Жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері Жоспары



бет1/7
Дата26.04.2022
өлшемі40.29 Kb.
#32269
  1   2   3   4   5   6   7

Жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері

Жоспары

Кіріспе


1.Жеке тұлға жөніндегі түсінік және жеке адамның қасиеттері

2. Жеке тұлға құрылымының теориялары

3. Жеке тұлғаның түрткілері мен қасиеттері

4.Жеке тұлғаның бітістері және оларды өлшеу

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер



КІРІСПЕ

«Адам ақылды, кішпейіл, әділ, батыл да қайрымды болуға тиіс.Тек сонда ғана оның осынау «Адам» деген мәртебелі атпен аталуға құқылы болады». К.Г. Паустовский

Жеке тұлға дегеніміз - қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.

Қоғамдық дамуының нәтижесінің ең басты көрсеткіші ол - жеке тұлғаның даму процесіне байланысты. Сондықтан егеменді еліміз Қазақстанда, қоғамда қандай да бір орынға ие бола алатын нақты бір іс-әрекет түрімен айналыса алатын алдына мақсат қоя отырын, болашағын жоспарлай алатын, мақсатына жетуде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білетін өзіндік дүниетанымы, көзқарасы қалыптастыратын, өз ойын дәлелдей алатын, білім алып, тәжірибе жинақтайтын, істеген ісіне есеп бере алатын, өмірлік ұстамы, идеялары, мұрат сенімі болатын, жалпы айтқанда жеке адамды қалыптастыру.

Қашан да болмасын, психология ғылымының ең негізгі мәселесі мен тақырыбы өзектілігі мен көкейкесті мәселесі - жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторларды зерттеу болып табылады. Әрбір жеке адамның дамуының жоғарғы жетістігі, тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткіші емес, бұл қоғам дамуына да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені, оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Яғни кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсу - қай жастағыларға болмасын, оған киім-кишек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, сыртқы ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау - жазаның ең ауыр түріне жататына күмән келтіруге болмайды. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым.

Жеке тұлғаның сыртқы ортамен қарым-қатынас ауқымы неғұрлым кең болса, оның өмірдің әр қилы жақтарымен байланысы соғұрлым алуан түрлі болады, ол қоғамдық қатынастар дүниесіне соғұрлым тереңірек бойлайды, соғұрлым оның өз рухани дүниесі байи түседі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет