Жылдар арасындағы қазақ әңгімесіне шолу



бет1/2
Дата02.11.2022
өлшемі0,73 Mb.
#47085
  1   2

1930-2000 жылдар арасындағы қазақ әңгімесіне шолу.

  • Орындағандар: Садыкова А, Тлеу A, АхметоваТ,Серікқазықызы Ж, Досымбек Н
  • Қабылдаған: Панзабек Багила Торебеккызы

Бұл жылдардағы поэзияның ең көрнекті тақырыптарының бірі – индустрияландыру тақырыбы болды. Ел ішінде салынып жатқан өндіріс орындары, темір жол құрылыстары, осы жолдағы табыстар мен қызу еңбек – алдымен ұшқыр өлеңнің назарына ілікті. Қазақ ақындары бұл тақырыпқа арнап көптеген өлең, поэмалар жазды.
1930-2000 жылдардағы әдебиет
Отызыншы жылдар ішінде біздің елімізде іске асқан қоғамдық-экономикалық өзгерістер қазақ поэзиясының дамуында жаңа дәуір туғызды. Поэзияның тақырыптары да, қаһармандары да жаңарып, жанрдың ішкі мүмкіншіліктері кеңейіп өсті.
Өндіріс тақырыбына жазылған алғашқы өлеңдердің идеялық мәні бесжылдық жоспарды төрт жылда орындауға шақырып, қалың бұқараны творчестволық еңбекке жігерлендіруге үгіттеумен байланысты болды.
C.Сейфулиннің «Қалаушылар жыры», «Тоқу фабригінде», І.Жансүгіровтің «Алтын қазан», «Екпін күйі», С.Мұқановтың «Қарағанды», «Конвейер», Қ.Әбдіқадыровтың «Екпін», А.Тоқмағамбетовтың «Түрксиб түйіскенде», Т.Жароковтың «Бесжылдықтың бағасы», Ғ.Ормановтың «Шеңбер», «Мыс қала», Ә.Тәжібаевтың «Айнабұлақ», Ө.Тұрманжановтың «Байғыз» тағы басқа өлеңдері бүкіл одақтық социалистік өндірістің екпінді қарқынына үн қосу мақсатымен ғана жазылған емес, Қазақстанның индустрияландыру саласындағы жаңалықтарын нақты суреттермен бейнелеу тұрғысында да пайдалы қызмет еткен шығармалар болып табылады.
І.Жансүгіров Қазақстанның кен байлығын алтын қазанға балап, соны пайдаға асырып жатқан халық күшін мадақтаса, С.Мұқанов өлеңдері ақынның Қарағандыда болған кездегі ой-сезіміне, әсерлеріне құрылады. Осындай әсер Ғ.Орманов пен Ө.Тұрманжановтың Балқаш жайлы өлеңдерінде де байқалады.
А.Тоқмағамбетов пен Ғ.Орманов, Ә.Тәжібаевтардың қуатты өлеңдері Түркістан – Сибирь темір жолының іске қосылуына арналған.
Бұл тақырыпты әр ақын өзінше шешті. Қазақ поэзиясының отызыншы жылдар ішінде көр жырлаған тақырыптарының бірі – ауыл шаруашылығын коллективтендіру, колхоз құрылысының нығаюы, шаруалар санасындағы өзгерістерді бейнелеу болды.
Қазақ тарихының әр дәуірдегі әр қилы шындығын бейнелеуде І.Жансүгіровтың атқарған қызметі ерекше.
1930 жылы жазған «Дала» поэмасында ол қазақ тарихының революциядан бұрынғы ауыр кезеңдерін оқушыға таныстыра келіп, даладағы өзгерістерді мақтанышпен жырлайды.Ұзақ тарихи оқиғаларды нақты да жинақы етіп көркем елестете алуымен, бүгінгі жаңалықтарды реалистік шабытпен суреттеуімен, рухани қуатының молдығымен «Дала» – отызыншы жылдардағы қазақ поэмаларының бір сала үлгісі. Мұнда ақын тарихты шолып қана қоймай, қоғамдық дамудың заңдылығы жайлы философиялық түйіндер жасайды.
Отызыншы жылдар ішіндегі қазақ әдебиетінің елеулі табысы – үлкен прозаның өрістеуі. Көркем әңгіме, повестермен қатар үлкен прозаның үлгісі – роман туды.
Б.Майлиннің «Азамат Азаматыч», І.Жансүгіровтің «Жолдастар», С.Мұқановтың «Теміртас», «Ботакөз», М.Дәулетбаевтың «Қызылжар», С.Ерубаевтың «Менің құрдастарым», Ғ.Мұстафиннің «Өмір не өлім» романдары халқымыздың өткен тарихи жолы мен бүгінгі өмірін эпикалық кең суреттеп беруімен, жанрдың ішкі ерекшеліктерін меңгеріп, типтік құбылыстарды бейнелей алуымен аз уақыттың ішінде-ақ бұл жанрдың зор болашағын танытты.
Отызыншы жылдар қазақ әдебиетінде әңгіме жанрының қаулап өскен, бірталай идеялық-көркемдік табыстарға ие болған дәуірі болды
Бұл жылдары әңгіме жанрында Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Ерубаевтар өнімді еңбек етті. Қазақ прозасының бағыты, оның өмір шындығын терең де жан-жақты қамтуға талабы, жазушыларымыздың тынымсыз ізденістері отызыншы жылдар әдебиетінің үлкен табысы болып саналады.
60-шы жылдары ұлы Мұхтар Әуезов сөзімен айтқанда «Әдебиетімізге жыл келгендей жаңалық сезінерлік» жаңа тегеурінді ақындар толқыны келді. Олар өлеңдерінің өміршеңдігімен, көркемдік ерекшеліктерімен әдебиет табалдырығын аттап, бұл күнде бұғанасы бекіген, кемел жасқа ғана емес, поэзиямызды кемелдікке жеткізді
Ақындар 60-шы жылдары әртүрлі сезіммен әдебиет есігін ашты. Бірі – сезім шуағына шомыла келсе, енді бірі – ой бұлтына батты. Енді бірі – терең ағым, тұңғиық иірімдерге барса, екіншісі – сөз сымбатының шолпыларын сыңғырлатып, шашпауын көтере келді.Әр қайсысының алдында – ақын болу, ақын болып азаматтық парызды өтеу. Ел, қоғам алдында қызмет көрсетіп, жұртшылыққа жүрегімен танылу мақсаты бар еді.
60-70-ші жылдардың поэзия хақында ара-тұра баспасөз беттерінде сыни мақалалар жазылғанымен, зерттеу объектісі етіп алу, оны жан-жақты талдау жағы әлі күнге біржола қолға алынбаған шаруа екенін жоғарыда айттық. Сондықтанда әдеби-эстетикалық ой жүйесі тұрғысынан да, жаңашылдық проблемасы хақында да, көркемдік ізденістер мен дәстүр жайында да зерттеуге тұрарлық, негізі бар дүние деп санаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет