Жетекші іс-әрекетінің мотивациясы



бет1/2
Дата15.11.2022
өлшемі21,3 Kb.
#50362
  1   2

3.9 Жетекші іс-әрекетінің мотивациясы
Басқару теориясында психологиялық заңдылықтар басқарудың негізгі функцияларының бірі – мотивация функциясына байланысты қарастырылады. Оның мазмұны, сондай-ақ жетекшінің оны қамтамасыз етудегі бүкіл белсенділігін басқару іс-әрекетінде аса маңызды компонент болып табылады. Оның сипаттамасында екі аспект бар: жетекші оны іске асыруда не істеу керектігін сипаттау және басқару әсерлерінің неге бағытталуы керектігін сипаттау (атқарушылардың мотивін сипаттау). Мұндай сипаттама жеткіліксіз, өйткені мотивтену функциясын қамтамасыз етудегі жетекшінің іс-әрекетінде өзіндік мотивтері мен мотивтендіру күштері бар. Мотивтендіру бұл жерде жетекшінің өзіндік белсенділігінің көзі ретінде болады. Сондықтан мотивтендіру проблемасында тағы бір қыр бар – бұл басқару ісәрекетін ұйымдастырудың мотивтендіру заңдылықтары. Жетекшінің мотивтендіру қызметін ашып көрсетуде мотивтенулік реттеулердің әлдеқайда жалпы, негізгі психологиялық ерекшеліктері кілт болып табылады. Басқару іс-әрекеті – күрделі және интеллектуалдандырылған, сондықтан ол өзіне мотивтендірудің психологиялық заңдылықтарының бүкіл спектрін әлдеқайда толығырақ қосып алады. Мотивтендірудің кейбір концепциялары Д. МакГрегордың Х-теориялары мен У-теориялары, В. Оучидің Z-теориясы, Ф. Херцбергтің қосфакторлық теориясы қарастырылды. Негізінен, олардың барлығы атқарудың мотивтендіруін қарастырады. Мұнда қарастырылатын тәсілдер осымен қатар жетекшінің өзінің мотивтену ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Мотивацияныың мазмұндық теориялары Мотивацияныың негізгі теориялары екі топқа – мазмұндық және процессуалдық болып бөлінеді. Біріншілері адамдардың мінез-құлқы мен кәсіби іс-әрекеті негізінде жататын ішкі ұмтылыстарын қарастырады. Процессуалдық теориялар мотивтердің қабылдау, тану, коммуникация сияқты процестермен өзара әсерін ескере отырып, тұтастай мотивтендірілген мінез-құлық ұйымдасқан заңдылықтарды ашып көрсетеді. Мазмұндық тәсілдер жоғарыда қарастырылғандардан басқа, тағы да екі – А. Маслоу және Д. МакКлелландтың теориялары жатқызылады. А.Маслоудың «мотивтер иерархиясы» тұжырымдамасы. Тұлғаның барлық қажеттіліктері бес негізгі топқа бөлінеді: А) физиологиялық қажеттіліктер; Ә) қауіпсіздікке қажеттіліктер; Б) әлеуметтік байланыстарға қажеттіліктер; В) құрметке қажеттіліктер; Г) өзін-өзі танытуға (көкейкестілендіруге) қажеттіліктер. Қажеттіліктердің осы топтары бір мезгілде қатаң иерархиялық өзара бағыныстағы қажеттіліктердің негізгі бес деңгейі болып табылады. Әрбір жоғары жатқан деңгей қажеттіліктері тек барлық төмен жатқан деңгейлердің қажеттіліктері қанағаттандырылған кезде ғана туындайды. Төменгі қажеттіліктер (А және Ә деңгейлері) – «мұқтаждық қажеттіліктері», жоғарғылары (Б, В және Г деңгейлері) – «өсу қажеттіліктері». Біріншілері тұлғаның аман қалуын, ал екіншілері дамуын қамтамасыз етеді. Мотивтенудің жоғары деңгейі, А. Маслоу бойынша, «принципті түрде қанықпаған, өйткені өзін жетілдіруге қажеттілік ешқашан толықтай қанағаттандырылуы мүмкін емес». А. Маслоу жүйесі жетекшіге басқарудың мотивтік қызметтері негізінде құрылатын мотивация факторларының жүйесін көрсетеді. Ол басқару іс-әрекетіндегі жетекшінің өзінің осындай мотивациясын жақсы түсінуге көмектеседі. Басқару мотивтері жоғары деңгейлердің, ал атқару мотивтері төменгілердің мотивтері болып табылады. «Өзін-өзі танытушы тұлға» – бұл дамудың өзі жеткен деңгейінің шегінен асу қажеттілігі бар тұлға. Ол келесідей мінездерді сипаттайды: нақтылыққа бағдарлану, төзімділік, кездейсоқтық, іскерлік бағытталу, теріс мүдделерді шектеу, тәуелсіздік, оптимизм, руханилық, ішкі әлемі бай, демократиялық принциптер, әзіл, кретивтілік, қуаттылық, нонкорформизм. Тұлғаның карьералық бағытталуында нақ осы өзін-өзі танытуды мотивтендіру басты ынталандырғыш болып табылады. Ол жетістікті мотивтендірумен тығыз байланысты, бұл ұғым Д. МакКлелланд тұжырымдамасымен енгізілген. Д. МакКлелландтың мотивация тұжырымдамасы. Негізгі зейіні жоғары – өзіндік тұлғалық қажеттіліктерге («екінші») аударылады. Автор нақ солар адамдық мінез-құлықтың өзіндік ерекшелігіне, оның күрделілігі мен қарама-қайшылығына шешуші ықпал көрсетеді деп есептейді. Бұл теория мазмұндық топқа жатады – онда қажеттіліктердің негізгі үш тобы: биліктегі, табыстағы, қатысудағы (партисипативтілік қажеттілігі) қарастырылады. Билікке қажеттілік адам белсенділігінің мотивтік жүйесіне мұндай түрде бірінші рет енгізіледі. Оны құрмет өзін көрсетуге қажеттіліктердің туындысы және синтетикалық ретінде қарастырады. Мұндай қажеттілігі бар адамдар доминанттылықтың тұлғалық сапасымен сипатталады. Олар белсенді, қуатты конфронтациядан қорықпайды, өз көзқарастарын қорғай алады. Табысқа қажеттілік (жетістік мотивациясы) – тұлғаның базалық екінші қажеттілігі. Табысқа қажеттілік барлығы үшін жалпы болып табылады, оның даму шамасында ғана айырмашылықта болады. Д. МакКлелланд қоғамның және бүкіл елдің тұтастай дамуының деңгейі оның азаматтарында осы қажеттіліктің даму деңгейіне байланысты деп есептейді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет