Жəне мəдени қауымдастық ретінде



Pdf көрінісі
Дата12.04.2022
өлшемі478,67 Kb.
#30692


ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТҰТАС БІР ЖҮЙЕ. ОҒАН ХАЛЫҚТЫҢ ТІЛІ, ДІЛІ, 

МƏДЕНИЕТІ, ƏДЕБИЕТІ, ӨНЕРІ, СОНДАЙ-АҚ ХАЛЫҚТЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК 

ЖƏНЕ МƏДЕНИ ҚАУЫМДАСТЫҚ РЕТІНДЕ.



Кез-келген ұлттың өзіндік ұлттық құндылықтары

бар екендігі сөзсіз. Қазақ халқының шешендік сөз,

салт-дәстүр, қонақжайлық т.б. сол секілді

құндылықтары жетерлік. Ұлттық құндылықтар тек

сөзбен ғана берілмейді. Ол адамның өз

болмысымен, тарихымен, салт-дәстүрмен, әкеден

балаға қалып отыратын мұра іспеттес. Бүгінгі

жаһандану кезінде кез-келген ұлтты сақтап

қалатын дүниелер – сол ұлттың төл тарихы,

мәдениеті мен тілі екені анық.



Қазақ халқын ең бірінші еске алғанда

алдымен көк туымен және екі ішекті

домбырасымен әлем танитыны ақиқат.

Қазақ халқын сақтап қалу үшін алдымен

ұлттық құндылықтарды сақтап қалу ең

үлкен адами борыш болып есептеледі.

Ұлттық құндылықтардың ішінде адамға

қажетті нәрселердің барлыға бар.



Қазақ халқы шешендік сөзге аса қатты мəн берген. 

Шешендік сөздер тəрбие берудің аса қасиетті де құнарлы 

қаруы болып табылады. Себебі «шешендік сөз өнері өмір 

шындығымен, əлеуметтік уақыттың қатал да құбылмалы 

мінезімен бетпе-бет келгенде, адамға рухани жəдігер 

болып, көзден алыс, көңілге жақын құбылыстарды 

түсінуге жетелейді». Екінші сөзбен айтқанда қазақ би-

шешендерінің ұлттық моральдық құндылықтарды 

қалыптастыру əдіснамасының өзіндік қалпын білдірмек»




Ұлттық құндылықтың тағы бір түрі салт-дәстүр. Қазақ халқы

ежелден ұрпағын ержүрек, қайсарлыққа, басқаның ала жібін

аттамайтын адалдыққа, өзі түгіл астындағы мінген атына

доңыздың басқан жерінен шөп жегізбеген тазалықты, қазақ

мәдениетінде тау қалықтарының дархандығы, кеңпейілділігі,

жер жылжыса да жылжымайтын сабырлылығы, сөз тапқанға

қолқа жоқ деп аталы сөзге тұрып азаматша іс тындырған

бегзаттық жатыр. Қолына су құйған жас балаларға

ақсақалдардың таудай бол деп бата беретініде осындай қазақ

ұлты әрқашан тауға ұқсағысы келген асқақ арманына болса

керек.



Қорыта айтқанда, ұлттық құндылықтар – ұлт

қалыптасуының басты негіздерінің бірі.

Құндылықтар ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-

ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы

жүйеленген құндылықтартарды өскелең ұрпаққа

дәріптеу қажет. Енді өсіп келе жатқан жастарды

ұлттық құндылықтармен тәрбиелеу қазақ

халқының басты міндеті. Жоғарыда

айтқанымыздай әкеден балаға мұра ретінде

әдет-ғұрыпты, ауыз әдебиеті, сынды ұлттық

болмыстарды қалдырсақ ұлтты сақтап қалатыны



анық.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет