Желінің классификациясы



Дата06.01.2022
өлшемі53,58 Kb.
#11458

Желінің классификациясы

Дәріс жоспары:

1. Желі түрлері.

2. Жергілікті және муниципальды желілері, ауқымды және сымсыз желілер. Олардың сипаттамасы.

3. Негізгі түсініктері : хост, желі түйіні, канал, магистраль, кабельді сегмент, желі сегменті. Олардың анықтамасы.

Жұмыс істеу аумағына байланысты АЕЖ мыналарға бөлінеді:

Жұмыс істеу аумағына байланысты АЕЖ мыналарға бөлінеді:

  • локалды (ЛЕЖ немесе LAN – Local Area Network);
  • аймақтық ((өңірлік) РЕЖ немесе MAN – Metropolitan Area Network);
  • ауқымды (ГЕЖ немесе WAN – Wide Area Network)

Абоненттері бір-бірінен алыс емес ара-қашықтықта (10–15 км-ге дейін) орналасқан желі локалды есептеуіш желі (ЛЕЖ) деп аталады. ЛЕЖ жақын аумақ шегінде орналасқан абоненттерді біріктіреді. Қазіргі таңда ЛЕЖ-нің абоненттерін аумақтық шашырауына нақты шектеулер жоқ. Көбінесе, ондай желі нақты объектіге қосылған. ЛЕЖ сыныбына жеке кәсіпорындар, фирмалар, банкілер, офистер, корпорациялар және т.б. желілері жатады.

  • Абоненттері бір-бірінен алыс емес ара-қашықтықта (10–15 км-ге дейін) орналасқан желі локалды есептеуіш желі (ЛЕЖ) деп аталады. ЛЕЖ жақын аумақ шегінде орналасқан абоненттерді біріктіреді. Қазіргі таңда ЛЕЖ-нің абоненттерін аумақтық шашырауына нақты шектеулер жоқ. Көбінесе, ондай желі нақты объектіге қосылған. ЛЕЖ сыныбына жеке кәсіпорындар, фирмалар, банкілер, офистер, корпорациялар және т.б. желілері жатады.

Егер мұндай ЛЕЖ-нің әр түрлі жайларда орналасқан абоненттері бар болса, онда олар Интернет ауқымды желінің инфрақұрылымын қолданады және осындай желілер корпоративті желілер немесе Интернет (Internet) желілер деп аталады.

  • Егер мұндай ЛЕЖ-нің әр түрлі жайларда орналасқан абоненттері бар болса, онда олар Интернет ауқымды желінің инфрақұрылымын қолданады және осындай желілер корпоративті желілер немесе Интернет (Internet) желілер деп аталады.
  • Аймақтық желілер қала, аудан, облыс және ұсақ елдің де абоненттерін байланыстырады. Көбінесе аймақтық АЕЖ-нің абоненттері арасындағы ара-қашықтық ондаған-жүздеген километрлер құрайды.
  • Ауқымды желілер жиі түрде әр елдерде немесе құрлықтарда орналасқан үлкен арақашықтықтардағы абоненттерді қосады. Мұндай желі абоненттерінің арасындағы өзара әрекет ету байланыстың телефон желілері, радиобайланыс желілері және де спутниктік байланыс негізінде жүзеге асуы мүмкін.
  • Компьютераралық байланысты ұйымдастырудың үш негізгі тәсілі бар:
  • қатар тұрған компьютерді олардың коммуникациондық порттарын басып өтетіндей арнайы кабельдермен қосу;
  • бір компьютерден екіншісіне модем арқылы өткізілген немесе спутниктик байланыстың көмегімен мәлімет жіберу;
  • компьютерлерді компьютерлік жүйеге біріктіру (қосу).
  • Екі компьютер арасындағы байланысты ұйымдастыруда көбінесе бір компьютерге ресурстар мен жабдықтаушы (поставщик) ролі (бағдарлама, мәлімет және т.с.с.), ал басқасына – бұл ресурстарды қайталанушы ролі бекітіліп беріледі. Бұндай жағдайда бірінші компьютер сервер, ал екіншісі – клиент мен немесе жұмысшы станциясы деп аталады. Арнайы бағдарламамен жабдықталған компьютер – клиентке жұмыс істеуге болады.

Мәлімет жіберуді ұйымдастыру принциптері бойынша желілерді екі топқа бөлуге болады:

  • тізбекті;
  • кеңтаралымды;

Тізбекті желілерде мәліметтерді жіберу бір тораптан екіншіге тізбекпен орындалады және әрбір торап алынған мәліметтерді әрі қарай ретрансляциялайды. Барлық ауқымды, аймақтық және көптеген локалды желілер осы типке жатады. Кеңтаралымды желілерде уақыттың әр мезетінде жіберуді тек бір торап қана орындай алады, басқа тораптар ақпаратты тек қабылдай алады.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет