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдалану. 

Байқау жеңімпазы «Қазақстан» ұлттық телеарнасы арқылы өз 

өнерін барша халыққа паш ету мүмкіндігіне ие болады. Аталмыш 

байқау шарты бойынша кез келген орындаушы күй орындауын бей-

неге жазып алып, аталмыш бейнені 2016 жылғы 20 наурызға дейін 

nauryz@kaztrk.kz мекенжайына жолдауы тиіс. Күйдің үздік орында-

ушысын арнайы әділқазылар алқасы анықтап, оның есімі 21 наурыз 

күні белгілі болады. Жеңімпаздар тізімі байқаудың арнайы сайтында 

жарияланады.

6-7 наурыз күндері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық 

музейінде Орталық Азия қолөнер шеберлерінің «Қызғалдақтар гүлдегенде» 

атты дәстүрлі көрме-жәрмеңкесі өтеді. 

Көрме-жәрмеңкеге Қазақстанның барлық аймағынан, сондай-

ақ Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей, Грузия 

және Монғолияның 100-ден астам халық шеберлерінің бірегей туын-

дылары – сыйлық және кәдесыйлық өнімдер, киізден және жібектен 

жасалған бұйымдар, кілемдер, зергерлік әшекейлер, қыш ыдыстар, 

бейнелеу өнері шығармалары көпшілік назарына ұсынылады. Шараны 

ұйымдастырушылар киіз басу және батик өнерінен шеберлік сабақтар 

ұйымдастырады. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет