Жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері Жоспары


Жеке тұлғаның бітістері және оларды өлшеу



бет5/7
Дата26.04.2022
өлшемі40.29 Kb.
#32269
1   2   3   4   5   6   7
4.Жеке тұлғаның бітістері және оларды өлшеу

Бітістер жеке тұлғаны талдауда едәуір жоғары реттегі ұғымдарды қалыптастырудың негізі екені бірінші тарауда көрсетілді. Экспериментті психологияда жеке тұлға бітістерінің үлкен көлемі зерттелген. Осы тараудың мақсаты, Кеттелл сияқты, сол зерттеулерлі толықтай шолуда емес. Талқылауымыз үшін жеке тұлғаның бітістерін өлшеуде факторлы талдауды қолдануда маңызды кейбір мезеттерді ашуға көмектесетін немесе тарихи тұрғыда ерекше қызықтыратын, немесе кейінгі баяндауларымызда маңызды болар бірнеше нақты бітістерді іріктейміз. Шынымен, жеке тұлғаның осы жерде келтірілген бітістеріне деген зейін жоғарыда аталған екі немесе үш себеппен міндеттеледі.

Диссоциацияға қабілеттілік

Біз Кречмер теориясында шизотимия—циклотимия секілді жеке тұлғаны өлшеу жайлы мәселені қозғаған болатынбыз. Кречмер диссоциация ұғымының кері ұғымы "интеграцияның" циклотимияны түсіну үшін қаншалықты маңызды екеніп тұжырымдайды. Оның диссоциация жайлы түсінігі ол жайлы Уорреннің: "Бұл кез келген комбинацияның бөлшектерге ыдырауы" деген түсінігінсн кеңірек. Оның астарында "күрделі материалды бөлшектеріне бөлуі туындайтын сапаның біртұтас актісінің шеңберіндегі бөлек және жеке топтарды қалыптастыру қабілетін" түсінуге болады. Шизотимияға тән диссоциацияға деген осындай қарқын тым дамып, шизофренияға әкеледі. Мұндай қабілеттің болмауы циклотимияға, ал шекті жағдайларда маниакалды-сарыуайымшыл күйлерге тән дүниені нақты синтетикалық қабылдауға әкеледі.

Кречмер мен оның ізбасарлары ұсынған мәліметтерді және оның ұғымдарына қолданыстағы анықтамаларлы берген объективті тестілерді қарастыра отырып, біз адамның физиологиялық сипаттамаларын талдауға арналған тарауда егжей-тегжейлі қарастырылатып теориясының бір ерекшелігін естен шығармауыз қажет. Кречмер шизотимиямен өзі лепосоматикалық немесе астоникалық деп атаған лене бітімі арасындағы және циклотимия мен пикниктік дене бітімінің арасындағы жоғары корреляциялардың кездесетінін айтады. Дене бітімі атлеттік адамдар аралық типке жатады. Кречмер және оның оқушылары эксперимснтті еңбектерінде циклотимді сыналушыларға қарағанда, шйзотимиялықтардың диссоциацияға едәуір жоғары бейімділігі жайлы жорамалын тексерудің баламалы тәсілі ретінде "диссоциацияға бейімділік" тестілері мен дене бітімі түрлерінің арасындағы әрі сол тестілердің психиатриялық диагноздармен байланысын қолданды.

Ағылшын тілінде Айзенк (1950) және неміс тілінде Бренгельмен шолып шыққан сол саладағы эксперименнтті зерттеулер бойынша әдебиеттердің үлкен көлемі бар. Типологияларды құрастырумен айналысқан басқа психологтарға қарағанда Кречмер едәуір экспериментті және объективті тұрғыны ұстанып, үнемі жске тұлғаның бітістерін өлшеу құралы ретінде объективті психологиялық тестілердің маңызын баса айтып отырды. Континентті Еуропада құрастырылған көптеген типологияларға қарағанда, бұл жағдай оның теориясын қатаң ғылыми тексеруден өткізуге мүмкіндік береді. Оқырманның психологиядағы континентті мектептерде орын алған тұрғылар жайында түсінігі қалыптасуы үшін төмендегі беттерді біз Кречмердің өз еңбектерінде қолданған диссоциацияға бейімділікті анықтауға арналған сегіз тесті сипаттаймыз.

1. Алғашында Ван дер Хорст кейін

Киблер қайталап жүргізген эксперимент "диссоциацияға бейімділік" ұғымының қалыптасуына қомақты үлес қосып, көрнекі түрде Кречмер нұсқаған типтердің әдіснамалық пайдасын көрсетті. Бұл экспериментте дені сау пикпиктердің, дені сау астениктердің, шизофрениктердің және маниакалды-сарыуайымшыл психозға (МСП) шалдыққандардың әр түрлі қоздырңыштарға реакциясының уақыты кешенді түрде зерттелді. Дені сау пикниктер мен МСП-ға шалдыққандардың реакция уақытына көңіл бөлетін стимулдардың ықпалы сыналушыларлың басқа екі тобына қарағанда еләуір жоғары екені анықталды. МСП аурулары мен сау пикниктердің де, лептосоматик пкн шизофрениктердің де қисық сызықтары сәйкес болды. Астениктер мен шизофрениктердің тітіркендіргіш стимулдарға қарсыласушының жоғары қабілеттілігі олардын диссоциацияға деген жоғары бейімділігімен, яғни ортақ ситуацияның бір қырына басқасынан абстракцияланып шоғырлануымен түсіндірілді.

2. Энко жүргізген экспериментте сын алу- шыға әр түрлі түстерге боялған үлестірмелердің қатарын есте сақтап, кейін сұрыптау ұсынылады. Диссоциацияға жоғары бейімді шизотимиктер түстер категориясының әр қилы мөлшерін жақсы есте сақтап, тапсырманы едәуір тез және нақтырақ орындайтыны жорамалданды. Эксперименттердің нәтижелері орта есеппен пикниктердің — 32,4, атлеттердің — 15,3, астениктердің — 6,7 қате жібергенін көрсетті. Тапсырманы орындаудың орташа уақыты пикниктерде — 75,3, атлеттерде — 71,4, астениктерде — 66,6, секунд болды. Эксперименттің нәтижелері ұсынылған жорамалды толығымен дәлелдегенін көрдік.

3. Киблердің басқа бір экспериментінде (1925) сыналушыға тахистоскоп арқылы мағынасы жоқ түрлі түсті буындардың тобы ұсынылып, әріптерді немесе әріптердің түсін байқау нұсқасы берілді. Диссоциацияға бейімділігінің арқасында шизотимиктердің бақыланған объектінің басқа сипаттамаларын көңіл бөлмей, тек нұсқа қажет өткенді байқауға едәуір қабілетті болатыны, ал циклотимиктердің қосалқы материалды көбірек және қажеттісін азырақ есте сақтайтыны болжанды. Киблер астениктер мен шизофрениктердің 20,7% жағдайында және пикниктер мен МСП- ға шалдыққандардың 4,5% жағдайында ғана жоғары диссоциативті қабілеттілікті немесе тап осы жағдайда қосалқы материалды байқап, еске сақтауға деген толықтай қабілетсіздікті анықтады деген жорамалы тағы да эксперименттің нәтижелерімен дәлелденді.

4. Энкс [1928] сыналушыға тахистоскоп арқылы ұзақ бейтаныс сөздер ұсынылған тағы бір экспериментті жүргізді әрі сөздерді оқуға мүмкіндік беру үшін процедура 10 рот қайталанды. Эике біріншісі — жүйелі оқылған жекелоеген әріптер мен буындардан бүтін сөзді құрастырудың абстрактілі-аналитикалық диссоциативті тұрғысынан, екіншісі — сөз жөнінде жалпы түсінікті құрастырудың синтстикалық тұрғысынан тұратын сөз мағынасын меңгерудің екі тәсіліп анықтады. Сыналушылардың әр түрлі топтарында тапсырманы орындау тәсілдерінің арақатынасы әр қилы екені анықталды: пикниктердің — 3,3%-ы атлеттердің — 5,7%-ы, астениктердің — 6,0%-ы диссоциациялы тұрғыны және сәйкесінше: 5,1%; 3,0%; 2% синтетикалық тұрғыны қолданған. Бұл жағдай астениктерде тапсырманы орындаудың диссоциативті тәсілінің біршама басым екендігін дәлелдейді. Диссоциативті тұрғынын сол тапсырманы орындауда едәуір қалаулы болғанын ескерсек, пикниктердің 75%-ы, атлеттердің 40%-ы және астениктердің 42%-ы ұсынылған тапсырманы орындай алмағаны таңғалдырмас. Бұл эксперименттегі пикииктер мен басқа екі топтың арасындағы айырмашылықтар мәні 0,01% болды.

Пикниктер мсп МСП-ға шалдыққандардың астениктер мен шизофрениктерден гөрі бірден көп әріпті қабылдауға қабілетті екенін көрсеткен Ван дер Хорст [1924] пен Киблердің [1925] тахистоскоппен жүргізілген зерттеулерінің сериясы осы эксперимеитке қосымша бола алады.

Эикс (1928) сол натижелерді қайта ала алмады, өйтсе де сондай жаңалықтың ортақ теориямен қандай дәрежеде үйлесетіні толық түсінікті емес. Сірә, Кречмер апперцепцияның синтотикалық тәсілі осы тектес эксперименттерде циклотимиктерге мол мүмкіндік берер пен

септеген болар, алайда бұл тұжырым жеткілікті түрде сенімді емес.

Эргографпен тіркелген бұлшық ет ырғақтарына ақыл-ой әрекеттерінің (ойша 20 санды қосу) ықпалып зерттеген Эикенің (1930) эксперименттерінде мүлде өзге тұрғы ұсынылған. 27% пикниктерде, 14% атлеттерде, 8% астетиктерде бұлшық еттерінің әдеттегі ырғағы бұзылған. Пикииктердің бірден әр түрлі екі тапсырнаны орындай алмауы сандарды ойша қосу тапсырмасына пикниктердің ішінен 27%, атлеттердің ішінен 35%, астетиктердің ішінен 50% сыналушының дұрыс жауап бергені әрі тапсырманы орташа мәнінде пикниктердің 48 сек, атлеттердің 45 сек, астениктердің 38 секундта орындағаны диссоциация ұғымының қолданылуын ақтайды. Нәтижелері р<0,01-ге тең болды.

Энкенің (/927) Роршахтың ттестісін қолдануда, атап айтқанда "жауаптың локализациясы" (сыналушының жауабы ретінде тұтастай сурет немесе оның жеке бөліктері алынды) категориялары бойынша әр түрлі топтардың нәтижелерінің салыстырылуы пикниктердің тек 20%-ы, ал астениктердің 58%-ы толық жауап беретінін көрсетті. Бұл соңғыларының абстракциялауға жоғары бейімділігімен түсіндірілді. Айырмашылықтары р<0,01 мәнінде болды.

Осы тұста ор түрлі сөздердің ассоциациясын зерттеген Ван дер Хорсттың (1924) экспериментін еске алған жөн. Мұнда едәуір мағынасыз және байланысы жоқ ассоциациялар көбінссе астениктерде (3,1%) байқалса, пикниктердкн одан сиректеу (0,2%) байқалған. Сірә, бұны байланысы жоқ мағынасыз ассоциациялардың абстракциялауға бейімділігінің белгісі болуымен түсіндіруге болар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет