Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар



бет1/102
Дата07.03.2023
өлшемі0,63 Mb.
#72397
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102

  1. 1930-1988 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ ЕСІМДІКТЕРДІ ЖІКТЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ҰСТАНЫМДАР

Ұлттық тіл біліміне дейінгі зерттеушілер арасында жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін тануда алшақтық болмағанмен‚ есімдіктердің мағыналық топтары түрліше сараланған. Мәселен, Н.Ильминский есімдіктің 3 түрін ғана көрсетсе, М.Терентьев, П.Мелиоранскийлер 5 түрін, И.Лаптев, Н.Созонтовтар 6 түрін атайды. Басқа зерттеушілердегі өздік, тәуелдік есімдіктері Қ.Кемеңгерұлы жіктеуінде жоқ, ал анықтау (определительные) есімдігі басқа ғалымдарда кездеспейді.


А.Байтұрсынұлы мен Қ.Кемеңгерұлының есімдіктерді топтастыруы еңбектеріне ұқсас:


А.Байтұрсынұлы

Т.Шонанов

Қ.Кемеңгерұлы

Жіктеу

личные

личные

Сілтеу

указательные

указательные

Сұрау

вопросительные

вопросительные

Шектеу



определительные

Танықтау



неопределенные



возвратные





притяжательные


Т.Шонанов есімдіктерді жіктеуде П.Мелиоранский еңбегіне сүйенсе, Қ.Кемеңгерұлы А.Байтұрсынұлы топтастыруын басшылыққа алған. Оқулығы орыс топтарына арналғандықтан, атаулары орысша болғанмен, есімдіктерді тануда Қ.Кемеңгерұлы мен А.Байтұрсынұлы еңбектерінде алшақтық байқалмайды.


Қ.Кемеңгерұлының есімдіктерді тануынан мынадай ерекшеліктер көреміз: а) А.Байтұрсынұлы еңбектеріне сүйене отырып, тәуелдеу есімдіктерін есімдік қатарына қоспай, жалғау ретінде қарастырады;
ә) өздік есімдіктерін есімдіктің бір түрі ретінде жеке шығармай, оны анықтау (определительные местоимения) есімдіктерінің ішінде түсіндіреді. Бұдан басқа әркім, әрқайсысы, бәрі, барша т.б. есімдіктерін де анықтау есімдіктері қатарында атайды. Осы орайда ғалым есімдіктердің атауы ретінде «анықтау есімдігі» дегенді ұсынады да, оған «танықтау есімдігін» қарсы қояды. Яғни «анықтау есімдігі» – жеке адамды немесе топты көрсетсе, «танықтау есімдігі» – нәрсенің жоқтығын, белгілі еместігін немесе түгел еместігін білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, бүгінгі таңдағы өздік есімдігі, жалпылау есімдігі деп танылып жүрген есімдіктердің басын қосып, «анықтау есімдігі» деп атайды да, белгісіздік есімдігін «танықтау есімдігі» дейді;
б) Қ.Кемеңгерұлы есімдіктердің септелу үлгісін көрсетіп, онда жіктеу есімдіктері жатыс септіктен басқа септіктерде азатынын, яғни дыбыстық өзгерістерге ұшырайтынын (маған, сені т.б.), сілтеу есімдіктері септелгенде, көптік жұрнағын* қабылдағанда, соңғы дыбысы түсіп қалатынын (о-ның, бұ-дан, мына-лар т.б.); сілтеу есімдіктері есімдерден бұрын келіп, анықтауыш қызметін атқарғанда септелмейтінін; сұрау есімдіктерінің ішінде қайсы есімдігі барыс септігін -ған түрінде қабылдайтынын (қайсыған); қашан есімдігі ілік, табыс септігінде түрленбейтінін айтады;
в) сілтеу есімдіктерінің жекеше түріне тәуелдік жалғаулары жалғанғанда, негізден кейін н дыбысы қосылатынын әрі сөз басындағы б дыбысы м дыбысына ауысатынын, ал көпше түрде мұндай өзгерістердің болмайтынын ескертеді. Шектеу (определительные) есімдіктерінің ішінде әркім есімдігінен басқалары тәуелдеулі түрде ғана қолданылатынын, ал кей, қайсыбір, ешбір сияқты танықтау есімдіктері тәуелденбей тұрып септелмейтінін, жіктелмейтінін айтады;
г) жіктеу есімдіктерінің анайы, сыпайы, жекеше, көпше түрлері болатынын ескертеді;
ғ) есімдіктерденкейін-шыл, -ша, -лық, -дай, -дағы, -нікі, -сызжұрнақтарығанажалғанаалатынынайтады.
А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлыеңбектеріндеесімдіктердұрысжіктеліп, сараланған. Алайдабұлжіктеукейінгіғалымдардасабақтастықтаппайқалған:


Қ.Кемеңгерұлы «Оқу құралы», 1928, 1929

Қ.Жұбанов «Қазақ тілінің програмы», 1936

С.Аманжолов «Қазақ тілінің грамматикасы», 1939

Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев «Қазақ тілінің грамматикасы», 1948

Личные

жіктеу

жіктеу

жіктеу

Указательные

сілтеу

сілтеу

сілтеу

вопросительные



сұрау

сұрау

неопределенные

болымсыз белгісіз
алалау

болымсыздық белгісіздік


болымсыздық
белгісіздік


определительные



тәуелдеу (өз) жалпылық

тәуелдеу
жалпылау








Ғалымдар арасында жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін тануда алшақтық болмағанмен, кейінгі зерттеушілер анықтау, танықтау есімдіктерін ұсақ бөлшектерге жіктеуге тырысқан. Яғни А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде танықтау есімдігі нәрсенің жоқтығын (ешкім, ештеңе, ешбір)‚ анық белгілі еместігін (әлдекім, әлдене) немесе түгел еместігін (кейбір, қайсыбір) білдіретіні сөз болса, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев еңбектерінде нәрсенің жоқтығын білдіретін сөздер — болымсыздық есімдіктері, анық белгілі еместігін білдірсе, белгісіздік есімдіктері, түгел еместігін білдірсе, алалау есімдіктері деп аталып, танықтау есімдігінің мағыналық ерекшеліктеріне сәйкес өз ішінен одан әрі таратыла түскен. Бұлайша жіктеу бүгінгі таңдағы оқулықтарда да үрдіс алып келеді:




Қ.Кемеңгерұлы «Оқу құралы», 1928, 1929

«Қазіргі қазақ тілі», 1954


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет