Жылдың қазан айынан шығады



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата15.03.2017
өлшемі10,49 Mb.
#9991
1   2   3   4   5   6

Гүлжанар ШУЛАНБЕКОВА,

Қоғамдық пәндер кафедрасының доценті

ОТАНСЇЙГІШТІК

Преподавателями кафедры русского языка в аудито-

рии имени ветерана Великой Отечественной войны, за-

служенного  педагога,  профессора  Ахмета  Ержановича 

Ержанова  было  проведено  заседание  клуба  любителей 

русского языка на тему: «Казахстанцы в Великой Отече-

ственной войне».

Цель – обращение к нашей памяти, нашему отноше-

нию  к  истории  Великой  отечественной  войны  и  ныне 

здравствующим  ветеранам-победителям,  сохранение  

живой связи поколений на примерах героизма и самоот-

верженности народа, победившего фашизм.

Почетный гость мероприятия - ветеран войны и тру-

да, академик НАН РК, доктор философских наук, про-

фессор  КШИБЕКОВ  Досмухамед  Кшибекович  поздра-

вил преподавателей и студентов с великим праздником. 

Он поделился своими воспоминаниями о военной поре, 

рассказал о своей послевоенной научно-педагогической 

деятельности.  Пожелал студентам отличной учебы, быть 

достойными гражданами своей страны, беречь свою Ро-

дину – республику Казахстан. 

Мероприятие  продолжилось  просмотром  докумен-

тального фильма, в котором были воссозданы события 

1941-1945  г.г.  Звучал  голос  Ю.  Левитана  (оригинал), 

оповещающий о начале войны и капитуляции фашист-

ской Германии. Учитывая исключительную значимость 

этого события в мировой истории, студенты 1-курса ин-

ститутов ГМИ и ИГиНГД с огромной ответственностью 

подошли к подготовке и проведению светлого праздни-

ка. Студенты выступали с докладами о жизни и подвиге 

казахстанских  воинов-героев,  которые  сопровождались 

интересными слайдами, а свои чувства выразили в стихах 

и песнях на военную тематику. Вторая часть заседания 

проводилась в виде интеллектуальной игры «Казахстан в 

годы Великой Отечественной войны», умники и умницы 

были отмечены ценными призами.    По единодушному 

мнению участников, такое мероприятие запомнится им 

надолго. В конце мероприятия с поздравительной речью 

выступили  заместитель  директора  ИБО  К.С.Нургалым, 

зав.кафедрой  русского  языка,  доктор  филологических 

наук,  профессор  А.Ш.Алтаева,  преподаватели  кафедры 

общественных  дисциплин,  казахского  и  иностранных 

языков. 


А.САФАРГАЛИЕВА, 

доцент, к.п.н. 

КАЗАХСТАНЦЫ В ВЕЛИКОЙ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОЙНЕ 

Институт  Экономики  и  бизнеса  совместно  с  Мини-

стерством  экономического  развития  республики  Баш-

кортостан,    Уфимским  Государственным  нефтяным 

техническим  университетом,  Самарским  Государствен-

ным  экономическим  университетом,  Российским  Госу-

дарственным  университетом  нефти  и  газа  имени  И.М. 

Губкина стали инициаторами диалоговой площадки ре-

гионального  и  международного  уровня  для    конструк-

тивного,  многогранного  диалога  между  представителя-

ми  разных  стран,  научных,  государственных  и  бизнес 

структур.  В  работе  Международной  научно-практиче-

ской on-line конференции «Проблемы и тенденции раз-

вития инновационной экономики: международный опыт 

и  российская  практика»  приняли  участие  зарубежные  

ученые, представители министерств и ведомств, научно-

исследовательских  и  международных  организаций,  из-

вестные эксперты из стран СНГ.

С приветственным словом выступил проректор по на-

учной работе Уфимского государственного технического 

университета профессор, д.т.н. Матвеев Юрий Геннадье-

вич. В своем выступлении он подчеркнул, что рассчиты-

вает на то, что конференция послужит стимулированию 

участия молодых ученых в научно-технической и инно-

вационной деятельности, а обмен опытом с коллегами из 

зарубежных,  российских,  казахстанских  вузов,  а  также 

с  представителями  бизнеса  и  государственных  органов 

поможет полнее раскрыть их научный потенциал. 

В  конференции  также  принял  участие  начальник 

управления  по  инвестициям  и  внешнеэкономическим 

связям  Министерства  экономического  развития  Респу-

блики Башкортостан Киреев Артем Алексеевич. В част-

ности,  он сказал: «В регионе сформировано три основ-

ных  полюса  (нефтехимический,  машиностроительный, 

агропромышленный),  которые  позволяют  не  только 

притягивать новые инвестиции, но и реинвестировать… 

Внедрение инноваций в производство является стратеги-

ческой необходимостью для нашего региона».

В  своем  докладе  акцентировала  внимание  собрав-

шихся на инновационной деятельности Казахстана в со-

временных условиях. 

В сессионных заседаниях, где рассматривались темы 

«Инновационные ориентиры   развития экономики Рос-

сии, Казахстана и зарубежных стран», «Теория и прак-

тика менеджмента хозяйствующих субъектов в услови-

ях инновационной экономики», выступили заместитель 

директора  по  научной  работе  Института  менеджмента 

и бизнеса Тюменского государственного нефтегазового 

университета  доцент,  к.э.н.  Ленкова  О.Д.,  представи-

тель  Башкирской  академии  государственной  службы  и 

управления  при  Президенте  Республики  Башкортостан 

Калимуллина С.В., заведующая кафедрой национальной 

и мировой экономики Самарского государственного эко-

номического университета профессор, д.э.н. Балакирева 

С.В.и другие.

Все выступающие были единодушны во мнении, что 

данная конференция актуальна. Они обратили внимание 

участников  конференции  на  тот  факт,  что  в  условиях 

глобализации    экономики  развитие  инноваций  превра-

щается  в  важнейший  фактор  конкурентоспособности. 

Способность  к  созданию  и  практическому  использова-

нию инноваций становится необходимым условием до-

стижения качественного экономического роста, научно-

технического и общественного прогресса.  

В  ходе  конференции  были  обсуждены  актуальные 

проблемы  современной  экономической  политики,  на-

сущные  вопросы  инновационной  экономики,  а  также 

обсуждено  прикладное  значение  теоретических  аспек-

тов  инновационной  экономики.  Эксперты  и  участники 

конференции имели возможность поработать в секциях, 

практикумах, мастер-классах, поучаствовать в научных 

диспутах и встречах.

Международная  научно-практическая  on-line  кон-

ференция    способствовала  развитию  информационного 

пространства сферы инноваций, повышая уровень пони-

мания  и  квалификации  всех  заинтересованных  сторон, 

раскрывая позитивный международный опыт, накоплен-

ный в различных странах в области инновационного раз-

вития экономики. 

На днях  КазНТУ получил благодарственное письмо 

от  ректора  Уфимского  государственного  технического 

университета Шаммазова А.М. В письме ректор отметил, 

что участие директора Института экономики и бизнеса 

и преподавателей  в Международной научно-практиче-

ской конференции  произвело неизгладимое впечатление 

на студентов, аспирантов и преподавателей нашего уни-

верситета, и они надеются на дальнейшее плодотворное 

сотрудничество с КазНТУ имени К.И. Сатпаева.

Сауле АБДЫГАППАРОВА,

директор ИЭиБ,

д.э.н.профессор                          

МЕЖДУНАРОДНЫЕ НАУЧНЫЕ СОТРУДНИЧЕСТВА

 ИНСТИТУТА ЭКОНОМИКИ И БИЗНЕСА

соғыстан оралар деп зарыға күткен жаннан қара қағаздың 

келуі жайлы қойылған  көріністі көріп, өткен  өмірдің ең 

ауыр  сәттерін көз алдына кел-

тіргендей болды. Осыдан кейін 

жиналған қауым бір минуттық 

үнсіздік  жариялап,  Отан  үшін 

от кешіп, қан майданда ерлікпен қаза тапқан қайсар ұл - 

қыздарды еске алды. 

Арайлым  Ыбыраеваның  патриоттық  сезіммен 

шырқаған «Әлия» әні көрерменнің рухын оятып, Отаныңды 

жаудан  қорғап,  елің  үшін  жан  қиюдың  үлкен  ерлік  еке-

нін  тағы  бір  еске  салды.  Кеш  барысында  сөз  сөйлеген 

университетіміздің ректоры, академик Жексенбек Әділов 

ардагерлерді төл мерекелерімен құттықтап, жеңіске жету 

жолында соғыста, тылда еңбек еткен ата-апаларымыздың  

рөлі  зор  екенін  тілге  тиек  етті.  Сондай-ақ,  ректор  Білім 

және ғылым министрі Бақытжан  Жұмағұловтың ардақты 

ардагерлерімізге  жазған  құттықтау  хатын  көпшілік  ал-

дында оқыды.  

Салтанатты  жиында  тақырыпқа  қатысты  әндер 

шырқалып,  күй  шертілді.  Жиында  сөз  сөйлеген  Ұлы 

Отан соғысының ардагері Сейітқасым Боранқұлов өзінің 

соғыстың басынан аяғына дейін болғанын айтты. Қайтыс 

болған  адамдар  көмусіз  қалып,  тау-тау  болып  үйіліп 

жатқанын  айтқан  майдангер соғыстағы  қилы  кезеңдерді 

күрсіне  еске  алды.  Ардагер  сөзінің  аяғында  өзінің  жас 

кезінде  ғылыммен  айна-

лысуды 

армандағанын 



айта  отырып,  бүгінгі 

жастардың  отансүйгіш, 

жан-жақты білімді болғанын  қалайтынын жеткізді.  

Жиында  Ұлы  Отан  соғысына  арналған  монумент 

алдына  гүл  шоқтары  қойылып,  Отан  үшін  қан  төккен 

батырлардың рухына тағзым етілді. Ардагерлерге универ-

ситет атынан қаржылай сыйлықтар табыс етіліп, мереке-

лік дастархан жайылды.                                                    



Эльмира  ОРАЛБАЕВА

АРДАГЕРЛЕР  ЕРЛІГІ  ЎМЫТЫЛМАЙДЫ



(Соңы. Басы 1-бетте)

Є А С Ы Р   Ж А С А У Д Ы Ѕ   Ќ Ў П И Я С Ы   Ж О Ќ

6

Бірден  айтайық,  ол  кісі  көп  жыл  шәкірт  тәрбиелеп, 



мектепте қызмет еткен ұстаз.

Біздерге алдын ала айтылып, ескертіліп қойған соң, ер-

терек барып жайғасып, ғасыр жасаған қартпен жүздесуді 

асыға күткеніміз де рас. Майдангер бейнесін өзімше көз 

алдыма  елестетіп  те  қоямын.  “Әлсіздігінен  әзер  жүріп, 

таяққа сүйеніп келетін шығар” деп. Жоқ, олай болмады. 

Бойы тік. Тың да сергең, ширақ жүрісті ғасыр құрдасы, 

кеудесі орден-медальге толы Күрішбек Көжекбайұлының 

бейнесі  есіктен  бері  көрінгенде  жаңағы  секем  ойым 

сейіліп,  көңілім  жай  тауып,  менің  де  өзімді  сергек  сезі-

не  бастағанымды  қайтерсіз.  Жас  жағынан  өзімнен  төрт 

ондық төрге озған атамыздың алдында тәйірі, біз баламыз 

ғой. Кездесуге келген үлкен-кішінің арасынан кімнің бол-

са да әлжуаз көрінуі әбестік болар еді сол сәт. Осыдан да 

сергектік сезім әркімге де бір серпіліс бергені ақиқат.

Не керек, ғасырдан да асып жасаған жау жүрек қазақ 

батырын қол соғып, тік тұрып қарсы алдық бәріміз. Туған 

қызы, ол да әке жолын қуған ұстаз Бақыт Күрішбекқызы 

және Алматыда тұратын немересі Ринат екеуі атаның екі 

жағында  жиын  өтетін  студенттер  дәрісханасына  бастап 

кірді.

Қарт  ұстаз  бәрінің  берген  сәлемін  алғанын  сездіріп, 



сәл қолын көтерді де, төрге озды.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ колледжінің орыс тілі 

пәнінің  ұстазы,  осы  кездесуді  ұйымдастырушы,  “Нұр 

Отан” ХДП-ның колледждегі бастауыш партия ұйымының 

төрайымы Алма Қашқынбайқызы Рахымділдаеваның ал-

дында айтқан “Атаның сөзі анық, ойы тұнық” деген сөзі 

есіме  түсіп,  Күрішбек  Көжекбайұлының  қасына  қатар 

жайғасып  жатып:  “Ассалаумағалейкум!”    деп  қол  бере 

амандастым.

–Уағаликумассалам! – деді қарт майдангер бетіме тура 

қарап.  Осы  жасына  қарамай  құлағының  еш  мүкістігінің 

жоқтығына  қайран  болдым.  Тіпті,  құдайым-ау,  сыбыр 

сөзді де жаңылмай естиді ме деп қалдым.

Жиылғандар  үнсіз  қария  сөзіне    құлақ  түрді. 

Отырғандар мен кездесуге келген колледж студенттерін 

жағалай  көзімен бір шолып өткен Күрішбек ата:

–Әскери  тәртіппен қатар-қатар отыр екенсіңдер, ай-

налайындар!  –  деді  сабырлы  да  жаймен  сөзін  бастап.  – 

Біздер соғысты көрдік. Дәл сендердің жастарыңда, 16, 17, 

18 жасында соғысқа қатысқандар да болған. Құдай енді 

соғыс  өртін  көрсетпесін  дейік!  Ары  қарай  абыз  ақсақал 

алдымен өзінің өмірдерегінен қысқаша мағлұмат берді.

1912 жылы 5 мамырда сол кездегі Жетісу губерниясы 

Жаркент уезінің Ынтымақ болысына қарасты Тоғызбұлақ 

ауылында дүниеге келіпті. Қазіргі Алматы облысы Кеген 

ауданының  Жалаңаш  елді  мекені  өңірі.  Мамандығы  та-

рихшы абыз қарияның тарихты ұмытпай жақсы білетін-

дігі,  жаңылыспай  сөз  саптауы  қайран  қалдырды.  Өткен 

ғасырдың басындағы көшіп-қонып жүрген кезді, оқудың 

жоқтығын, ескі молдалардан арабша білім алу жағдайын, 

сол  кезде  орысша-қазақша  білетін  тілмаштардың  қажет 

болғанын,  1916  жылы  патшаға  қазақтан  солдат  бермеу 

үшін  болған  көтерілісті,  1917  жылы  Кеңес  өкіметінің 

орнағанын, 1918 жылғы Азамат соғысы, күн көсем атанған 

Лениннің НЭП бағдарламасы туралы (жаңа экономикалық 

саясат,  халықтың  әлеуметтік-тұрмыс  жағдайын  түзеуді 

көздеген),  одан  кейінгі  бес  жылдық  жоспар  жайлы,  Го-

лощекин кезіндегі қиын-қыстау кезеңді тәптіштеп, қысқа 

әрі түсінікті етіп әңгімелеп келді де, әңгіме ауанын 1941 

жылғы соғысқа әкеп тіреді. Сөз саптауынан жақсы ұстаз 

да  болғаны көрініп тұрды қарияның. Ұйып тыңдап біз от-

ырмыз. Мұны майдангер аңыз қария бір деммен тоқтаусыз 

әңгімелеп шықты. Ойын ешкім үзген жоқ.

Соғыс  басталғанда  Еңбекшіқазақ  ауданының  Түрген 

педагогикалық  училищесінде    3-курста  оқып  жүрген 

кезі  екен.  Әскерге  алынып,  Алматыда  жасақталған  100-

атқыштар  бригадасының    барлаушылар  ротасына  жі-

беріліп,  онда  алты  ай  дайындықтан  өтіпті.  Таңғы  алты-

да  тұрып,  кешкі  11-де  жатып,  әскери  тактикаға  әбден 

машықтаныпты.  Мәншүк  Мәметовамен  осында  жүріп, 

жақын  танысыпты.  Содан  1942  жылдың  18-тамызында 

алғашқы шайқасқа қатысқан.

–Мәншүк  өте  намысшыл  еді.  Орысшаға  жетік  бола-

тын. Басында штабта істеді,– деді осыдан 71 жыл бұрынғы 

сол сәтті еске түсірген Күрішбек ата. –Содан ол “штабта 

отыра бергеннен алғы шепте жүргенім әлдеқайда дұрыс” 

деп өзі сұранып жүріп өтінішімен қанды шайқастың бел 

ортасына кірді. Пулеметші болды.

Ротада  Мәншүктен  басқа  Мәриям  Сарлыбаева  деген 

дәрігер  екінші  қазақ  қызы  болды.  Мен  Мәншүк  штабта 

болған  кезде  онымен  жиі  ұшырасып,  сөйлесіп  жүрдік. 

Өйткені ротаның соғыс қимылы туралы мәліметті штабқа 

күнделікті апарып тапсыру маған жүктелген-ді. Апарған 

ақпаратты қабылдап алатын да сол еді. Мықты пулемет-

ші болды ғой ол. Тіпті, оққа ұшатын соңғы күні де  оны 

көріп, сөйлескен едік. Бірақ сол соңғы кездесуіміз екенін 

сезбедім...

Мәншүк  пулеметімен  жауға  оқты  қарша  жаудырып, 

талай фашистің көзін жойды. 21-ші гвардиялық атқыштар 

дивизиясының  ең  үздік  пулеметші-атқышы  болды.  Оны 

дивизия  жауынгерлері  мақтан  тұтты.  Кеңес    әскерлері 

жаудың  бетін  талай  мәрте  қайтарып,  қарсы  шабуылға 

оқтын-оқтын  шығып    тұрды.  Ал,  3-атқыштар  бригада-

сы  Калинин,  Великие  Луки,  Невель,  Новосокольников 

қалаларында  ерлікпен  шайқасты.  Батырлықтың  өшпес 

үлгісін көрсетті. 1942 жылдың 13 тамызында Алматыдан 

100-ші  атқыштар  бригадасы  майданға  аттанғанда  оның 

құрамында 4890 жауынгер болған еді. Соның көбісі май-

дан шебінде қаза тапты.

1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы Не-

вель қаласын жаудан азат етуде Изоча станциясында 17-

3,3 биіктікте жаумен қатты қанды шайқас болды. Жау да 

берілгісі  келмеді.  Мәншүк  өзінің  пулеметінен  жауға  оқ 

жаудырып,  шабуылға  шыққан  біздің  әскерлерге  қолдау 

көрсетті. Әрине, жау да қарап жатпады ғой, сондайда оқ 

Мәншүктің басына тиіп, ерлікпен қаза тапты. Көрсеткен 

ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға 1944 жылдың 1-науры-

зында арнайы Жарлықпен Кеңес Одағының батыры атағы 

берілді. Мәншүкті жерлеуге қатыстым. Невель қаласында. 

Онда  дивизия  командирі  қазақ  Әбілқазы  Баймолдин  де 

басы-қасында бірге болды. Өкінішке орай ол да кейінірек 

оққа ұшты.

Иә,  халқымыз  батыр  қазақ  қыздары  Мәншүк  пен 

Әлияның,  ұшқыш  Хиуаз  Доспанованың  есімдерін 

мәңгілік құрмет тұтады, ұмытпайды. Мәншүкке Алматы-

да, туған жері Орал жақта ескерткіш орнатылған, бірқатар 

қалаларда,  мектептерге,  көшелерге  есімдері  берілген. 

Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы “Мәншүк 

туралы жыр” атты көркем фильм де түсірілгенін білеміз.

Неміс  фашистерін  күл-талқан  етіп  жеңіп,  Жеңіс 

туы  желбірегеніне  69  жылға  аяқ  басты.  Алайда 

Жеңісті  жақындатқандарды,  қан  майданнан  оралмаған 

боздақтарды  біздер,  кейінгі  ұрпақ  еш  ұмытпауға  тиі-

спіз.  Осы  күні  кеше,  14  мамырда  “Хабар”  телеарнасы-

нан  соңғы  хабардан  “қызылізшілер”  Ресейдің  қалың 

тоғайынан соғыста қаза болғандарды аршып алу кезінде 

екі қазақ жауынгері мәйітінің табылғанын және олардың 

аты-жөнін де атады. Біреуі Семейден де, екіншісі Алма-

тыдан. Енді олардың жақын туыстары да табылып қалар 

дейміз. Абыз қариямен кездесу, ол кісінің айтқан әңгімесі 

тыңдаушыларға әсер бергені, әркімге де патриоттық рух-

та болу қажеттігін тағы бір еске салғаны сөзсіз.

Енді аңыз қарияның өмірдерегіне де қысқаша шолып 

өтсек, артық болмас.

Сөз арасында ол кісі Дінмүхамед Ахметұлы Қонаевпен 

өзінің төл құрдас екенін, Димекеңмен де бірнеше мәрте 

жолыққанын айтып өтті. Әкесі Көжекбай қатардағы ша-

руа  адамы  болған  екен,  1932  жылы  23  наурызда  қазіргі 

Ұйғыр  ауданының    Үлкен  Ақсу  ауылында  қайтыс  бо-

лыпты.  Анасы  Бекжан  Исекеқызы  үш  жылдан  кейін,  23 

мамырда  дүниеден  өтіпті.  Өзі  1931  жылы  7-кластық  бі-

лім алып, үш айлық мұғалімдер даярлау курсын бітірген. 

1931-1933 жылдары Кеген ауданының Шибұт мектебінің, 

1933-1934 жылдары Сүмбе мектебінің, 1934-1937 жылда-

ры Құмтекей мектебінің, 1937-1938 жылдары Шырғанақ 

жетіжылдық  мектеп-интернатының  меңгерушісі  болса, 

одан кейін соғысқа шейін Тұйық мектебінің директоры, 

Меркі ауылында мектеп меңгерушісі қызметін атқарған. 

Содан  кейінгісі  белгілі,  соғысқа  аттанған.  Айтпақшы, 

Абай атындағы педагогика институтын тәмәмдаған.

Соғыстың үшінші жылы бұл кісі жауынгерлік қызмет 

атқарған  дивизияны  2-Белорус  майданына  жіберіп, 

көптеген  қала,  деревняны  жаудан  тазартып,  Берлинге 

жеткен. Жеңісті Эльба өзені маңында қарсы алыпты. Со-

дан 1945 жылдың қараша айында елге оралған. Ұстаздық 

қызметін Кеген ауданының Ұзынбұлақ, Октябрь, Қарқара, 

Шырғанақ  мектептерінде  басшы  ретінде  жалғастырған. 

Ал,  1959  жылдан  Ұйғыр  ауданының  Сүмбе  орта  мекте-

бінде  қызмет  етіп,  1972  жылы  зейнеткерлікке  шыққан. 

Алдыңғы шәкірттерінің өзі қазір жасы 80-нен асып отыр. 

Бәрі  де  ұлағатты  ұстазын  құрмет  тұтады.  Төрт  қыз,  бір 

ұлынан  7  немере,  6  шөбере  және  олардан  көрген  тағы 

ұрпақтары бар. Үш орден, 20-дан астам медальдің иеге-

рі.  Қазір  Сүмбе  ауылында  бақытты  өмір  кешіп  жатқан 

жайы  бар.  Ұйғыр  ауданының  және  Алматы  облысының 

құрметті азаматы.

Әуел бастан өзіне бес қасиетті өмірлік мұрат тұтқан. 

Олар: біреуге тіл тигізуден сақтану. Екіншісі – әдептілік. 

Әдептен  аспай,  кішілік  көрсетуден  танбау.  Үшіншісі 

–  өзгеге  күдіктенбеу,  өйткені  өзге  өзіңе  күдіктенбесін. 

Төртіншісі – не істесең де алдын ала мың ойланып барып, 

зерделеу  және  бастаған  ісіңді  жарты  жолда  қалдырмай, 

аяғына жеткізу. Ал, бесіншісі – өз басыңа тілемейтін істі 

біреуге істемеу. Қиянаттық қылмысқа әсте бармау, яғни, 

қай істе болмасын адалдық пен әділдіктің ақ жібін атта-

мау.


Жас кезінен айнымаған осынау қасиеттердің шапағаты 

шығар,  абыз  қария  101-ге  толып,  тағы  да  жақсылыққа 

қарай темірқазық ретінде жөн сілтеп келеді.

Жанға дауа – таза ауа ғой. Тауға шығып, таза ауамен 

тыныстанғанды  ұнатады.  Еңбек  етуден  әлі  де  қашқан 

емес. Ұзақ жасауының бір сыры да осында жатыр. Кейде 

жайылымға  қойды  өзі  бағып  қайтатыны  бар.  Айтқаным 

ертегі емес, шындық.

Бұл кездесуге “Нұр Отан” ХДП Әуезов аудандық фи-

лиалы  Саяси  кеңесінің  мүшесі  Қанатбек  Сәрсенбайұлы  

Әділбек қатысып, ақ тілегін білдірді.

Жастармен  жүздесу  үшін  сонау  300  шақырым  жер-

дегі Сүмбе ауылынан ат арылтып Алматыға келген абыз 

ақсақал, аңыз қарияға колледж директорының орынбаса-

ры Жақсылық Әбдібайұлы Мәмбетжанов үлкен алғысын 

жеткізіп,  иығына  шапан  жапты.  Жастар  гүл  шоқтарын 

сыйлады.

Абыздың  Түрген  педагогикалық  училищесінде 

оқыдым дегенін естіген соң, әкем Сәрсен Әбдіхалықовтың 

да сол училищедегі 3-курстан 1941 жылдың 18-тамызын-

да соғысқа кеткені есіме түсіп:

–Ата, Сәрсен Әбдіхалықов деген кісіні білесіз бе? Ол 

да  сонда  оқып  еді.  Менің  әкем  болады,  –  деп  сұрадым. 

Микрофонды қолына ұстаған қағылез абыз айтқанымды 

дереу қағып алып:

–Сәрсен бе? Сәрсен Әбдіхалықовты неге білмейін. Бі-

лемін, – дегені. Бұл мен үшін қуанышты да әрі күтпеген 

тосын жағдай еді. Ол кісінің зеректігін айтып тұрмын да.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша кластастарының аты-

жөнін бірге оқығандар арада 22 жыл өткен соң ұмытып, 

есімдері көмескілене бастайды екен. Ал, сүйегі асыл мына 

кісі болса 72 жыл бұрынғыны еш жаңылмай, шатыстыр-

май  есіне  түсіріп  тұр.  Тфә!  Тфә!  Көпшіліктің  тіл-аузы 

– тасқа!


Осы  9  Мамырды  мерекелеу  кезінде  айтылды. 

Жаңылыспасам,  қазір  бүкіл  республика  көлемі  бойын-

ша небәрі сегіз мыңдай майдангер қалыпты. Қатары күн 

санап сиреп бара жатқан бұлар қоғамдағы ең қымбат та, 

қадірлі топ болып саналады. Қадірін білейік қарттардың! 

Бұлар қырқыншы жылдары 1418 күнге созылған қырғын 

соғысқа қатысушылардың соңғы тұяғы.

Сөз  арасында  әкем  туралы  аз-кем  айта  кетуді  тағы 

да  жөн  санаймын.  Москваны  қорғаған,  үш  рет  жарақат 

алған, 1945 жылы 24 маусымда Москвада болған Жеңіс 

парадына  қатысып,  Қызыл  алаңнан  өткен  90  мотоцикл-

дегі  270  адамның  (командир,  жүргізуші  және  көздеуші) 

ішіндегі  жалғыз  қазақ  әрі  командир  екенін  неге  мақтан 

тұтпасқа!  Әкесін  де  айтыпты  тықпалап  деп,  мені  ешкім 

айыпқа  бұйырмас  деймін.  Ардагерлерді  ардақтауымыз 

қажет  қашанда.  Қазір  олар  алтынның  сынығындай  ғой, 

жарқырап  жүрсін  жүздері.  Он  сегіз  жасында  от  кешті 

көбісі.


Кездесу  бітіп,  есікке  қарай  бет  алғанбыз.  Кенет  еш-

кім күтпеген бір көрініс бәрімізді тебірентті. Колледжде 

оқитын қазақ қыздарының бірі абыздың тура алдына ке-

ліп, бір тізерлеп жерге отыра қалды да, мөлтілдеп келген 

көз жасын іркіп:

–Аман  болыңыз,  ата!  –  деп  аңыз  қарияның  қолынан 

бір  сүйді  де,  дереу  сыртқа  беттеді.  Қыздың  даусында 

айрықша діріл бар еді. Қорыққаннан болатын діріл емес, 

тебіреніске  толы  діріл  еді  ол.  Соғысқа  қатысқан  атасы 

болған ғой. Сол есіне түскен шығар деп түйдік біз.

Иә, әлі де аман жүріңіз, Ата! – демекпіз біз де.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет