Жыл мезгілдері туралы қыс туралы



Дата06.01.2022
өлшемі58,2 Kb.
#15186

ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ ТУРАЛЫ Қыс туралы Ыс – ыс – ыс, Келіп жетті қыс. Ар – ар – ар, Жауады қар. Яз – яз – яз Сақылдаған сары аяз. Ран – ран – ран, Соғады боран. На – на – на, Зулайды шана. Күз туралы Үз – үз – үз, Жаңбырлы Күз. Рақ – рақ – рақ, Саулайды жапырақ. Ел – ел – ел, Соғады жел. Іс – іс – іс, Піседі жеміс. Дай – дай – дай, Жинаймыз бидай. Көктем туралы Тем – тем – тем, Көңілді көктем. Ыр – ыр – ыр, Жауады жаңбыр. Ғай – ғай – ғай, Жарқылдайды найзағай. Шек – шек – шек, Шығады бәйшешек. Ал –ал –ал, Төлдейді мал. Жаз туралы. Аз – аз – аз, Жайдары жаз. Үн – үн – үн Ыстық күн. Ға – ға – ға, Шомыламыз суға. Яқ – яқ – яқ, Жүреміз жалаң аяқ. Иын – иын – иын, Болады көп ойын.

иҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ ТУРАЛЫ Ие – ие – ие, Маң – маң басқан түйе. Та- та – та, Жібек жүнді бота. Иыр – иыр – иыр, Сүт береді сиыр. Зау – зау – зау, Мөңірейді бұзау. Қы – қы – қы, Кісінейді жылқы. Шақ – шақ – шақ, Құлдырайды құлыншақ. Ой – ой – ой, Қорада тұр қой. Зы – зы – зы, Моп – момақан қозы. Кі – кі – кі, Сақалды ешкі. Ақ – ақ – ақ, Секеңдеген лақ. Ік – ік – ік, Шәукілдейді күшік. Ық – ық – ық, Тышқан жейді мысық. ЖАБАЙЫ АҢДАР ТУРАЛЫ Ю – ю – ю, Қорбаңдайды аю. Тан – тан – тан, Аң патшасы – Арыстан. Ыс – ыс – ыс, Тарғыл түсті жолбарыс. Қыр – қыр – қыр, Бұл көкжал қасқыр. Іл – іл – іл, Тұмсығы ұзын піл. Лан – лан – лан, Шығады жылан. Кі – кі – кі, Айлакер қу түлкі. Ян – ян – ян, Қорқақ қоян. Пі – пі – пі, Тікенекті кірпі. Ін – ін – ін, Жаңғақ жейді тиін. ҚҰСТАР ТУРАЛЫ Пан – пан – пан, Сап – сары балапан. Ұс – ұс – ұс, Ұшты үлкен құс. Ғай – ғай – ғай, Жем шоқиды торғай.
Ға – ға – ға, Тал басында қарға. Ғаш – ғаш – ғаш, Ұя салды қарлығаш . Бұл – бұл – бұл, Сайрайды бұлбұл. Қан – қан – қан, Ала қанат сауысқан. Дақ – дақ – дақ, Емші құс тоқылдақ. Қу –қу – қу, Жүзеді қос аққу. Уық – уық – уық, Қыт – қыттайды тауық. Шін – шін – шін, Бақыт құсы көгершін. Кек – кек – кек, Өз атын шақырады көкек. Рек – рек – рек, Ұшты көлден үйрек. Еш – еш – еш, Шақырады әтеш. Кіт – кіт – кіт, Самғайды Бүркіт. КИІМДЕР ТУРАЛЫ Он – он – он Тері тон. Пақ – пақ – пақ Киіз байпақ Пан – пан – пан Атам киеді шапан Лош – лош – лош Әжем киеді галош Зол – зол – зол Зерлі камзол Я – я – я Моншақта тақия Ле – ле – ле Үуілі сәукеле Қап – қап – қап Әдемі қолқап Лек – лек – лек Қос етек көйлек Ли – ли – ли Биік өкше туфли Ік – ік – ік Сәнді етік Ди – ди – ди Су кешетін поди Мақ – мақ – мақ Жылы тымақ Пек – пек – пек Тоқыған телпек Ки – ки – ки Жүн носки ЫДЫС-АЯҚ ТҮРЛДЕРІ ТУРАЛЫ Бақ –бақ – бақ Ас салатын табақ Шақ – шақ – шақ Өткір пышақ Зан – зан – зан Ет асатын қазан Зы – зы – зы Алма салатын вазы Ман – ман – ман Су құятын құман Нек – нек –нек Шай қайнайтын шәйнек Се – се – се- Шай ішетін кесе Гі- гі – гі Сүт сүзетін сүзгі Ке – ке – ке Шұңғыл тәрелке Ық – ық – ық Ас ішетін қасық ЖАНҰЯ МҮШЕЛЕРІ ТУРАЛЫ Та – та – та Ақ сақалды ата Е – е – е Ақ жаулықты әже Ке – ке – ке Асқар таудай әке На – на – на Мейірімді ана Ға – ға – ға Қамқоршы аға Ыз – ыз – ыз Айназ жақсы қыз Ла – ла – ла Саят пысық бала








Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет