Жиынтық бағалау Бағалау қалай есептеледі?



бет1/4
Дата13.10.2022
өлшемі2,68 Mb.
#42759
түріБағдарламасы
  1   2   3   4

Жиынтық бағалау үдерісі


Атырау 2022

Жоспары:


Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары өтілген бөлім немесе ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім немесе ортақ тақырыптардағы бағалауға жататын оқу мақсаттарының саны пәндерге байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелерін талдау Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелеріне мұғалім талдау жасап, осы талдау негізінде оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін анықтап, оқушыға беретін кері байланыс әрекетін жоспарлайды. Кейбір жағдайларда мұғалім өзінің оқытуды ұйымдастыру үдерісін қайта қарап шығып, оқушыларды оқу жетістіктеріне жетелейтін оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмаларды, оқытудың әдістәсілдерін дұрыс ұйымдастыруы қажет. Орындалған жұмыстың нәтижелері оқушы үшін түсінікті болып, оның ары қарай оқуына және алға ілгерілеуіне ынталандыра алатындай болуы тиіс.
Тоқсандық жиынтық бағалау түрлі бақылау және тексеру жұмыстарын ұйымдастыру арқылы өткізіледі. Тоқсандық жиынтық жұмысты құрастыруда оның білу мен түсінуді, қолдану дағдыларымен ғана шектелмей, оқушының жоғарғы деңгейдегі ойлау қабілетін: анализ, синтез және баға беруін анықтауға мүмкіндік беретін тапсырмаларды қамтуы маңызды екендігін ескерген жөн. Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар үлгілері әдістемелік нұсқаулықтарда беріледі. Дегенмен әр мектеп жиынтық бағалау тапсырмаларын өз еркімен дайындай алады. Мұғалімге көмек ретінде жиынтық бағалаудың тапсырмалары жинақталған базасы да қолданылуы мүмкін. Оқу жылының басында мектептегі әдістемелік бірлестікте оқу жылына арналып жасалған бағалау жоспары әзірленеді. Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау кезінде мұғалімге оқу бағдарламасында берілген оқу мақсаттарына шолу жасап шығу ұсынылады. Бағалау оқу жоспарында анықталған оқу мақсаттарының меңгерілу деңгейін анықтайды.
Формативті бағалау – бұл бағалау түрінде, оқушылардың ағымдағы үлгерімі туралы кері байланысты (түсініктемерлер және ұсыныстар) ретінде көрсету мақсатында, оқушылардың үлгерімін жақсарту мақсатында Ата-аналарға және оқушыларға арналған бағалау түрі. Формативті бағалау 10 балдық жүйе форматында өтеді.
Жиынтық бағалау - белгілі бір кезең аяқталғаннан кейін баллмен есептелетін (БЖБ) және оқу бағдарламасының бөлімдерді бойынша (ТЖБ) бағаланатын бағалау түрі.
Назар аударыңыз! Жүйеде қорытынды баға автоматты түрде қалыптасады, бірақ ол ұсынылған баға ретінде шығады. Журналда мұғалім қорытынды бағаны Жүйе ұсынған бағаға сүйене отырып, қолымен қояды. Егер қорытынды баға баллды бағаға ауыстыру шкаласына сәйкес келмесе, онда ол мәселе бойынша сұрақты білім беру ұйымының қызметкерлеріне (сынып жетекшісіне немесе әкімшіге) нақтылау үшін жіберу ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет