Жер беті және оның шағын аймақтары қағаз бетіне белгілі бір масштаб арқылы кішірейтіліп кескінделеді



бет1/2
Дата02.03.2023
өлшемі0,73 Mb.
#71139
  1   2

Масштаб

Жер беті және оның шағын аймақтары қағаз бетіне белгілі бір масштаб арқылы кішірейтіліп кескінделеді.


Масштаб дегеніміз - пландағы, картадағы сызықтың, кесіндінің өзіне сәйкес жер бетіндегі горизонталь проекциясына қатынасы. Масштаб сандық, сызықтық, көлденең болып бөлінеді.
Сандық масштабтың бөлімі кіші болған сайын, соғұрлым план мен картаның масштабы ірі болады және керісінше, бөлімі үлкейген сайын карта мен планның масштабы ұсақ болып келеді.
Геодезияда келесі масштабтар жиі қолданылады 1: 500, 1: 1 000, 1: 2 000, 1: 5 000 – план үшін және 1: 10 000, 1: 25 000, 1: 50 000, 1: 100 000, 1: 200 000, 1: 300 000, 1: 500 000, 1: 1 000 000 карта үшін. Жоғарыдағы қатынастардың өзгерісі жердегі сызықтың 500, 1000, 2000 және т.т. есе кішірейгенін көрсетеді. Яғни айтқанда пландағы 1 см кесіндіге жер бетіндегі 500 см немесе 5 м, 1000 см немесе 10 м, 2000 см немесе 20 м және т.т.
Егер план 1: 1000 масштабында жасалса, онда жер бетіндегі ұзындығы 1000-см-лік ара қашықтық планға 1 см-лік кесінді түрінде кескінделеді. Мұндай масштаб сандық масштаб делінеді. Мына төмендегі масштабтар 1: 1000; 1: 2000; 1: 5 000; 1: 10 000 т.б. ірісінен ұсақтарына қарай жазылады. Масштаб ірі болса, сызықтың ұзындығын қағаз бетіне түсіріп, не керісінше пландағы кесінді арқылы оның жер бетіндегі ұзындығын табуға болады.
Іс жүзінде осы есептерді қолдану ыңғайсыз, сол себептен сандық масштабтың орнына сызықтық масштаб, көбінесе көлденең масштаб қолданылады.
Сандық масштабтың қағаз бетінде график түрінде бейнеленуін сызықтық масштаб дейді (сурет 7.1).



Сурет – Сызықтық масштаб


Сызықтық масштаб бір түзудің бойын масштаб негізі деп аталатын біріне-бірі тең бірнеше кесінділерге бөлгеннен шығады. Масштаб негізі әдетте 1 см-ге тең болып келеді. Сол жақтағы шеткі негіз тең 10 бөлікке бөлінеді. Оның оң жақ ұшы 0 деп белгіленеді. Сандық масштабтың да кемшілігі бар. Ол кемшілік сызықтық масштабпен пайдаланғанда оның 0-ден сол жақтағы негізінің ұсақ бөлшектерінің аралығын көз шамасымен бағалаудан туады. Сондықтан өте үлкен дәлдікті қажет ететін өлшеулер үшін көбінесе көлденең масштаб қолданылады.


Көлденең масштаб сызықтық масштабтың түріне жатады. Ол келесі түрде салынады. Түзу горизонталь сызықтың бойымен бірнеше рет масштабтың негізін құрайтын 2 см кесінді салынады. Әрбір салынған кесіндінің шетінен кез-келген ұзындықпен перпендикуляр сызық түсіріп, сол сызықтарды бірдей он бөлікке бөліп, әр бөлігінен негізге параллель сызықтар жүргізеді. Нольдік штрихтың сол жағында жатқан бөліктің жоғарғы және төменгі кесінділерін бірдей онға бөліп (әр бөлігі 2 мм), нүктелерді қиғаш сызықпен қосады. Нольдік штрихтың сол жағындағы 2 мм бөліктердің шамасы негіздің 1/10 болса, төменнен жоғары бөлінген бөліктің шамасы негіздің 1/100 бөлігі болады. Негізі 2 см көлденең масштабты жүздік немесе жай көлденең масштаб дейді. Көлденең масштаб металл сызғыштарда көрсетіледі, оны масштабтық сызғыш деп атайды (сурет 7.2).



Сурет – Көлденең масштаб

Көлденең масштабты қолданып өлшеу жүргізу алдында оның негізгі бөліктері жердегі қандай ара қашықтықтарға сәйкес келетінін анықтау, яғни 2 см, 2 мм, 0,2 мм план масштабының бөліміне көбейтілгенде неге тең болатынын білу қажет. Мысалы, 1: 5 000 масштабындағы план үшін – 100 м,


5 м, 0,5 м.
Өлшеу кезінде циркуль ашасының инесін диаметрі 0,1 мм шеңбер ретінде қабылдауға болады. Осы шамадан кем кесінділерді сызбаға түсіру іс жүзінде мүмкін емес. Планның 0,1 мм нақты масштабына сәйкес келетін жердегі ара қашықтық масштабтың дәлдігі деп аталады. Мысалы, 1: 500, 1: 1 000, 1: 2 000, 1: 5 000, 1: 10 000 масштабтары үшін олардың дәлдігі 0,05 м, 0,1 м, 0,2 м, 0,5 м, 1,0 м-ге тең. Демек, осы көрсетілген кесінділерден кем кесінділер берілген масштабтағы планда кескінделмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет