Железнодорожный путь, изыскание и проектирование железных дорог



жүктеу 5.12 Mb.
Pdf просмотр
бет28/41
Дата15.03.2017
өлшемі5.12 Mb.
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41

Қорытынды  
Еліміздің  көлік  саласындағы  негізгі  міндеттердің  бірі - барлық  көлік  жүйесіндегі 
жұмыстардың  сапасы  мен  күшін  жоғарылату  негізінде  жолаушылар  қозғалысы  мен 
оларды  тасымалдаудағы  халықтың  қажеттілігін  толық  жəне  уақтылы  өтеу  обьективті 
қажеттілік болып табылады.  
ƏДЕБИЕТТЕР 
 
1.  Қазақстан    Республикасының    Индустриялық-инновациялық    дамуының  2003-2015 
жылдарға арналған стратегиясы. 2003 жыл.  
2.  Қазақстан    Республикасының    ауылдық    аумақтарын    дамытудың  2004-2010  
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы. 2004 жыл. 
 
       
ББК 338 
 
Тлеубаева Сантай Азизбековна, ізденуші (Алматы, ҚазККА) 
 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАСЫМАЛДАРДЫ ДАМЫТУ САЛАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ 
МІНДЕТТЕР  
 
Бірыңғай  көлік  жүйесін  дамытуды  қамтамасыз  етуде  автомобиль  көлігінің  рөлін 
сипаттайтын  мемлекеттік  көлік  саясатын  іске  асырудың  ерекшеліктері  бірқатар  бірінші 
кезектегі міндеттерді шешу қажеттігінен тұрады.  
Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2006  жылғы  1  наурыздағы  "Қазақстан  
өз    дамуындағы  жаңа    серпіліс  жасау  қарсаңында"  Қазақстан    халқына        Жолдауына, 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  қатысуымен  өткен  Үкіметтің  кеңейтілген 
отырысының 2005 жылғы 21 қарашадағы  № 01-7.8 хаттамасына  сəйкес əзірленді /1-ə/. 
Мақсаты: 
• Қазақстанның көлік жүйесінің əлемдік көлік жүйесіне кірігуі; 
• сыртпен кіріктірілген бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыру; 
• қазіргі заманғы перспективалы ұлттық көлік инфрақұрылымын құру; 
• транзиттік əлеуетті дамыту жəне тиімді пайдалану;  
• көлік  процестерінің  ең  жоғары  тиімділігіне    қол  жеткізу  жəне  ішкі,  транзиттік 
жəне  экспорттық-импорттық  қатынаста  түпкі  өнім  құнындағы  көлік  құрамдасын 
төмендету;  

ҚККА Хабаршысы № 1 (50), 2008 
 
 
214
• ұлттық  көлік  заңнамасын  өңірлік  жəне  халықаралық  ұйымдар  шеңберінде 
халықаралық құқық нормаларының, стандарттарының талаптарымен үйлесімді ету;  
• бірыңғай  экономикалық  кеңістікті  нығайту  жəне  өңіраралық  байланыстарды 
дамыту,  сондай-ақ  көліктік  қол  жетімділікті  экономикалық  даму  мен  əлеуметтік 
тұрлаулылыққа кепілдік беретін деңгейде қамтамасыз ету; 
• инновациялық технологиялар мен инфрақұрылымды  кластерлік дамыту есебінен 
Қазақстанның көлік жүйесінің бəсекеге қабілеттілігін арттыру; 
• көлік  процестерінің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету,  көліктегі  оқиғалардың  санын 
жəне ауыртпалығын төмендету; 
• экологиялық қауіпсіздікті жəне энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануды 
қамтамасыз ету; 
• көлік секторында қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру.   
Республиканың  кең-байтақ  аумағы  мен  автомобиль  жолдары  желісінің 
салыстырмалы  төмен  тығыздығы,  тасымалдардың  алыс  қашықтықтары  жиынтығында 
төсемнің бүлінуі немесе болмауы көлік шығыстарының өсуіне  жəне өндірілетін өнімнің 
өзіндік  құнының  артып  кетуіне  əкелетін  болғандықтан,  олардың  техникалық  жай-күйіне 
ерекше мəн беріледі. 
Халықаралық  көлік  дəліздерін,  республикалық,  облыстық  жəне  аудандық  маңызы 
бар  жолдарды  қалпына  келтіру  жəне  дамытуды  мемлекеттің  аумақты  дамыту 
бағдарламаларымен белгіленген, оның экономикалық кеңістігінің тұтастығын қамтамасыз 
ететін,  өңірлік  жəне  əкімшілік-аумақтық  бірліктер  арасындағы  байланыс  үшін  қызмет 
ететін бағыттарда басымдық тəртібімен жүзеге асыру қажет. 
Халықаралық тасымалдарды дамыту саласындағы негізгі міндеттер: 
• автомобиль көлігі саласында екіжақты халықаралық шарттар жасасу; 
• халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсат беру жүйесін жетілдіру; 
• автомобиль  көлігі  туралы  ұлттық  заңнаманы  халықаралық  нормаларға  кезең-
кезеңімен жақындату жəне үйлестіру; 
• қисынды  жəрдемдесу  саясатын  жүргізу  жолымен  халықаралық  көлік  қызметі 
нарығында қазақстандық көлік операторларының шеп-тұғырын дамыту мен нығайту үшін 
қолайлы жағдайлар жасау; 
• отандық автомобиль өнеркəсібін дамыту үшін жағдайлар жасау; 
• қосымша қызметтерді дамыту жəне олардың сапасын арттыру үшін автовокзалдар 
қауымдастығын құру; 
• пайдаланушылар  үшін  халықаралық  автобус  рейстеріне  билеттерді  қашықтан 
резервтеу  мен  сатып  алу мүмкіндігі бар ұлттық ақпараттық жүйе жасау  болып табылады 
/2/. 
Қазақстан  аумағы  бойынша  автомобиль  тасымалдарының  транзиттік  əлеуетін 
анықтайтын  негізгі  сыртқы  факторлардың  қатарына  трансконтиненталдық    автомобиль 
жолдарының  жай-күйі  мен  дамуын,  сондай-ақ  автомобиль  қатынасы  саласындағы 
халықаралық қатынастарды жетілдіруді жатқызған жөн. 
Сонымен бірге сыртқы факторлардың Қазақстан үшін оң бағытқа қарай өзгеруіне 
ықпал  ету  мүмкіндігі  аумағынан  транзиттік  бағыттар  өтетін  мемлекеттермен  екіжақты 
жəне көпжақты қатынастарды дамытумен шектеледі. 
Ішкі  факторлар  нормативтік  құқықтық  қамтамасыз  ету,  рұқсат  беру  жүйесі  жəне 
кедендік əрі көліктік бақылау жүйелерінің тиімділігі, сондай-ақ автомобильдік транзиттік 
дəліздердің жай-күйі болып табылады. 
Транзиттік  əлеуетті  пайдалану  тиімділігін  арттыру  жөніндегі  қосымша  негізгі 
міндеттер: 
 -ТМД жəне алыс шетелдермен екіжақты жəне көпжақты қатынастарды     одан əрі  
дамытудан; 

ҚККА Хабаршысы № 1 (50), 2008 
 
 
215
-  автомобиль  қатынасы  туралы  ұлттық  заңнаманы  халықаралық  нормалармен 
үйлестіруден; 
-  бағыттар  бөлінісінде  жəне  халықаралық  дəліздерді  ескере  отырып  барлық 
транзиттік  жолаушы  жəне  жүк  ағындарын  есепке  алудың  автоматтандырылған  жүйесін 
жасаудан; 
-  кеден  жəне  көлік  бақылауынан  өткізу  рəсімдерін  жеңілдету  мен  уақытын 
қысқартудан тұрады. 
Қорытынды  
Еліміздің  көлік  саласындағы  негізгі  міндеттердің  бірі - көлік  жүйесіндегі 
жолаушылар қозғалысы мен оларды халықаралық тасымалдаудағы халықтың қажеттілігін 
толық  жəне  уақтылы  өтеу  болып  табылады.Сондықтан  да,  Қазақстан  аумағы  бойынша 
автомобиль  тасымалдарының  транзиттік  əлеуетін  анықтайтын  негізгі  сыртқы 
факторларды  анықтауда,  трансконтиненталдық    автомобиль  жолдарының  жай-күйі  мен 
дамуын,  сондай-ақ  автомобиль  қатынасы  саласындағы  халықаралық  қатынастарды 
жетілдірудің маңызы зор. 
ƏДЕБИЕТТЕР 
 
1.Қазақстан  Республикасы  Президентінің  "Қазақстан    өз    дамуындағы  жаңа    серпіліс 
жасау қарсаңында"  Қазақстан  халқына  Жолдауы. 1  наурыз 2006 жыл. 
2.Қазақстан  Республикасының  2015 жылға дейінгі  көлік стратегиясы. 2006 жыл 
 
 
       ББК 338 
 
Тлеубаева Сантай Азизбековна - ізденуші (Алматы, ҚазККА) 
 
МЕМЛЕКЕТТІК КӨЛІК СТРАТЕГИЯСЫНДАҒЫ АВТОКӨЛІКПЕН  
ТАСЫМАЛДАУ БАҒЫТТАРЫ 
 
          Көлік  шаруашылық  қызметтің  түрі  ретінде    теміржол,  автокөлік  (жүк  таситын 
таксомоторлары), қалалық электр (трамвай, троллейбус), су, əуе көліктері болып бөлінеді. 
Соның  ішінде,  автокөлікке  мемлекеттік    кəсіпорындар  жəне  оларды  жекешелендірудің 
нəтижесінде құрылған жеке меншік кəсіпорындар жəне қалалық электр көлігіне трамвай 
жəне  троллейбус  көліктері  жатқызылады.  Алматы  қаласында  қолданылатын  көліктің 
барлық 
түрлерінен 2006-2007 жылдың 
қаңтар-маусымындағы 
тасымалданған 
жолаушылардың қатынасы төменде көрсетілген (1-сурет).  
Көлік  -  экономиканы  құрайтын  маңыздылардың  бірі.  Қазіргі  уақытта  көлік  кешені 
ролінің тұрақты өсуі оның барлық салаларында байқалуда. 
Автокөліктің жүк тасымалдау санына көлік кəсіпорындары мен ұйымдарының жеке 
меншік көліктерімен жүзеге асырылатын жүктерді тасымалдау кіргізіледі. 

ҚККА Хабаршысы № 1 (50), 2008 
 
 
216
2006 ж. 1 шілдесіне
98,4
1,6
автобус 
Электр
көлігі
2007 ж. 1 шілдесіне
97,9
2,1
автобус
электр
көлігі
 
1-сурет. Автокөліктің барлық түрлерінен тасымалданған жолаушылардың қатынасы 
 
Қазақстан  Республикасының  2015 жылға дейінгі  көлік стратегиясыда көрсетілген 
автокөлікпен тасымалдау стратегиясының негізгі бағыттарына:     
-  аялдау  пункттерін,  автостанциялар,  автовокзалдар  мен  қалалық  көлік 
инфрақұрылымының басқа да объектілерін салу жəне қайта жаңғырту; 
-  қалалардың  жəне  басқа  да  елді  мекендердің  маңындағы  кірме  жəне  айналма 
жолдарды салу жəне қайта жаңғырту; 
-  халықаралық,  республикалық  жəне  жергілікті  маңызы  бар  ортақ  пайдаланудағы 
жолдар  желісін  мұндай  жолдардың  жай-күйінің  олардың  мақсатты  пайдаланылуына  сай 
келуіне кепілдік  беретін жəне Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген кез 
келген  автокөліктің  жыл  бойы  қауіпсіз  жүріп  өтуін  қамтамасыз  ететін  деңгейде  ұстап 
тұруды (пайдалануды) қамтамасыз ету; 
- жол бойы сервисі объектілерін салуды жəне қайта жаңғыртуды қоса алғанда, алыс 
жолға  шыққан  көлік  құралдары  үшін  күзетілетін  тұрақ  бекеттерін,  жедел  байланыс 
бекеттерін, шұғыл техникалық жəне медициналық көмек бекеттерін салуды қоса алғанда, 
жол бойы инфрақұрылымын дамыту; 
- жол жұмыстарының сапасына жəне нормативтердің, жөндеуаралық мерзімдердің 
сақталуына  қойылатын  талаптарды  арттыру,  сондай-ақ  жол  жұмыстарының  сапасын 
бақылауды жүргізуді ұйымдастыру; 
-  транзиттік  қозғалысты  қоса  алғанда,  автомобиль  жолдарын  пайдаланушылардан 
алынатын  төлемдердің  мөлшерлерін  мемлекеттің  жолдарды  салуға,  жөндеуге  жəне 
ұстауға жұмсайтын  шығындарының толық жабылуын қамтамасыз ететін деңгейге дейін 
кезең-кезеңімен оңтайландыру; 
- шекара маңындағы өткелдерде жəне ел аумағы бойынша автокөлік құралдарының 
салмақ жəне көлем параметрлерін бақылаудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету; 
-  орталық  органдар  мен  жергілікті  биліктің  атқарушы  органдары  арасындағы 
үйлестіруді қамтамасыз ету; 
 -  тасымалдаушылар  мен  мемлекеттің  байланысын  нығайтуға  мүмкіндік  беретін 
тасымалдаушылардың қоғамдық ұйымдарын республикалық деңгейде біріктіру;  
-  лицензиялау,  сертификаттау  жəне  стандарттау  жүйелерінің  толыққанды  жұмыс 
істеуі; 
-  жолаушы  жəне  жүк  тасымалдарында  автокөлік  жұмысының  жедел  есепке  алу 
жүйесін қалпына келтіру; 
-  қалалық  қоғамдық,  қала  маңы  жəне  қалааралық  автомобиль  жолаушы    көлігінің 
жылжымалы  құрамының  сандық  жəне  сапалық  жай-күйін  осындай  тасымалдарға 

ҚККА Хабаршысы № 1 (50), 2008 
 
 
217
қажеттілікті,  сондай-ақ  жолаушылар  мен  жол  жүгінің  қауіпсіз  жəне  жайлы  жеткізілуін 
қамтамасыз ететін деңгейге дейін жеткізу; 
-  қала  жолаушы  көлігін  диспетчерлік  сүйемелдеудің  жəне  жолаушыларға 
электрондық билет берудің қазіргі заманғы жүйелерін енгізу; 
- автомобиль көлігімен тасымалдауды ақпараттық қамтамасыз ету көліктің барлық 
түрлерінің  көлік  операторлары,  өнеркəсіп  пен  ауыл  шаруашылығы  кəсіпорындары  жəне 
олардың  өндіретін  өнімдері  туралы  бірыңғай  ақпараттық  дерекқор  жасай  отырып,  бір 
мезгілде іске асырылатын болады; 
-  отын  сапасына  экологиялық  талаптарды  арттыру,  автомобильдердің  газдарынан 
шығатын зиянды заттардың қалдықтарының деңгейін бақылауды қатайту; 
-  жолаушылар  тасымалдаудағы  лицензиялауды  қалпына  келтіру,  жүргізушілерге, 
автокөлік құралдарына жəне оларға техникалық қызмет көрсетуіне қойылатын талаптарды 
арттыру;   
-  ауылдық  елді  мекендерді  өндірістік  күштерді  орналастыру  мен  дамытудың 
перспективалы  схемасына  сəйкес  қоғамдық  жолаушы  көлігі  жүзеге  асыратын  тұрақты 
тасымалдармен қамтамасыз ету; 
Қазақстанның  ірі  қалаларында  бөлінген  автобус  жүйелерін,  трамвай,  жүрдек 
трамвай, троллейбус, монорельсті көлік, метро жəне басқалары сияқты қалалық жолаушы 
көлігінің балама түрлерін дамыту; 
-  жол-көлік  оқиғаларының  алдын  алуға  жəне  оларды  болдырмауға  бағытталған 
шаралар кешенін жүзеге асыру; 
- автомобильдерді құрастыру жəне шығару жөнінде бірлескен өндірістер құру /1-ə/. 
ҚЖК  жұмыс  істерінің  нарықтық  үлгісі  жолаушы  маршруттарына  қызмет  көрсетуге 
жеке секторды тартуды жəне қызмет көрсетулердің осы саласында бəсекелі орта құруды 
көздейді.  Осындай  практиканың  жоқтығынан  тиісті  механизм  əзірлеу  мен  оны  қажетті 
құқықтық жəне нормативтік базамен нығайту талап етілді. 
         Əлемдік практика арқылы қалалық жолаушы тасымалдарын орындау кезіндегі 
бəйгелестікті  ұйымдастырудың  екі  тəсілі  анықталды.  Бірінші  тəсіл  бойынша 
тасымалдардың  тиісті  түрімен  айналысуға  құқы  бар  көлік  серіктестіктері  өз  бетінше 
маршруттық  желі  əзірлейді,  оны  жөнге  салады  жəне  сол  маршрутпен  жүретін  көлік 
құралдарының  қозғалу  графиктерін  белгілейді.  Осындай  тəсілдің  даусыз  артықшылығы 
рынокқа  əр  түрлі  реттеуші  құрылымдардың    ықпал  етуінсіз  «өндіруші-тұтынушы» 
арасында  тікелей  өзара  іс-қимыл  орнатумен  тұжырымдалады.  Бірақ  тəуелсіз 
тасымалдаушылардың  жұмыс  істеуіндегі  осындай  режим  олардың  іс-əрекеттерінің 
жоғары  дəрежедегі  келісімділігін  талап  етеді,  ондай  үйлесімділікке  əр  түрлі  одақтар 
немесе қауымдастықтар аяларынан тыс қол жеткізу мүмкін емес. Бұл ретте коммерциялық 
көзқарас  тұрғысынан  ең  тартымды  маршруттарда  ұсыныстардың  шоғырлану 
ықтималдығы  өте  жоғары  болады.  Соның  нəтижесінде  бəсекелесуші  тасымалдаушылар 
арасындағы күрестің жабайы тəсілдерінің белең алу қаупі жоғарылайды, ал ҚЖК қызметі 
тұтас  алғанда  қалаларда  жол  қозғалысын  ұйымдастыруға  байланысты  проблемалар 
туындатуы  жəне  сондағы  экологиялық  ахуалды  шиеленістіруі  мүмкін.  Оның  үстіне 
мұндай  тəсіл  кезінде  пайда  түсірмейтін,  бірақ  əлеуметтік  мəндегі  маршруттарға  қызмет 
көрсету күрделі болады. 
ҚЖК  жүйесіне  бəсеке  енгізудің  басқа  тəсілі  көлік  рыногының  қайсыбір 
субъектілерін жолаушы тасымалдарына конкурс бойынша жіберуге негізделеді. Бұл ретте 
əлеуетті тасымалдаушылар арасындағы жарыс нақты маршрутқа қызмет көрсету бойынша 
тендер  өткізу  сатысына  кешіріледі.  Конкурстың  жеңімпазы  маршрутта  жұмыс  істеуге 
эксклюзивтік құқық (айрықша құдық) алады жəне келісілген уақыт аралығында тендерді 
өткізген сəтте мəлімденген жағдайлардан кем емес дəрежеде қызмет көрсетеді. 
Мəселенің осындай шешімі жол қозғалысын əлдеқайда оңай ұйымдастыруға немесе 
шығынды маршруттарға қызмет көрсетуге мүмкіндік жасайды. Алайда конкурстық рұқсат 

ҚККА Хабаршысы № 1 (50), 2008 
 
 
218
беру бастапқыда рынокқа субъективті ықпал етуді жорамалдайды, ондай ықпал, мəселен, 
тендерлік комиссияның қызметі арқылы көрінуі мүмкін. 
WВ  жобасының  аяларындағы  таңдау  жалпы  пайдаланыстағы  жолаушы  көлігіне 
бəсеке  өндірудің  оңай  тəсілінің  пайдасына  шешілді.  Мұндай  шешім  процесті  икемді 
басқару мүмкіндіктерін сақтау кезінде ең жақсы нəтижелерге жету жəне ҚЖК əлеуметтік 
бағдарын барынша сақтау тəсілімен ұштастырылады. 
Орын  алған  ахуалдарға  талдау  жүргізу  аяқталғаннан  кейін  ҚЖК  əлеуетін  қалпына 
келтіруге байланысты негізгі байлам-тұжырымдар мыналар болды: 
•сақталынуы  мен  дамуы  үшін  ҚЖК  қолданыстағы  жүйесі  монополиясыздандыруға 
жатқызылуы тиіс, ал оның қызметіне рыноктың еркін қатысушылары арасындағы бəсеке 
элементтерін енгізу талап етілді; 
•ҚЖК  жүйесін  қайта  ұйымдастыру  процесін  басқаруды  қалалық  əкімшіліктер 
жанынан арнайы құрылған құрылымдар арқылы жүзеге асыру қажет, ол құрылымдардың 
негізгі міндеттері мыналарға саяды: 
-аймақтық (қалалық) деңгейде көлік саясатын жасау (талдау жəне жоспарлау); 
-маршруттарды ұйымдастыру жəне оларды тендерлік негізде бөлу; 
-тендер жеңімпаздарымен құқықтық қатынастар белгілеу; 
-тасымал процесінің барлық құбылыстарында бақылау жүргізу (қауіпсіздік, экология 
жəне т.б.); 
-қажет  болған  жағдайда  тасымалдаушыларға  айыппұл  салу  немесе  маршрутқа  одан 
əрі қызмет көрсету құқынан айыру түрінде ықпал ету; 
•маршруттарды ашу немесе жою (тарату) туралы шешімдерде халыктың əлеуметтік 
қажеттіліктерін ескеру қажет болды, ал осындай шешімдерді қабылдауға түрткі болатын 
барлық рəсімдер жүйелі сипат алулары тиіс; 
•тендерлік негізде бөлінетін қалалық жолаушы маршруттарына қызмет көрсету құқы 
мемлекеттік  кəсіпорындардың,  сондай-ақ  дамып  келе  жаткан  жеке  сектордың 
қарауындағы барлық білікті (құзырлы) тасымалдаушылар үшін тең рұқсатты болуы тиіс; 
•тендерлік  ресімдерді  ұйымдастыру  олардың  абсолютті  (мейлінше)  ашықтығы  мен 
əділдігін қамтамасыз етуі тиіс; 
•ҚЖК  маршрутына  (немесе  маршруттарына)  қызмет  көрсету  құқын  арнайы 
нормативтік  акт  арқылы  бекіту  керек  (лицензия,  келісім-шарт  жəне  т.б.),  ол  үшін 
Қазақстан  Республикасындағы  тасымалдау  қызметін  реттейтін  қолданыстағы  заңнамаға 
өзгерістер енгізу талап етіледі; 
•қалалық  жолаушы  көлігінде  жеңілдіктер  арқылы  жүру  тəртібі  сөзсіз  қайта  қарауға 
жатады - берілетін жеңілдіктер бюджеттің өтемдік мүмкіндіктерінен аспауы тиіс, өтемақы 
төлемдерін  жасау  əдісін  осы  ресімге  тасымалдаушыларды  қатыстырусыз  "мемлекет - 
халық" арасындағы өзара қатымастардың жазықтығына ауыстыру қажет. 
Қалай болғанда да, жолаушы тасымалдары рыногының негіздерін бұрынғы автобус 
жəне  таксомотор  парктері  құрады.  Оларды  жекешелендіру  өндірістің  шығындылығына 
(залалдығына), өндірістік артық қуаттардың жəне табиғи тозған негізгі қорлардың болуы, 
өз  қызметінің  негізгі  бейінін  сақтау  жөніндегі  міндеттемелердің  мерзімін  ұзарту  жəне 
т.с.с.  себептеріпе  байланысты  біршама  бұлдыр  болып  көрінді.  Сондықтан  көлік  қызмет 
көрсетулерінің  құрылушы  рыногы  жағдайларында  осы  кəсіпорындардың  орнықтылығы 
мен  бəсекеге  жарамдылығын  қамтамасыз  ету  үшін  олардың  қызмет  тəртібін  өзгерту 
туралы  ұсыныстар  енгізілді.  Қаржы  саласында  бухгалтерлік  есеп  пен  есеп  берушілік 
жүйесін  қайта  қарау  ұсынылды,  басымдық  пайдаланудағы  шығындарды  азайту  мен 
ақшалай  түсімнің  сақталуын  қамтамасыз  етуге  берілді.  Техникалық  сала  бойынша 
тасымалдаушыларға  техникалық  қызмет  көрсетудің,  соның  ішінде  оның  жылжымалы 
құрамның  түрлері  бойынша  толық  орталықтандыру  ресімдерін  үйлестіру  ұсынылды; 
бөлшектердің,  агрегаттар  мен  тораптардың  (түйіндердің)  істен  шығуларын  бақылау  мен 

ҚККА Хабаршысы № 1 (50), 2008 
 
 
219
талдауға  негізделген  қосалқы  бөлшектер  мен  жабдықтардың  қазіргі  заманғы  жүйесін 
енгізу; жылжымалы құрамның көп маркалылығын азайту жəне т.с.с. 
Автомобиль жəне қалалық жолаушылар көлігі саласында
ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары желісінің жəне олардағы құрылыстардың 
техникалық  жай-күйін  қозғалыс  қарқынының  перспективада  өсуі  мен  осьтік  жүктемесін 
есепке ала отырып, нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сəйкес келтіру; 
республикалық, облыстық жəне аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жаңа 
учаскелерін  жəне  инженерлік  құрылыстарды  салу,  өңіраралық,  облысішілік  жəне 
аудандық автомобиль  қатынастарын қамтамасыз ететін  ортақ пайдаланудағы жолдардың 
қазіргі  бар  желісінің  топырақты  аралықтарын  жою  жəне  техникалық  жай-күйін 
халықаралық стандарттардың деңгейіне дейін арттыру; 
халықаралық,  республикалық  маңызы  бар  жолдарды  жəне  жергілікті  мəні  басым 
жолдарды  қазіргі  бар  тірек  желісін  сақтай  отырып,  толық  қалпына  келтіру  жəне 
автожолдардың  халықаралық  стандарттар  талаптарына  сəйкес  пайдаланылуын 
қамтамасыз ету; 
жолдарды  концессияға  беру  арқылы  жеке  инвестицияларды  тарту  жəне  ақылы 
жекеше автомобиль  жолдарын жасау; 
халықаралық  маңызы  бар  ортақ  пайдаланудағы  автомобиль  жолдарын  қайта 
жаңартуды аяқтау жəне оларды халықаралық стандарттар деңгейіне дейін жеткізу; 
ортақ  пайдаланудағы  халықаралық,  республикалық  жəне  жергілікті  маңызы  бар 
жолдар желісін халықаралық стандарттар деңгейінде ұстауды қамтамасыз ету; 
жекелеген  учаскелердің  өлшемдерін  І  техникалық  санатқа  дейін  жеткізе  отырып, 
халықаралық транзиттік дəліздер бағытында жүрдек автомагистральдарды салу; 
халықаралық  автомобиль  тасымалдарын  орындау  кезінде  нақты  тепе-  теңдікке  қол 
жеткізу;  
 ауылдық  елді  мекендерді  өндірістік  күштерді  орналастыру  мен  дамытудың 
перспективалы  схемасына  сəйкес  қоғамдық  жолаушы  көлігі  жүзеге  асыратын  тұрақты 
тасымалдармен қамтамасыз ету; 
бөлінген  автобус  желілері,  трамвай,  троллейбус  көлігі,  метро,  шусыз  трамвай 
желілері жəне басқалар сияқты қалалық жолаушылар көлігінің балама түрлерін дамыту; 
тасымалдаушылардың  халықаралық  сапа  стандарттарын  жаппай  енгізуі  үшін 
жағдайларды қамтамасыз ету; 
отандық автомобиль өнеркəсібін дамытуды жандандыру үшін жағдайлар жасау; 
автобустар  мен  жүк  автомобильдерін  экология  саласындағы  еуропалық 
стандарттарға ауыстыру; 
халыққа  қоғамдық  көліктің  қызмет  көрсету  деңгейін  дамыған  елдердің  деңгейіне 
жеткізу, жаңа технологиялар мен көліктің балама түрлерін жеделдете енгізу; 
отандық  автомобиль өнеркəсібін дамыту үшін жағдайлар жасау.  
Қорытынды  
Еліміздің  көлік  саласындағы  негізгі  міндеттердің  бірі - барлық  көлік  жүйесіндегі 
жұмыстардың  сапасы  мен  күшін  жоғарылату  негізінде  жолаушылар  қозғалысы  мен 
оларды  тасымалдаудағы  халықтың  қажеттілігін  толық  жəне  уақтылы  өтеу  болып 
табылады.  Сондықтан  да,  осы  мəселелерді  шешу  қазіргі  заманның  талабы  болып 
табылады.  
ƏДЕБИЕТТЕР 
1. Қазақстан  Республикасының  2015 жылға дейінгі  көлік стратегиясы. 2006 жыл. 
 
 
 
 

ҚККА Хабаршысы № 1 (50), 2008 
 
 
220
ƏОК 629.463 
 
Қалиев Ербол - ізденуші (Алматы, АГТУ)) 
 
ЖҮК ТАСЫМАЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 
ЕРЕКШЛІКТЕРІ 
 
Тасымалдау жұмыстарының кез-келген экономикалық жүйеде жəне салада шешуші 
рөл  атқаратыны  мəлім.  Жүк  тасымалдау  жұмыстары  неғұрлым  тиімді,  ұтымды,  əрі  дəл 
мезгілінде  сапалы  түрде  орындалатын  болса,  ендеше  сол  өндіріс  саласында  еңбек 
өнімділігі  артып,  қосымша  шығындары  кемиді.  Демек  керекті  материалдармен,  шикі 
заттарды,  тауарларды,  дайын  бұйымдарды  тиісті  уақытында,  керекті  жерге  жеткізгеннен 
қаржы  айналымы  артады,  жалпы  аймақтақ  экономикалық  көрсеткіш  жоғарылайды. 
Тасымалдау  жұмыстарын  бірнеше  көлік  түрлерімен  атқарылатыны  белгілі,  дегенмен 
біздің  еліміздегі  бірден-бір  басты  орын  алатын  көлік  түрі,  автокөлікпен  тасымалдау. 
Автокөлікпен  тасымалдау  жұмыстарын  ұйымдастырудың  бірнеше  түрлері  болады. 
Төмендегі  «ТАПСЫРУШЫ -- ТАСЫМАЛДАУШЫ – ҚАБЫЛДАУШЫ»  бұл  ең 
қарапайым  ғана  жүйе,  дегенмен  бүгінгі  күні  əртүрлі  делдалдардың  пайда  болуына 
байланысты  мынандай  жүйе  көп  орын  алып  отыр: «ТАПСЫРУШЫ — ДЕЛДАЛ ---
ҚОЙМА-—ТАСЫМАЛДАУШЫ — ҚОЙМА – ҚАБЫЛДАУШЫ». 
Келтірілген екі жүйеден көрініп тұрғандай, екінші жүйеде қатынасушылар санының 
көбеюіне  байланысты,  тасымалдау  бағасы  қымбатқа  түседі  деуге  болады.  Бірақ  бұл 
жүйенің  екінші  жағынан  тиімділігі  бар.  Мысалы  кезкелген  адам  немесе  заңды  тұлғаның 
арнаулы автомобиль жалдауға шамасы келмейді немесе тиімсіз болады. Мысалы,Алматы 
қаласынан  Астана  қаласына  салмағы 5 тонна,  жалпы  көлемі 20 куб.м.  болатын  жүк 
жіберетін болды делік. Бүгінгі күнгі баға бойынша осы жүкті апарып беруге 5 тонналық 
жүккөтергішті Мерседес маркалы автомобильдің барып келу бағасы 150 мың тенге. Яғни 
1 тонна жүкке 30 мың тенгеден келеді немесе 7500 тенге бір куб. метр. Ал осы жүкті, егер 
соншама  асығыс  болмаса  делдалдар  бір  куб.метрін 3500...4000 тенгеден  апарып  бере 
алады. Олар осы сияқты бірнеше жүк тапсырушыларды арнаулы қоймада жинақтап, үлкен 
жүк  тасымалдаушы  автомобилін,  көбінесе  сол  жүкті  жіберетін  қаладан  немесе  аймақтан 
келген  жергілікті  автомобилді  жалдап,  оларға  қайтар  жолына  жүк  тапқаны  үшін  белгілі 
бір  мөлшерде  жеңілдіктер  жасатып,  қасына  жол  қосшыны  отырғызып  жібереді.  Ал 
бұрыннан істеп келе жатқан делдалдардың кез келген, негізгі жүк тасымалдау қалаларда 
өз  адамдары  болады,  солар  жіберілген  жүкті  өздері  арнаулы,  түрақты  қоймасына 
қабылдап  алады  да,  сол  жерден  жүкті  иелеріне  өткізеді.  Осы  нақты  мысалдан  жүк 
жіберуші  бір  куб.метрін 4000 мың  тенгеден  өткізді  делік,  ал  делдал  қорабы 110 
куб.метрлік  автомобиль  жалдасын,  олар 100.. 120 мың  тенге  алады,  демек  делдал  осы 
автомобильге 100 куб. метр көлемді жүк басқанда ол барлық жүк жіберушілерден 400 мың 
тенге алады, одан 120 мың тенгесін автомобильге төлейді, сонда 280 мың тенге қолында 
қалады,  егер  келісім  бойынша  жүк  тиеушілерге  делдал  төлейтін  болса,  бес  адам 20...25 
мың  тенге  алады,  сонымен  қатар  əртүрлі  жоспарланбаған  шығындар  үшін 10... 15 мың 
болуы мүмкін, сонда делдалда 240...250 мың тенге қалады.      
Делдалдықпен  тұрақты  айналысып  жүргендер,  тұрақты  бір  қойма  немесе  жеке 
үйлердің қорасын жалға алады, ол үшін бүгінгі бағамен бір үлкен автомобиль үшін 15...20 
мың тенге шамасында ақы төлейді. Егер барлық шығындарды шегеріп тастасақ, делдал ол 
біреу  немесе  бірнеше  адам  болуы  мүмкін,  бір  үлкен  автомобилден  бір  куб.метр  жүкке 
шаққанда 2000...2300 тенге  түсіреді.  Міне  осы  нақты  келтірілген  мысалдан  көріп 
отырғандай  жүк  тасымалдаудың  көптеген  ерекшеліктері  бар.  Сондықтан  автомобильдің 
техникалық жағын қарастырмай тұрып, оның жүкті қабылдап алуы мен тасымалдауының 
қалай ұйымдастырғанын өз алдына қарастырылуы керек. Өйткені кез келген автомобиль 
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет