Жеке жазылушылар үшін 65367 6 айға 1541,52 1637,40 1713,84 Мекемелер мен ұйымдар үшін



жүктеу 2.86 Mb.
Pdf просмотр
бет11/11
Дата06.03.2017
өлшемі2.86 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

тапсырыс № 629/664

«Қазақ газеттерi» ЖшС-ның 

аймақтардағы өкiлдiктерi:

Толымбек әБДІРАЙЫМ 8 701 345 7938 (Астана)

Жанғабыл ҚАБАҚБАЕВ 8 771 769 6322 (Ақтөбе обл.)

Батырбек МЫРЗАБЕКОВ 8 (7102) 90-19-73 (Қарағанды обл.)

Бектұр ТөлЕУғАлИЕВ 8 (7292) 40-41-01 (Маңғыстау обл.)

«Қазақ газеттері» ЖшС-і сайтының веб-редакторы – 

Сұлтан ТАЙғАРИН



Меншікті тілшілер:

өтеген НәУКИЕВ (Атырау) 8 701 518 46 81

Орал ШәРІПБАЕВ (Семей) 8 705 661 14 33

Оразалы ЖАҚСАНОВ (Қостанай) 8 777 230 71 84

Жарқын өТЕШОВА (Мәскеу) Zharkyn-1@yandex.ru

Қоғамдық негіздегі кеңесшілер:

ғарифолла әНЕС – филология ғылымының докторы

Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰлЫ – филология ғылымының докторы, профессор

Аягүл МИРАЗОВА – педагог-ұстаз, Қазақстанның Еңбек Ері

Талас ОМАРБЕКОВ – тарих ғылымының докторы, профессор

материалдың жариялану 

ақысы төленген

Кезекшi редактор



Бағдагүл БАЛАУБАЕВА

Таралымы 20020

РЕдАкция ТЕЛЕфондАРЫ: 

394-42-46 (қаб.бөлмесi/факс), 

394-41-30

E-mail: anatili_gazetі@mail.ru

МЕкЕнЖАйЫМЫз:

050009, алматы қаласы, 

абай даңғылы, 143, 6-қабат

а

зЕрдЕ



аҚш-тың Калифорния штатына қарасты Инглвуд қаласында WBA (Super), IBF, IBO и 

WBC (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Голов-

кин 26 жасар америкалық Доминик Уэйдпен қолғап түйістірді. 

спорт 


Педагогикалық оқулардың бұл облыстық 

кезеңіне Алматы облысы бойынша 132 пе-

дагог қызметкер мен мұғалімдер қатысты. 

Педагогикалық оқулар жеті бағыт бойынша 

ұйымдастырылып (мектепке дейінгі тәрбие 

және оқыту, бастауыш білім беру, орта білім 

беру, қосымша білім беру, техникалық 

және кәсіби білім беру, білімдегі менед-

жмент, жоғары білім), ұстаздардың баян-

дамасына талдау жасалды. Қатысушылар 

сапалы білім беруде заман талаптары-

на сай инновациялық технологияларды 

қолданудың тиімді тетіктерін ұсынды. 

Әділқазы мүшелерінің шешімі бойын-

ша Қапшағай қаласы «Искорка» балабақ-

шасының қызметкері Е.рыбакова, Қарасай 

ауданы Алмалыбақ гимназиясының 

ұстазы Л.Шамрай, Текелі ауданы №4 орта 

мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі 

А.Дорводхан, Қарасай ауданы Алтын ауыл 

орта мектебінің мұғалімі А.Елікбаева, 

Талдықорған қаласы Өнер мектебінің 

педагог қызметкері Ж.Ким, техникалық 

және кәсіби білім беруден Д.Тайкпанова, 

райымбек ауданы Барманбекұлы атындағы 

орта мектеп-гимназиясының оқу-тәрбие 

ісі жөніндегі орынбасары Д.Батырханова, 

жоғары білім бағыты бойынша Э.Убайдулла-

қызы бірінші орынды иеленіп, жұмыстары 

педагогикалық оқулардың республикалық 

деңгейіне ұсынылды. 

Баяндамашылардың ішінен әр бағыт 

бойынша жүлдеге ие болғандар дипломдар-

мен марапатталды. Белсенділігімен көзге 

түскен қатысушыларға алғыс хаттар мен 

сертификаттар тапсырылды. 



айгүл НҰРаҚБаева,

«Өрлеу»БаҰО» аҚ филиалы алматы 

облысы бойынша  педагог қызметкерлердің 

біліктілігін арттыру институтының

бас маманы

пеДАгогИкАлық оқу – 

тәжірибе алмасу алаңы

Головкиннің кезекті жеңісі 

БіліМ


Кездесуде жерлесіміз қарсыласын 

бірінші раундта нокдаунға жіберіп, 

екінші раундта сұлатып салды. Сөйтіп, 

жекпе-жек екі раундқа ғана созылып, 

отандасымыз кәсіпқой бокстағы 35 

айқасының барлығын жеңіспен аяқтады. 

Ал Д.Уэйд алғаш рет қарсыласынан 

жеңілді. Бұған дейін ол 18 рет шаршы 

алаңға шығып, соның барлығын жеңген 

болатын.  Жекпе-жекте қазақстандық 

боксшы қатарынан 16-шы рет WBA 

тұжырымындағы чемпиондық белдікті 

қорғап қалды. Оның үстіне Г.Головкин 

IBO атағын 13 рет, WBC (Interim) 

тұжырымындағы чемпиондық атақты 

төрт рет қорғап қалса, IBF атағын бір 

рет иеленген. Қазақстандық боксшы 

келесі кездесуінде 7 мамырда өтетін 

 Сауль Альварес-Амир Хан жекпе-

жегінің жеңімпазымен жұдырықтасуы 

тиіс. Себебі Г.Головкин IBF/IBO/WBA 

тұжырымдары бойынша әлем чемпио-

ны әрі WBC нұсқасы бойынша әлемнің 

уақытша чемпионы, сондықтан ол 

Альварестің WBC чемпиондық титулына 

міндетті үміткер саналады. Алайда Сауль 

Альварес командасы орта салмақ аясын-

да (160 фунт) қазақстандық боксшымен 

айқас өткізуге ниеттері жоқ екендіктерін 

байқатты.



Нұрлан ҚҰМаР 

Оның жыры 



жұлдыздардан тұр биік...

Қазақстанның көрнекті ақыны Жұмекен 

Нәжімеденов есімі қалың көпшілікке 

жақсы таныс. ол – еліміз дің Мемле кет тік 

Әнұраны  автор лары ның  бірі.

Жұмекеңнің шығармашылығы, 

ақындық шеберлігі жөнінде көп жа-

зылды. Кезінде ұлтымыздың ардақты 

азаматы Әбіш Кекілбаев былай деген 

болатын: «...Жұмекен нің поэзиясы шын 

мәніндегі таза, жазба әдебиеттегі лирика. 

Ешқандай қосуы жоқ. Мұндай поэзия-

ны ешкім жазады деп те ойламайды 

ол, тіпті Нәжімеденов те жазады деп  

ойламайды. Соның барлығы Жұмекең 

дүниеден қайтып кеткен соң, жарқ-

жарқ етіп, дүниежүзіндегі ең ескі, кәрі 

теңізден кәнігі пираттың өзі таба алмай 

қалған қазынасындай алдымыздан шыға 

келеді...».

Жұмекен – жыр мәңгілік. Бұған нақты 

дәлел айтулы ақынға арналған 

өлеңдердің, ән-күйлердің өмірге 

келіп жатқаны. Солардың бірқатарын 

оқырмандар назарына ұсынып отырмыз. 

«өрлеу» БаҰо» аҚ филиалы «алматы облысы педагог қызметкерлердің біліктілігін 

арттыру институтының» ұйымдастыруымен «Білім берудегі инновациялар мен 

тәжірибе – уақыт талабы» атты білім беру қызметкерлерінің  2-республикалық 

педагогикалық оқуларының облыстық кезеңі өтті.

Қайың, терек, қарағаймен аралас, 

Жел өтінде тұратұғын жалаңаш, 

Қоңыр қабақ кәдуілгі қара ағаш. 

Тереңдіктен болар, бәлкім, тамыры, 

 Қара ағаштың ерекше ғой сабыры. 

Терек сынды тұрмағанмен жиі ән сап, 

Қарағайдай тұрмағанмен би аңсап, 

Болмағанмен қайың сынды ұялшақ, 

Қоңыр күймен тұратұғын елеусіз, 

Сол қара ағаш жүрді қоңыр қиял сап. 

Білінбейтін дер кезінде дарыны, 

Қоңырлау бір болатұғын қадірі, 

Тереңдіктен болар, бәлкім, тамыры, 

Қара ағаштай болатұғын сабыры, 

Қара ағаштай болатұғын сабыры. 

Байқамаппыз, қасымызда жүр екен, 

Қиялдағы тап сол қоңыр ұл екен, 

Көкірегін ашып көрсем жыр екен, 

Сол екен ғой, Нәжімеденов Жұмекен!

Сол  екен ғой, Нәжімеденов Жұмекен! 

Жер бетінің қасіретін сол ақын,

Жүрегімен жүрді жалғыз көтеріп.

Ойшыл жанға мұңсыз өмір бәс пе еді,

Үрді шулап қандені мен мәстегі.

Түйсігінің тереңімен ұқты ақын,

Болмайтынын жыр жазудан басқа емі.

Хақпен ғана тілдестірген мұратын,

Бақтан биік болады екен Ұлы ақын.

Өлең жазса шанағына күй тұнып,

Күй тартқанда өлең келіп тұратын.

Тебіренсе түпсіз аспан тұңғиық,

Оның жыры жұлдыздардан тұр биік.

«Жыр-Жұмекен» деген алып ғаламшар,

Жүректерге келе жатыр нұр құйып.

Темірғали  КӨПБаев

СаҚТалаДЫ ҚаЗаҚ 

ЖаДЫНДа

(әні бар)

Қараңғы түнек заманда,

Аспан менен даланың,

Күні болып төгілген,

Сақталады қазақ жадында,

Ұлы ақын боп Жұмекен!

Намыс, рухты көтерген,

Халық сүйіп жырлаған,

Желтоқсанда шырқалған,

Ұлт ұран деп таныған,

Өлең сөзін шығарған,

Нәжімеденов Жұмекен!

Қиын-қыстау заманда,

Елі менен жұртының,

Дәні болып егілген,

Сақталады қазақ жадында,

Ұлы ақын боп Жұмекен!

Саясат қысқан заманда,

Халқы менен ұлтының,

Жыры болып төгілген,

Сақталады қазақ жадында,

Ұлы ақын боп Жұмекен!

Қиямет-қайым заманда,

Ауыл менен қаланың,

Гүлі болып егілген,

Сақталады қазақ жадында,

Ұлы ақын боп Жұмекен!

Б.КеНІШБаев

АСТАНА


ҚОҢЫР

(Ақын Жұмекен Нәжімеденовке)

Әнін жазған Шәміл Әбілтай. Сөзін жазған Төреғали Тәшенов

ЖҰМеКеН

Өткен күнге болар ма деп бір өтем,

Орайымен ой орманын жыр етем.

Жамбыл жәкем Сүйінбайды пір тұтқан,

Менің пірім – Жұмекен!

Қара суға қайық салды қалқытып,

Қара сөзге сезім құйды балқытып.

Қазыналы аспанына қазақтың,

Қоңыр күйді жырмен жазды шалқытып.

Жырға жолын жиектетпей жеңілдің,

Өлеңімен өрген өзін өмірдің.

Қоңыр кеште қоңыр үстел басында,

Қоңырайып отыратын қоңыр мұң.

Қоңыр, қоңыр ойлар тізіп ілкімді,

Түн ішінде Толағайдай сілкінді.

Өлең сайын найзағай боп іреді,

Қыңсылаған пендешілік  шіркінді.

Орман-орман ой көтерген Толағай,

Қылығына күйіп кетіп қарадай,

Құлдай көнбіс «пластилин бастарды»,

Бауыздады бас-көзіне қарамай.

Аулақ кетіп абыр-сабыр, күбірден,

Үндеместен өлеңге еңбек сіңірген.

Бейталанттар байтал мініп жатқанда,

Бетін басып ұялатын іңірден.

Дүмше дүние дімкәс күйде жөтеліп,

Кексе мұңға кеткен кезде еті өліп,

алматыда «Бірінші болу – батылдық!» атты V қайырымдылық марафоны өтті. 

Биылғы қайырымдылық спорттық шарасына ресми түрде 30 000-ға жуық адам 

қатысты.  Жарыс өткен жексенбі күні сағат таңғы 08.30-да ҚР тұңғыш президенті 

саябағынан басталды. шараны қала әкімі Бауыржан Байбек ашып, барлық 

қатысушыларға сәттілік тіледі. Желаяқтар 3, 10, скандинавиялық жүру, 21 және 

42 шақырым қашықтықтары бойынша жүгірді. 

дүБірлі дода 

Дүбірлі доданың қорытындысын-

да Астана қаласының 26 жастағы 

тұрғыны Айдын Қасен Алматы 

марафонының жеңімпазы атанды. Ол 

42 шақырым 195 метр қашықтықты 

2 сағат 42 минут 58 секунд уақыт 

аралығында жүгіріп өтті. Аталмыш 

қашықтықты 2 сағат 50 минут 4 се-

кундта бағындырған Әмір Байтуқанов 

екінші, ал 2 сағат 52 минут 20 секунд 

нәтижеге қол жеткізген Сергей Яков-

лев үшінші орыннан көрінді. 

Қыздар арасында 2 сағат 56 ми-

нут 6 секунд уақытты бағындырған 

талдықорғандық Гүлжанат Жанатбек 

топ жарды. Командалық жарыста 

бірінші орынды «Almatybroteam» 

құрамасы иеленді. Аталмыш ко-

манданың спортшы жігіттері ұзақ 

қашықтықты 2 сағат 20 минут 27 се-

кундта еңсерді. Балалар арасындағы 

3 шақырымдық жүгіруде Гарсия 

Хуан Себастьян (10 минут 36 се-

кунд) уақытпен үздік атанды. Он 

ш а қ ы р ы м д ы қ   ж а с ө с п і р і м д е р 

бәсекесінде Қазырбек Төлеген 

(36 минут 14 секунд) топ жарса, 

скандинавиялық жүру додасында 

Георгий Прощенко 2 сағат 3 секунд 

көрсеткішпен мәре сызығын бірінші 

болып кесті. 

Жартылай марафон болып са-

налатын 21 шақырымда Юрий 

Егер 1 сағат 14 минут 54 секунд уа-

қытымен алға шықты. Сонымен 

қатар дүбірлі дода барысында әртүрлі 

жас дәрежесіндегі спортшылар ара-

сында жүлдегерлер анықталды. 

Жеңімпаз пен жүлдегерлер мақтау 

қағаздарымен, қажетті тұрмыстық, 

кеңселік техникалармен: ноут-

бук, фотоаппарат, ұялы телефон 

және басқа да құрылғылармен 

марапатталды. Дәстүр бойын-

ша қатысушылардың барлығына 

ескерткіш сыйлықтар  тапсырылды. 

М а р а ф о н   с о ң ы   к о н ц е р т т і к 

бағдарламаға ұласты.



Салтанат ҚаЖЫКеН

алматы марафоны 

р

ы



Б

а

а



б

а



а

л

л



л

з

а



р

қ

ғ



а

Жұмбақтар

Өлең

 Ұйқасын тап! 



Жаңылтпаштар

Алтын зерлі шатыр, 

Төңкеріліп жатыр. 

Алып садақ керілді,

Алқызыл боп көрінді.

Жарқылдайды шақпағы, 

Тұтата алмай мақтаны.

Отанымның орманы 

Тыныштықта мүлгиді.

Жондарды асып жолдары, 

Көкжиекке сүңгиді. 

Тарам-тарам сайлары

Тауға иығын сүйеп тұр. 

Алқам-салқам таулары 

Бұлтқа басын тіреп тұр. 

Шалғын жаға көлдері 

Шайқалады шарадай. 

Аңқылдаған желдері 

Еркелеген баладай. 

Қараймыз да қызыға

Сүйсінеміз, сүйеміз. 

Наны менен тұзына 

Басымызды иеміз. 

Өнер емес ермегің, 

Оның, сірә, мәні аз ба?

Көрікті етіп көргенін, 

Түсіреді қағазға.

Құштарлығым сонда әлі, 

Ептеп мен де ысылдым. 

Суретшінің қолдары, 

Сиқырлы екен, түсіндім. 

Шаң, тозаң, лас

Болмасын...

Жыртылып, жұтап, 

Тұрмасын...

Сөмкеден іздеп, 

Болма сен алаң.

Пеналда орнында 

Жатсын...

Кетпенбай кетпенді алып кеткен бе?

Кетпенді алған Кетпенбайға кектенбе!

***


Бозала ат бар, қара ала ат бар, 

Озар ат бар, қалар ат бар.

***

Асан әсем билеймін деп әлек, 



Хасен шешен сөйлеймін деп әлек.

(Аспан)


(Кемпірқосақ)

(Найзағай)

(Класс)

(Кітап) 


(Қалам)

Дәуітәлі СТАМБЕКОВ 

Жақан СМАҚОВ 

Оразбек БАЙБАҚҰЛЫ

Сыныптағы 25 баланың бүкіл болмыс-

бітімі ұстазға жақсы таныс. Әрбір үйдің әні 

мен сәні де, байлығы мен базары да осылар 

емес пе? Алайда, жорғасы да, жал қауы да, 

еркесі мен тентегі де жетіп жатады.

– Бүгінгі сабақты Сәбит айтады. Ты-

ғыршықтай ұл орнынан әрең тұрды. Сабақ 

басталғалы бір ай уақыт өтсе де әлі кітапқа 

үңіліп көрмепті. Мектепке тек достарын 

көруге, уақыт өткізуге, көкесінің келісті 

көлігіне міну үшін ғана келетінге ұқсайды.

– Ой, Сәбит-ай, әлі ұйықтап жүрмісің? 

Жайдары жаз өтіп, қоңыр күз келді деп 

жатыр төңірек. Терезеге қарашы, тым бол-

маса. Жұрттың бәрі жыбырлап, тіршілік 

етіп жатыр.

Сол сәт Сәбит мойнын созып кең 

көшеге көз салды.

– Уһ, шаршадым әбден. Қашан 

қуантар екенсіңдер, тегі.

– Апай, дәл бүгін қуанасыз! Кенет 

Сәбиттің дауысы саңқ-саңқ етті.

– Әлгінде естігем, бүгін мұғалімдер 

ай лық алады. Казір-ақ кассаға барып ке-

ліңіз ші. Ақша аласыз да, сосын қуанасыз.

– Жоқ, Сәбитім, сен  сабақты  айтып,  

тықылдап тұрсаң  ғана қуанатын едім.

Сәбит болса мұғалімге таңданып, 

ұстазы оған тұнжырап қарап қалыпты...

Нұрлан ҚҰМаР

Әзірлеген Нұрлан ҚҰМаР

Ұстаз қашан қуанады?



Отан

Суретші ағай



Каталог: wp-content -> pdf
pdf -> №47 (18256) 29 сєуір 2015 ж сєрсенбі Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр
pdf -> Жаныс ақынға Асылдан асыл тараған жамбыл өмірзақ ҚАрғабайұЛЫ
pdf -> Қазақстан Республикасының Тәуел- сіздігін жариялаған күн – біздің
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 6 айға 1541,52 1637,40 1713,84 Мекемелер мен ұйымдар үшін
pdf -> №4 (18366) 15 ќањтар 2016 ж ж±ма Облысымыздыњ ќ±рылѓанына 80 жыл толуын мереке- леу аясында «Ењбек Дањќы кітабы»
pdf -> «Болса болар, бәлкім, менің паңдығым »
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет