Жылдардағы Кеңестік жүйенің реформаларының қасіретті салдарларына байланысты тарихи зерттеулер



Pdf көрінісі
Дата06.01.2022
өлшемі286,76 Kb.
#15233


20-30 

жылдардағы  Кеңестік  жүйенің  

реформаларының  қасіретті  салдарларына 

байланысты тарихи зерттеулер. 

 

Индустрияландыруды сәтті дамыту үшін дамыған қатынас жолдарын, атап айтқанда, 



темір жол желісін салу кажеттігі туды. Алматыдан Семейге дейін созылуға тиіс болган 

Түркістан-Сібір темір жолы сол кездегі Қазақстандағы ең маңызды құрылыс объектісі 

болды.  Бұл  жол  пайдалануға  берілмейінше  республиканың  ауқымды  шығыс  және 

оңтүстік-шығыс аудандарындағы  халык  шаруашылығын  қайта  құруды сәтті  түрде 

жүзеге  асыру  мүмкін  емес  еді.  Түрксіб  темір  жол  құрылысы  1931  жылға  қарай 

аяқталды. Бұрын жаңа заманғы қатынас жолдары болмаған аумақтар арқылы 1145 

шақырымға созылған Түрксіб темір жолы өндірістік күштерді дамытуда және елдің 

ауқымды  аудандарындағы  экономиканы  қайта  құруда  маңызды  рөлге  ие  болды, 

өнеркәсіпті  және  темір  жолға  жақын  жатқан  аудандардың  ауыл  шаруашылығын 

дамытудың маңызды факторына айналды. 

Индустрияландыру – ірі өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту

ірі  өнеркәсіптік  өндіріс  негізінде  бүкіл  халық  шаруашылығын  қайта  құру. 

Индустрияландыру  тек  социалистік  құрылысқа  ғана  тән  кезең  емес.  Ол  -  елді 

жаңғыртудың міндетті шарты. 1920 жылдардың ортасына қарай КСРО үшін бірнеше 

себептерге  байланысты  индустрияландыруды  жүзеге  асырудың  қажеттігі  туды. 

Біріншіден, 1925 жылға қарай қалпына келтіру кезеңі аяқталды. Негізгі көрсеткіштер 

бойынша кеңестік экономика соғысқа дейінгі деңгейге жетті. Өнеркәсіптік өндірістің 

өсуін қамтамасыз ету үшін істеп тұрған зауыттарды қайта жабдықтау ғана емес, жаңа 

заманғы кәсіпорындарды құру қажет болды. Екіншіден, елдің экономикалық әлуетін 

тиімді орналастыру мәселесін шешу міндеті тұрды. Ел бұрынғыдай аграрлы, шаруа елі 

болып  қала  берді.  Қалаларда  жұмыссыздық  деңгейі  өсіп,  әлеуметтік  шиеленісті 

күшейтті.  Үшіншіден,  елдің  халықаралық  деңгейде  экономикалық  және  саяси 

оқшаулануы индустрияландыруды жеделдетуді талап етті. Капиталистік дұшпандық 

қоршауда  қалған  КСРО-ға  тұрақты  соғыс  қаупі  төнді.  Аграрлы  ел  өнеркәсібінің 

жоғары дамыған ірі мемлекеттермен әскери қақтығыс болған жағдайда оларға қарсы 

тұру мүмкіндігі болмады. 

Пайдаланылған әдебиеттер 

1.Қазақстан тарихы көне замннан бүгінге дейінгі 4-інші томы 

1925  жылы  желтоқсанда  БК(б)  П  XIV  съезінде  белгіленген  Кеңесс  Одағының 

индустрияландыруды  жүзеге  асыру  ісі  Қазақстанда  бірқатар  қиындықтарға 




кездесті,  олар  негізінен  қазақ  елінің  бодандық  өткенімен  және  әлеуметтік-

экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды 

Бұл қиындықтардың көбіне республикада халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп 

пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына 

түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі 

үшін басты кедергіге айналды. 

1927  жылы  желтоқсанда  болып  өткен  партияның  15  съезі  ауыл  шаруашылығын 

ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру 

ісінің  аяқталуы  1932  жылға  жоспарланды.  Қазақстанның  астықты  аудандарында 

колхоз  құрылысының  негізгі  формасы  –  ауыл  шаруашылық  артелі,  ал  мал 

шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік 

болуға  тиіс  еді.  1929  жылдың  екінші  жартысынан  бастап  республикада  колхоз 

құрылысы  жедел  дамытылды.  Алғашқы  МТС-тер  құрылып  жатты.  Қазақстанда 

көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы 

аяқтау көзделді 

Ұжымдастыру  мен  отырықшыландыруды  жаппай  жүргізу  үшін  ауылдар  мен 

қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар 

Россиядағы  колхоз  жобасын  қайталайтын  қоныстандыру  үлгісін  орнықтырды. 

Ұжымдастыру  жылдары  кооперативтендіру  қозғалысының  өз  ісін  ашуға  мүмкіндік 

беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте – бірте өтуге, еркіндік 

ұстамдары  бұзылды.  Ұжымдастыру  кезінде  жіберілген  қателіктер:  Қатаң  жаппай 

қуғындау мен террорға негізделді, Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен 

жүргізілді,Әкімшілік – күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді,Шаруашылық базасын 

жасау,  тұрғын  үйлер,  мәдени  тұрмыстық  объектілер  салу  жоспары  аяғына  дейін 

орындалмады. 

БК(б)П ұйымдарына 1928 жылғы ақпанда жазған нұсқау хатында Сталин өзіне тән 

үзілді-кесілді  өсиеттік  мәнерде:  «Біздің  жаңа  экономикалық  саясаттан  бас 

тартатынымыз, азық-түлік салғыртын енгізетініміз, кулактарды тәркілейтініміз және 

т.б. туралы әңгімелер контрреволюциялық сандырақ болып табылады,  оған қарсы 

табанды түрде күресуіміз керек. 

ЖЭС  біздің  экономикалық  саясатымыздың  негізі  және  ол  тарихи  ұзақ  мерзімге 

созылады» деп жазды. Алайда кең ауқымды экспроприациялық акциялар, дәлірек 

айтқанда,  жаңа  экономикалық  саясат  өзінің  қоғамды  үдемелі  реформалаудың  он 

үлгісі ретіндегі ақиқаттығын іс жүзінде жойып, іс-қимылдан жалаң декларациялық 

сипатқа айналып кетті. 



20-жылдар аяғындағы төтенше астық жинау науқаны мен тәркілеу, шын мәніндегі 

салықтық саясат, міне, осының айқын көрінісі еді. 

Бұл  ретте  ХКК-нің  1921  жылғы  10  қыркүйектегі  арнайы  декретімен  жаңа  тарифтік 

саясат орнықты. Құжатта көрсетілгендей, «жалақының ұлғаюы еңбек өнімділігінің 

ұлғаюымен, жұмысшының еңбек өнімділігін арттыруға қатысу денгейімен тура және 

тікелей  байланысты»  болды.  Нарық  қаржы  жүйесін  сауықтыруды  талап  етті.  Осы 

міндет  аясында  эмиссияларды  шектеу  жүргізілді.  Егер  «әскери  коммунизм» 

жылдарында ақша белгілерін, дәлірек айтқанда олардың суррогаттарын кез келген 

мекеме  немесе  кәсіпорын  шығара  беретін,  ал  енді 1921  жылғы  қарашада  жаңадан 

ашылған Мемлекеттік банк ғана бірден бір эмитент ретінде әрекет ететін болды. 

Коммуналдық  қызмет  пен  көлікке  төленетін  ақы,  өндіру  мен  айналымның  барлық 

түрлерінен  салық  жиналымы  қалпына  келтірілді.  Жалақы  берілген  1923-1924 

жылдары  (жалақыдан  алынатын  салықты  қоса  есептегенде)  бюджеттің  кіріс 

бөлігінің  34%-ы  фискальдық  түсімдер  есебінен  қамтамасыз  етілді.[7].  1922—1924 

жылдарда  ақша  реформасы  ойдағыдай  аяқталды:  ел,  ақыры,  әлемдік  ақша 

нарығында жоғары бағаланған «тұрақты» валюта алды. 

Социалистік  үрдіс  толқынында  большевиктік  «левеллерлер»  (теңдестірушілер) 

қолма-қол  мүмкін  болған  акциялар  легін  (байларға  салық  ауыртпалығын  ұлғайту 

және  кедейлерді  одан  босату,  саяси  және  шаруашылық-құқықтық  шектеу,  әлсіз 

шаруашылықтарды  экономикалық  ресурстармен  қолдау,  осы  ретте  ауқатты  және 

қуаттыларын  шектеу  және  т.б.)  іске  қоса  бастады,  мүлдем  жөнсіз  әлеуметтік  пікір 

білдіруге, «жалпы теңдік» құрылымын бұзуға ұмтылушыларға тыйым сала бастады. 

Алайда  кері  әрекет  етуші  бағыт  іске  қосылып,  сол  кез  әділеттілігі  тез  қалпына 

келтірілді.  Сөйтіп  ЖЭС-тің  бүкіл  кезеңінде  алма-кезек  жағдайда  осылайша 

қайталанып отырды. 

ЖЭС жылдарында Қазақстанның экономикалық кеңістігінде (бүкіл елдегі сияқты) үш 

бағыт:  социалистік,  стихиялы  тауар-нарықтық  (капиталист)  және  капиталистік 

құрылысқа дейінгі бағыт бір уақытта дамыды. 

Бұл  ретте  бірінші  бағыт  субъективті  сипатта  (мемлекеттік)  болды,  ал  соңғы  екеуі 

объективтік факторлардан туындады. 

Социалистік  үрдіс  мемлекеттің  қалауымен  және  тікелей  қолдауымен  дамыды.  Ол 

таптық өктемдік пен мүдделерге қатал бағдарланған, әлеуметтік-экономикалық және 

саяси  тұрғыда  реттеуші  «пролетариат  диктатурасы»  шешімдерінің  ауқымды 

кешенінде  көрініс  тапты.  Мемлекеттің  бағыт  беріп,  жүргізіп  отыратын  социалистік 

экономикалық  (және  әлеуметтік)  қатынастардың  бүкіл  жүйесі  мемлекет  иелігіне 



алуды және кедей, бай деп бөлмей бүкіл қоғам шеңберінде теңдік идеясын жүзеге 

асыруды көздеді. 

Стихиялы  (яғни  ешкімнің  еркіне  бағынбайтын)  тауар-нарық  қатынасы  ЖЭС-қа 

көшумен байланысты кезеңдік объективтік-ақиқатқа айналды. Жаңа экономикалық 

саясат тауар-ақша қатынастары мен еркін сауда нарықтық стихияға «жол ашты». 

Өндіріс  құралдарына  жеке  меншік,  мейлі  кездейсоқ,  жанама,  бұрмаланған 

формаларда  сақталсын,  ол  бұл  тартпас  тиісті  экономикалық  процестерді  және 

олардың  диалектикалық  өзара  байланысты  нәтижесін  (оң,  сондай-ақ  теріс  те  іс-

қимылдарды) тудырды. 

Жедел  санацияға  (сауықтыруға)  және  кейін  экономикалық  организмді  серпілтуге 

(оған дейін тоқыраған дерлік) бағытталған жұмыс, тауар-нарық (капиталистік) үрдісі 

әлеуметтік  дифференциация  (жіктелу)  процесін  жеделдетіп  жіберді.  Соңғысының 

даму  барысында  шаруашылық  жүргізуші  субъектілер  тобында  әлеуметтік 

жұмылушылық,  яғни  ширақтық  күшейді:  оның  басым  бөлігі  өндіріс  құралынан 

айырылып, пролетариат қатарына қосылды, ал басқалары, аздаған тобы буржуазия 

табын толықтырып, қоғамдық құрылымнан жоғары тұруға ұмтылды (егер бұл арада 

мәртебе билік «пирамидасына» көз салсақ, әрине партия-кеңес және шаруашылық 

саладағы элита сол «пирамиданың» ұшар басынан орын алады). 

Капиталистік құрылысқа дейінгі бағытқа келер болсақ, оның дамуы өндіріс әдісі мен 

бөлу тетігі заңдылықтарының іс-қимылымен айқындалды. Оның міндеті ұдайы өндіру 

мен дәстүрлі аграрлық құрылымды өзгермейтін күйінде сақтау бол 

Ауыл шаруашылығы мүліктерін жалға беруге келетін болсақ, мұнда ірі және қуатты 

шаруашылықтар  ғана  мүліктерін  жалға  берді.  Аз,  жеткіліксіз  қамтылған  шаруа 

қауымдары  мықты  шаруашылықтың  күш-көлік  малдарын  жалға  алды.  Басты 

шаруашылық  кешендері:  егіншілер  мен  мал  өсірушілер  арасында  да  жалгерлік 

тәжірибесі қолданылды. Қазақтың көшпелі бақташылық қауымдары жерін жекелеген 

егін салушы шаруашылықтарға, тұтастай деревняларға немесе станицаларға жалға 

берді. 


Жер заңнамасы, сондай-ақ еңбекті қорғау мен нормалау  туралы құқықтық ақтіні 

мүлтіксіз қолданған жағдайда, жұмыс күшін жалдауға – жалға беруге рұқсат етті.[34]. 

Еңбек  қатынастарының  құқықтық  регламенттелуін  бақылау  міндеті  Кеңестерге, 

ЖОКО  (Жер  мен  орман  қызметкерлері  одағына)  мен  шаруа  ұйымдарына  («Қосшы» 

және ШӨК және басқа одақтарға) жүктелді. 

Болшевиктердің Т — А — Т формуласымен өмір сүре бастауы[өңдеу] 

Тап  сол  кезде,  большевиктер  мұны  қалады  ма,  жоқ  па,  қоғам  тауар-ақша 

қатынастарының  ақиқаттығын  сезіне  келе,  Т  —  А  —  Т  формуласы  бойынша  кең 




ауқымда және сеніммен өмір сүре бастады. Оның қызметін жеке меншік-капиталистік 

(мемлекет меншігінде жоқ шағын және ұсақ кәсіпорындар, сауда-саттық, ірі шаруа 

қожалықтары және т.б.), мемлекеттік-капиталистік (жеке тұлғаларға жалға немесе 

концессияға  берілген  өнеркәсіп  орындары)  және  ұсақ  тауарлы  (нарыққа  жұмыс 

істейтін шаруашылықтар) құрылыстар (құрылымдар) табиғи түрде және бірден игеріп 

әкетті. 


Таза социалистік қоғам құрылысын жақтаушылар жаңа ақиқатты жандары қинала 

және ауыра, «күңкілмен» (мыңдаған коммунистер партия қатарынан шықты, онысын 

«капитализмнің  қалпына  келтірілуін»,  «жарқын  революциялық  мұраттарға  және 

Азамат  соғысы  құрбандарына  сатқындықты»  өзінің  принципті  түрде 

қолдамайтынымен  түсіндірді),  бұрынғы  «капиталға  ат  қойып  қарсы  шабуылға 

шығуды» аңсаумен және әділдік қалпына келер-ау деген үмітпен қабылдады. 

Экономикалық  өмірде  монополист  ретіндегі  жеңілдіктерін  жоғалтқан  социалистік, 

дәлірек  айтқанда  мемлекеттік  сектор,  мемлекеттік  патернализмнің  жайлы 

қолшатырының  астына  тығылып,  қалыптаса  бастаған  нарықтық  қатынастар 

ақиқатгарынан бас тарта алмады. Осыған байланысты оның аясында өндіру мен бөлу, 

айырбас пен тұтыну жүйелерін амалсыз қайта құру процесі жүре бастады. 

Фабрикалар  мен  зауыттарға,  басқа  да  кәсіпорындарға  жалақы  қайта  оралды, 

олардың заттай құрылымдық бөлігі бірте-бірте азайып, ақша эквиваленті артты. 1923 

жылы соңғысының үлес салмағы 80%-ды құрады. 



<<Әскери  коммунизм  үшін>>саясаты  өзінің  меншік  қатынастары  құрылымдарын 

мемлекет 

қарауына 

алу,орталықтандыру 

және 

экономиканы 



іс 

жүзінде,тіпті,милитарланған  директивалық  бамсқару  сияқты  негізгі  принциптері 

арқылы  мәжбүрлеудің  басты  үрдісін  ұстанғанын  білдірді.Мұны  мемлекеттің  бүкіл 

саясатының  арқауына  айналдыру  халық  шаруашылығының  босаңсуы  мен 

тоқырауына әкеп соқты. 

Дағдарысты  жағдайда  большевиктер  революциялық  рухтағы  романтиканың 

утопиялық догмаларынан амалсыз бас тартты. 

Барлық  жердегі  сияқты  Қазақстан  да  халық  шаруашылығын  жүргізу  саясатының 

мүлдем  жаңа  принципіне  көшу  қажетті  айқын  байқалды.Оның  негізгі  арқауы-

<<таурсыздық>>утопиясынан-нарықтық-экономикалық,тауарлық-ақшалай 

қатынасқа көшу идеясы еді. 

1921 жылғы наурызда БОАК «Азық-түлік және шикізат салғыртын нақты салықпен 

ауыстыру туралы» декрет қабылдады.[19]. 

Жалақы  берілген  1921/22  жылдары  ауыл  шаруашылығындағы  қиын  жағдайға 

байланысты  Қазақстанда  азық-түлік  салығы  аз  қолданылды.  Батыс  Қазақстан 




губернияларында астықты тұтыну тапшылығы 17,4 млн пұт болды (мұнда егістің 50%-

дан 80%-ға дейіні күйіп кетті). Қыстан кейінгі ауыр жұттың нәтижесінде 1921—1992 

жылы мал саны 80%-ға азайды, Орал және Бөкей губернияларының кейбір уездерінде 

малдың өлімі 100 пайызға жетті 

1922 жылдың көктемгі тұқым себу жұмыстары қарсаңында Қазақстанның аудандары 

тегін  көмек  ретінде  907  501  пұт  тұқымдық  астық  алды.  Толық  емес  деректер 

бойынша,тек 1922 жылы ғана ҚазОАК жанындағы ОРталық комиссиясынан елдің әр 

түрлі  аудандарынан  66  790  пұт  астық  пен  азық-түліктің  басқа  да  түрлері,161  567 

паек,жарты миллион сомға жуық ақшалай көмек,100 пұттан астам сабын,бірнеше мың 

метр мата,бірнеше мың пар аяқ киімдер жіберілді. 

1922  жылдың  соңына  қарай  босқындар  туған  жеріне  орала  бастады.Өз  мекеніне 

оралуға  ниет  білдіргендері  үшін  мемлекет  тарапынан  көптеген  жеңілдіктер 

жасалды,жол ақысы деп 40 000 сом бөлінді және салықтардан босатылды. 

Бүкілресейлік  Орталық  Атқару  Комитеті  Кеңесінің  1923  жылғы  20  маусымдағы 

деректермен сол жылдың 1 тамызынан бастап ашаршылықпен және оның салдарымен 

күрес жөніндегі комиссиялар таратылды. 

Ашаршылық 1 558 927 тұрғыны бар 1 048 100 шаршы метр аумақты қамтыды. 

Аштықпен  бірге  сүзек,тырысқақ,оба,діңгене  және  басқа  аурулар  да  қатар 

келді.Аштық қайыршылық күй,эпидемия,ауруханалардың жетіспеушілігі осының бәрі 

аурулар арасындағы өлімнің санын көбейтіп жіберді. 

ҚазОАК-нің  Төрағасы  С.Меңдешевтің  1922  жылғы8  шілдеде  ҚазОАК-нің  III 

сессиясында жасалған баяндамасында осы жылдың көктемінде алынған толық емес 

деректер бойынша Қазақстан бойынша аштыққа ұшырағандар саны 2 832 000 адамды 

құраған. 

1922 жылдың көктемінеқарай республика бойынша ашыққандарға көмек көрсету үшін 

барлығы  7  гурниялық,губерниялыққа  теңестірілген  1  уездік,46  уездік  және 

аудандық,1127 

болыстық,ауылдық 

және 

селолық 


комиммиялар 

ұйымдастырылды.Сонымен бірге 556жергілікті көмек көрсету комиттетері құрылды. 

1922  жылы  ҚазАКСР-інің  партия  ұйымдары  мен  кеңес  органдарының  барлық  күш 

жігері  ашаршылықпен  күреске  бағытталды.1922  жылдың  соңына  қарай  777  192 

адамды тегін тамақтандыру мүмкіндігі туды. 

Нарықтық қатынастарды босатудың аса маңызды тұсы сауда еркіндігіне жол беру 

болды. Алайда мемлекет алғашқыда идеологиялық сарынмен айырбас саласына өз 

бақылауын орнатуға тырысты. Ол бірнеше ай бойы қала мен ауыл арасында жергілікті 

тауар айырбасын ұйымдастыруға әрекет жасады. Сөйтіп айырбас операцияларының 



арасындағы делдалдық қызметті Кеңес өкіметінің басшылығы, бақылауымен және 

тікелей  тапсырмасымен  жұмыс  істеген  кооперация  атқарды.  Мемлекет  арнаулы 

декретпен (1921 жылғы 7 сәуір) оған «азық-түлік органдарының фабрика-зауыт және 

қолөнер  кәсіпшілігі  бұйымдарын  дайындау  мен  ауыл  шаруашылық  өнімдеріне 

айырбастау салаларындағы міндетті тапсырмаларын орындауды» жүктеді, «барлық 

азық-түлік  өнімдерін  (мәтінде  осылай.  —  авт.),  мемлекет  дайындаған  және 

национализацияланған фабрикалар мен зауыттардан алынған... сонымен қатар шет 

елден  әкелінген  көпшілік  қолды  тауарларды  бөлу»  тек  солар  арқылы  жүзеге 

асырылды. Декретте «РКФСР-дің барлық азаматтары тұтыну қоғамына бірігеді», ал 

«әрбір азамат тұтыну қоғамы пункттерінің біріне жазылады» деп атап көрсетілді. 

Етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б)П ОРталық комитеті 1921жылғы 17 шілдеде 

партияның  барлық  мүшелеріне  арнайы  үндеу  жолдады.<<Ашарылық,-делінді 

үндеуде,-тек құрғақшылықтың нәтижесі емес,оның себебі аграрлық сектордың артта 

қалуында,ауыл  шаруашылық  білмі  деңгейінің  төмендігінде,ауыспалы  егіс 

нысандарының  ескілігінде,бүл  және  соғыс  пен  әскери  қоршаудың,сондай-ақ 

помещиктер  мен  капиталистердің  және  олардың  итаршыларының  бізге  қарсы 

күресінің  бәсеңсімей  отырғанының  салдары>>  .Партия  құжаттарында  көрсетілген 

себептермен  бірге,жаппай  ашаршылық  Кеңес  үкіметі  қатаң  жүргізген,халық 

шаруашылығына,әсіресе  ауыл  шаруашылығы  саласына  қатты  соққы  болып 

тиген<<әскери  коммунизм>>саясатының  нәтижесіндегі  тқтенше  экономикалық 

жағдайларға да байланысты туындады. 

..Қазақстанның  көпшілік  аудандары  етек  жайған  ашаршылық  құрсауында 

қалды.Орал(99%),Орынбор(80,3%),Қостанай(74,5%),Бөкей(29,5%),Ақтөбе 

губернияларында 

себілген 

астық 


қатты 

құрғақшылықтан 

шықпай 

қалды,шыққандары жазғы ыстықта қурап қалды.Мал өсірумен айналысатын көшпелі 

және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мн шабындықтар толықтай күйіп 

кетті.Оның үстіне 1920-1921 жылдардаңы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде 

малдың  жаппай  қырылуына  әкеп  соқты.Шұбалаң,Майқара,Сарыоқпа  және  басқа 

областар да зардап шекті.Ашаршылық құрбандарының саны күн сайын көбейе түсті. 

1921  жылғы  тамыздан  бастап  Орынбор,Ақтөбе,Бөкей,Орал,және  Қостанай 

губерниялары аштықтан зардап шеккен аймақтардың тзіміне ресми түрде енгізілді. 

Жоспары: 

1.Әскери коммуннизм саясаты 

2.1921-1922 жылдардағы ашаршылық 

Жаңа экономикалық саясат 

3. 



1921-122 жылдардағы ашаршылық 

Азмат  соғысы  аяқталғаннан  кейін  Кеңестер  елін  тағы  бір  ауыр  сынақ  күтіп 

тұрды.1921-1922  жылдардағы  ұзаққа  созылған  қарсыз  қыс  жауынсыз  жазға 

ұласты.Қыста  қардың,көктем  мен  жазда  жауынның  болмауы  қатты 

құрғақшылықты,оның  салдарынан  ашаршылық  нәубетін  әкелді.1921  жылдың 

жазында  ол  елдің  көптеген  өңірлерін,әсіресе  Еділ  бойы  аудандарын  жайлады.1921 

жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады. 

4. 


Ұжымдастыру жылдарындағы Қазақстан 

<<Әскери коммунизм саясаты>> 

Мұндай  саясат,экономикалық  организмді  сауықтыруа  тіпті  де  ықпал  ете  алған 

жоқ,еңбек  тиімділігін  көтеруге  емес,қайта  оны  құлдыратуға  жеткізді.Халықықты 

азып тоздыртты. 

Мемлекеттің күштеу саясаты ауылдар мен деревнялар наразылықты одан әрі өршітті. 

20-30  жылдардағы  Кеңестік  жүйенің  реформаларының  қасіретті  салдарларына 

байланысты тарихи зерртеулер 

Әскери  коммунизм  саясаты  —  1918–1921  жылдары  азамат  соғысы  кезіндегі  Кеңес 

одағының ішкі саясатының аты. 

Азамат  соғысы  жылдарындағы  қалыптасқан  қиындықтармен  байланысты  Кеңес 

өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам 

күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Арми-

яны азық-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында 

«әскери коммунизм» саясатын  енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, 

Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен 

туған  еді.  «Әскери  коммунизм»  саясаты  негізінде  азақ-түлік  мәселесін  шешу  үшін 

төтенше  шара  азық-түлік  салығы  енгізілді.  Ол  бойынша  елдегі  байлар  мен  кулак-

тардың  қолындағы  тауарлы  астықтың  көп  бөлігі  ешқандай  қайтарымсыз  алынды, 

бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шару-

ашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды. 

Қазақстанда  300-ден  астам  -өнеркәсіп  орны  мемлекет  меншігіне  берілді.Олардың 

қатарында  Спасск  мыс  балқыту  және  Шымкент  дермене  зауыттар,Ртддер  кеніші 

кәсіпорындары,Екібастұз  және  Байқоңыр  көмір  кен  орындары,Ембі  мұнай 

кәсіпшіліктері  бар.Орынбор-Ташкент  және  Жетісу  теміржолы,Арал  теңізі,Ертіс  пен 

Жайық  өзендеріндегі  кемелер  мен  барлық  сауда  флоты,Қазақстан  қаларындағы 



Орыс-Азия,Еділ-Кама,Сібір  сауда  банктері  капиталымен  және  банк  бөлімшелерінің 

объектілері де мемлекет меншігіне жатқызылды. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет