Жетекшісі: Мусанова Адина 2020жылы Тақырыбы: Тарихи грамматика-пәні, мақсаты мен міндеті, сипаттамалық, грамматикалық өзгешелігі мен байланысы



бет1/4
Дата06.01.2022
өлшемі24,26 Kb.
#15389
  1   2   3   4



Баяндама

Тақырыбы:« Қазақ тілінде тарихи грамматиканың зерттелуі»

Группа: 406

Орындаған: Аралбаева Аружан

Жетекшісі: Мусанова Адина

2020жылы

Тақырыбы: Тарихи грамматика-пәні, мақсаты мен міндеті, сипаттамалық, грамматикалық өзгешелігі мен байланысы.

Жоспар:

1.«Тарихи грамматика» терминінің кең және тар мағынасы, зерттеу нысаны, салалары,тіл білімінде алатын орны.

2.Түркологияда, қазақ тіл білімінде тарихи грамматиканың зерттелу жайы.

3. Қорытынды

1.«Тарихи грамматика» терминінің кең және тар мағынасы, зерттеу нысаны, салалары,тіл білімінде алатын орны.

Тіл тарихы жалпы тіл білімінің бір саласы. Зерттеу нысаны – бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер, яғни жүйеленген әдеби тіл ескерткіштерінің де, халықтық сөйлеу тілінің де өзгерістері мен даму заңдылықтарының негізін анықтайды. Тіл тарихы ескерткіштер тілін зерттеп қана қоймай, жазу қолданғанға дейінгі көне дәуірде болған болған тілдің сипатын жобалауға да ұмтылады. Тіл тарихы өз зерттеулерін бүгінгі тіл фактілеріне талдау жасаудан бастап, сол қорытындылар негізінде өткен дәуірлерге үңіледі. Тіл білімінде бұндай әдіс – регроспективтік әдіс деп аталады. Жазба әдеби тілдің өзі халық тілі негізінде қаланатындығын, сондықтан оның құрамында варианттар мен жарыспа элементтер болатынын былай қойғанда, ол ауызекі сөйлеу тілімен тығыз қатынаста, тығыз байланыста болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет